Кристалл және аморфты денелер



Ұқсастықтары және айырмашылықтары. Физикада қатты дене деп тек кристалл денелерді айтады. Аморфты денелердің сырт қарағанда көлемін және пішінін сақтауы оларды қатты дене етіп көрсеткенімен, бұл денелер өте тұтқыр сұйық деп қарастырылады. Температура жоғарылаған сайын олардың сұйыққа тән қасиеттері бірден көріне бастайды, бірте-бірте еріп, сүйықтың барлық қасиеттеріне ие болады.
Аморфты денелер – изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда түрліше болады. Кристалдар – анизотропты.
Аморфты денелер. Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда да қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден аморфты денелердің айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана орын алады. Кейбір заттар кристалл және аморфтық түрде де бола алады.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кристалл және аморфты денелер
Ұқсастықтары және айырмашылықтары. Физикада қатты дене деп тек
кристалл денелерді айтады. Аморфты денелердің сырт қарағанда көлемін және
пішінін сақтауы оларды қатты дене етіп көрсеткенімен, бұл денелер өте
тұтқыр сұйық деп қарастырылады. Температура жоғарылаған сайын олардың
сұйыққа тән қасиеттері бірден көріне бастайды, бірте-бірте еріп, сүйықтың
барлық қасиеттеріне ие болады.
Аморфты денелер – изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда
түрліше болады. Кристалдар – анизотропты.
Аморфты денелер. Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда да
қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден аморфты денелердің
айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана орын алады. Кейбір заттар кристалл
және аморфтық түрде де бола алады.
Кристалдар. Өзінің формасын да, көлемін де сақтайтын затты қатты дене
деп атайтынымыз белгілі. Бірақ бұлар заттың қатты күйін тек сыртқы түріне
қарап қана сипаттайды. Физикалық тұрғыдан алғанда біз бұл белгілеріне қарап
қатты күйді сұйық күйден айыра аламыз.
Кристалдардың ішкі құрылымсын рентген сәулелерінің көмегімен
зерттеулер олардағы бөлшектердің (молекулалар, атомдар және иондардың)
дұрыс орналасатынын көрсетті, яғни олар кристалдық (кеңістіктік) тор
түзейді. Кристалдық тордағы қатты дененің бөлшектерінің ең орнықты тепе-
теңдік қалпына сәйкес нүктелері тордың түйіндері деп аталады.
Кеңістіктік тор. Криталдағы бөлшектердің дұрыс орналасуын
кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясы
шығады.
Анизотропия қасиетінің тек монокристалдарға ғана тән болатындығын да
айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек.
поли - көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың
жиынтығынан тұрады. Поликристалды денелер мен аморфты денелердің
айырмашылығы мынада: поликристалдық денелердің анизотропия байқалатын өте
кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез-келген
бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.
Кристалдық құрылымдардың түрлері. Кристалдардың әр түрлі типтерін және
кристалдық торда орналасу мүмкіндіктерін кристаллография зерттейді.
Кристал торының түйіндерінде орналасқан бөлшектер арасында әрекет ететін
күштердің сипаты бойынша кристалдық құрылымдарды төрт түрге бөледі:
иондық, атомдық, молекулалық және металдық.
Тор түйіндерінде бейтарап атомдардың болуымен сипатталатын құрылым,
атомдық кристалдық құрылым деп аталады. Олар коваленттік байланысқан.
Коваленттік байланыс деп іргелес орналасқан екі атомның өзара екі валенттік
электрондар алмасуы кезінде туатын тартылыс күшінің салдарынан пайда
болатын байланысты атайды.
Деформацияның түрлері. Қайсыбір себептердің әрекетінен дене пішінінің
(формасының) немесе көлемінің өзгеруін деформация деп атайды.
1. Түсірілген күштің әрекетінен дене ұзындығының бір бағытта
созылуын бойлық созылу деформациясы деп атайды.
2. өзін бір бағытта сығып жатқан күштің әрекетінен дене
ұзындығының кемуі бойлық сығылу деформациясы деп атайды.
3. Денені барлық бағытта созып жатқан күштің әрекетінен дене
көлемінің ұлғаюы барлық жаққа созылу деформациясы деп
аталады.
4. Жан-жақтан сығатын күштің әрекетінен дене көлемінің кемуі
барлық жақтан сығылу деформациясы деп аталады.
5. осіне перпендикуляр күштің әрекетінен шыбықтың майысуы
көлденең майысу деформациясы деп аталады.
6. Дененің параллель қаьбаттарының бір-біріне қатысты қос күштің
әрекетінен бұрылуы бұралу деформациясы деп аталады.
7. Дененің параллель қабаттарының бір-біріне қатысты
салыстырмалы түрде параллель орын ауыстыруы ығысу
деформациясы деп аталады.
Жоғарыда айтылып кеткен деформациялардың әрқайсысы кіші де, үлкен де
бола алады. Олардың әрбіреуін (а абсолют деформациямен бағалауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеру физикасын жазу
Қатты денелердің қасиеттері
Қатты денелер
Кремний қос тотығы микроқаттылығының температураға тәуелділігін зерттеу
Химия зауытындағы кристалдану процесінің автоматтандырылуын жобалау
Сұйықтар,қатты денелер
Қатты денелердің жылулық қасиеттері
Құрылыс конструкциялары
Сутектік байланыс. Металдық байланыс. Кристалдар, қатты денелер Катализаторлар
Заттың күйі
Пәндер