Халықаралық құқықтағы құқық мирасқорлық: теориялар, туындау жағдайлары және ТМД тәжірибесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

  1. Құқық мирасқорлық теориясының пайда болуы.
  2. Халықаралық құқықта құқықмирасқорлығының туындау жағдайлары.

Құқықмирасқорлық - бір субъектінің құқытары мен міндеттерінің белгілі бір оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі. Халықаралық құқыта қарастрлып отырған институт азаматтық құқықтағы құқықмирасқорлықтан өзгешерек екені сөзсіз. Мұндай айырмашылықтардың болуы халықаралық құқытың ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, субъектілік құрам, құқықтар мен міндеттер көлемі, құқықмирасқорлық мәселелерін құқықтық реттеу сияқты болып келеді.

Халықаралық құқық тариыхынан екі диаметралдық қарама-қайшы теориялар белгілі. Әмбебап құқықмирасқорлық теориясы 17-19 ғасырларда пайда болған. Бұл теорияның мәні субъект - мирасқордың барлық құқытары мен міндеттері толық көлемде мұраға алуынан көрінеді. Бұл теорияны Г. Гроций енгізіген болатын. Ал келеңсіз теория 20- ғасырдың басында пайда балды. Оның өкілі Кейтс болды. Ол халықаралық құқытың жаңа субъектісінің бұрынғы субъектісіне ешқандай қатысы жоқ деп есептейді. Осы теорияның бірқатар жүйесі де болды. Ол: tabula rasa - «таза тап теориясы» мен «мінсіз бедел теориясы» еді.

Халықаралықбірлестік 1961 ж. Осы институтты жүйелеу әрекетін жасап көрді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж. 18 желтоқсандағы 1686 қарары құқықмирасқорлық туралы мәселені бірінші кезектегі тізімге енгізді. Құқықмирасқорлықтың негізі мәселелері мынандай әмбебаптық және аумақтық көпжақты шарттармен реттеледі: 1971 ж. 23 тамызындағы мемлекеттредің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы, 1983 ж. 8 сәуіріндегі мемлекеттік меншік, мемлекеттік мұрағат және мемлекеттік қарыздарға қатысыт құқымирасқорлық жөніндегі Вена Конвенциясы, КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен мұрағаттарның құқықмирасқорлығы туралы 1991 ж. 4 желтоқсандағы шарт. КСРО таратылып, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін, ТМД құқықмирасқорлық институтына қатысы бар мынандай шарттарға қол қойлды. :

  • ТМД мемлекет басшыларының «Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі меншігі туралы» 1991 ж. 30 желтоқсандағы Келісімі.
  • КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты құқықмирасқорлық туралы шартын толықтыру жөніндегі 1993 ж. 13 наурыздағы Келісім.
  • Бұрынғы КСРО-ның шетелдердегі барлық меншігін бөлу жөніндегі 1992 жылдың 6 шілдедегі Келісім.
  • Бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағаттарына қатысты құқықмирасқорлық туралы 1992 ж. 6 шілдедегі Келісім.
  • Бұрынғы КСРО-ның шарттарына қатысты өзара мүдделерді көрсететін құқықмирасқорлық мәселелері жөнінде өзара түсінісу туралы Меморандум.
  • Құқықтарды өзара мойындау және меншік қатынастарын реттеу туралы 1992 ж. 9 қазандағы келісім.

Бұрынғ КСРО-ның сыртқы мемлекеттік қарыздары мен активтеріне қатысты құқықмирасқорлық мәселелерін реттеу жөнінде Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы арасындағы 1993 ж. 6 қыркүйектегі Келісім және басқалары.

Халықаралық құқықта мемлекеттердің құқықмирасқорлығы туралы мәселелері мынадай: а) әлеуметтік революцияларда; б! Отарлардан мемлекеттерден құрылуы кезінде; в) мемлекеттердің бір бөлігінің бөлек шығуы; г) мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа мемлекетке өтуі кезінде.

а) Әлеуметтік революциялар кезінде.

  • Аумақтық - жаңа мемлекет бұрынғы мемлекеттің аумағына қалады;
  • Халыққа қатысты мәселелер - мемлекеттің қол астындағы бұрынғы азаматтар жаңа мемлекеттің азаматтары болып қалады; ал шетелдегі адамдар мұндай жағдайда өздері туралы хабарлауы тиіс;
  • Шарттық міндеттемелер - жаңа мемлекет, әдетте бұрынғы әділетсіз шарттар жүйесін қайта қарайды;
  • Меншік мәселелері - бұрынғы мемелекеттің активтері мен пассивтері жаңа мемлекетке берілуі тиіс;

Халықаралық ұйымдарға мүшелік мәселелері - әлеуметтік революциялар халықаралық ұйымдардғы мүшелікке әсер етпейді - мысалы, Куба бұрынғыдай БҰҰ-ның мүшесі болып қала береді.

б) Мемелекеттердің отарлардан бірігуі кезінде

  • Жаң мемелкет бұрынғы отар аумағында қалыптасады.

Шарттық міндеттемелердің, әдетте, кейбір ескертпелері болады. Бұл бұрынғы метрополийлардың (оарлап, билеуші мемлекеттердің) халықаралық міндеттемелерді өздеріне толық көлемде ала алмауына байланысты. Мысалы, Танганьика мемлекетті 1961 ж., ал Уганда 1962ж. БҰҰ бас хатшысына екі жыл көлемінде бұрынғы метроплиялардың шарттарын іс жүзінде шарттар жүйесі деп есептеп келгендері туралы хабарлайды. Оы кезең ішінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер шарттық негіздердің тиімділігі мен қажеттілігін айқындаған болып шығады.

В) Мемлекеттің бір бөлігінің бөлек шығуы кезінде

  • Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
  • Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылу құқығы беріледі;
  • Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіледі;

Мүшелікке өту мәселелері әр нақты жағдайда жеке дара шешіледі. Мысалы, 1963 ж. Малаизия Федерациясы құрылды (Малайя, Сингапур, Солтүстік Борнео, Саравак Федерациясы) . 1965 ж. Сингапур Малайзия Федерациясының құрамынан бөлек шығып, БҰҰ-ның құрамына дербес мемлекет ретінде қабылданды.

Г) мемлекет аумағының бір бөлігінің басқа бір мемлекетке өтуі кезінде

  • Аумақтық ұмтылыстар шарттық тәртіпте келісіледі;
  • Халыққа таңдау құқығы және өздері жататын ұлтқа қосылуы құқығы беріледі;
  • Меншік мәселелері шарттық тәртіпте шешіледі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық: теориялар, халықаралық шарттар және ТМД тәжірибесі
Халықаралық құқықтағы мемлекеттердің құқық мирасқорлығы: теориялық және құқықтық негіздері
Халықаралық құқықтағы халықаралық шарттар институты: жасалу тәжірибесі мен Қазақстан заңнамасының ерекшеліктері
Халықаралық құқықтағы адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау: Қазақстан тәжірибесі мен механизмдері
Халықаралық жеке құқықтағы неке және отбасы қатынастары: Қазақстан Республикасының шарттық тәжірибесі және халықаралық бала асырап алуға қатысты коллизиялық мәселелер
Еңбек құқығында жұмыс беруші мен қызметкердің материалдық жауапкершілігі: түсінігі, түрлері және туындау жағдайлары
Қазіргі халықаралық құқықтағы доктринаның рөлі мен орны
Халықаралық қылмыстық құқықтағы соғыс қылмыстары мен жауапкершілік: халықаралық және Қазақстандық аспектілері
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
Жеке тұлғаның қалыптасуы және халықаралық құқықтағы субьектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz