Әлемдік экология рейтингі



1. Әлемдік экология рейтингі
2. Радиациялық құбылыстардың экологияға әсері
3. Экология және денсаулық
Қолданылған әдебиеттер
Әлемдік экология рейтингіне назар салсақ, еліміз 133 елдің ішінде зорға 70-інші орынды иеленді екен. Статистикалық мәліметі Йель және Колумбия университеттерінің экологтары дайындаған. Бұл ретте «экология» деп тек қана ауа мен судың тазалығы емес, халықтың денсаулық жағдайы, ауаның сапасы, су ресурстары, биологиялық жетіспеушілік, табиғи ресурстар секілді түрлі факторлар кіреді. Бірінші орында қасқайып, әдетте малын арынан бірінші қоймаса, адамын бірінші қоятын Швеция, Финляндия, Жаңа Зенландия секілді елдер тұр.
Жалпы табиғаттың ластануы жайлы өз адамзат өміріне техника араласқалы бері қозғалып келеді. Біз таяуда ғана өз газетімізде табиғатты сүйетінін және оны қорлауға болмайтынын дәлелдегісі келген пекиндік жігіттің қырық күн бойы ағаш басына орнатқан шатырында ассыз, сусыз отырып, рекорд жасағаны туралы жазған болатынбыз. Айта берсек, Мұндайлар тіпті көп. Экологияны қорғау мақсатында лондондық топ өзінше бір клуб құрады. Клубтың атын ағылшын тілінен тікелей аударғанда, «өркениеттен безінген топ» деп жеткізуге болады.
1. «Дала мен қала газеті», А. Бекейханқызы. (24.02.2006ж.)
2. «ПРЕЗИДЕНТ және ХАЛЫҚ» газеті, А.К. Куванов, А.Комегова, №28 (043) (14.07.2006ж.)
3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулы. – Алматы: Экономика, 2002. – 405 бет.
4. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: Оқулық /қажетті мәтіндерді аударған және оқулықты құрастырған С. Арпабеков. – Алматы, 2004. – 256 бет./

Мазмұны
1. Әлемдік экология рейтингі
2. Радиациялық құбылыстардың экологияға әсері
3. Экология және денсаулық
Қолданылған әдебиеттер
1. Әлемдік экология рейтингі
Әлемдік экология рейтингіне назар салсақ, еліміз 133 елдің ішінде
зорға 70-інші орынды иеленді екен. Статистикалық мәліметі Йель және
Колумбия университеттерінің экологтары дайындаған. Бұл ретте экология деп
тек қана ауа мен судың тазалығы емес, халықтың денсаулық жағдайы, ауаның
сапасы, су ресурстары, биологиялық жетіспеушілік, табиғи ресурстар секілді
түрлі факторлар кіреді. Бірінші орында қасқайып, әдетте малын арынан
бірінші қоймаса, адамын бірінші қоятын Швеция, Финляндия, Жаңа Зенландия
секілді елдер тұр.
Жалпы табиғаттың ластануы жайлы өз адамзат өміріне техника араласқалы
бері қозғалып келеді. Біз таяуда ғана өз газетімізде табиғатты сүйетінін
және оны қорлауға болмайтынын дәлелдегісі келген пекиндік жігіттің қырық
күн бойы ағаш басына орнатқан шатырында ассыз, сусыз отырып, рекорд
жасағаны туралы жазған болатынбыз. Айта берсек, Мұндайлар тіпті көп.
Экологияны қорғау мақсатында лондондық топ өзінше бір клуб құрады. Клубтың
атын ағылшын тілінен тікелей аударғанда, өркениеттен безінген топ деп
жеткізуге болады. Сонымен бұлар шынында да өзінің өркениеттен безінгенін
көрсетеді. Олар өркениеттен, яғни, радио, автомобиль, теледидар, ұшақ,
отарба т.б. нәселерден міндетті түрде бас тартады. Қайда барам, қайда қонам
десең, өз еркің бар, бірақ әлгі нәрселерге мінуге рұхсат жоқ. Жаяу жалпылап
жетесің бе, еңбектеп жетесің бе, арбаға мінесің бе, өз еркің... Бірақ әлгі
клубтың мүшесі бола тұра, аяқ артсаң, (тіпті радио тыңдасаң да) мүшеліктен
қуылып кетесің. Тек қуылып қана қойсаң мейлі ғой, сені ант атқан ретінде
қарайтыны тіпті қиын. Ал, бұл клубтың мүшелері кім дейсіз ғой. Көбіне
ғалымдар, мемлекеттік қызметте болған зейнеткерлер және жастар. Олардың
барлығы да салиқалы, сналы жандар. Экологияны және жер планетасын сақтап
қалу мақсатында құрылдық деп жазылған аталған клубтың тұғырнамасында ...
Біздің елде де экологияны өз қалпында сақтау үшін осындай бідеме ойлап
таппасақ болмас, тегі. Ғаламшардың қаншалықты ластанғанын мына деректен
білуімізге болар еді. 2001 жылы ғалымдар Кельн шіркеуінің іргесіндегі бір
моланы тексергенде, одан ішінде суы бар құмыра тауып алыпты. Ғылыми жолмен
жүргізілген сараптамадан соң, бұл ыдыстың мұнда сақтаулы жатқанына аттай
1500 жыл болғанына көз жеткізілген. Ал, ең кереметіосынау судың бойынан
қазір біз ішіп жүрген суда кездесетін бірде-бір зиянды элемент
ұшыраспапты. Ғалымдардың айтуынша ХV ғасыр бұрын адамдар ішкен су осындай
өте таза болған. Әйткенмен, мұндай су планетамыздың бір жерінде де
кездеспейді...
Біз экология туралы сөз қозғағанда, тек жерді айтып, суды естен
шығарып алатынымыз бар. Айталық, сулардың дұрыс қалыптаспауынан экологияның
55 пайызы ластана түседі. Мысалы, әлемдік көлемде мұхит пен суды
зерттеушілердің айтуынша, бүгінгі таңда адам улы заттардан көметін жер
таппай, суға лақтыруды әдетке айналдырып алды. Бір ғана пластмассалардан
жасалған заттың өзінен кит, дельфин, сонымен қатар көптеген су құстары арам
қатады екен. Осы ретте сіз, қолыңызға қалам мен қағаз алып есептеп
көріңізші, әр жыл сайын теңіз бен мұхитқа тасталған пластикалық
контейнерлер мен неше түрлі ыдыстың көлемі он мың тоннаға жететін көрінеді.
Бұған қарап, кит пен дельфинді сіздің және сіздің балаңыздың көретініне дау
жоқ. Ал немереңіздің көруі ... екі талай. Бәлкім, мұражайдан қызықтар...
Біз, бұлайша мұхиты бар елге күле қарай алмаймыз. Себебі, мұндай хәл
өз басымызда да бар. Айталық, геолог-экологтар Каспийде бекіре балықтың
құрып бара жатқанын айтып, талайдан бері дабыл қағуда. Хазардың төрт
жағалауындағы төрт елде емес, бекіре балықтың ең көп нүктесі, атап айтсақ,
90 пайызға жуығы біздің елдің үлесінде. Бекіре балық азайды дегенде, оны
ешкім аулап тауыпаған (уылдырығы аса қымбат балықты аулап жатқандар да аз
емес), оның жойылуына мұнай қалдықтарының көбейюуі себеп болып отыр. Бұған
Волга өзенінен бермен жылжитын лас судағы зиянды қоспаларды қоса санаңыз.
2. Радиациялық құбылыстардың экологияға әсері
Радиациялық құбылыстардың құпиясы осы кезге дейін адамзат
қызығушылығын тудырып келгені рас. Егер жер шарының пайда болғанына 20
миллиардтай жыл өтті деген ұғымға сүйенер болсақ, радиациялық құбылыстардың
да адамзат жасауымен қатар ғарыштық кеңістікте орын тепкен. Тіпті, бір
таңғаларлығы, адам бойында да радиацияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патенттер мен мақалалар саны т. б. көрсеткіштері бойынша әлемдегі мемлекеттердің рейтингі
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы туралы ақпарат
Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы
Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кластері
Қазақстан Республикасының халықаралық валюта-несиелік институттармен ынтымақтастығы
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазмұнайгаз ұлттық компаниясы туралы ақпарат
«бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру»
Пәндер