Неміс және қазақ тілдердегі сан есімге (3;7) қатысты фразеологиялық сөз тіркестері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Неміс және қазақ тілдердегі сан есімге

(3; 7) қатысты фразеологиялық

сөз тіркестері.

Фразеологизмдер-тіліміздің бөлінбес бөлшегі. Оның өзінің көнелену жағынан да, тұлға жағынан да, стиль жағынан да өзіне тән ерекшеліктері

көп.

Тілімізде көкейге қонымды, тілге орамды алуан түрлі тұрақты сөз

тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тізбектері халық

мақсатты пайдалана білген. Мақал -мәтелдермен тең бағалап, оларды

қастерлей сақтап келеді.

Тұрақты сөз тізбектерінің біраз бөлігі үш, жеті, тоғыз т. б. сан есімдерінің

төңірегіне жиналған.

Мен неміс тілінде «3»сөзіне қатысты 33, ал ''7'' cөзіне байланысты 5фразеологизм мен мақал-мәтел таптым. Оның ішінде жылдамдық пен шапшаңдыққа қатысты -2, мінез-құлыққа байланысты -2, көңіл-күйге байланысты -6және т. б. кездеседі. Жылдамдық пен шапшаңдыққа байланысты -ehe man bis drei zahlen konnteжәне eins, zwei, drei, көңіл-күйге байланысты drei Kreuze hinter j-m machen, am siebenten Himmel sein, Blieb mir drei Schritte vom Leibe!j-d sieht aus wie drei Tage Regenwetter, wenn zwei sich streiten, freut sich der Dritte, drei Meilen hinter dem Mond leben, ал мінез-құлыққа байланысты nicht bis drei zahlen konnen, eine bose Sieben және басқа да тақырыпта айтылған. Оларға келетін болсақ, мәселен адамның дене бітіміне байланысты drei Kase hoch, fur drei, Hunger fur drei haben деген сияқты т. б. фразеологизмдер кездеседі. Ал, немісше фразеологизм мен мақал-мәтелдердің қазақша баламасына сай келетін кездері болады. Мысалы, was drei wissen, erfahren bald dreissig дегенде ‘’Отыз тістен шыққан сөз отыз түрлі елге жетеді’’, сонымен қоса, in drei Worten sagen-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ehe man bis drei zahlen konnte -көзді ашып-жұмғанша және т. б.

Ал, қазақ тіліне келетін болсақ, неміс тіліне қарағанда «3»және «7»сандарына көптеген фразеологизм мен мақал-мәтелдерді атауымызға болады. Мысалы, қазақта «жеті ғылым тілін біледі»деп айтады. Бұл кезде жеті сөзінің мағынасы «көп» деген ұғымды білдіреді.

Cондай-ақ, ит сөзінің алыстыққа тікелей қатысы болмаса да, ит арқасы қиянда дегеннің алыстық ұғым баламасы сияқты, жеті атасынан түк көрмеген дегенде жеті сөзі де уақыт, мезгілдің көрсеткішіне айналған. Немесе жет3 басты жалмауыз, жұт жеті ағайынды дегендегі жеті сөзі де жалпы көптік ұғымға айналып кеткен.

Жеті негізінде жасалған нақыл сөз, тақпақ, мақал т. б. фразеологизм көп. Бұларда көне заман салт-сананың ізі сақталған.

Қай елдің болса да, өмірінде, ескі салтында бақсылық, балгерлік болғаны аян. Сол бақсылық, діни ұғым қазақта да болған. Қазақ құмалақ ашқанда «жетіскенге беретін жеті әліп» деп келеді. Құмалақ аша білетін адамның сөзіне қарағанда, құмалақтың жеті әліп болып келуі «маңдайы ашылған», бақыт қонған» кісінің белгісі болады мыс. Мұндай наным-сенімдерге ұйыған халықтың жеті қабат жер, жеті қабат көк дегенді шығарып алуына да таң қалуға болмайды. Жерді ұстап тұрған «көк өгіздің мүйізі» деп білген халық өзінің жетімен байланыстыруы-бұл сан есімнің халықтың атам заманғы өмірінен, идеологиясынан аздап болса да мазмұн бола алатындығынкөрсетеді.

«Әлмисақтан бері мұсылманбыз» деген ұғым-бұқара халық үшін түсініксіз дүние. Жеті әлемет «семь чудес света» талай пайғамбардың белінен басып өткен, талай әулие-әмбиелерді өзінен кейін туғызған. Ол аты шулы жеті әлемет мыналар; Египет пирамидасы, Вавилондағы Семирамида бақшасы, Эфестегі Артемида храмы, Зевс статуиясы, Галикарнастағы Мавзолей, Колос Родосский, Фарос. Бұл жеті алып-сол жеті ұғымымен ұласып жатуы да-осы санның ел-елде үлкен мәнге ие болғандығының дәлелі сияқты.

Жеті санының ой-санадан мықтап орын алғаны сондай, кез келген нәрсені шығаннан шыққан күш деп білсе, адам түңілерлік етіп, жеті санын қосып, қазақ ат қойып, айдар тағып алады, жалмауыздың, айдаһардың ең үлкенін «жеті басты жалмауыз», »жеті басты аждаһа»деп атайды.

Бұл санға байланысты көзқарас халық арасында қалыптасып, салт, заң болып кеткен. Оған мысал; жеті атадан кейін ғана қыз алысу заңы. Араға жеті атаны салып, құда түсу әдеті ежелгі заманнан бері сақталып келеді. Алыс-жақындықтың өлшемі де осы жетімен өлшеніп, ең болмағанда адамның өз жеті атасын білуі міндет болады. Осыдан келіп, ’’жеті атасын білмеген жетесіз’’деген сөз қалған.

Ата-бабасынан келе жатқан байлық, батырлық, ақындықты қазақ:’’жеті атасынан бері негізі тойған, батырлық, байлық-жеті атасынан келген’’деп келеді.

Көп тіл білетін, көп халықтың әдет-ғұрпын білетін кісіні халық жеті ғылымның тілін біледі деп айтады. Тілімізде жеті атамнан мұндай бәлені көргенім жоқ деген сөз кездеседі. Қазақ біреуді түгін қалдырмай, жеті атасынан сыбап, балағаттағысы келсе, қазақ «жеті ата», «жеті мұстыдан» немесе «жетпіс жеті атадан» келеді.

Жеті сөзі бір топ мақал-мәтелдермен де ұласуда:Жетіге келгенше, жерден таяқ жейді, алты алып, жеті жеп болмайсың, жетімнің қарны жеті қабат, т. б.

Жеті бағзы уақыт өмірдің басқа салаларынан да орын тепкен. Аңшылық, ит жүгірту, құс салуға қатысты; ит-жеті қазынаның бірі деп келеді. Ол жеті қазына мыналар:1) жүйрік тазы; 2) қыран бүркіт; 3) берен мылтық; 4) сұлу әйел; 5) жүйрік ат; 6) ер жігіт; 7) ілім-білім;

Жеті, бір жағынан, жақсылық затқа, өмірге қажетті өнер, кәсіпке, ізгілік қасиетке ие болып жатса, екінші жағынан шаруаны күйзелтіп, елдің дамылын алып, кей кезде аласапыран бүліншілікке әкеп соқтыратын жұтқа да байланысты. Қазақ жұт жеті ағайынды дейді. Қыс қатты болып, суықтан мал өлсе, жауын-шашын болмай, егін шықпай қалса, малға індет келсе -жұт. Ол жұттың қай-қайсысы болса да өзімен бірге үлкенді-кішілі жұтты әкеледі. Олар:1. Құрғақшылық. 2. Мал жұтау. 3. Оба. 4. Өрт. 5. Соғыс. 6. Сел. 7. Зілзала.

Өлген кісіге жеті күннен кейін құран оқытып, жетісін беру, жеті тамұқ, жеті мыстан дегенді былай қойғанда, ертегілерде, өлеңдерде жетіге ұштасқан сөздер жетіп артылады.

Жәңгір ханның баласы Тәуке ханның[1680-1718] қазақтың сол кездегі ескі әдет, кәдесін мемлекет кәдесіне сай етіп, шаруашылық пен саясаттың жаңа ағымына үйлестіріп алған заңы-Тәукенің «Жеті Жарғысы» деп аталады. Біздің пікірімізше, Тәуке хан мен оның билері Төле би, Қазыбек билердің ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, ескі кәделерін жинай келіп, соның ішіндегі ең маңыздысын, басты-бастысын, ел билеуге қажетін алып, өзінің жаңа заңын «Жеті Жарғы»деп атауы да қызық. Дәл бұл жерде де, жеті өз мағынасында айтылып тұрған жоқ. ’’Киелі’’сан есебінде қолданылып, ’’негізгі’’, ’’басты-басты’’деген ұғымды білдіреді. Түркі тілдерінің біразында жеті сөзі «апта»дегеннің орнына жүреді. Қазақтың өзінде де жеті сайын жетісін беру сияқты оның «апта» орнына жүруін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Тіл білімі және оның зерттеу нысаны
«Ойлау» фразеосемантикалық өрісіндегі тіларалық фразеологиялық баламалар типологиясы
Жұмыстың нысаны - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Сан компонентті фразеологизмдер
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz