Адам экологиясы туралы


Адам экологиясы.

Соңғы 50 - жылда адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде біздің планетамыздың өзгеру дәрежесі, адамның отты пайдалана бастаған уақыттан, яғни 800 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Қоршаған ортаға индустриялды араласуын күшеюін ғылыми -техникалық және ақпараттық революсиямен байланыстсрады. Ол табиғат ресурстарын шектен тыс өндіріуден және қоршаған ортаның қоқыстармен жан-жақты ластанумен түсіндіріледі.

Нәтижесінде адамзаттың үлесіне күрт нашарлаған биологиялық жүйелер тиіп, жекелеген жануарлар мен өсімдіктердің популясияларының кемуі мен жойылуы, адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туып тұр.

Қазір «экология» ұғымы адам мен оның өмір сүру ортасына қатысты кеңінен қолданылады және соған бағытталған. Қазіргі заманғы экологияның «Әлеуметтік» және «Қолданбалы экология» бөлімдері жылдам қарқынмен дамып келеді.

Әлеуметтік экология адамзат қоғамы мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды, өндірістік қызметтің қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттеріне тікелей және жанама әсерін, антропогенді факторлардың адамның денсаулығы мен адам популясияларының гендік қорына экологиялық әсерін зерттейді. Ол табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі болып табылады.

Қолданбалы экология қоршаған ортаның практикалық мәселелерін шешу жақтарын қарастырады (ластанудан қорғау, т. б. ) . қолданбалы экологияда өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, химиялық, медициналық және т. б. бағыттар дами бастады. Олай, болса «классикалық экологияда» абиотикалық және биотикалық факторларға және олардың табиғи экожүедегі әсерін қарастырады. Ал «әлеуметтік және қолданбалы экологияда» ең алдымен антропогендік факторлар, олардың табиғи және әлеуметтік жүйелердегі әсері қарастырылады. біздің планетамыздағы бұл жүйелердің қосылуы нәтижесінде әлеуметтік-экологиялық жүелер қалыптасты.

Әлеуметтік және қолданбалы экологияның міндеттеріне тек қана жергілікті, аймақтық және ғаламдық әлеуметтік экожүйелердің оптимизациясы ғана емес, сонымен қатар адамды биоәлеуметтік түр ретінде, оның биосфера және экожүйедегі орны мен ролін, оның қоршаған ортаға ортаға әсер ету ауқымын зерттеу де кіреді.

Қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасы. Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі натропогендік факторлардың әсерін белгілі бір дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. 4-сі тек адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта.

Адамның ортасының құрам бөліктері.

1. Табиғи орта. Бұл - адамның әсерінен болмашы өзгерістерге ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар.

2. Адамның әсерінен өзгерген табиғи орта немесе квазитабиғи (лат. квази - ұқсас) бұларға егістік аймақтар, баулар, саябақтар, жұзімдіктержәне т. б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-өзі ұстап тұруға қбілетсіз.

3. Адамның қолымен жасалған орт а немесе артетабиғи (лат. арте - жасанды) . Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар, өнеркәсіптәк кешкендер, қала және т. б. жатады. Бұл ортаға қалдықтардың жиналуы, ластану тән. Индустриялды қоғамның халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады. Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материялдық ортаны құрайды.

4. Әлеуметтік орта. Бұл ортаға адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастары, психологиялық ахуал, денсаулық сақтау, жалпы мәдени байлықтар, материялдық қамтамасыз ету деңгейі және т. б. кіреді. Оның дамуға әсері күннен-күге артып келеді. Адамның ортасына бір уақытта өзінің ортасының өнімі және оны жасаушы болып табылады. Ол адамның өмір сүруінің физикалық негізі болып табылады және оның интеллектуалдық, моральдік, қоғамдық және рухани дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да адамның негізгі құқықтарын, соның ішінде өмір сүру құқығын жұзеге асыруды екі аспекттің - табиғи орта және адам жасаған ортаның маңызы артып тұр.

Әлеуметтік экологияның негізгі заңдылықтарын білу үшін адам мен қоршаған ортаның өзара әсерін, өзара қарым-қатынасы мен өзара байланыстарын білу қажет.

Адамзаттардың денсаулығына келтірілген экогендік зиянның ұғымы мен қалыптасу механизмі.

Медико-демографиялық көрсеткіштер арқылы көрінетін халық денсаулығы күйініңдеңгейі кез-келген елдің дамуының және жетілгендігінің деңгейін білдіреді.

Ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда 1998-ды 1992 жылмен салыстырғанда туу қабілетінің көрсеткіштері 28, 6%-ға төмендеп, өлім көрсеткіштері 1, 2 есеге көтерілген:

Ластанған қоршаған орта адамға не тікелей не биологиялық буын арқылы әсер етеді.

Денсаулыққа келтірілген зиянның қалыптасу барысын былайша сызуға болады:

Медикалық-экономикалық тұрғыдан денсаулыққа келтірілген зиян ерекше экологиялық аурулардың туындауына, ағза қарсылығының бәсеңдеуіне, жағымсыз генетикалық әсерлерге, денсаулықтың бұзылуына байланысты тән және жан азаптарына әкеп соқтыруы мүмкін. Денсаулықтың бұзылуының экологиялық тамырларын анықтау үшін:

  1. ауруды немесе денсауылқтың бұзылуын туындатқан зиянды затты белгілеу;
  2. сол заттың әсерінің медико-биолгиялық аспектілерін анықтау;
  3. зиянды заттың ағзаға түсуінің ықтимал жолдарын және түскен кезін айқындау қажет;

Егер сот-медициналық сараптаманың қорытындысы орнықтыру немесе тұжырымдау емес, болжамды сипатта болса, денсаулыққа келтірілген экогендік зиянды өтеу туралы істер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық органдардың халық денсаулығына зиянды әсер ететін факторлар туралы ақпаратын сот өзге де дәлелдермен қатар қолдануға құқылы.

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы»

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және оның міндеттері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Адамдардың табиғатпен арақатынастары
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz