Етістік туралы түсінік



Семантикалық мәні жөнінен тіліміздегі ең бай сөз табының бірі – етістік. Ол қимыл-қозғалысты білдіреді. Ал қимыл жүйесінің мәні түрліше. Оларға адамның еңбек әрекеті, адамның, заттың, қозғалысы, адамның сезім күйі, ойлау жүйесі, әр алуан табиғи жай-күйі жатады. Оқыту барысында етістіктің осындай мән мағналары айқын мысалдарды талдау арқылы танытылады. Осыдан келіп оқушылар етістік қимылды, істі білдіреді деген жинақтық ұғымнан гөрі кеңірек, толығырақ түсінік алады.
Етістік – грамматикалық формалары бойынша да маңызды, әрі күрделі сөз табына жатады. Сөйлем құрау, ойды ұйымдастыру жөнінде етістіктің синтаксистік мүмкіншілігі мол. Демек, етістік екі бас мүшенің бірі (баяндауыш) болып қызмет атқарады. Сөйлемдегі сөздермен байланысқа түсуіне қарай, ол сөйлемнің барлық мүшесі ретінде де жұмсалады. Сондай-ақ етістік сөз тіркесін жасауда ерекше орын алады. Ол сөз тіркесінде меңгерушілік қызмет көрсетеді.
Етістік бастауыш сыныптың бәрінде де оқытылады. Бұларда етістік заттың қимылын, ісін білдіреді деп мағлұмат беріледі. Бастауыш мектепте етістік егжей-тегжейлі түрде өтіледі.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Етістік
Семантикалық мәні жөнінен тіліміздегі ең бай сөз табының бірі –
етістік. Ол қимыл-қозғалысты білдіреді. Ал қимыл жүйесінің мәні түрліше.
Оларға адамның еңбек әрекеті, адамның, заттың, қозғалысы, адамның сезім
күйі, ойлау жүйесі, әр алуан табиғи жай-күйі жатады. Оқыту барысында
етістіктің осындай мән мағналары айқын мысалдарды талдау арқылы танытылады.
Осыдан келіп оқушылар етістік қимылды, істі білдіреді деген жинақтық
ұғымнан гөрі кеңірек, толығырақ түсінік алады.
Етістік – грамматикалық формалары бойынша да маңызды, әрі күрделі сөз
табына жатады. Сөйлем құрау, ойды ұйымдастыру жөнінде етістіктің
синтаксистік мүмкіншілігі мол. Демек, етістік екі бас мүшенің бірі
(баяндауыш) болып қызмет атқарады. Сөйлемдегі сөздермен байланысқа түсуіне
қарай, ол сөйлемнің барлық мүшесі ретінде де жұмсалады. Сондай-ақ етістік
сөз тіркесін жасауда ерекше орын алады. Ол сөз тіркесінде меңгерушілік
қызмет көрсетеді.
Етістік бастауыш сыныптың бәрінде де оқытылады. Бұларда етістік заттың
қимылын, ісін білдіреді деп мағлұмат беріледі. Бастауыш мектепте етістік
егжей-тегжейлі түрде өтіледі. Етістіктің жақпен, шақпен, жекеше, көпше
айтылатыны, негізгі, туынды түбірлері, дара, күрделі құрылымы үйретіледі.
Бұл мағлұматтарды оқытуда бағдарлама ерекше талап қояды. Оқушылар етістік
туралы үйренген ережелерді айтып берумен бірге, олар етістік сөздерді, оның
түрліше формаларын өз сөзінде, жазуында еркін қолдана алатын болуы тиіс.
Етістікті қатыстырып сөз тіркесін құру, сөйлем құрастыру дағдыларын игеріп
және етістік сөздерді қатесіз жаза алу керек. Етістіктің мәнін, формасын
тануда сұраққа сүйену, сұрақты дұрыс қоя білу талабы орындатылады. Бастауыш
сыныпта етістік заттың қимылын білдіреді деген ұғыммен шектелмей, оның
заттың ісін де білдіретіні мысалдар талдау, көрнекі құрал пайдалану
жолдарымен түсіндіріледі. Осылайша етістіктің лексикалық мәні әр алуан
болатыны турасында оқушылар бастапқы түсінік алады.
Қазақ тілінің бағдарламасы бойынша етістік материалдары төмендегідей
жүйемен қарастырылады.
5-сыныпта етістік, негізгі, туынды етістік, есімдерден, еліктеу
сөздерден етістік тудыратын жұрнақтар, болымды, болымсыз етістіктер
оқытылады. 6-сыныпта сабақты, салт етістіктер, негізгі жне көмекші дара
және күрделі етістіктер, есімше, оның түрлері, жасалу жолдары, есімшенің
көптелу, септелу, жіктелу арқылы түрленуі, жіктелуі, сөйлемдегі қызметі
түсіндіріледі.
Етістікті оқытуда алға қойылатын әдістемелік талаптар бар. Ең алдымен,
оқушылардың бұрын меңгермеген біліміне негізделіп оқыту жүйесі қатаң
ескеріледі. Дегенмен бұрын оқылған сабақты толғаусыз қайталаудың пайдасы
жоқ. Оқушының біліміне, дербес белсенділігіне сүйеніп, жаңа тақырыптық
ұқсас ұғымы ашылады. Одан әрі зерттеліп отырған материалдың өзіндік мәні,
ерекшелігі кеңейтіле әрі оқушы мағлұматы толықтырыла талқыланады.
Оқушыларға тәжірибе жұмысын жасатқанда да, олардың бастауыш сыныпта
үйренген дағдысы дамытыла түседі. Бірте-бірте өз бетімен орындау талаптары
арттырыла береді. Оқылған материалдарға арнап өздігінен кесте жасау, сызба
сызу жұмыстары үйретіледі.
Етістікті талдау сабағын оқушыларға сұрақ қойып, етістік мағынасын
еске түсіру жолымен басталады. Одан соң тақтада сөйлемдер талданып,
етістіктер таптырылады. Етістіктердің жақтық, шақтық мәндерін де ескереген
жөн. Баяндауыш қызметіндегі етістікті түбір күйінде де ендіріп, оның екінші
жақтық әрі бұйрықтық мәнін ұстап тұрғанын аңғартқан жөн. Сабақ нәтижесінде
етістіктің мәні, үш жақта айтылатыны, негізгі сұрақтары түсіндіріледі. Осы
тұста зат есімнің септік жалғаулары аталады. Табыс септігінің мәні, сұрағы,
жалғаулары, жете пысықталады. Сөйтіп сөйлемдегі табыс септік сөздер
таптырылады. Бұл жерде сабақты етістік табыстан басқа септікте тұрған
сөзбен байланыспайды деген жаңсақ ұғым тумауы керек. Мәселен, ол үшін Мұрат
кітапты оқиды. Мұрат бұны кітаптан оқиды. Сонда оқыды деген сөз кітапты,
кітаптан деген екі түрлі септікте тұрған сөзбен байланысып тұр. Демек
сабақты етістік табыс жалғаулы сөзді керек етеді және басқа септіктермен де
байланысады. Ал салт етістік табыс жалғаулы сөзбен мүлде байланыспайды.
Екі терминнің, етістік пен етістік ұқсастығы оқушылардың етістер
туралы түсінігін қиындатады. Айқын мысалдар талдау тәсілімен іс-әрекеттің
кімге, неге қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Қазақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика, грамматика, орфография, стилистика
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Тіл тағылымы
Етістікті мектепте оқыту
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Аналитикалық формалы етістіктер
Сабақты және салт етістіктер
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер