Антика философтары


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Фалес

2. Анаксимандр

3. Анаксимен

4. Гераклит

5. Парменид

6. Зедон

7. Эмпедокл

8. Анаксагор

Антика философтары

Көне Греция философиясының бірінші кезеңі табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі - Милет мектебі. Бұл мектептің негізін қалаушы - Фалес Милетский болған. Милет мектебінің өкілдеріне тоқталып өтейік.

Фалес б. з. б. 625-547 жылдарда сауда адамы болған. Ол кезінде Вавилон, Египет елдерін талай аралаған. Көп нәрсе үйренген. Оның даңқы б. з. б. 585 жылы 28 мамырда Грекияда Күн тұтылатынын есептеп болжағаны үшін барлық жерге таралды. Сол үшін Египет абыздарынан ол оракул (көреген) деген атақ алған. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Суды салқындатып, мұздатсаң қатты денеге, жылытып, ысытсаң буға айналады. Сузыс тіршілік жоқ. Дүние негізі су деген. Тіпті Жердің өзі де су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек дене. Фалестің айтуы бойынша, дүние - жаеды құбылыс. Оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген. Фалестің бірнеше даналық ойлары тарихқа енген. Мәселен, «Дүниеде ең жүйрік не?» - деген сұрауға: «Ой. Ол бәрінен жүйрік», - деп жауап қайтарған. «Дүниеде ең ақылды не?» - деген сұрауға: «Уақыт - деп жауап қайтарған, - өйткені ол бәрінің де сырын ашады». «Бәрінен күшті не?» - деген сұрауға: «Өзіңді-өзің тану», - депті. «Ең жеңіл не?» - дегенге: «Басқаларға кеңес айту», - деген көрінеді.

Дәл осыған ұқсас сауал-жауапты көшпелі скифтер өкілі Анахарсис гректерге айтқан, одан соң қазақ шешен билері айтқандарынан жиі кездестіруге болады.

Анаксимандр (б. з. б. 610-547 жж. ) . Оның пікірінше, дүние негізі - су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама - апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі, өзгермейтін жойылмайтын - апейрон. Анаксимандр әлемнің түрлері көп болатынын болжамдады. Ол Элладада ең алғаш әлім картасын сызды, глобус жасап, күн сағатын ойлап шығарды. Оны жерге қаққан қазықтан түскен көлеңке арқылы шамалады. Ол «заң» деген терминді табиғатқа ендіріп, әлемде белгілі тәртіп барын айтады. Анаксимандрдың апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді.

Анаксимен (585-525) дүниенің негізі - ауа деп есептеді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады Анаксимен. Ол ауасыз тіршілік жоқ, жан дегеніміз - ауа десе керек. Бірде көлеңкелі бақ арасында серуендеп жүргенде шәкірті: «Анаксимен, айтыңызшы, неге күдіктене бересіз? Сіз ұзақ өмір сүрдіңіз, тәжірибелі данасыз», - депті. Сонда Анаксимен асасымен бірі кіші, бірі үлкен екі дөңгелек сызып, кішісінің іші - сенің білгенің, үлкеннің іші - менің білгенім, ал дөңгелектің сырты - бізге беймәлім, депті.

Гераклит (535-475 жж. шамасы) . Ол Эфес қаласынан шықты. Оның пікірі бойынша, дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын еш нәрсе жоқ. Бәрі ағыста, бәрі өзгерісте. Қозғалыс мәңгі. «Мына космос барлық тіршілікке бірдей, оны ешбір Құдай, ешбір адам жасаған жоқ, мәңгі тірі, ретімен жанып, ретімен өшетін от, ол солай болып қала бермек». Гераклиттің ойынша, «дүниедегі барлық құбылыс оттан жаралған, олай болса, жан да оттан тұрады, бірақ ол өте құрғақ. Әлемді билейтін күш - «Логос». Тіпті Күн де одан шығып кетпек емес. Әрбір зат өзінің қарама-қарсысына айналады, мәселен, суық - жылыға, жылы - суыққа, ылғал - құрғаққа, құрғақ - ылғалға айналады. Бір суға екі рет малтуға болмайды. Теңіз суы әрі таза, әрі лас. Балықтарға қолайлы, адамдарға қолайсыз, зиян. Олай болса, қарама - қарсылық - бәрінің де атасы, бәрінің патшасы», - депті.

Ал диалектика туған жерде оған керісінше ұғым да дүниеге келеді. Ондай ұғым өкілдерінің бірі - Парменид (VI-V ғғ. шамасы) . Оның ойынша, бәрі де екі бастамадан - от пен жерден тұрады. Онда бос кеңістік жоқ. Олай болса, еш нәрсе қозғалмайды, жоқтан пайда болмайды, әрі жойылмайды. Ол философияға «болмыс» ұғымын ендірді. Болмысты, Парменидтің пікірінше, көзбен көруге, сезім мүшелері арқылы сезуге болмайды. Оны тек оймен тану, білу мүмкін. Парменидтің қанатты сөзі: «Болмыс бар, бейболмыс жоқ».

Парменидтің шәкірті болған Зенон (490-430) бірнеше ғажап ойлар айтты, солардың бірі - оның апориясы. Мәселен, тасбақаны Ахилл қуып жете алмайды. Садақтың оғы ешқашан нысанаға жетпейді дегені. Ол, әрине, өмірде олай емес екенін біледі. Бірақ теория тұрғысынан қозғалысты дәлелдей алмаған. Өйткені Ахиллдың жүретін жолын, садақ оғының нысанаға дейінгі аралығын Зенон алдымен теңдей етіп екіге бөледі, бөлінген бөлікті тағы да екіге бөледі. Ахилл да, садақ оғы да әр уақытта сол бөлінген нүктелерде болуы тиіс. Ал бөліну шексіз болғандықтан, оның шегіне ешқашан жету мүмкін емес. Сондықтан Зенон теория жүзінде Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, ал садақ оғы нысанаға жетпейді деді. Бірақ Зенон қозғалыс пен жүру қашанда үздік пен үздіксіздіктің диалектикалық бірлікте екенін білмеді. Ол дүниенің шексіз бөліне беретінін мойындай келіп, бірлік пен көптіктің диалектикасын былай топшылайды: «Бірлік көп емес, ол бөлінбейді. Егер бірлік бөлінетін болса, ол - бірлік емес, көптік», - дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сократ философиясы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Диалектиканың жалпы болмыстың өзі процесс
Сократ ілімі
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Ортағасырлық Батыс Европалық филосоифясы
Антикалық философияның элиндік-римдік дәуірі
Сократ пен Платонның этикалық ілімдері
Классикалық грек мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz