Ислам діні жайлы ақпарат



ИСЛАМ (араб.— мойынсұну, амандық, татулық), исламдіні —дүние жүзіне кең таралған төрт ірі өлемдік діндердің бірі. Мұсылмандар (Ислам дінін ұстанушылар) ұғымында бұл дін Құдай тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзат баласына және барлық заманға жіберілген ең соңғы есиет болып саналады. Сонымен бірге Ислам — Құран Кәрімде есімдері аталған барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел камтиды. Себебі, бүкіл әлемнің жаратушысы бір Алла (Аллаһ) ғана. Алла тағала өсиеттері әр түрлі пайғамбарлар арқылы әр түрлі ғасырларда әр түрлі дауымдарға баян етілген. Ең соңғы есиеттер Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с) жіберілген. Құран Кәрім бойынша, Алла тағаланың жіберген бірегей хақ діні Ислам ғана (3/19) және бұл дінге сенушілерге мұсылман есімін Жаратушының өзі берген (22/78). Аяттарда бұрынғы пайғамбарлар мен оларға сенгендердің (иман еткеендердің) барлығы да мұсылмандар еді делінеді (2/128, 2/131 - 133, 2/135 - 136, 3/20 және 3/67). Ислам дінінің негізгі кағидасы — Жаратушының жалғыздығына қалтқысыз сену. Құран Кәрімде бұл қағида көптеген аяттарда "лэ илаһа илла Алла", яғни "Алладан басқа Құдай жоқ, құлшылық етуге лайықты тек Алла ғана" деп түсіндірілген.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ИСЛАМ (араб.— мойынсұну, амандық, татулық), исламдіні —дүние жүзіне кең
таралған төрт ірі өлемдік діндердің бірі. Мұсылмандар (Ислам дінін
ұстанушылар) ұғымында бұл дін Құдай тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы
адамға дейінгі барлық адамзат баласына және барлық заманға жіберілген ең
соңғы есиет болып саналады. Сонымен бірге Ислам — Құран Кәрімде есімдері
аталған барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел камтиды.
Себебі, бүкіл әлемнің жаратушысы бір Алла (Аллаһ) ғана. Алла тағала
өсиеттері әр түрлі пайғамбарлар арқылы әр түрлі ғасырларда әр түрлі
дауымдарға баян етілген. Ең соңғы есиеттер Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с)
жіберілген. Құран Кәрім бойынша, Алла тағаланың жіберген бірегей хақ діні
Ислам ғана (319) және бұл дінге сенушілерге мұсылман есімін Жаратушының
өзі берген (2278). Аяттарда бұрынғы пайғамбарлар мен оларға сенгендердің
(иман еткеендердің) барлығы да мұсылмандар еді делінеді (2128, 2131 -
133, 2135 - 136, 320 және 367). Ислам дінінің негізгі кағидасы —
Жаратушының жалғыздығына қалтқысыз сену. Құран Кәрімде бұл қағида көптеген
аяттарда "лэ илаһа илла Алла", яғни "Алладан басқа Құдай жоқ, құлшылық
етуге лайықты тек Алла ғана" деп түсіндірілген. Ислам дініндегі ең маңызды
ғибадаттар: Алладан басқа Құдайдың жоқтығына, Мұхаммедтің оның елшісі
екендігіне сену, Құран Кәрімді оқу және түсіну, намаз оқу, дұға ету,
Рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару, ізгілік
амалдар істеу, ғылыммен шұғылдану, адал жолмен ризық табу. Мұсылмандар Алла
тағаланың періштелеріне, барлық хақ кітаптарға (Таурат, Забур, Інжіл, Құран
Кәрім), Құранда есімдері аталған пайғамбарлардың барлығына (Нұх, Ибраһим,
Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед, т.б.), ахирет күнінің болатынына сенеді,
Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) түсірілген Құран Кәрімді өзінен бұрынғы
кітаптардың растаушысы және Жаратушының ең соңғы өсиеті деп санайды. Құран
Кәрімді әлемдегі барлық мұсылмандар өзгеріссіз күйінде оқиды. Сол сияқты,
Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) да — өзінен бұрынға пайғамбарлардың болғанын
растаушы ең соңғы пайғамбар. Исламда адамдардың нәсілі, тілі, әлеуметтік
мәртебесі, шыққан тегіне артықшылық берілмейді, барлық адамдар тең
дәрежелі, үстемдік тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуада (2198),
яғни Алланың өсиеттерін шын ниетпен орындап, тыйым салған әдеттерден
аулақ болып, кәміл мұсылман болуда. Ислам діні жамағатты, яғни бүкіл
адамзаттың саналы және үйлесімді қауымдастыққа бірігуін уағыздайды. Ислам
дінінің кағидалары тек дұрыс ұйымдасқан жамағат болғанда ғана толыққанды
жүзеге асырылады. Жамағат болып ұйымдасқан мұсылмандар бірін-бірі әбден
танып, бірін-бірі жақсы көріп, біріне-бірі көмек беріп ынтымақтастықта
болады. Намаз, қажылық, зекет сияқты көптеген ғибадаттар адамдардың
қауымдасуына, жамағат болып бірігуіне ықпал жасайды. Алладан келген хақ
дінді шын көңілімен ұстанып, пәнилік өмірінде көп ізгілік, жақсылық жасаған
адамдар ахиретте (о дүниеде немесе бақи дүниеде) жәннатта болады. Алла
тағала адам баласын өзіне құлшылық ету және ізгілік жасау үшін жаратқан.
Әлемдегі нәрселердің барлығын да Алла адамдардың игілігі үшін жаратқан.
Өзіне берілген сансыз көп игіліктер үшін Жаратушыға мойынсұну адамның
парызы болып табылады. Ислам діні адамның барлық іс-әрекеттерінде шектен
шықпаушылықты уағыздайды. Асыра сілтеушілікті, ысырапшылықты, азғандықты
жазғырады. Құран Кәрімдегі аяттарда мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес,
сонымен қатар осы пәни дүниеде де игіліктерге кенелетіні айтылған (2201,
7156, 16122, 1064). Ахиреттегі жәннатта болу үшін пәни дүниедегі бақытты
тәрк ету талап етілмейді. Алла тағала адамдар үшін жаратқан игіліктерді
шектеуге немесе һарам етуге ешкімнің хақысы жоқ. Адамның міндеті оларды
арам жолмен емес, адал жолмен тауып, адал мақсаттарға пайдалану, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСЛАМОФОБИЯ
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы
Ізгілікке бейіл ислам діні
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу туралы
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Дін және бақ: кеше және бүгін
Ислам және батыстық БАҚ
Пәндер