Ұрықтану туралы жалпы түсінік


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе:

Ұрықтану туралы жалпы түсінік.

2. Негізгі бөлім:

а) Ұрық дамуының имплантация кезеңі.

ә) Ұрық дамуының плацентация кезеңі. Органогенез.

б) Ұрық дамуның сындарлы кезеңдері туралы оқу.

3. Қорытынды :

Ұрық дамуның сындарлы кезеңдері туралы оқуды ортаның эмбрионға зианды әсерінің алдын алуда пайдалану.

Ұрықтану дегеніміз аналық жасушаның және аталық жыныс жасушаның (сперманың) қосылуы, соның нәтижесінде зигота түзілуі. Зигота жаңа организм бастамасы .

Ұрықтану сперматозойдтардың біраз ғана ене алатын жатыр түтігінің ампулярлы бөлігінде өтеді. Овуляцияланған жұмыртқа жасушалардың ұрықтануға деген қабілеті тек 24 сағатқа ғана созылады. Сперматозоидтар әйел жыныс жолдарында ұрықтануға қабілеттілігін шамамен 24-48 сағат сақтайды, сондықтан ұрықтану процесі жүру үшін белгілі бір қысқа уақыт аралығында кездесу жүру керек.

Аталық без түтікшелерінде орналасқан сперматозоидтардың ұрықтануға қабілеті болмайды. Ұрықтану қабілетіне олар аталық жыныс безінің каудальді бөлігінен краниальді бөлігіне өту барысында ие болады.

Қынапқа түскен сперматозоидтардың бір бөлігі қышқыл орта әсерінен өледі, қалғаны жатыр мойыны каналынан, сілтілі ортасы бар, жатыр қуысына өтеді. Сперматозоидтар жатыр түтігі клеткаларымен кездескенде капацитация атты процеске ұшырайды. Капацитация дегеніміз жұмыртқа жасушасына оның қабықтары арқылы өту қабілетіне ие болу . Жұмыртқа жасушасы жылтыр қабаттан басқа бірнеше қабат жұмыртқа тасымалдаушы клеткалар түйінімен қоршалған. Бұл кедергіні өту үшін арнайы сперматозоидтың акросома атты органоиды бар. Акросомды реакция сперматозоидтың жұмыртқа тасымалдаушы клеткалар түйінімен жанасуы кезінде жүреді. Акросомадан 10-12 түрлі ферменттер бөлініп шығады. Олар сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасың қабығынан өтуді қамтамасыз етеді. Сперматозоид жылтыр қабықтан өткен соң гаметалардың қосылуы өтеді.

Ұрықтану жүру үшін тек бір сперматозоид қажет. Сперматозоидтардың «артық» мөлшері өтіп кететін болса процес бұзылады, ұрықтану жүрмейді.

Жұмыртқа жасушасына бір сперматозоид өткен соң басқаларына өтуіне «кедергі» пайда болады. оның түзілуіне кортикальді реакция қатысады. Екінші мейотикалық бөліну жүргеннен соң аналық хромосомалар жиынтығы ядроға айналады, ол аналық пронуклеусы, ал сперматозоид басы аталық пронуклеус аталатын ядро түзіледі. Кейін бұл хромосома жиынтықтары қосылып бір ядро түзіледі де зигота бластомерлерге бөліне бастайды. Ол бөлініп морулаға айналады. Келесі кезеңге (бластоциста) бластомерлермен синтезделетін сұйықтықпен толған қуыс түзілуі тән. Моруланың бластоцистаға айналуы барысында бластомерлер екі субпопуляцияға бөлінеді - сыртқы және ішкі . ішкі клеткалар эмбриобласт түзеді, одан ұрықты түйін, ұрықтан тыс мезенхима, амнион, ал сыртқысынан имплантацияға қажет трофобласт түзіледі.

Ұрық жатыр түтігінен 6-7 күн ішінде өтеді. 7-8 күнде бластоцист жатыр ішіне енеді. Осы уақытта жылтыр қабық бұзылып, трофобласттың сыртқы қабықтарын ерітетін фермент бөлініп, жатырдың ішкі қабатын бұзып, ұрықтың функциялық қабатының толығымен енуін қамтамасыз етеді. Бұл процесті имплантация деп атайды. Эндометрийге кірген ұрықтың торфобласт әсерінен тіндердің еруі басталады. Еріген тіндердің орнына эмбриотроф пайда болады. эмбриотоф бойында ұрықтың өсуіне қажет заттар бар: белок, көмірсу, май, витаминдер, электролиттер. ұрық жұмыртқасы керект ізаттарды ферментативті прцес арқылы алады. Мұндай алмасу гистотропты зат алмасу деп аталады. Трофобласттың сыртқы қабатыжасушалық шекарасын жоғалтып синцитийге айналады. Трофобласттың ішкі қабаты клеткалық құрамын сақтап, цитотрофобластқа айналады. Сыртқы қабаты хорион деп аталады. Имплантациядан кейін бластоциттердің жанындағы клеткалар мезобластқа айналады. Бластоциттердің бір бөлігінде екі түйін пайда болады: эктобласт, энтобласт, олардың арасында қуыс пайда болып, олар эктобластық, энтобластық көпіршіктерге айналады. Эктобластық көпіршік амнионға, ал энтобластық көпіршік сары қуысқа (желточная полость) айналады. Екі көпіршік арасындағы эктобластық, энтобластық клеткалар ұрық болып саналады. Ұрық бастамасы үш жапырақтан құралады: эктодерма, мезодерма, энтодерма. осы жапырақшалардан ұрық мүшелерінің тіндері пайда болады. ұрықтың маңайында амнион суы және үш қабат болады. Дицидуальді, түкті және су қабаттары. Дицидуальді қабат имплантация кезеңі аяқталған соң пайда болады, ол жатырдың функциональді қабатының өзгерген түрі болып табылады. Дицидуальді қабатты келесі бөліктерге бөліп қарастыруға болады: dicidua basalis-ұрық пен миометрий арасындағы бөлік, dicidua capsularis - ұрықтың жоғарғы бөлігін жабатын қабат, dicidua parietalis - қабықтың қалған бөлігі. Ары қарай даму барысында dicidua basalis-тен плацентаның аналық бөлігі қалыптасады.

Плацентация жүктіліктің 3 -аптасынан басталады. бұл кезде біріншілік бүрлік тамырлар пайда болады. Олар екіншілік бүрлерге, одан әрі үшіншілік бүрлерге ауысады. Қан тамыр жүйесі ангиобласттар және эмбрионның кіндік тамырларынан және алантоистан тұрады. Үлкен кіндік тамыры бұтақтары хоринальді пластинкаға және бүрлеріне енеді. Бүрлер бұтақталған сайын тамырлар диаметрі кішірейіп, соңында капилярларға айналады. Кіндік тамыр жүйесі мен локальді плацента тамырлар жүйесі қосылғанда ұрықтың плацентарлы қан айналымы құралады. Түктердің синцитиі ана қанымен жуылып тұрады. Қан түк аралық орталықта эндометрийдің спиральді артериялары ашылғанда құйылады. Бұл құбылыс жүктіліктің алтыншы аптасында пайда болады. 13 -аптаның соңында фетоплацентарлы қан айналым толық орнатылып, плацентация кезеңі аяқталады.

Адамның антенатальді жатырішілік дамуында екі кезең болады: эбриональді және фетальді. Эмбриональді кезең ұрықтанудан басталып, жүктіліктің екінші айымен аяқталады. Эмбриональді кезеңді бөлеміз: преэмбриональді фаза 1-3 айлар. Эмбриональді фаза 4-8 апталар. Басқаша органогенез деп аталады. Осы кезде барлық ағзалар мен жүйелердің бастамалары пайда болады. Осы уақытта эмбрион әртүрлі зиянды факторлар әсеріне өте сезімтал. Фетальді кезең 3 айдан басталып, ұрықтың туғанына дейін жалғасады. Осы уақытта ұрық тез өсіп тіндердің дифференциациясы, ағзалардың жүйелердің дамуы жүреді .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Аталық және аналық жыныс жүйесі. Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік
Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік
Ұрықтың дамуындағы қауіпті кезеңдер
Ұрық алудың физиологиялық негізі
Жыныс клеткаларының көбеюі
Митохондриялар
Алшақ будандастыру
Клетканың органикалық заттары
ДНҚ фрагментациясын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz