Жануарлар тіршілігіне өсімдіктердің маңызы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жануарлар тіршілігіне өсімдіктердің маңызы

Өсімдіктер жануарлардың мекен ортасы. Жер бетінде өсімдіктер болмаса тіршілік болмайтын еді. Жануарлар мен өсімдіктердің тіршіліі бір-бірімен тығыз байланыста. Барлық тірі организмдер ауадағы оттегімен тыныс алып, көмір қышқыл газын сіңіреді. Сол оттегімен өсімдіктерде тыныс алады, сонымен бірге басқа организмдер де тыныс алады.

Жануарлар дүниесінің өкілдері өсімдіктерге тікелей әсер етеді. Мысалы: шыбын-шіркейлер өсімдіктерді ұрықтандырушылар болып табылады; құстар, жануарлар, сол сияқты кейбір шыбын-шіркейлер өсімдіктердің жайылым қоныстануларына, олардың жемістері мен тұқымдарын таратуға көмектеседі. Жануарлар өсімдіктермен қоректене отырып, олардың жойылып кетүіне немесе күйзелүіне әсер етеді.

Жануарлар өсімдіктергежанама әсері алдымен топырақ көрсеткіштерінің өзгерісімен белгіленеді. Жер қазатын жануарлар топырақтың механикалық, химиялық және биологиялық құрамын өзгертеді. Омыртқасыз жануарлар (қарапайымдылар, құстар тағы басқалар ) 1м топырақта бірнеше жүз мыңдап орналасып, бір орыннан екінші орынға тасып қопсытады. Топырақтағы микроптарды және бактерияларды жеп, топырақтағы ұсақ биологиялық өзгерістерге әсерін тигізіп отырады. топырақтың тасылуы немесе қопсытылуы жер жауын құртының маңызы зор.

Жануарлардың өсімдіктерге жанама әсері олардың көрші өсімдіктерді немесе басқа да пайдалы немесе зиянды жануарларды жоюына әсерін тигізу арқылы беріледі.

Қай жерде болмасын жануарлар мен өсімдіктер бір-бірімен байланыста, көмек бере отырып, тіршілік етеді. Яғни, олар жалпыға ортақ бірлестікті құрайды.

Мысалы, орманды алайық өсімдіктер барлық тіршілікке қажет оттегін бөліп шығарады. Бұғылар, қояндар, дала тышқандары ағаштар мен бұталардың қабығымен, өсімдіктермен шөппен ; құстар олардың жемістерімен ; аралар олардың гүлдерінің шірнесімен ; қоңыздардың дернәсілдері ағаштардың сүрегімен қоректенеді. Бұлан, қоян сияқты өсімдікпен қоректенетін жануарлар, жыртқыш аңдардың негізгі азығы. Өсімдіктер көптеген жануарлар үшін негізгі қорғаныш көзі екндігін ұмытпаған жөн . Тоқылдақтар ағаштың ішіне ұя салып жұмыртқаласа, кейбір құстар ағаштар мен бұталардың бұтағына ұя салады. Жануарлар өз кезегінде өсімдіктер тұқымының жан-жаққа таралуына тасымалданушы қызмет атқарады. Жануарлар олардың жемісін жеп, минерелды заттармен байытып келесі бір жерге аппарып тастайды. Кейбір өсімдіктердің көбеюіне жәндіктер гүлдерінің тозаңдануына да байланысты. Жануарлар дем алған кезде көмір қышқыл газын бөліп шығарады, ол болса өсімдіктердің фотосинтез түзуінде басты елемент болып есептелінеді.

Құстар, мен тышқандар, құрбақалар, жәндіктер және тағы басқа жануарлар өсімдіктерді зиянкестерді қорғайды.

Бірлестіктегі маңызды рольдің бірін саңырауқұлақтар мен бактериялар атқарады.

Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдырата отырып, қара шіріктің түзілуіне әсер етіп, зат айналымына үлесін қосады.

Табиғатта орман шоқтары, дала, шалғын, су қоймасы батпақ және тағы басқа бірлестіктер орналасқан. Әрбір бірлестік табиғи дамуында мыңдаған жылды өткізген . Оларда сол жерге тіршілік етуге бейімделген . Өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етіп бүтін бір организмді қалыптастырады. Ол бірлестіктердегі бір организмнің көбеюі немесе азаюы келесі организмдердің тіршілігіне кері әсерінтигізеді. Мысалға, бұлан, қоян көбейіп кетсе ағаш, бұталармен қоректенетіндіктен, олардың өсіп өнуіне кері әсерін тигізеді. Ал ол болса олардың қорексіз қалуына әсер етеді. Шалғынды жерлердегі ара ұяларын бұзатын болсақ, гүлдері тозаңданбай, тұқымы жетілмей қалады. Сондықтан да бірлестіктердің арсында табиғи жолмен пайда болған тепе-теңдік болады. Егер оларға адам әсер етсе мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи байланыс өзгеріп, олардың біртіндеп жойылуына алып келкді. Мысалға: ағаштарды кесу, даланы жырту, өзен суларына бөгет салу және тағы басқалар.

Көп рет кесілуінде немесе мал жаюдан өсімдіктердің көпшілігінде өркен құру қуатты төмендейді. Бұл қоректік заттар қоының «өте көп жұмсалуына» байланысты . Қорлық заттары бір арнаулы құрылымдарында жинақталған өсімдіктерде жақсы бөліктерін көп рет бөліп алу уақытында қоректік заттар қоры азаяды. Астық тұқымдастар арасында бұндай жуамықты арпа, бұның қоректік заттар қорының негізгі жинақталып сақталатын жері сабақтың томенгі түйін аралықтарындағы ірі жуамық пішінді кеңістігі - алдамшы жуамықтары болып табылады.

Мал жаю өсімдік ағзасына көп түрлік морфологиялық және физеологиялық өзгерістер енгізуге себеп болатын күшті әсер етеді . Өсу сатысының туу заңдылығын, сол сияқты жеке түрлер құрамының да азаюы . Бәрінен бұрын мал жаю өсімдік мүшелері бойына ырғақты заттар қорларының жинақталу, жұмсалу және таралу процестерін бұзады. Белді өркенді кесіп алғаннан соң, көптеген жанама жаңа сабақтар пайда болып, ұйқыдағы өсімдік бүршіктері оянып тіршілік етеді.

Өсімдіу жасыл сабақтарын жиі жинап алу, мал жаю, шауып алу - жер беті мен жер асты бөліктерінің морфологиялық өзгерістеріне әкеліп соқтырады. Өсімдік мөлшері, жер беті бөліктерінің пішіні, топырақ дәрежесі,

өсімдіктердің тіршілік дәрежесі, гүлдер, жемістер, тұқымдар саны, ұшар басындағы жасын және ағаштар бөліктерінің қатынасы, жапырақтар мен жыныстық өркендер қатынасы өзгереді.

Малды көп жаюданнемесе шөпті көп орудан мал азықтық өсімдіктерінің тамыр жүйесі қысқарады және оның көп бөлігін топырақтың беткі қабатына орналастырады. Бұндай көлем өзгеруі мен тамырдың топырақта орналасуы малды жүйелі түрде жайғанда өсімдіктер сіңіретін азықтар мен қорлық заттар тамыр жүйесінің өсуіне емес негізінен жаңа өркендердің өсіп жетілуі жұмсалатындығын көрсеткен.

Малды жиі жаюдан тамыр жүйесі мөлшерінің кемуі тек қана шөптесінді өсімдіктерде ғана емес, жартылай бұталарда да болады. Н. Д. Кожевников(1960) Есік көл айдынының құрғақ даласындағы табиғи жайылымдардың маңызы көп деген мал азықтық түрлерінің тамыр жүйелерін зерттеген. Ол әр түрлі дәрежедегі пайдаланылған жайылымдардағы тексерілуге жатқызған әрбір өсімдік тіршілік тамыр жүйелері дамуының ерекшелігін еөрсетеді.

Д. Брауын (1957) өсімдіктерге қарқынды мал жаю оның тіршілігін төмендетеді деп есептеген. Мал жаю нәтижесінде жер беті салмағының қысқаруы, сонымен қатар тамыр салмағының азаюы нәтижесінде қоректік заттар қорының жетіспеушілігі желінетін өсімдіктердің нашарлануына әкеліп соқтырады. Өсімдік физеологиялық және жеміс беретін мүшелерінің қалыпты циклін аяқтай алиайды, дұрыс жеміс те тіршілікке қабілетті тұқым да бере алмайды.

Н. Ф. Камаров (1951) жайылымға өсімдік өңірінің өсірілуіндегі экологиялық маңызды фактор ретінде көп көңіл бөле отырып, жайылымға малды шектен тыс жаю олардың қуаңшылыққа және қысқа төзімділігін төмендетіп, ауруға бейімділігін жоғарылататындығын атап өтеді.

Жаңа жапырақтар мен өркендер құру үшін, көкпекөктігінің өсуінде де өсімдік қор мүшелерінде жинақталған және бөліп қойылған қоректік заттарды пайдаланылады. Органикалық заттардың жер үсті мүшелерінен тамырға берілу тамырдың суды қарқынды сіңіруінің қажетті шарты болып табылады.

Мыңдаған жылдар бойы адамдар өсімдіктерді өз қажеттігіне өсіріп, игеріп келеді. Адамның көмегімен өсімдіктердің көптеген түрі пайда болды. Жер бетіндегі барлық тірі организмдер сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді. Ағаштарды ретсіз шабуға, орман ішінде от жағуға, гүлдерді жұлуға, шөптерді таптауға болмайды. Орман, дала, егістік алқаптары көптеген жануарлардың мекен жайы немесе үйі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы ақпарат
Биотаның тіршілігіне қажетті литосфераның ресурстары
Экологиялық факторлар туралы түсінік
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. абиотикалық факторлардың сигналдық мәні. организмдердің индикаторлық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер Негізгі абиотикалық факторлардың-жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және тсс экологиялық мәні Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні туралы ақпарат
Топырақтың физикалық құрамы
Өсімдіктердің өзара қатынас түрлері. Ареалдар туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz