Жер асты суларының геологиялық әрекеті



Жер асты суларының пайда болуын түсіндіруге бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары-Платон мен Аристотель. Платон ( б.з.д 427-337 жылдар) жер асты сулары теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауынша тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып, тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель (б.з.д 384-322) жер асты сулары тау жыныстарының қуысындағы суық ауаның қоюлануы нәтежесінде пайда болады деп санады.
Қазір жаралу тегіне қарай жер асты сулары инфильтрациялық, конденсациялық, тұнбалық (седиментациялық) және ювенил суларға ажыратылады.
Инфильтрациялық сулар атмосфера жауын-шашыны мен жер беті суларының тау жыныстарына сіңуі (инфильтрация) есесінен жиылады.

Жер асты суларының геологиялық әрекеті.

Жер асты суларының пайда болуын түсіндіруге бірінші болып
талаптанғандар көне грек философтары-Платон мен Аристотель. Платон (
б.з.д 427-337 жылдар) жер асты сулары теңіздің тұзды суларының
есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауынша тау жыныстарының
қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып,
тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель
(б.з.д 384-322) жер асты сулары тау жыныстарының қуысындағы суық
ауаның қоюлануы нәтежесінде пайда болады деп санады.

Қазір жаралу тегіне қарай жер асты сулары инфильтрациялық,
конденсациялық, тұнбалық (седиментациялық) және ювенил суларға
ажыратылады.

Инфильтрациялық сулар атмосфера жауын-шашыны мен жер беті
суларының тау жыныстарына сіңуі (инфильтрация) есесінен жиылады. Жер
асты суларының басым көпшілігі осы жолмен қалыптасады. Сіңетін
судың шамасы көптеген факторларға байланысты. Мұндай факторларға
климат, рельеф, өсімдік, тау жыныстарының құрамы мен олардың су
сіңіргіштігі, адамның еңбек әрекеті жатады.

Конденсациялық сулар серпімділік айырмасының әсерінен
атмосферадан жер қыртысына қарай, ал тау жыныстарында бір
горизонттан екінші горизонтқа қарай орын ауыстырып қозғалатын су
буларының қоюлануы (конденсация) әсерінен қалыптасады. Әйтсе де осы
жолмен жиылатын жер асты суларының шамасы оның жалпы қорының аз
ғана бөлігін құрай алады.

Тұнбалық (седиментациялық) немесе жұрнақ су шөгінді жыныстарға
сіңіп жиылған және қазірге дейін cақталып келе жатқан көне
алаптардағы қалдық су болып табылады. Осы көмілген сулар
гидрогеологиялық және мұнайлы газды жабық құрылымдардың терең
бөліктерінде сақталып қалады. Өзінің жоғарғы минералдығымен
ерекшеленетін осы сулар химия өндірісінің шикізаты болып табылады,
емдік мақсаттар үшін де пайдаланылады.

Ювенил (кіршіксіз) немесе тереңде пайда болатын сулар жердің
терең қойнауынан (магмалық және метаморфикалық зоналардан) жоғары
көтерілген ыстық будың суынып қоюлануы есесінен жиналады.Жер
дамуының қазіргі сатысында бұл суларының айтарлықтай мәні жоқ.
Әдетте табиғаттағы жер асты сулары аралас жолмен қалыптасады.
Мұны осы сулардың химиялық және газдық құрамы, режімі,
пьезометриялық ағындардың деректері дәлелдеп отыр. Аралас жолмен
тараған сулар өзге сулардың бәрінен де көбірек тараған.

Грунт сулары.

Су өткізбес жыныстардың бірінші горизонтының бетінде орналасқан,
уақыт бөлігі ішінде тұрақты болып келетін едәуір аумақты қамтыған
гравитациялық судың қабаты ( горизонты ) грунт сулары деп аталады.
Грунт суы жиналған жыныс қабаты сулы пласт немесе сулы горизонт
деп аталады. Сулы горизонттың астындағы су сіңбес жынысты су
өткізбес жыныс немесе су өткізбес төсеніш деп атайды. Аумағынан
нақты сулы горизонт орын алған алаң грунт суларының таралу аймағы,
ал грунт суларын қоректендіріп толықтыратын атмосфера жауын-
шашынның, өзен мен көлдердің суы жұтылатын алаң грунт суларының
қоректену аймағы деп аталады. Әдетте грунт суларының таралу аймағы
мен қоректену аймағы бір-біріне сәйкес келеді.

Грунт суларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология –жер туралы ғылым
Геологиялық ортаны қорғау
Жер асты суларының геологиясы
Геология оқу - әдістемелік кешен
Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және оны kopғау
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Жер асты суларының геологиялық қызметі
Гидрогеология – геология ғылымының бір саласы
Жер асты суларын жіктеу
Геоэкология және ландшафттық экология
Пәндер