Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары туралы



Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.

Қожа Ахмет Яссауи.
(1094-1167 ж.ж)
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының
педагогикалық идеялары.

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи
тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті
парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар
қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық
педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр
данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр
етті.

Қожа Ахмет Яссауи.
(1094-1167 ж.ж)

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы
ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094
жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы
Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз
заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін
Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан
ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын,
әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де
өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол
кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі –
түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін
Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп
Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық
білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп,
Яссауишілік атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй
даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді
деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге
тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған
Диуани Хикмет (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ
арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп,
түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа
шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің Даналық кітабы кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ
жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты Даналық кітабы аталатын циклді өлеңдерін
жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың
400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық,
шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
Диуани Хихмет атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу,
адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық,
жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал
жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске
алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды
ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға
келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-
мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе,
мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима,
өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе
жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз
қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары
Жүсіп Баласағұни. Махмұт Қашғари.
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Ұлттық поэтикалық шығармашылығын бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Психология ғылымының даму тарихы
Пәндер