Микроорганизмдер экологиясы – микроэкология



Микроорганизмдер экологиясы (oikos-грек сөзінен аударғанда – үй, тіршілік ету орны ) – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіпті космоста да табылады. Микроорганизмдер – биоценоздың құрамдас бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы су қойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп: жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды. Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұрады. Олар адам организімінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Микроорганизмдер экологиясы – микроэкология

Микроорганизмдер экологиясы (oikos-грек сөзінен аударғанда –
үй, тіршілік ету орны ) – микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған
ортамен өзара арақатынасын зерттейді. Микроорганизмдер топырақта,
суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіпті
космоста да табылады.
Микроорганизмдер – биоценоздың құрамдас бөлшегі, яғни
тіршіліктің біркелкі жағдайындағы су қойма немесе құрғақ аймақта
орналасатын биотоп: жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер
жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер
жиынтығын микробиоценоз деп атайды. Қоршаған
ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне
қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын
жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті
ұстап тұрады. Олар адам организімінде қалыпты микрофлора ретінде
бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.

Топырақ микрофлорасы

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту
процестеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және тағы басқа
элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік
етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер (саңырауқұлақ
пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың
1 граммында бактерия саны 10 млрд жасушаға жетеді. Топырақ
беткейінде УК сәулелер, құрғақшылық т.б факторлардың әсерінен
микроорганизмдер салыстырмалы аз болады. Микроорганизмдердің көпшілігі
10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі.
Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте
бұлар мүлдем кездеспейді. Топырақ икрофлорасының құрамы оның типіне
және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына
байланысты. Топырақ икроорганизмдерінің көпшілігі рН- ы бейтарап,
салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-45˚С температурада дамуға
қабілетті.
Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті
бактериялар (Azotbacter, Azomonas, Mykobacterium және т.б.) тіршілік
етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк-жасыл
балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданылады.

Топырақ – Bacillus және Clostriclium
туыстастығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып
табылады. Патогенді емес бациллалар (Bac7 Meqaterium, Bac.subtilis)
псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар
амонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық
заттардың минералдануына қатысады. Потагенді спора түзетін таяқшалар
(күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ
уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium
botalinum). Ішек бактериялары (тұқ.Enterobacteriaceae) - ішек
таяқшасы, іш сүрегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары
нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай
болмағандықтан олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек
таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде
анықталуы топырақтың, адамның және санитарлық-эпидемиологиялық
қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу
тұрғысында).

Су микрофлорасы.

Су микрофлорасы топырақтың, микробтың құрамы сияқты,
себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен суға түседі. Суда сол
жердің физико-химиялық, жарық жағдайына, көміртегінің қос тотығы мен
оттегінің еру жәрежесіне, органикалық және минералды заттар болуына
бейімделген тиісті биоценоздар құрылаы.
Ауыз су қоймасыныңсуында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроэкологияның негіздері.Микробтық паразиттің эволюциясы және патогендік микроорганизмдердің дамуы
Патогенді микроорганизмдердің таралуы
Бактерия
Сүт қышқылды микроорганизмдерді дақылдау
Жалпы экология
Микроорганизмдер экологиясы
Геоэкология
Атырау қаласының және Атырау облысының өркендеуіндегі проблемалар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологиялық мәселелер жайлы
Пәндер