Ақпарат ұғымы



Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Біз бәріміз жарық дүниені көргенімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледи-дар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойлау – ақпарат алмасусыз жүзеге аспайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т.б. түрінде болады.
Ақпарат дегеніміз – хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе дадыда болатын мәліметтер. Басқаша айтқанда ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымды білдіретін information сөзінен шыққан.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ақпарат ұғымы
Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Біз бәріміз жарық дүниені
көргенімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және
журнал оқығанда, радио тыңдап, теледи-дар көргенде, мұғаліммен, ата-
аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың
араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойлау – ақпарат алмасусыз
жүзеге аспайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарға қатысты айтылып,
айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді,
қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл
хабарламалар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т.б.
түрінде болады.
Ақпарат дегеніміз – хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны,
сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе дадыда болатын
мәліметтер. Басқаша айтқанда ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар,
зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымды
білдіретін information сөзінен шыққан.
Ақпараттық процестер, яғни информацияны сақтау, өңдеу және
таратупроцесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Адамдар ауызша
хаттармен, хабарламалармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бірбіріне
өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп
отырады; көне хаттармен құжаттардысақтайды; алынған хабарлар туралы көп
ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының
барлығы ақпараттық процестер.
Ақпарат ұғымы басқа ғылыми ұғымдармен қатар материалдық әлем заңдарын
тереңірек білуге мүмкіндік береді. Ол материя қозғаласының барлық түрлері
мен пішіндеріне ортақ болып табылады және материаны белгілі бір ажырағысыз
қасиеттерімен және атрибутымен байланысы деп есептеледі.
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады.
Өйткені бұған дейін ақпараттың құрлымы мен қасиеттері барлық ғылым
салаларында зерттелінді. Мысалы, физика – ақпарат таситын сигналдардың
қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны
белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды.
Мәліметтер түрленіп, тасмалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады.
Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі
табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия
алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат
алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат
алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процес деп атайды.
Ақпарат мөлшерін көлемдік тәсілмен анықталғанда объектіге мәндік
қатысын бөліп көрсетпейтін, дербессіздендірілген ақпаратпен операциялайды.
Мұнда ақпарат көлемі хабарламадағы символдар санымен өлшенеді.
Ақпарат қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңы болмаған дәрежеге жетті.
Осы тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен
тиімділігін анықтай бастады.
Ақпараттық жаңа әлемде бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты.
Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол
жеткізуі. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен әдепттерлерінің саны көп
есе өсіп кетті.

Адам ақпаратпен не істейді?
Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.Біз кітап , газет-журналдар
оқығанда, ақпаратты есте сақтап жинаймыз.
Екіншіден, біз ақпаратты жеткізе аламыз. Адам ақпаратты сөйлескенде,
теледидардан хабар көргенде, кітап оқығанда жеткізеді. Хабар жеткізуге
арналған құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды.
Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады. Ақпарат өңдеу деп- ақпарат алуды,
оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алған ақпаратты бір ретке
келтіруді, және жаңа ақпарат іздестіріп, оны толықтыруды айтады. Сонымен,
адам ақпаратты сақтай алады , өңдейді және жеткізе алады. Бұл жағдайда
адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс деп атайды.
Адам ақпаратты қалай қабылдай алады?
Адам қабылдайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Құжат ұғымы және функциясы
Деректануда құжат - арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Информатика негізі
Ақпарат көзі
Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы
Ақпарат және оны өрнектеудің жолдары
Іс қағаздарын жүргізумен таныстыру
Пәндер