Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық



Этномәдениетте диахронды және синхронды талдау дәстүр мен жаңашылдықтың (иновациялық) арақатынасы мәселесін алдыңғы орынға шығарады. Мәдениет өзінің кең мағынасында әлемдегі адам болмысының тәсілін білдіреді жәнебұл болмыс ұрпақтар сабақтастығымен, шындықты игерудің әлеуметтік-мәдени тәжірбиесін тасымалдаумен анықталады. «Тіл мен мәдениет,- деп жазады И.Гердер,- өзінің бастауын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден алады» (Идеи о философии истории человечества. М., 1977, 252-бет).
Дәстүр позициясы әсіресе алғашқы қауымдық мәдениетте мықты (сондықтан да ол кезеңдідәстүрлі деп теғ\ атайды). Жазу болмаған жағдайында мәдени сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді. Американдық этнограф Маргарет Мид дәстүрлі мәдениеттің осы ерекшеліктеріне көңіл аударады және оны постфигуративті деп те атайды. Бұл мәдениетте дәстүрлер басымдылық маңызға ие болады, байланыс үлкеннен кішіге қарай жүріп, өткен шақ біржақты түрде болашақты айқындайды. Ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өткенімен барлық ескілік сақталады. «Менің әкелерім, ата-бабаларым не істесе, мен де соны істеймін»,- деп жариялайды постфигуративті мәдениет өкілі.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық

Этномәдениетте диахронды және синхронды талдау дәстүр мен
жаңашылдықтың (иновациялық) арақатынасы мәселесін алдыңғы орынға шығарады.
Мәдениет өзінің кең мағынасында әлемдегі адам болмысының тәсілін білдіреді
жәнебұл болмыс ұрпақтар сабақтастығымен, шындықты игерудің әлеуметтік-
мәдени тәжірбиесін тасымалдаумен анықталады. Тіл мен мәдениет,- деп жазады
И.Гердер,- өзінің бастауын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерден алады (Идеи о
философии истории человечества. М., 1977, 252-бет).
Дәстүр позициясы әсіресе алғашқы қауымдық мәдениетте мықты (сондықтан
да ол кезеңдідәстүрлі деп теғ\ атайды). Жазу болмаған жағдайында мәдени
сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді. Американдық этнограф Маргарет Мид
дәстүрлі мәдениеттің осы ерекшеліктеріне көңіл аударады және оны
постфигуративті деп те атайды. Бұл мәдениетте дәстүрлер басымдылық маңызға
ие болады, байланыс үлкеннен кішіге қарай жүріп, өткен шақ біржақты түрде
болашақты айқындайды. Ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өткенімен барлық ескілік
сақталады. Менің әкелерім, ата-бабаларым не істесе, мен де соны істеймін,-
деп жариялайды постфигуративті мәдениет өкілі.
Алайда, мәдениеттегі дәстүршілдік тоқырау мен алғашқы қауымдылық
көрінісі емес. Этномәдениет түбірлерін дәл осы дәстүрлік кезеңнен іздесу
қасиет, оның архетиптері осы тарихи кесіндіде қалыптасады.
Дүниетанымдық типтердің алмасу барысында мәдениеттанымдық еңбектерде
мифологиялық, дәстүрлік және жаңашылдық кезеңдер ерекшеленеді. А.Х.
Қасымжанов қазақ халқының рухани мәдениетіндегі мынадай кезеңдерді бөліп
алады- 1. Мифология. 2. Ренессанс (жаңару) 3.Ағартушылық (Духовные корни
– Казах. А., 1994, 9-бет).
Біздің ойымызша қазақтардың дәстүрлі мәдениеті түркі тайпаларының
этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Этникалық үрдістердің жойқын күші
Исламдық Ренессанстың біріктіруші шеңберін бұзып шықты. Бұл үрдісті әр
түрлі бағалауға болады. Қалыптасушы этностар (қазақтар, қырғыздар, өзбектер
және т.б.) тұрғысынан көшпелі орталық-азиялық империялардың құлауы жағымды
оқиға болды. Бірақ, сонымен бір мезгілде көрші отырықшы империялар бас
көтеріп, номадтарды жаулап алуға дайындалды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлі
кезеңі түркі номадизмнің мәнін өз бойына неғұрлым толық сіңірген, өйткені
ол ХХ ғасырдың басына дейін көшпелі мал шаруашылығын сақтап келеді.
Мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы ең алдымен уақыттың
белгілі бір социум өмірқамының негіз ретіндегі түсінігімен байланысты.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде уақыт адамнан бөлінбеген және уақытты
өткізу(немесе өлтіру) ол үшін мүлдем жат.

Дәстүрлі мәдениет уақыттың түп-түзу желілік емес, цмклдік өлшемін
пайдаланады және оның негізіне кәдуілгі табиғи ритмдер жатады. Мысалы,
қазақтың ай атауларын алайық- көкек- құстардың оралу уақыты, мамыр-
жаңару кезеңі, отамалы- мал барынша тойынады, қазан- шөптің таусылуы,
қаңтар- күннің қысқарылуы, қаңтарылуы және т.б. Минут, сағат, секунд
сияқты уақыттың тура өлшемдері орнына қазақтар ат шаптырым, ет асым,
сүт пісірім, бие сауым және т.б. қолданады.
Егер Батыс мәдениетінде (бос кеңістік абсолюттік шексіздік идеясына
негізделген) адам күнделікті тірлікпен басылып қалса, номад бұл мәселені
шеше алады. Табиғатпен оңаша қалған адамға әрбір мезет құнды және бұл
әлемдегі өз болмысы үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Қалай
жағдай деген сұраққа көшпенді жақсы көңіл- күймен әдеттегідей деп жауап
береді.
Номадтық дәстүрлі мәдениеті болмыстың тұлғалық, тылсымдық ырғақтарына
мән береді. Адам өмірі өткінші жағдайдан бақи дүниеге өтпелі кезең
ретінде қарастырылады. Бұл өмірде адамға мәңгілікпен жақындасу мүмкіндігі
беріледі. Ең басты шарт – адам болу (Абай)
Жыл санаудың он екі жылдық белгілі циклін жеке тұлғаның өзіне де
қолдануға болады. Циклдер арасында аралық жылдар ерекше маңызға ие болады
(мүшел жас – 13, 25, 37, 49, 61,...). Күн белсенділігінің он бір жылдық
циклдері де өмір қамы ырғақтарына ықпал етеді. Өзге мысал, Ресей профессоры
А.Жабин 11842 белгілі қайраткердің өмірбаянын зерттей келе, адамдардың
шығармашылық белсенділігінің 15 жылдық циклі болады деген қорытындыға келді
(Известия, 1996, 24 шілде). Жыл санаудың он екі жылдық циклінен өзге
қазақтарда қозы жасы- 10 жас, қой жасы- 15 жас, жылқы жасы- 25 жас,
патша жасы- 4 жас туралы көзқарастар да кездеседі.
Дәстүрлі мәдениетте уақыт басымдылығын жоғалтып, жаңашылдықтарға
бейімделе бастайды. Мысалы, көшпенділердің дәстүрлі құдайы Тәңірі өте
келе Алла бейнесімен бірігіп кетеді, Албасты бірте-бірте исламның
зұлымрухтары қасиеттерін бойына сіңіріп, ал Баба түкті Шашаты Әзиз
мұсылман әулиесіне айналады. Осы тұрғыда бұл мәселені А.Байтұрсынов өзінің
Қобыланды аңызындағы әйел бейнесі мақаласында қарастырады. Кең байтақ...
және өзгелерге толығымен таңсық болған қазақ даласы өз ұлдарына ұлттық
сипат пен халықтық ерекше бет-бейнені әуел бастапқы тазалығын бүлдірмей,
ұзақ уақыт сақтап қалуға септігін тигізеді. Сыртқы ықпалдан жерана арқылы
қорғалған қазақтар әдет-ғұрпын, өз халқына (номадқа) тән өзіндік өмір
тәртібін сақтап қалады (Шахар, 1994, 49-бет).
Қобыланды эпосының бірнеше нұсқасы болды. Оның қыпшақтық
нұсқасында тәңіршілдік пен шаманизмнің көптеген элементтері кездеседі және
бұл қазақтардың исламға өту жағдайын бейнелейді. Бұрынғы наным-сенім
көрінісі ретінде кейіпкердің бірінің анасы Көктен кемпір мифтік қырымен
ерекшеленеді. Эпоста жаңа, мұсылман дініне амалсыз орын берген екі наным-
сенімге деген халықтың терең ықыласы байқалады. Кейіпкердің анасы Аналық –
мұсылман әйелінің символы. Бұл - өзгенің қуанышымен және қайғысымен өмір
сүретін әйел (Ә.Бөкейханов). Оның күйеуі ескі номадтық тәртіптерді, ата-
бабаның наным-сенімін ұмытқысы келмейді. Ол бағынышты жан ретіндегі әйелге
деген мұсылмандық көзқарасты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Антик философиясы туралы
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Қазіргі ғылым философиясының ұғымы
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңшылдық
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Қазақ философиясының ерекшеліктері
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Пәндер