Қытай тілінің құрылымдық ерекшелігі және оның қазақ тілінен айырмашылығы


Қытай тілінің құрылымдық ерекшелігі және оның қазақ тілінен айырмашылығы
Қытай тілі - БҰҰ - ның ресми тілдерінің бірі және дүниедегі ең көп қолданылатын тілдердің бірі. Ол қытай экономикасының қарыштап дамуымен, халық санының жылдан -жылға артуымен тығыз байланысты. Қазақ халқы мен қытай халқы ежелден көрші отырған елдер. Қазақстан тәулсіз ел болып ту көтергеннен кейінгі жаңа тарих тұсында екі ел арасындағы байланыстардың ауқымы кеңейіп, ғылым мен білімге жаңаша көзқарас қалыптасты. Осыған орай екі елдің тілін терең меңгерген аудармашылар мен тілші мамандарды дайындау мақсатында екі тілді салыстыра зерттеу күн тәртібіне қойылды. .
Қытай тілі - ең ертедегі тілдердің бірі. Қытай тілі ғалымдары қытай иероглифтерінің пайда болуын біздің жыл санауымыздан бурынгы 14-11 ғасыр молшеріндегі сауыт, сүйек жазуы немесе мыс жазбалар дәуірінен, яғни бұдан 3300 жыл ілгері уақыттан қарастырады. Және оның қазірге дейін басқа ешбір әліпбілерге ұқсамайтын, тен қытай ұлтына ғана тән өзгеше таңбалары (иероглифтері) бар екенін мақтанышпен айтады.
Бұл жазулар ең бастапта сурет тектес, бейнелі иероглифтер болғандықтан олардың саны да ерекше көп болған. Тарихтан қалған бір-біріне ұқсамайтын алуан түрлі иероглифтердің жалпы саны елу-алпыс мың шамасында деп мөлшерленуде. Қытай Халық Республикасы тіл және жазу комитеті кейінгі кезде тұрақтандырған, жаппай қолданылатын иероглифтердің санын 7000 деп есептеп отыр. Ал мұның ішінде үнемі қолданылатыны 3500 иероглиф деп мәлімет береді.
Қытай иероглифтерінің құрылымы формалық (пішіндік) және дыбыстық деп екі болшектен жасалды. Сондықтан оның оқылуының да, жазылуының да аса күрделі екенін мойындамай болмайды. Бұл- қытай иероглифтерінің бір тобы бейнелетін нәрсенің пішініне қарап жасалса, енді бір тобы оның қалай аталуына негізделіп таңбаланғандығын білдіреді. Соңдықтан оны сырттай қарап түсіну аса қиынға соғады.
Қытай иероглифтері алуан түрлі ұсақ-ұсақ сызықтардан турады. Қытай тіліндегі жеті мың иероглифті зерттеп келгенде Қытай ғалымдары олардың ортақ сызығы бір иероглифке 10, 76 сызықтан тура келетінін есептеп шығарып отыр. Олардың ішіндей ең күрделі бір иероглифті мысалға алсақ, ол - мұрынның бітіп қалуын білдіретін иероглиф, «наң» деп дыбысталып, 36 сызықтан туратынын көрсетті.
Қытайлар өз иероглифтерін жалпы сыртқы түріне қарап «төртбұрыш» жазу деп атайды. Ал осы төртбұрыш таңба формасынан оның тағы бір қызық ерекшелігі туындайды. Дүние жүзіндегі біз білетін барлық әліпбилер, жазулар тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, Араб жазуы оңнан солға қарай, моңғол, тибет жазулары жоғарыдан төменге қарай жазылып, сол бағыт бойынша оқыады. Ал қытай жазуы одан өзгеше.
Ол солдан оңға қарай да, оңнан солға қарай да, жоғарыдан төменге қарай да оқыла береді: «Төртбұрыштарды» қай жағынан бастап тізсең, сол бағыт бойынша оқыла береді.
Қытай тілінің ерекшеліктері:
Қытай тілі мен қазақ тілі екі түрлі тіл мүшелеріне тән болғанымен оларда даралық - ортақтық (үқсастық - айырмашылық) қасиеттері толып жатыр. Мұндағы ең басты ерекшелік ең алдымен қытай тілінің фонетикасында.
1. Буын
Қытай тіліндегі әрбір сөз немесе әрбір иероглиф біренсараны болмаса, басым көбі бір дыбыс емес, екі немесе үш дыбыстан турады. Қазақ тіліндегі сияқты бір дауысты, бір дауысыз қатар келіп бір буын болудың орнына екі дауысты дыбыс қатар келіп те бір буынды қурай береді. Қытай ғалымдарының зерттеуі бойынша «қазіргі қытай тілінде төрт жузден артық негізгі буындар бар» деп есептеледі. Қытай тіліндегі буындардың жасалуы шыңму, юнму, тонан қуралады. Мысалы : . . . Буынның (алдын) - басындағы дауысыз дыбыс шыңму ( инициали) деп аталады. Мысалы . . . Қалған бөлігі юнму (финали) деп аталады. Мысалы . . .
Қытай тілінде шыңму болып келетін дауыссыз дыбыстардың басым көбі қатаң дауыссыздар; ал қазақ тіліндегі дауссыз дыбыстар қатаң, ұяң болып жұп - жұбымен қосарланып келеді, қытай тілінде бұлармен дыбысталуы сәйкесті болған шыңмулар лепті - лепсіз болып қосарланып келеді.
2. Тон.
Қытай тіліндей ендігі бір негізгі ерекшелік - әрбір буындардың өзіндік тонмен айтылуы. Қытай тілі - тондық тіл болып есептеледі. Тон иероглиф мағынасын анықтаушы ролін атқарады. Бұл арада қытай тілінің көлемінің кең болуына байланысты қытай мемлекетінің ішінде де бір қанша диалекттер бар екенін айту керек . Оның үстіне бұл диалекттер қазақ тілінің немесе басқа үлттардың диалектіне үқсамайды. Қытайдың оңтүстігі мен солтүстігінде тұратын қытайлардың бірін-бірі тілмашсыз түсіне алмайтыны дәлел. Осы жағдайды ескере отырып, Қытайда 1950 жылы жалпыға бірдей Пекин тілінде сөйлесуге қаулы жариялады.
Қытайдын ортақ тілінде төрт тон бар. Тон таңбасы жеке- жеке: (бірінші тон) ; (екінші тон) ; (үшінші тон) ; (төртінші тон) . Сөздердің тондары ұқсамаса, білдіретін мағынасы да ұқсамайды. Яғни тон арқылы мағына ажыратылады. Мысалы:
. . .
. . .
Сегіз жұлу нысана әке шеше кендір ат, жылқы тіл тигізу
. . .
Бір қозғалу орындық жүз, милион.
Қытай иероглифі қытай тілінің хатқа түскен жазбаша таңбасы. Әрбір буынды иероглиф арқылы таңбалауға болады.
2. Морфологиялық өзгеріс болмайды.
Қытай тіліндегі сөйлемдерге, сойлем мүшесі арасындағы байланыс морфологиялық өзгеріс арқылы бейнелебейді, сөздер грамматикалық мағына өзгерісі себебінен тұлғалық жақта ешқандай өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы: . . . деген зат есім сөзі сойлемде мейлі бастауыш, не аңықтауыш, толықтауыш болсын көптелмейді, септелмейді (көптік, септік жалғаулары болмайды), . . . деген етістік сөзін алсақ бұнда қазақ тіліндегідей келемін, келесің, келеді дегендей жақтеқ морфологиялық өзгеріске түспейді. Себебі қытай тіліндегі жақта қосымша болмайды. Қытай тіліндегі ролінің ұқсамауы немесе білдірмекші болған уақыт ұғымының ұқсамауынан ешқандай морфологиялық өзгеріс болмайды. Көптік мағынаны білдіретін . . . тек адамды білдіретін зат есім сөздерінің соңында келеді, басқа зат есім соңында келмейді . . .
Қазақ тіліндегі зат есімдердің сандық, септік категориясына, етістіктің қолданылуына, негізінен, ұқсамайды, қазақ тілінде зат есімнің көпше түріне әдетте -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер, қосымшалары жағанады, уақытты белгілеуде етістік сөздеріне мезгілдік қосымша лар жалғалады. Сын есімдердің шырай категориясы болады. Қысқасы морфологиялық классификацияда қытай тілі аналитикалық тіл деп бейнеленген, соңдықтан бұл тілде морфологиялық өзгеріс жоқ.
3. Сөйлем құрылымы
Қытай тілінің сөйлем құрылымы өзгеше, бейнелеу қуаты күшті, мағынасы жинақы болады.
Сөз сөйлемдердің формасы емес, қайта ішкі мағыналық тұтастығына баса мән беріледі. Жай сөйлемдерде сөйлемнің негізгі мүшелері мен анықтауыш мүшелері сатылы қатар келеді, жалғаулық өте аз қолданылады, сөйлем ретті логикалы түзіледі, ерекше стилистикалық қажеттілік тен әдетте суреттеу, баяндау, себеп-салдар, жол қою шарт жағдай, сондай - ақ уақыт, орынды білдіретін сөздер алда, ал баға жинақтау, қорытынды сөздері соңында келеді. Ал қазақ тілінің сөйлем құрылымдық жүйесі күрделі, ұзын сөйлем құрылымдық жүйесі күрделі, ұзын сойлемдер көп, сойлем көп жақтылық пен көп сатылыққа өрбиді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz