Орындаушылар және олардың репертуары


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Орындаушылар және олардың репертуары.

Халық композиторларының бізге жеткен күйлері арқылы екі ішекті домбыра кеңінен таралып, кеңінен зерттелсе, халкымыздың музыкалық мұрасына үлес болып табылатын үш ішекті домбырада және шертерде ойналатын күйлерді зерттеу, үйрену енді қолға алына бастады. Соның бізге жеткен бір куәсі, Республикалық Музыка Аспаптар Музейінде үш шекті домбыралардың және шертердің бірнеше үлгілері сақталған.

Шертер аспабының көне түрлері Қазақстанның шығыс өңірінде, оңтүстікте (археологиялық қазба жүмыстарының нэтижесінен), Маңғыстауда (Б. Залесскийдің суретінен) болғанын білеміз.

Үш ішекті домбыра Қазақстанның шығыс өңірінде кеңінен тараған. XIX ғасырда А. Алекторов, Исаев, Юдин тэрізді этнографтар үш ішекті домбыра жөнінде деректер жазып келтірген. Әсіресе 1891 жылы жарык көрген «Оренбургские ведомостиіндегі» Юдиннің, Готовицкийдің мақаласы өте қызықты.

XIX ғасырда өмір сүрген халық композиторы Қүлыншақтың үш ішекті домбырасы Ықылас атындағы музейде сақтаулы. Құлыншақтың домбырасы бір тұтас ағаштан ойып жасалынған, беткі кақпағы ағаш шегемен бекітілген. Бүл домбырада ол табиғатты, түрмысты, махабатты, азаттықты паш етіп шығармаларымен елге танылды.

Қазақтың Үлы ақыны Қүнанбайүлы Абай үш ішекті домбырасын 1885 жылы Семей қаласының өлкетану музейіне тапсырған. Бәлкім дәл осы домбырада ол өз музыкаларын, эндері мен күйлерін шығарған болар. ^ Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жидебай жерінде Ибраьимнің (Абайдың) өзі тұрған үйінде, қазір музей, үш ішекті екі домбыра бар.

XIX ғасырда өмір сүрген Кәдірбектің Нұрғалиі деген кісі өзі әнші, күйші әрі саят қүрған асқан құсбегі болыпты. Нұрғалидің «Көк қаршыға» күйін баласы Байтөлеу 1958 жылы үш ішекті домбырада Ж. Шэкәрімовке үйреткен.

Шертер аспабында алғашқы орындаушыларының бірі, Жарқын Шэкәрімов, үш ішекті домбыра мен шертердің репертуарының ұқсастығын, бір екендігін айтады.

Жарқын Шэкэрімов 1968 жылы консерваторияға түскесін Б. Сарыбаевпен кездесіп, ол кісіден үш ішекті домбыра мен шертерді көреді. Ол кезде Ж. Шэкәрімов Қазақстандағы шығыс өңіріндегі тартылатын күй үлгісіндегі үш ішекті домбырада ойнап жүрген. Сондықтан домбыраның өзінің бүрауына (шамамен соль-ре-соль) келтіріп алып, бірнеше күй орындап берген. Бұл күйлерді ол 1958 жылдары Семей облысының Аягөз ауданы Таскескен ауылындағы Байтөлеу деген ақсақалдан үйренген екен. Бертін келе осы күйлерді шыңдай түсіп, ол радио мен телевидениеге бірнешеуін жазады. Олар: Нүрғалидің күйі «Көк қаршыға», халық күйлері «Қыз сыңсуы», «Жорға аю», «Қаптал шап», «Сал күрең», «Үзбе», «Көк төбел», «Қыз мүңы», «Толғау».

Б. Сарыбаевтың баі^аруындағы ансамбльдің мүшесінде болған Ж. Шэкәрімов халық күйін «Сал күреңді», шаң қобыз бен (Талғат Сарыбаев), астаяқтың (Болат Сарыбаев) қосылуымен, үш ішекті домбырада қалың жүрттың алдында ойнап шыққан.

Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтыы репертуарында ондаған күйлер болыпты. Мысалы: «Бозайғыр», «Қаражорға», «Қараатты», «Көкатты>>. «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт». Ерзаковичтің «45 ән мен күй» жинағында Шэкір Әбеновтың орындаған Ағашаяқтың «Орамал», «Толқын», «Беласар». «Түл қатын», «Дүние сарсаң», «Жортуыл», «Зар заман», «Қорамжан», «Қосбасар», «Сарып құла» деген күйлері жарыққа шықты. 1965 жылы А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедициясында, Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхоздың түрғыны, күйші Мүсахан Әзімхановтың орындауында «Қалмақтың би күйі», «Қазақтың би күйі», «Понкратов», Тәттімбеттің «Сылқылдағы», «Ерке атан», Ағашаяқтың «Ақтамақ», «Би күйі», «Әйелді шақыру күйі» т. б. күйлерді жазып алған.

1987 жылы Алматы қаласында Республикалық Музыка Аспаптары Музейінде (қазіргі Ықылас атындағы Халык Аспаптар Музейі) Мэскеуде өткен XII Дүниежүзілік жастар мен студеттер фестивалінің дипломат атағын алған Жарқын Шэкәрімов туралы фильм-концерт түсіріледі. Бүл фильмде Ж. Шэкэрімов бірнеше халық күйлерін орындап, олардың аңыздарын айтып, кімнен үйренгенін бізге баяндап береді.

Фильм-концертте үш ішекті домбыра туралы және сонда тартылатын күйлердің аңыздары туралы Ж. Шәкәрімов былай дейді: «Ғасырлар бойы бірден-бірге көне аспаптардың қайсы бірі болмасын, халқымыздың тағдырындағы мэдениет түрмысын айшықтайды. Менің қолымдағы екі түрлі музыкалық аспап. Екеуі де домбыра. Бірі үш ішекті, екіншісі кәдімгі кеңінен танымал екі ішекті домбыра. Ойнау ерекшеліктерінде айырмашылықтар бар. Екі ішекті домбырада күй ойнағанда негізінен музыка тілінде кварта және

квинта деп аталатын оң және теріс бұрауларға түсіріледі. Ал үш ішекті домбыраның айырмашылығы мұнда екі ішекті домбырада қалыптасқан эр күйге у жеке-жеке бұралатын кварта және квинта дыбыс аралықтары бірден бұралады. Үш ішекті арқылы, үш дауыста орындалатын бұл домбырада ойнап үйрену екі \ ішекті домбырамен салыстырғанда анағүрлым қиын болғанымен ойналатын күйлер теріс бұраудағы кылқобыз үндес, сыбызғы үндес жеңіл қайырылады.

Байтоқа дегеннің ауылындағы бір сауық-думанда Сапаржан деген өнерпаз жігіт Балғайша деген қызбен күй қағастырады. Сол отырыста қыз бен жігіт қырық түрлі күй тартып жеңісе алмайды. Қырык бірінші қылып қыз, жігіт ^ тартқан күйге домбырасына коса шаң қобыз аспабында ырғаққа салып \ келтіреді. Сонда ғана жігіт, қыз тапқырлығына риза болып, инабаттылығын ^Омойындайды. Бұл күй «Қыз күйі» деген атпен таралады.

Бір жылы Тарбағатайдың күн батысындағы Таскескен ауылының бір топ оқушылары жыртылған тың жерден найзаның ұшын тауып алады. Таңданып тұрған окушы балаларға тақап келген домбырашы Байтөлеу аксақал: «Қарақтарым мүндай найза үштары, қалқан саптар, шоқпарлар, садак оқтары бүл топырақта аяк алғысыз кездесе береді. Оған таңданатыны жоқ. Қаракерей Қабанбай бабаларымыз сырттан соққан жауды, тап осы жерде тойтарыс беріп жеңген. Қазақ батырлары қол бастап Қарақол өзенінің арғы қапталына тықсырып ағын суға тіреп жеңген. Мына «Қаптал шап» деген күй сол зар заманнан жеткен сыр ғой, » - деп «Қаптал шап» күйінің сарынын тартып берді, Бұл күйлін негізгі аты «Кдракерей Кабанбай».

1970-ші жылдары жазушы Разматулла Райымкұлов жазып кеткекдей, бала кезінде Ташкент облысындағы Бостандық, Жоғарғы іііыршық аудандарында көне халық аспабы шертерде ойнаған Әшір, Зарқұм, Айтмат Бабакұлов т. б. сиякты орындаушыларды көрген. Олар халық күйлерін, эуендерін, нақыштарын орындаған, оның ішінде Зарқұм өзінің «Тандырбап» деген күйін ойнаған.

Шертер аспабының барлық мүмкіндіктерін, ойнау ерекшеліктерін ескере отырып, үш4шш«РІ-доа^ібьфада^шріьілахьш-күй үрдісін сақтай отырып, арнайы-шертер аспабына арнайы жазылған Айбол Қүдайбергеновтың «Нақышнама», «Желдірме», «Толқыма» күйлері бар. Ол халықтың «Ақсақ аю», «Кербез кыз» (бірінші, екінші түрі) күйлерін, Байжігіттің «Көксеркесі», Қабыкейдің «Желдірмесі», Қазен Әбуғазиннің «Ана зарын», т. б. күйлерді шертер аспабына лайықтап түсіріп, өз репертуарында қолдануда.

Шертер аспабының репертуар мәселелері.

Аспаптарды жетілдіру халықтың мэдениетіне, аспапты өмірде, сахнада, жалпы музыкалық мэдениетте қолдануымен байланысты. Репертуар жөнінде ансамбльдік, оркестрлік музыкада проблемалар жоқ деуге болады. Шертер ансамбль мен оркестрдің құрамында шығармалардағы партияларды орындайды. Сол аспаптар құрамына өзінің ерекше дыбыс бояуын беріп, өзіндік рөл атқарады. Мүнда ол ансамбльдің бір мүшесі ғана, сондықтан бүкіл репертуарға өзгеріс енгізе алмайды.

Репертуар проблемасы тек шертерде жеке орындауда және осы аспапта үйрету, оқыту жоспарында ғана болады.

Репертуар мэселесі екі бағытта шешілу керек:

1. Көнеден келе жатқан қандай да бір төл күйлердің болуы, табылуы;

2. Шертерге орындауға жақсы келетін көне күйлерді, әуендерді лайықтау. Шертерге лайықтайтын күйлер негізінен теріс (квинта) бүрауындағы

күйлер болады. Олар әрі лайықтауға ыңғайлы, эрі теріс бұраудағы күйлер байырғы, көне заманның сарыны болып есептеледі. Қазір Е. Басықараның лайықтап, ойналып жүрген күйлерді атасақ олар: халық күйлері «Кербез кыз», «Бел асар», «Ақсақ қүлан» (2 қысқа түрі), «Қара жорға», «Нар идірген», «Ноғайлының зары», Тэттімбеттің күйі «Секіртпе», Қалектің күйі «Арман» тағы басқа көптеген күйлер.

Репертуар жөнінде қарастырылатын жүмыстар мен шешетін проблемалар түрлері мынандай болмақ:

1.

2.

Ансамбльдерде кейде күй, әндерді орындау кезінде үзінді әуендер орындалады. Сол сияқты оркестрлік шығармалар жазылғанда арнайы сололар жазылуы керек, сөйтіп шертердің рөлін көтеру; Шертер аспабына арнайы жазылған шығармалар жоктың қасы. Күрделі шығармалардан тек Мәлгаждар Әубэкіровтың шертерге арналған концертін айтуға болады. Енді композиторлар шертер аспабына арнайы шығармалар жазу керек;

Халык эндері мен күйлерді өңдеп кайта жанғыртып, шертердің репертуарына енгізу, әрі қарай кеңейту.

Әдістемелік нұсқау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Дәстүрлі музыкалық өнер
Жасөспірімдер шоу бағдарламалары
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Көркемөнерпаз
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Эстрадалық өнер жанрлары
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
И.А.Моисеевтің КСРО –ға еңбек сіңірген Академиялық халық би ансамбліндегі педагогикалық және шығармашылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz