Жаңа заман философиясы жайлы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа заман философиясы

Философия - өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio - сүйемін, sohpia - даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды) . Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Бірақ қазірде “философия” деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар:

Философтарды ойландырған мәселелер: Дүние қалай құралған? Адам өмірінің мәні неде? Шындық деген не? Дүние мәңгі ме? - деген сұрақтар болды? Соларға жауап іздеді. Философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қараудың негізінде дүниеге келді. Адам кез-келген затқа сын көзбен қарауы керек. Біз дүниеге, бір нәрсеге сын көзбен қарау арқылы, ойлап, зерттеп, өзімізге сол зат туралы бір көзқарас қалыптастырамыз. Кез-келген адам философ болуы мүмкін. Себебі ол ойлай алады, сын көзбен қарап, көзқарас қалыптастырған болса, неге ол философ болмасқа.

Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, аитик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сиякты күбылыстар орып алды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда жаратылыстанымдық жонс математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға карай классикалық меха-ника, жаратылыстанымдық ғылымдардың эксперимептальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға катынасын анықтау көптеген философтардыц маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.

Дәл осы Жаңа заман түсында ғылым алдыңғы орыпға шы-ғып, дшнің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне карай ышстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік ету-де рациошлизмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарынаа Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Р. Декарт және т. б. жатады.

Ф. Бэкші жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:

  • табиғатты зерттеудегі объективтілік;
  • ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құңдылығы;
  • табиғаттан технологиялық үстемдік;
  • табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі.

Бзконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гноюсеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажст. Кедергілер түріпдегі мұндай идолдар қатарыиа ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары меи театр идолдарын жаткызады. Бұл идолдар сскі философиялық дастүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф. Бэкон адамдарды ағарту меп надандыққа жәііс стереотипке қарсы күресу бағдарламасын үсынады. Ол үшіп Бэкон адамдарға санадағы тосқауыл-дардан қүтылып, пағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол вдеалдық мемлекеттің платондык теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бүл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды жәпе тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды - міне, Бэконныц идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция тео-риясы қүрайды. Дөл осы индукция тсориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін кажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам - аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!

Дәл осы Жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны «пайдаланудың» жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады. Беконнан Декартқа дейінгі, Локктан Кантқа дейінгі Жаңа заман философтары жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтіліктің философиясы болып қалыптасты. Егер Бекон индуктивті әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы күмән деп есептеді, ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі адам болып саналады.

Адамды субъект ретінде қарастырып, ал табиғатты адам эксплуатациясының (қанауының) объекті деп қарастыратын жаңа философиялық парадигма ғылыми әдістерді қолдануға мүдделі болды. Заңдылықтар мен себептік байланыстарды түсіндіру үшін ғылыми әдістерді пайдалану адамға объекттің үстінен билік жүргізуге мүмкіндік береді.

Егер рационалистер (Р. Декарт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен - өзі көрнекіліктен көрсе, эмпиристер (Локк, Юм және т. б) «айқындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді.

Т. Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций, Гольбах, Ламерти сияқты философтар да қолдады. Ал Р. Декарттың бұлардан айырмашылығы ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды. Беркли өзінің «өмір сүру» демек, «қабылдану» деген методологиялық принципіне сәйкес жалғыз өмір сүретін Құдай деп есептейді. Барлық нәрселерді қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмір сүруі Құдаймен қабылдануы арқасында ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі ретінде тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін қамтамасыз етеді. Тәжірибе арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады.

Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны жаратылыстану ғылымындағы «меннің» себептілігін артық деп есептеді, ғылым үшін тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдені барлық білім тәжірибеден алынады деп, туа бітті идеялары мен априорлық ықтималдықтарға қарсы индукцияның рөлін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымда да, моральда да, саясатта да маңыздылығын көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы мәселесі
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Қазақ философиясының даму ерекшеліктері
Ортағасырлық батысеуропалық философия туралы
Қайта өрлеу философиясы
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Материализм
Жалғыз философия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz