Статистикалық сынау


СТАТИСТИКАЛЫҚ СЫНАУ
Мәліметтер жинауға қойылатын шарттар
Жиналынатын мәлімет, дерек екі түрлі шартқа сәйкес келуі керек. Біріншісі - ақиқат сенімді, анык мәлімет, екіншісі - оны салыстыруға келетіндей мәлімет болуы қажет. Статистикалық сынауды жүргізудің, ұйымдастырудың мақсаты болып отырған құбылысты нақты дәлелдейтін мәлімет жинауға жұмылдыру қажет.
Бұл шартта орындау үшін мәлімет жинау желісін құрау керек. Бұл желіге мәлімет жинайтын адам (статистиканың маманы), сынаудың аспаптары, байқауға жататын құбылыс (зат, болмыс, нысан) және сынау арқылы алынған мәлімет (дерек) кіреді.
Сынау жүргізетін адам, кәсіпкер, өз ісіне жетік, жұмысты ұйымдастыра алатын, дұрыс қарым-қатынас жасай білетін Адам болуы керек.
Сынаудың бағдарламасы, толтырылған қағаз, құжатты тол-
тыру нұсқасы да сапалы, түсінікті болуы шарт.
Сынауға алынған құбылысты (нысанды) дайындау керек. Мысалы, адам санағын жүргізудің алдында түрған Үйлердің нөмірін дұрыс саралап алған жөн. Санақ болатын уақытты жұртшылыққа алдын ала хабарлау керек.
Сынауға алынатын құбылыс толық қамтылуы, сынау бірлігі толық дәл тіркелуі шарт. Жиынтықтың бірлігін сынау біркелкі әдіспен, нақты белгіленген уақытта жүргізілуі керек. Сонда ғана жинақталған мәліметті батыл түрде салыстыруға болады. Қазіргі құбылысты қажетгі, өткен уақыттағы к. үбылыснен салыстыратын -дай ету керек. Бұл салыстыру арқылы құбылыстың уақытқа қарай қаншалықты өзгергенін, дамығанын зерттеуге болады. Байқаудын мәліметтері салыстырмалы болу үшін байқаудың белгілі бір өлшемді болуы, оны тіркеудің жолы да бір әдіспен жүргізілуі, (басқаша айтқанда, құбылыстың алғашқы ңышанын тіркеу бір түрлі адіспен жүргізілуі), құбылыстың туынды нышаны да бір әдіспен шығарылуы қажет.
Сынау мәліметінің саластырмалылығына құбылысты тіркеудің өтетің уақытының да мәні бар. Мысалы, халыктың саны жылдың басында есептелгені жөн. Айталық оқу орындарындағы шәкірт саны оқу жылының басында аныкталып, олардың шәкіртақы қорының айлық немесе жылдық мөлшері белгіленеді.
Егер құбылыс арнайы бөлінген уакыт ішінде өте көп өзгеретіндей болса, байқауды неғұрлым қысқа мерзімде жүргізіп үлгеру қажет. Мысалы, ауылшаруашылығында еңбек ететіндердің шамасын бір айлық мерзімге тіркеуге алған дұрыс. Тәжірибеде экономикалық. құбылыстың өндірістік айналым уақытында зерттелуі көбірек колданылады. Шаруашылық әрекеттің мәліметін бір жылдық, мерзімге тіркеу тәжірибесі көбірек қолданылады.
Сөйтіп, сынау дегеніміз - әлеуметтік-экономикалык. (тағы баскалай) құбылыстың, үдемелі операцияның маңызды, мәнді татымды нышанын, алдын ала жасалған бағдарламалар бойынша ғылыми негізде - ұйымдастырылған тіркеудің, жинаудың жолы, тәсілі болып табылады.
Сынау - статистикалык зерттеудің алғашқы сатысы. Құ6ылыс, зат жөніндегі бастапқы мәлімет сынау кезеңінде жиналады. Одан ол мәлімет жинакталады, өнделеді, талданады, зерттеледі, қорытынды жасалып, түсіндіріледі, қажет деп табылса, келешекке болжам да жасалынады.
Қазіргі статистикалык. тәжірибеде сынаудың әртүрлі тәсілі, жолы бар.
Статистикалык байқау жүргізілген уақытывда және байқауға жиынтык бірлікті камту тұрғысынан екіге бөлінеді. Байқау жұргізудің уакыты үзіліссіз (ағымды), дүркін-дүркін және бір жолғы болып үш түрге бөлінеді.
Үзіліссіз ағымды байқауда туынданған құбылыс күнбе-күн, әрдайым, әрқашан-, үнемі тұракты жүргізіледі. Мысалы, кәсіпорында шығарылған өнім, берешек, борыштар, адамның есеп айырысуы, туу мен өлім-жітім, некелесу, айрьшысу үнемі сынауға, тіркеуге, есепке алынып отырады.
Дүркінді сынау арнайы белгілеген уакытта мезгіл-мезгіл жүргізіледі. Мысалы, қоймадағы бұйымның қалдығын мезгіл-кезгіл сынау. Шәкірттердің сабак үлгіруін семестр сайын сараптау, байқаудың осы түріне жатады.
Қажетіне қарай, белгілі мұлде үшін анда-санда құбылысты тіркеу мерзімдік сынау деп аталынады. Мысалы, мектепті, үйді санактан өткізу мерзімдік байкауға жатады.
Дүркінді сынау белгілі уакытта түракты жүргізіледі. Ал, мерзімді байқау - жүргізілетін уакыт үнемі біркелкі бола бермейді. Қажетіне карай ағымды, дүркінді байқаулар қатар жүргізілуі де мүмкін.
Жиынтық бірліктерін қамту түрғысында жаппай және жаппай емес байқау түрлері болады.
Жиынтык бірлігінің барлығы бірдей сынауға алынатын болса, ол жаппа сынау болып табылады. Халық санағы, меншіктін барлык, түрі бойынша кәсіпорынның есебі жалпы байқауға жатады. Ал, егер жиынтық бірлігінің бір бөлігі ғана сынауға жатса, жаппай емес (ішінара) сынау болып саналады. Жаппь емес байқау өз алдына негізгі алкапты, ішінара, жеке аукымды (монографиялық) болып үш түрге бөлінеді.
Зерттеудің алдына қойған максатына карай жиынтығының басты, маңызды бөлігі зерттелетін болса, мүны негізгі алқапты байкаудеп атайды. Мысалы, көліктегі, саудадағы каржы мөлшерін зерттеу үшін олардан 500-ден астам адам жұмыс істейтін ортаны байқауға алып зерттесе, 6ұл негізгі алқапты байкауға жатады. Өнім өндіруге кететін шикізатты мөлшерлеу кезінде осы әдіс қолданылады.
Бас жиынтықтың ішінен ғылыми сарапталған жолмен (әдіспен) бірліктер алынып, зертгелінеді де одан шығарылған түйін, тұжырым бас жиынтықты сипаттайды. Бүл ішінара сынаудың нарыктық. экономикада маңызы арта түспек. Сондықтан 6ұл жайында арнаулы тарауда токталамыз.
Жиынтыктың кейбір бірлігі жаң-жақты, терендетіп зерттеу мақсатымен сынауға алынса, мұны дара (жеке ауқымды) сынау деп атайды. Мысалы, бір немесе бірнеше отбасынын, тұрмыс-тіршілігін жан-жақты зерттеу дара байқауға жатады. Дара байқауды жүргізүдің арнайы бағдарламасы болмайды. Бұл - оның негізгі алкапты және ішінарасынаудан өзгешелігі.
Мәліметің өзегі тұрғысынан алғанда (алғашқы деректі алу) байқау құбылысты тікелей байқау, құжатты және сауалды болып бөлінеді. Құбылыстың тіркеуге керекті мәліметтерін жинайтын арнаулы адам өзі тікелей мөлшерлеп санап, тағы басқадай жолдар арқылы жинайтын болса, 6үл тікелей сынау делінеді. Мысалы, вагон санағын жүрлзгенде санакшы тікелей өзі көріп жүргізеді. Базардағы бағаны тіркеу, шығарылған өнімді санау, ауа райының құбылыстарын өлшеу тікелей байқауға жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz