Ежелгі замандағы Қазақстан



Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады, Тас дәуірі б.з.д. 2,5 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.д. III мың жылдықта аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды. Тас дәуірі: палеолит (ежелгі), мезолит (орта), неолит (жаңа) болып үш кезеңге бөлінеді. Өз кезегінде палеолит: төменгі, орта және кейінгі деп белінеді. Осы кезеңдер бөлінісі, жалпы алғанда адамның жер бетінде, соның ішінде Қазақ жерінің аумағында алғаш қалыптаса бастау уақытын анықтау үшін келтіріліп отыр. Тарих ғылымында, археологиялық мәдениет бойынша, атап айтқанда, белгілі бір уақытқа жататын және белгілі бір аумақта жинақталған археологиялық ескерткіштерді анықтау бойынша кезеңдерге бөлу дәстүрі қабылданған.
Ең ежелгі адамның қалдықтары және қам-қарекетінің іздері Шығыс Афри-кадағы Танзанияның Олдувай шатқалынан табылды. Оны «һоmo habilis» -«епті адам» деп, ал мәдениеті «шой тас» деп аталды, өйткені олар еңбек құралдарын дайындауға малта тасты пайдаланды: оның бетін ұрғылап, жару және кесу құралдарына лайықтады. Археологиялық ескерткіштердің табыл-ған жері бойынша ежелгі мәдениет олдувайлық деп аталып кетті. Ол уақыты бойынша 2,5 млн — 700 мың жыл бұрынғы кезеңді қамтиды. Бұдан бері 700 мың-140 мыңжыл бұрынғы аралыққа ашель және ашель мәдениеттері (фран-циядағы Шель және Ашель қалаларының атымен аталған) тән болады. Бұл мәдениеттер төменгі палеолитке кіреді. Орта палеолит - бұл 140 мың - 40 мың жыл аралығындағы кезең, Ашель және Мустье (Франциядағы үңгірдің аты) мәдениеттері қалыптасқан уақыт аралығы.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЕЖЕЛГІ 3АМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Тас дәуірі: кезеңдері, тарихи ескерткіштері. Темір дәуіріне өту:
энеолит, Ботай мәдениеті.

Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады, Тас
дәуірі б.з.д. 2,5 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.д. III мың жылдықта
аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды. Тас дәуірі: палеолит
(ежелгі), мезолит (орта), неолит (жаңа) болып үш кезеңге бөлінеді. Өз
кезегінде палеолит: төменгі, орта және кейінгі деп белінеді. Осы кезеңдер
бөлінісі, жалпы алғанда адамның жер бетінде, соның ішінде Қазақ жерінің
аумағында алғаш қалыптаса бастау уақытын анықтау үшін келтіріліп отыр.
Тарих ғылымында, археологиялық мәдениет бойынша, атап айтқанда, белгілі бір
уақытқа жататын және белгілі бір аумақта жинақталған археологиялық
ескерткіштерді анықтау бойынша кезеңдерге бөлу дәстүрі қабылданған.
Ең ежелгі адамның қалдықтары және қам-қарекетінің іздері Шығыс Афри-
кадағы Танзанияның Олдувай шатқалынан табылды. Оны һоmo habilis -епті
адам деп, ал мәдениеті шой тас деп аталды, өйткені олар еңбек құралдарын
дайындауға малта тасты пайдаланды: оның бетін ұрғылап, жару және кесу
құралдарына лайықтады. Археологиялық ескерткіштердің табыл-ған жері бойынша
ежелгі мәдениет олдувайлық деп аталып кетті. Ол уақыты бойынша 2,5 млн —
700 мың жыл бұрынғы кезеңді қамтиды. Бұдан бері 700 мың-140 мыңжыл бұрынғы
аралыққа ашель және ашель мәдениеттері (фран-циядағы Шель және Ашель
қалаларының атымен аталған) тән болады. Бұл мәдениеттер төменгі палеолитке
кіреді. Орта палеолит - бұл 140 мың - 40 мың жыл аралығындағы кезең, Ашель
және Мустье (Франциядағы үңгірдің аты) мәдениеттері қалыптасқан уақыт
аралығы.
Тарих ғылымында алғашқы адамдардың пайда болған жеріне қатысты екі түрлі
көзқарас бар. Бұл тұжырымдардың бір бағыты (полицентристік) бойынша,
адамзаттың пайда болған жері Африка, Азия, Еуропа құрлығы, ал екінші
көзқарас (моноцентристік) бойынша - адамзат бір жерде, атап айт-қанда -
Солтүстік Шығыс Африкада, Алдыңғы және Оңтүстік Азияда пайда болды да,
(өйткені ежелгі гоминидтердің негізгі шоғыр-шоғыр қалдықтарын археологтар
осы жерлерден тапқан) содан кейін ғана жер шарының барлық аймақтарына
қоныстакған деген тұжырым жасайды. Осы екінші көзқарасты қолдаушьшар
ьнағұрлым көп. Бірақ қалай деп айтылса да, алғашқы қазақ жері, яғңм қазіргі
Қазақстан аумағы төменгі палеолит- шель-ашель кезеңінен басталып ежелгі
адамның пайда болуы мен қалыптасу аймағына кіреді. Ол кезеңдегі бұл жерде
климаттың жылы да ылғалды, өсімдік әлемінің сан алу-андығы және жануарлар
түрлеріне өте бай болуы ежелгі адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар
тудырған.
Қазақстан аумағында адамның болған іздері, тастан жасалған еңбек
құралдары - кескіш, қырғыш, тескіштер - төменгі палеолитке, яғни 1 млн. жыл
бұрынғы кезеңге жатады. Өзінің даму барысында бұл адам homo erectus -
бойын түзеген адам кезең деңгейінде тұрған еді. Ол от жағуды әрі оны
қолдануды білді, аңшылықпен, терімшілікпен айналысқан. Ең көне еңбек
құралдары - кескіш, қырғыш, тескіш, ұрғыштар Оңтүстік Қазақстанда Қара-тау
жотасының оңтүстік батыс беткейінен, Қоңырдек қалашығының тұсын-дағы
Арыстанды езенінің су жайылатын жайылмаларынан табылған. Мыңдаған кескіш,
тескіш, келі-келсаптар табылған ерте палеолит тұрақтары Жамбыл облысы,
Қаратау қаласының солтүстік-шығысында шоғырланған. Бұл тұрақтар Бөріқазған,
Тәңірқазған деп аталады. Сол кезеңнің ескерткіштері Қазақстанның басқа
беліктерінде де кездеседі. Орталық Қазақстанда - Сары-арқаның солтүстік-
шығысында орналасқан Құдайкөл тұрағы, Жезқазған түбіндегі Жаманайбат,
Қарағанды облысы Жезді ауданындағы Обалысай тұрақтары. Шығыс Қазақстандағы
мұндай тұрақ Күршім ауданының Қара-тоғай ауылы маңындағы Қолғұты езенінің
жағасында орналасқан.
Оңтүстік Қазақстандағы төменгі палеолиттің археологиялық қазбалары-ның
Азия және Африка аумақтарынан табылған осындай қазбалармен (ма-териалы мен
дайындау техникасы бойынша) үлкен ұқсастықтары мен сәйкестіктері бар. Бұл
Қазақ жерінің теменгі палеолит уақытынан бастап-ақ адамның пайда болу,
қалыптасу аймағына кіргенін тағы бір дәлелдейді.
Қазіргі уақытта жинақталған ғылыми материалдар мен деректерді қайта ой
елегінен еткізу үдерісі жүріп жатыр. Мұның маңызды бағыттарының бірі
аридтік аймақтағы палеолит ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтау бо-лып
табылады. Осыған қатысты Семізбұғы, Шақпақата тұрақтары сияқты басқа да
ашық типтегі тұрақтардың алатын орны зор. Мәселен, Жезқаз-ған облысы,
Семізбұғы ұсақшоқылы ауданының 2500-3000 м алаңынан 1611 дана тас
бұйымдардың топтамасы жинақталған. Сол себепті де Қазақстан-ның ежелгі
тұрғындары питекантроп пен синантроптың замандастары бол-ды деген түжырым
жасалады.
Қазақстанда орта палеолит ескерткіштері кең таралған. Бұл кезеңнің
тұрақтары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыстанды өзенінің оң жағасындағы
Қарасу мекенінде кәп кездеседі. Мүндай археологиялық ескерткіштер Орта-лық
Қазақстанда Қарағандының солтүстігіне таман Бетпақ мекеніндегі Сарыcу
өзенінің орта ағысында орналасқан. Ал, Батыс Қазақстан аймағында Маңғышлақ
түбегінен табылған.
Соңғы палеолит б.з.д. 40 мың - 10 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ тайпалары туралы
Сақ тайпалары туралы ақпарат
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Ежелгі Қазақстан
Ежелгі тас дәуірі
Қазақстанның археологиялық зерттеу тарихы
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қаңлы тайпасының шығу тарихы
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Геодезия және картографияның дамуы тарихы
Пәндер