Жердің пішіні және жер беті бейнесінің проекциясы



Жердің пішіні мен көлемін дәл білу ғылым мен техниканың көп саласына керек (жер серігі және ғарышқа ракета ұшырғанда, авиацияда, теңізде жүзуде, радиобайланыста және т.б.), соның ішінде ең алдымен жер бетін картада дұрыс бейнелеу үшін геодезия саласына өте қажет.
Жалпы ауданы 510 млн.кв.кмге тең Жердің беті мұхит әлемінен (71%) және құрылықтан немесе материктен (29%) тұрады. Мұхит әлемінің орта тереңцігі - 3800 м болса, құрлықтың мұхит суларының орташа деңгейінен орта биіктігі -875 м жуық. Жоғарыда көрсетілген шамалар құрлық бетінің аумағы жалпы жер бетінің аумағынан, ал оның биіктігі мұхиттың тереңдігінен біршама аз екенін көрсетеді. Сондықтан Жердің пішіні ретінде материктің астынан ойша жүргізілген мухит суларының тыныш күйіндегі беттің тұйық сызығын алады. Бұндай тұйық бет өзінің әр нүктесіндегі тіктеуіш сызыққа, яғни айтқанда ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. Оны деңгейлік бет деп атайды. Жерді айнала орайтын осындай деңгейлік беттердің саны көп болуы мүмкін. Соның ішінде мұхиттың тыныш күйіндегі орта деңгеймен бірдей келетін деңгейлік бетпен құрайтын пішінді геодезияда Жердің жалпы пішіні немесе геоид деп атайды.

ЖЕРДІҢ ПІШІНІ ЖӘНЕ ЖЕР БЕТІ БЕЙНЕСІНІҢ ПРОЕКЦИЯСЫ
1. Жердің пішіні және көлемі
Жердің пішіні мен көлемін дәл білу ғылым мен техниканың көп саласына
керек (жер серігі және ғарышқа ракета ұшырғанда, авиацияда, теңізде жүзуде,
радиобайланыста және т.б.), соның ішінде ең алдымен жер бетін картада дұрыс
бейнелеу үшін геодезия саласына өте қажет.
Жалпы ауданы 510 млн.кв.кмге тең Жердің беті мұхит әлемінен (71%) және
құрылықтан немесе материктен (29%) тұрады. Мұхит әлемінің орта тереңцігі -
3800 м болса, құрлықтың мұхит суларының орташа деңгейінен орта биіктігі
-875 м жуық. Жоғарыда көрсетілген шамалар құрлық бетінің аумағы жалпы жер
бетінің аумағынан, ал оның биіктігі мұхиттың тереңдігінен біршама аз екенін
көрсетеді. Сондықтан Жердің пішіні ретінде материктің астынан ойша
жүргізілген мухит суларының тыныш күйіндегі беттің тұйық сызығын алады.
Бұндай тұйық бет өзінің әр нүктесіндегі тіктеуіш сызыққа, яғни
айтқанда ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. Оны
деңгейлік бет деп атайды. Жерді айнала орайтын осындай деңгейлік беттердің
саны көп болуы мүмкін. Соның ішінде мұхиттың тыныш күйіндегі орта деңгеймен
бірдей келетін деңгейлік бетпен құрайтын пішінді геодезияда Жердің жалпы
пішіні немесе геоид деп атайды. Жердің қабаттарында салмақтың біркелкі
таралмағына байланысты геоидтың пішіні дұрыс геометриямен сызылмайды, оның
беті сол себептен математикалық жүйеге келмейді. Сондықтан да жердің геоид
пішінді бетін математикалық бір жүйеге келетін немесе соған жуықтайтын
басқа беттермен ауыстырады. Ондай беттерді екі түрге бөлуге болады.
Жердің деңгейлік бетін жуықтап белгілі радиусы бар сфера деп алуға
болады. Бұған мысал кәдімгі глобус жатады.
Геодезиялық, астрономиялық, гравиметрлік дәл өлшемдер арқылы геоид бетінің
пішінін эллипсоид айналуынан пайда болған математикалық беттің пішініне
жақын екені анықталды.

Масштабтар және олардың дәлдігі
Қағазға жердің бетін бейнелеу үшін жердегі сызықтың горизонталь
проекциясын бірнеше есе етіп кішірейтеді. Жердің бетін қағазға түсіргендегі
кішірейту дәрежесін масштаб дейміз, яғни айтқанда, план мен картаның
масштабы деп пландағы (картадағы) сызықтың ұзындығының () оған сәйкес жер
бетіндегі горизонталь ұзындыққа ( .) қатынасын айтамыз, L. - масштаб.
Масштабтар сандық, сызықтық және көлденең болып бөлінеді.
Сандық масштаб.Сандық масштаб дегеніміз бөлшекті көрсетеді, оның алымы
бірлікті көрсетсе, бөлімі жердің бетіндегі ұзындықтың планда немесе картада
қанша есе кішірейткенін көрсетеді.
Сандық масштабтың бөлімі кіші болған сайын, соғұрлым план мен картаның
масштабы ірі болады және керісінше, бөлімі үлкейген сайын карта мен планның
масштабы ұсақ болып келеді.
Геодезияда келесі масштабтар жиі қолданады 1:500, I КЮО,
1:2000, 1:5000 - план үшін және 1:10000, 1:25000, {б0000, 1:1000000,
1:200000, 1:300000, 1:500000, 1:1000000-Ірта үшін. Жоғарыдағы
қатынастардың өзгерісі жердегі
сызықтың 500, 1000, 2000 және т.т есе кішірейгенін көрсетеді,
яғни айтқанда пландағы 1см кесіндіге жердің бетінде 500 см немөсе 5 м,
1000 см немесе 10 м, 2000 см немесе 20 м және
План және картамен жұмыс істегенде сандық масштабты қолдану ыңғайсыз
болады, себебі әрқашанда есептеуге тура іөді. Сондықтан карта планда жұмыс
істегенде сызықтық көлденең масштабты қолдану ыңғайлы.

Сызықтық масштаб. Сызықтық масштаб түзу
сызықтан тұрған ұзындық санағы бар кесінді ретінде салынады
Оны сызықтық масштабтың негізі деп атайды.
Масштабтың негізін 2 см кесінділерге бөледі. Шеткі сол
жақтағы кесіндіні қосымша он бөлікке (яғни 2 мм кесіндіге)
бөледі де, кесіндінің оң шетін нөлдік штрих деп белгілейді.
Нөлдік штрихтың оң жағындағы бөлікті 2 см кесіндіге бөледі
де,әр бөлік сызығына карта мен планның масштабына
байланысты тиісті мәндерді жазады. 5.1-суретте масштабы
1 :2000 картаның сызықтық масштабы және циркульдің
ашасына сәйкес ұзындығы 140 м кесіндінің бейнесі
көрсетілген. Сызықтық масштабта кесіндінің оннан бір бөлігі
Кбөн жуықтап алады, сондықтан масштабтың дәлдігі қажетті
дәлдікпен сәйкес келмейді.
План мен картада өлшеу жұмысының дәлдігін арттыру үшін көлденең масштаб
қолдынылады.
Көлденең масштаб. Көлденең масштаб сызықтық масштабтың түрлеріне жатады. Ол
келесі түрде салынады. Түзу горизонталь сызықтың бойымен бірнеше рет
масштабтың негізін құрайтын 2 см кесіндіні салады. Әрбір салынған
кесіндінің шетінен кез-келген ұзындықпен перпендикуляр сызық түсіріп, сол
сызықтарды бірдей он бөлікке бөліп, әр бөлігінен негізге параллель сызықтар
жүргізеді. Нөлдік штрихтың сол жағында жатқан бөліктің жоғарғы және төменгі
кесінділерін бірдей онға бөліп (әр бөлігі 2 мм), нүктелерді қиғаш сызықпен
қосады. 5.2-суретте көлденең масштабтың түрі көрсетілген. Нөлдік штрихтың
сол жағындағы 2 мм бөліктердің шамасы негіздің 110 болса, төменнен жоғары
бөлінген бөліктің шамасы негіздің 1100 бөлігі болады. Негізі 2 см көлденең
масштабты жүздік немесе жәй көлденең масштаб дейді. Көлденең масштаб металл
сызғыштарда көрсетіледі, оны масштабтық сызғыш деп атайды

Масштабтың дәлдігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерді зерттеудің ғылыми кезеңі
Геодезия туралы негізгі мәліметтер. Жердің пішіні мен өлшемдері туралы негізгі мәліметтер
План, картамен жұмыс істеу әдісі
Гаусс Крюгер проекциясы және тік бұрышты координаттар
Гаусс Крюгер проекциясы.Тік бұрышты координаттар
Гаусс-Крюгер проекциясы және тiк бұрышты координаталар жүйесі
Орбита пішіні
Жергілікті жерге бағдар беру
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
ГЕОДЕЗИЯ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Пәндер