Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар



1. Статистика қоғамдық құбылыс.
2. Әлеуметтік.экономикалық құбылыстардың көрсеткіштері.
3. Әлеуметтік.экономикалық құбылыстардың зерттеу объектісі.
4. Нарықтық экономика.
Пайдаланған әдебиеттер
Қандай да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек. Сонда, статистика пәні дегеніміз қандай ғылым және ол нені зерттейді?
Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып,оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды.
Жоғарыда келтірілген анықтамадағы статистика пәнінің негізгі ерекшеліктеріне толық тоқталайық.
1. Құқықтық статистика.
2. Жалпы статистика енгіздері.
3. Статистикалық жинақ.
4. Интернет.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі

Алматы экономикалық және қазіргі технологиялар
колледжі

ТАҚЫРЫБЫ:"Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар".

Орындаған: Қабаева Қымбат.
Тексерген: Шарипходжаева А.М.

Алматы 2007 жыл

Қандай да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені
зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз
керек. Сонда, статистика пәні дегеніміз қандай ғылым және ол нені
зерттейді?
Статистика – қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін,
ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда
байланыстыра отырып,оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын
зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық
құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың
тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған
ортаға тигізген әсерін анықтайды.
Жоғарыда келтірілген анықтамадағы статистика пәнінің негізгі
ерекшеліктеріне толық тоқталайық.
Табиғатында, статистика – жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен
өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Бұл жайында
анықтамада айтылған. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан
жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру
заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен,
статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай
мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді
басқа ғылымдарда да қолданады. Статистиканың жаппай құбылыстарға тән сандық
қарым-қатынастарды зерттейтіні анықтамада көрсетілген. Статистиканың сандық
жағы деп, зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестің көлемін,
мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.
Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:
Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің көлемін,
мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген қызықты
көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз.
Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т.с.с.
Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық
көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша
болғандығын анықтайды.
Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын
немесе пропорциясын зерттейді.
Жоғарыда көрсетілген үш элемент – қоғамдық құбылыстардың сандық
құрамының негізгі бөліктері болып саналады.
Статистиканың негізгі қасиеті – қоғамдық құбылыстар мен процестердің
өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де
анықтайды. Сандық пен сапалық көрсеткіштер бірімен-бірі өзара тығыз
байланыста болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым
түрінде берілуін айтады. Демек, сандық көрсеткіштерді айтсақ, онда оның
сапасын бірге көрсеткеніміз немесе керісінше, сапасын көрсете отырып, оның
сандық мәнін анықтағанымыз.
Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында
біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер
жиынтық бірліктері деп аталады және олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ
қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.
Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің
жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мысалы, стипендия немесе айлық табыс
мөлшері, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.с.с. ал
сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде
беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандығы, өндірілген өнімдердің түрлері
немесе сорттары және т.б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі
мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (варияция) деп атайды.
Мысалы, әр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.
Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен үрдісін
сипаттайтын мәліметтерді жан-жақты зерттейді. Басқару орындарына
статистикалық мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады.
Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің салыстырмалылығын
қамтамасыз етеді.
Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге
статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Статистиканың жалпы теориясы
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері
Әлеуметтік – экономикалық карталар
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Арнайы кедендік статистика
Пәндер