Қазіргі қоғам өміріндегі экологияның рөлі



1. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай . күйі
2. Мақсаты
3. Негізгі міндеті
4. Негізгі қағидалары
5. Климаттың өзгеруі
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекетгік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдарды жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғатты пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.

Қазіргі қоғам өміріндегі
экологияның рөлі

Жоспар:
1. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің
жай – күйі
2. Мақсаты
3. Негізгі міндеті
4. Негізгі қағидалары
5. Климаттың өзгеруі

1. Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздігінің жай-күйі
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекетгік жүйесінің құрылуының және
қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
атқарушы органдарды жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін -
қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды.
Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды
қамтамасыз етті.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға
төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғатты пайдаланудың
көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан экологиялық жағдайдың
түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның
тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған
ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің
тозуымен сипатталады.
Қоршаған ортаны қорғау сапасындағы мемлекеттік саясаттың негіздері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен
мақұлданған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, оңда өтпелі
кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің
экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының мемлекеттік бақылау
және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетікгерінің, қоршаған
орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған
болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды
пайдалануға көзқарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере
отырып, әлеуметгік - экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды.
Аталған тужырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан
Республикасыңда қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының
стратегиялық құжаттары әзірлеңді, табиғат қорғау заңнамасының негізі
құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселері бойынша бірқатар халықаралық
конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау кызметін басқару жүйесі құрылды.
Мысалы, 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы", "Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық, сараптама туралы", 1998
жылы "Радиациялық қауіпсіздік туралы" заңдар, ал 2002 жылы "Атмосфералық
ауаны қорғау туралы" заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында
Президенттің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996 жыл)
және "Мұнай туралы (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман,
Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік
құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің
заңнамасына жақындатып және халықаралық стандартгарды енгізу бағыты алынды.
Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды
іске асыру жөніндегі іс - қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық
сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау - инспекциялық жұмысы жолға
қойылды.
Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны
қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетті экологиялық
сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған
ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің шешілмеген
көптеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.
Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына
сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің
міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.
Жаңа Тұжырымдамада іске асырылмаған міндеттерді шешу ұсынылады.
Олардың ішінде: экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса
маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми
зерттеулердің дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаның жай -күйіне
мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу; Қазақстан Республикасының аумағын
экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау ұсынылады.

2. Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты
табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға
құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми дүниетаным және экологиялық мәдениет
Әлеуметтік өзгеріс жайлы
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Қауіпсіз экологиялық материалдар, органикалық заттардың, мұнайдың суды ластауы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Экологияның ғаламдық мәселелері
Экологиялық тәрбие беру
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Пәндер