Болашақ азамат


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Көз жетер болашақ және алыстағы көкжиек.

Қайта құру кезеңінде философиясының алдында тұрған ең басты, күрделі мәселе - ол қазіргі социализм концепциясына баға беру болып табылады. Негізінде социализмді Маркс пен Энгельс коммунистік формациясының бірінші сатысы деп есептеген. Ол шынында да солай. Бірақ олар жаңа қоғамдық, мемлекеттік құрылыстың тек жалпы жобасын ғана жасады да, онда болуға тиіс өзгерістер мен айырмашылықтарды жете суреттеп берген жоқ және беруі мүмкін де емес еді. Маркс пен Энгельстің социализм туралы теориялық ілімін нақты жағдайға байланысты байытып, оны ілгері дамытты.

Социализмнің жаңа бейнесі адам мақсатына бағытталуымен бірге, ол іргеріден келе жатқан гуманизм, адамгершілік мәселесін қайтадан қарап, жаңа мәселе етіп қоюда. Соцализмді орнату жүзеге асырудақоғамамыз әзгілік принцптерінен жұрдай болып қала жаздаған еді, өйткені бұл кезкңде жазықсыз адамдар, тіпті топтар жазаланып құрбандыққа шалынды. Ізгілік - адаиға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас. Бастапқыда бұл ағымның қоғамдық ой - пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялар арқылы қалыптасқаны мәлім. Болашақты болжау, не оны білуге тырысу адам баласының ежелгі арманы. Ертеңгі күнім қандай, мені не күтіп тұр деп ойламайтын, уайымдамайтын адам дүниеде жоқ. Қоғамның, не әрбір істің даму логикасын түсіне білмеушілік адам ойын әр саққа жүгірткізіп, оның әр нәрсеге сыйынуға әкеледі. Осыдан келіп Айдың не Күннің тұтылуын, Жердің сілкінуін әлі болмаған, бірақ төніп келе жатқан қолайсыз жағдайлардың, қауіп - қатерлердің, қырғын соғыс, не елге келетін оба ауруларының нышаны деп білген. Қазақтар ұлыған иттен, күн батқаннан кейін шақырған әтештен, жапалақтың үйдің төбесіне қонуынан үрейленіп, қорқатын болған. Мұндай жағдайларда адамдар тасаттық беріп, садақа жасап жататын. Түрлі бал аштыру, құмалақ салдыру болар істің алдын ала болжап, соған сәйкес іс-әрекет жасау үшін пайда болған. Адамдардың мұндай мақсат-талаптарын неше түрлі арамза-айлакерлер кезінде пайдаланып келген. Балгерлер арасында психологтар кездесіп, кейде істің логикасына, адамның жан дүниесіне қарап, дөп келетін пікір айтатын да болған. Ондай адамдарды «көріпкел» деп мадақтаған. Жақын уақытты болжап, үкіметке кім келеді, оның саясаты қандай болмақ деген сұрауларға елдін пікірін аулап, болжам айтады, кейде сол болжам арқылы елді өзінің болжамына қарай икемдеп, итермелейді. Ал алыс болашақты болжау үшін футурология ( лат. futurum- болашақ, гр. logos- сөз, ілім) қолданылады.

Ең алғаш рет келешекке ғылыми болжаудың негізін салған К. Маркс пен Ф. Энгельс. Олар қоғамға диалектикалық материалистік көзқарасты қолдану арқылы қоғамның даму заңдылығын ашты.

Қазір ғалымда болашақты болжаудың бірнеше әдістері қолданылуда. Оған жататындар экстраполяция, тарихи аналогия, компьютерлік модельдеу, болашақты сценариге салу, эксперттік баға т. т. Бұлар негізінде біріне-бірі жақын ғалыми болжаудың әдістері. Мәселен, экстраполяция (лат. тіліндегі extra- сырттай, жоғары, poli - өзгерту, бастау деген сөздерден туындаған) қазіргі кезде көбірек қолданылып жүрген әдіс. Ол әдіс бойынша бір нәрсенің құбылысына қарап басқа нәрсені болжау, оның келешегін, даму жолын кесіп айту. Бұл әдіс кобінесе талдауда, диагноз жасауда қолданылады. Бізде бүгінгі күнде қоғамдық болашақты болжай алатын бірден-бір ілім- ол маркстік-лениндік теория. Сол ілімге сүйене отырып, адамдары болашаққа, зор сеніммен қарайды, келешекке жетудің жолдарын іздестіреді, алыстағы болашақтың бағдарын белгілейді. Ол тек ғылымдардың жетістіктеріне сүйену арқылы жүргізіледі. Онсыз жүргізілген әрекет түрлі қиындықтарға, қолайсыз жағдайларға әкеледі. Оған дәлел әкімшілік-әміршілдік әдіспен елді басқару нәтижесінде экологиялық дағдарыс пен котострофаға тірелгндік. Арал теңізі жойылды, Балқаш құруға айналды, Семейдегі атомдық жарылыс полигоны халықтың тұрмыс тіршілігіне, денсаулығына, өніп-өсуіне қауіп-қатер туғызды. Бұларды болдырмауға болар ма еді ? Әрине, болар еді. Амал не, ендігі мәселе мұндай сөкет жағдайларды елімізде де, дүниежүзінде де болдырмау, адамзатты елімізде де, дүниежүзінде де болдырмау, адамзатты, жан-жануарларды, жалпы табиғатты күйреуден аман сақтап қалу. Оның мүмкіндіктері бар.

Ғылыми - техникалық революция және болашақ проблемалары.

Біздің заманымызда ғылыми-техникалық революция жүріп жатыр. Оның басталған кезі-ХХ ғасырдың ортасы. Ғылым қазір дүниежүзіндегі мемлекеттердің ұлттық саясатына айналды, сондықтан ғылыми таным әлеуметтік тіршіліктің маңызды бөлігі болып есептелінеді. Өндірістің әуелден келе жатқан салдарын өзгертіп, ғылыми техникалық революция жаңа салалар туғызуда, мысалы, атом өнеркәсібі, радиоэлектроника, космос кәсібі, полимерлерді шығару, биотехнология және т. б.

ХХ ғасыр ғалымдары ашқан революциялық табыстар техникалық даму дәрежесіне өте үлкен әсер етіп, атом реакторларын, атом үдеткіштерін, космос ракеталарын, электрондық есептеу машиналарын, аэро-гидродинамикалық құрылғыларын, нәзік регистратор аппаратурасын, космос байланыс жүелерін жасауға жол ашты.

Ғылыми-техникалық революция адамға өте көп күш дарытқанымен адамзат алдында үлкен таңдау - баламалар қойып отыр. Олар, ең алдымен, қару-жарақтың күшеюі, дүниежүзін тез уақытта қырып-жою мүмкіндігі, адамзаттың өмір сүруіне қауіп-қатер тұғызуы, соғыс пен бейбітшілік мәселесі. Ғылыми-техникалық прогресс қару-жарақ күштерін, әсіресе термоядролық қару жасап, оларды көбейткен үстіне көбейте түсіп, сол арқылы адамды, жалпы адамзатты жер бетінен жоқ ету қорқынышын әкелді. Екіншіден, осы прогресс жер бетіндегі табиғи қорларды бұзып - жойып, экологиялық проблемаларды тудырды. Қазақстанның кең-байтақ жерінде сарқылмас қорлар бар деген сенім сөне бастады, ол ресурстар мүлдем қысқа мерзім ішінде күрт азая түсті. Үшіншіден, ғылыми-техникалық революция дамыған және даму жолында келе жатқан мемлекеттердің ара жігін ажыратты, осыдан барып энергетика, азық-түлік, табиғи қорлар, денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т. б. мәселелер көтерілді. Жалпы айтқанда, ғылыми-техникалық революция, цивилизация, сондай-ақ жалпы адамзат әлемі алдында бірсыпыра күрделі мәселелер қойды. Даму тағдыры осыларды дұрыс болжап шешуге байланысты.

Адам және адамзат ауқымды проблемалар алдында. Жаңаша ойлау.

Қазір бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіләлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішнде бейбітшілік пен қараусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға үйренуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т. б. күрделі мәселелер бар.

Осы проблемалардың бәрі адамзаттың қазіргі жағдайына, оның болашағына зор әсер етуде. Ең басты мәселе - бейбітшілік пен қараусыздандыру проблемалары болып отыр, себебі дүниежүзілік термоядролық соғыс - азаматтың бәрін түгелдей жойып жіберетін апат. Ол жер бетінде адам өмірін, тіршілігін мүлде жоқ етеді. Сондықтан да адам болашағы деген проблема философияның өзекті мәселесі болып қала береді, ал оны қарастыру, зерттеу өзге де ауқымды әлемдік проблемалардың шешілуімен тығыз байланысты. Бұл проблема, ең алдымен, өндіріс пен мәдениет салаларында, саясат және идеология аяларында, дүниетанымдақ көзқарас пен адамгершілікте айқын көрінеді.

Жаңаша ойлау процесінде этикаға, адамгершілікке тән қағидаға мән беріледі. Қазіргі заманда коллективтік ойлаудың мәні өсті, сонымен бірге этикалық нормаларды насихаттау бұл нормалардың адамгершілік және гуманизм саналарымен бірдей дәрежеде рухани әрекет аясына енуі батыл сипат алып отыр. Интеллектуалдық қасиет прогрессивтік процесс болып табылады, сондықтан ол этикалық ережелерден алыстай алмайды.

Жаңаша ойлау этикасының ең басты қағидасы - ақиқат алдындағы теңдік, яғни әмбебабтық мақсат. Осыған сәйкес ойлау әрекетінің қорытындылары ғалымның ұлты, жынысы, жасы және әлеуметтік жағдайынан тыс қаралу керек. Сондықтан осы салада олардың еңбегін бағалау үшін жалпы белгілер қолданылады. Адам өзі-өзіне сынай қарап, ой қорытындыларын негіздеуі керек, оларды ғылымның жалпы орына енгізе отырып, қалыптастыруы қажет. Тек солай еткенде ғана адам өз ойын ғылыми негізде дамыта алады.

Соңғы уақатта кейбір басылымдарда социализм даму процесін тоқтатты, ал прогресс тек капиталистік қоғамда ғана мүмкін деушілер кездеседі. Шыныеды бұл ағат пікір. Әрине, оған себеп - біздің 70 жылдан астам тарихымызда кеткен қатерліктер мен оларды бүгінгі жағдайда ашық және батыл сынау. Бірақ бұл социализмнен бас тарту емес, оның жіберген қателіктерінен бас тарту, социолизмнің жарамсыз моделінен ғана бас тарту. Өйткені, социализм - прогрессивті қоғам. Субъектінің объектіге, адамдардың өндіріске, социалистік меншікке қатысуын түбегейлі жаңа сапаға көтеру деген сөз. Оны жетілдірудің жолдары көп: өзін-өзі қаржыландыру, шаруашылық есеп, арендалық әдіс т. б. Одан соң, басты мәселе егемендікке ие болу. Әрбір республика, облыс, аудан, өндіріс, жеке коллективтердің қолында қоғамдық меншікке жататын көп байлық бар. Егемендік - сол байлықтың көзін тауып, оны ұқыпты пайдаланудың негізі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азамат жастар бағдарламасының жүргізушісі
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата - ананың рөлі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Қазақ өлкесінің азамат соғысына тартылуы
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Балабақша- тәрбиенің алтын бесігі
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының cалт-дәстүрлерімен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz