Жапырақ туралы



Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.
Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ – тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі – апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жапырақ

Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген
бүйірлік мүшесі. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы
емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы
жалғастырады.
Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуына
байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі
өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп
шыққан жапырақ – тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар
алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой
конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі.
Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі – апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп
аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ
негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.
Жапырақ өзінің даму барысында екі кезеңді басынан өткізеді, олар бүршік
ішіндегі және бүршік сыртындағы кезеңдер. Бірінші кезеңде жапырақ бастамасы
негізінен клеткалардың бөлінуі есебінен көлемін ұлғайтып, біртіндеп
жапыраққа тән пішінге келе бастайды, бірақ қабатталған немесе бүктелген
кішкентай қалпында қалады. Екінші кезеңде жапырақ жазылып, клеткалардың
бөлінуі мен созылу есебінен көлемін тез ұлғайтады.
Жапырақ - өсімдіктер денесінде фотосинтез жүретін, яғни органикалық емес
заттардан органикалық заттар түзілетін, ауа алмасатын ( тыныс ) –
көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және шығаратын, суды буландыратын
( транспирация ) маңызды вегетативтік мүше. Осы негізгі қызметтерімен қатар
көптеген өсімдіктерде жапырақ қор заттарын жинау қорғаныштық, тіректік және
вегетативтік көбею қызметін атқарады.
Жапырақтың негізгі бөліктері. Жапырақ, жапырақ тақтасы ( алақаны ),
сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады. Бұл
аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.
Жапырақтың негізгі бөлігі – оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына
сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді
және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне
сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.
Сағақ – жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ
негізі дегеніміз – жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі.
Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген
минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді.
Нәтижесінде пайда болған органиалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды.
Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырақ деп аталады.
Жапырақ қынабы – жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап
орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана
қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының
қыстырма меристемасы орналасқан төменгі бөлігін ортаның әр түрлі қолайсыз
жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол
фотосинтезге қатынасады деген сөз. Реңі мөлдір, үлпек немесе қоңыр тері
тәрізді ( қияқөлеңдерде ) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық
тұқымдастарға тән. Жапырақ негізінің пішіні әр түрлі. Кейде ол айтарлықтай
байқалмайды немесе шамалы ұлғайып, қалыңдап кетеді, мұны жапырақ жастықшасы
деп атайды.
Жапырақ формациялары. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік
мүшелерінің ішінде әсіресе жапырақ өзінің пішіні, көлемі, реңі, өмір сүруі
және т.б. ерекшеліктері жағынан өзгергіш. Әлемдегі өсімдіктердің түрлеріне
қарай, оның жапырақ пішіндері де әр түрлі болады.
Жапырақтың үш формациясы бар: төменгі жапырақ, ортаңғы жапырақ және
жоғарғы жапырақ. Төменгі жапырақтар – қорғаныштық немесе қор жинаушы және
т.б. арнаулы қызметтер атқаруға бейімделіп, түрін өзгерткен және толық
жетілмеген жапырақтар. Сол сияқты тұқым жарнақтарының жапырағы,
бүршіктердің жабын қабыршақтары және тамырсабақтар мен жер бетіндегі
өркендердің қабыршақ жапырақтары да төменгі жапырақтар саналады. Ортаңғы
жапырақтар – белгілі өсімдік түріне тән нағыз жасыл жапырақтар. Олардың
негізгі қызметі – фотосинтез, транспирация ( суды буландыру) және ауа
алмастыру ( тыныстану ). Жоғарғы жапырақтарға гүл жапырақтар, гүл
жапырақшалар жатады. Бұлар, әдетте, толық жетілмеген және жапыраққа тән
қызмет атқармайды.
Әр түрлі жапырақтылық ( гетерофиллия грекше гетерос - әр түрлі ) бір
өсімдікте әр түрлі пішіндегі жапырақтардың болуы. Жапырақ – сыртқы орта
жағдайларының өзгеруін тез сезінетін өсімдік мүшесі. Жарық, жылу, ылғал,
қоректену және т.б. жағдайлардың әсерінен жапырақ пішіні өзгеріске түседі.
Мысалы, су сарғалдағы, жебежапырақ сияқты су өсімдіктерін алайық, олардың
су астындағы жапырақтарының су бетіндегі жапырақтарынан айырмашылығы бар.
Су астындағы жапырақтар таспа тәрізді немесе жіп тәрізді тілімделіп,
жіңішкеретін болса, ал су бетіндегілері бүтін немесе тілімделген тақталы
болады. Гетерофиллия құрлық өсімдіктерінде де байқалады. Мысалы, інжір, тұт
ағаштары.
Жапырақтар – жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай: доғал, үшкір,
сүйір, ойыс, ал жапырақ тақтасының негізіне қарай: сына тәрізді, дөңгелек (
жұмыр), жүрек тәрізді, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді және т.б. болып келеді.
Тақтасының жиегіндегі тілектердің аумағына қарай жапырақтарды телімді,
тілімді, және бөлімді деп жүйелейді.
Жапырақтың жүйкеленуі. Жүйкелену – жапырақ тақтасында өткізгіш шоқтардың
орналасу реті. Жүйке жапырақ тақтасының астыңғы бетінен анық көрінеді және
ол өзі өткізгіш шоқтардан тұратындықтан, жапыраққа суда еріген минералдық
заттарды жеткізіп, жапырақтан органикалық заттарды төмен қарай өсімдіктің
мүшелеріне, сабағына, тамырына тартады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет
беріп, жыртылудан сақтайды.
Жапырақ тақтасының ортасы арқылы өтетін білеуленген қуатты негізгі жүйке
оның сағағынан сабаққа өтеді. Негізгі жүйкеден шетке қарай қашықтаған сайын
жүйкелер тармағы жіңішкере береді. Жапырақ тақтасының жүйкеленуі әр түрлі
болады. Олар қарапайым, дихотомиялы, торлы, доға тәрізді және параллель
жүйкелену.
Қарапайым жүйкеленуде жапырақтың негізінен ұшына дейін созылған бір ғана
жүйке өтеді. Жай жүйкелену жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер: мүктерге,
плаундарға және ашық тұқымдылардың ( қылқан жапырақтылар ) көбіне, сол
сияқты жабық тұқымдылардың кейбір өкілдеріне тән.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш
бөліктен тұрады. Олар: 1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңғы бет жағынан
жауып тұратын жабындық ұлпа – эпидерма; 2) ассимиляциялаушы қоректік
ұлпадан тұратын негізгі бөлігі – мезофилл; 3) мезофилл бөлігінде орналасқан
өткізгіш шоқтар. Жапырақтың бұл анатомиялық құрылысында жапырақ
формацияларына, өсімдіктердің жүйелілік топтарына және өсіп тұрған орта
жағдайларының әсеріне байланысты азды-көпті өзгерістер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапырақтарға жасыл түс беретін зат - хлорофилл
Жапырак
Жапырақтың жүйкелену типтері
Жапырақ қынабы - жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі
Биологияны оқытуда тірі өсімдік объектілерін пайдалану әдістемесі
Жапырақ пышағының пішіні
Жапырақтың морфологиялық құрылысы
Транспирация
Қала ортасындағы өсімдіктерге әсер ететін факторлар
ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ
Пәндер