Мақыш Қалтайұлы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мақыш Қалтайұлы (1869-1916) Мақыш Қалтайұлы 1869 жылы қазіргі Астана қаласының маңы - 1916 жылы дүниеге келген. Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін үйреніп, әбден жетілген молда, ғұлама болған. Кейін Троцк қаласындағы «Расуля» медресесіне түсіп, біраз жыл «услу жәдид» әдісімен бала оқытқан. Меккеге барып, Қажы атанған. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында, Троицкі жағында молда болып, бала оқытып жүрген. Білімдарлығымен, ақындығымен танылып «мәшһүр» деген атқа ие болды. өзінің айтуы бойынша Мақыш 1907 жылдан бастап жазушылықпен айналысады, кітаптар жазы, бастырады. Ол өз жанынан 6 кітап жазған да, татар тілінен 4 кітап аударған, барлығы үлкенді-кішілі 10 кітап жазып бастырған. Көп еңбек, мол қазына. Мақыштың өз жанынан жазған кітаптары:

«Насихат қазақия»(1907 жыл), «Қалтайұлының Қазақ ахуалын бәйіт еткен мәнзұмасы» (1909 жыл), «Мәшһүр Қалтаев» (1910 жыл), «Қазақтың айнасы» (1910 жыл), «Тура жол» (1912 жыл), «Бар оқиға» (1913 жыл) . Татар тілінен аударған кітаптары:

«Бұлбұл құс. Бірінші бөлім»(1910 жыл), «Бұлбұл құс. Екінші бөлім» (1911 жыл), «Айна» (1913 жыл, ) «Сақ - сұқ» (1913 жыл) деп аталады. Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық - әлеуметтік жағдайын, қазақтың хал-ахуалын әдет-ғұрпын жырлап, өнер білімге, мәдениетке үндеді. Оның қоғамға, дүниеге көзқарасы жағынан діни-ағартушылық пікірі басым болды. «Қазақ әкімдері», «Имандар хақында», «Қожалар хақында өлеңдерінде кейбір дүмше молдаларды сынаса», «Жастар хақында», «Қарттан қашу», «Жасқа жақындату» т. б. өлеңдерінде жастардың әр түрлі мінез-құлықтары сөз болады. Ағартушылық бағыттағы идеялары «ғылым үйрену парыздылығы», «Орысша оқу керектігі», «Басқа жұрттар қандай халде?» т. б. өлеңдерінде айқын көрінеді. Мақыш аудармамен де айналысып З. Қаримидің «Айна» (1913) Ғ. Рашидидің «Сақ уа сұқ халдері» (1913) атты кітаптарын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ «Тұрмыш» атты кітаптарын қолжазба журнал да шығарған. Өзінің саяси қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде жариялап тұрды. «Жолсыз газеттеріміздің бірі», «Газетаның керектігі хақында» атты мақалалары жарияланған М. Қалтаев - молда ақын. Оның дүние, қоғам тануы, көзқарасы көбінше діни, кей ретте мәселені талдау түсіндіру тәсілдері шариғатша. Жүрегі - ұлтжанды. Бірді-екілі өлеңдері либеральдықпен шектесіп жататын сәттері де бар.

Жалпы алғанда Мақыштың ізгілік, ағартушылық, демократтық пікірі басым. Қазақтың қазан төңкерісінен бұрынғы молда ақын-жазушыларынан қазақ өмірінің бірталай күрделі мәселелерін қозғаған, реалистік бағытқа бірталай көтерілген, сыншыл реализмге жақын келген осы-Мақыш Қалтаев деуге болады.

Мақыш соңғы кітабын «Бар оқиға» деп атаған. Дүниеде, тұрмыста, елімізде, қазақ арасында бар, болған болып жатқан оқиғаларды, өзім көзіммен көрген, іздестіріп білген, көңіліме түйген жайларды жазам;

Жоқты айтпаймын, айтамын барды көріп,

Көп көрдім жүргенімде елді кезіп, - дейді.

Осы ретпен Мақыш қазақтың әлеуметтік хал-жайын, шаруашылық, мәдени тұрмысын, ғұрып-әдетін көп сөз етеді.

Тағы бір үлкен кітабы «Қалтай ұлының қазақ ахуалын бәйіт еткен мәнзумасы» - қазақтың хал-жайын баян еткен өлең-жыры деп келеді. Қазақ өмірін Мақыш таңырқап, қызықтап, дәріптеп баяндамайды. Көбінше, сын көзімен қарап, қоғамдық даму тұрғысынан шенеп-мінеп баяндайды. Кейбір ескіні, кертартпаны сынайды. Жақсыны, жаңаны құптайды. өз халін нашар, өзім айсыз түнде, қараңғыда қармалап жүрмін. Алайда қазақтың мініп, кем-тетігін сынаймын. Мақсатым қазақты сынау, шындықты әділетті айту:

Айнадай көрсетемін жұрттың мінін

Қорқып ішке жимаймын сөздің шынын.

Жақын алыс, дос, дұшпан бәрін бірдей

Сөйлеймін жалтақтамай хақтың сөзін, -

дейді Мақыш.

Қысқасы, ақын өз кезіндегі қазақ халқының отар халін, кенже қалып, қорлық көріп отырғанын, қараңғылық, надандығын, зәру қажеті оянып, ілгері ұмтылу прогреске жету екендігін сезінеді, әлінше дәл бейнелейді.

Мақыш дүниян ғылым-білімнің, өнер-кәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттің халық үшін қажеттігін пайдасын ұғады, қоғамның халықтың шаруашылық мәдениет жөнінен ілгері дамуын көздейді. Жұртты оқуға, орысша оқуға, мәдениетке, ғылым, өнер, кәсіп, үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді.

Осы тұрғыдан қарап Мақыш қазақтың үйлену, ауру-сырқауды емдеу жөніндегі ескі, зиянды ғұрып әдеттерін сынайды; бектік, феодалдық қалып сарқыны болған жалқаулық, мансапқорлық, даукестік, партиягершілік сияқты жаман, кертартпа мінез-қылықтарын шенейді; би-болыстарды, қожа-молдаларды балағаттайды.

Халықтың осы мінін, кем-кетіктерін Мақыш бір ретте дін негізінде, жалпы ізгілік жөнімен, низам жолымен түзеуге болар еді дейді. Енді бір ретте әйтеуір қазақ өмірінің жаңғыруын шын көңілімен көксейді. Ақынның шығармашылығын арнайы зерттеген келесі ғылыми еңбек болмағанмен, ол туралы және шығармашылығы жайлы бірқатар ғалымдар, ақындар мен жазушылар әр кезде де ғылыми ойлар пікірлер айтқан.

Біз ең алдымен Б. Кенжебаевты айтамыз, профессор өзінің «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» атты ғылыми еңбегінде Мақыш Қалтайұлына арнайы жеке тоқталып «Мақыш Қалтайұлы» деген ғылыми жүйелі тарау жазған. Ол осы еңбегінде ақынның өмірбаянына өлеңдері мен аудармаларына кеңінен түсінік беріп жазған. Айтулы ғылым Ы. Дүйсенбаевте Мақыш Қалтайұлының шығармашылығына арнап бірнеше құнды пікірлер айтқан, содан кейін Ә. Дербісәлин, Ә. Құрымжанов, М. Банақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Т. Нұртазин секілді зерттеушілердің еңбектерінде аталады.

Шәді Жәңгірұлы (1855-1931) . Шәді Жәңгірұлы 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ жерінде дүниеге келген. Ол жасынан оқып, білім алған, ақынның өмірбаяны жайлы ғалым Н. Келімбетов: «Жәңгір мал бағып, өз еңбегімен күн көрген момын шаруа екен. Ауылдастары оны Қоқыш деп атаған. Шәдінің анасы Мәуіті асқан әнші, ол той-думанға, ойын сауыққа, көпшілік арасына барғанда, Шәдіні он жасқа келгенше ауыл молдасына беріп оқытады да, 1865 жылы сол кездегі атақты Жаян мешітіне оқуға жібереді. Ол мұнда жеті-сегіз айғана оқиды да келесі жылы Шымкент шаһарына Абдулла Шәріп дейтін ғұламадан екі жылдай араб, парсы тілдерін үйренеді. Шығыс үлгілі әдебиетінен көптеген кітаптар оқиды» - делінсе, артынан әкесі, одан кейін шешесі бірінің артынан бірі қайтыс болып бір үйдің тауқыметін жастай бір өзі көтерген Шәді Жәңгірұлы зергерлікпен де айналысыпты.

Шәді Жәңгірұлы өте көп оқыған адам. Ол өзі Ташкентте, Бұхарада оқыған. Араб, парсы және түркі тілдерін жетік білген. Бүкіл Шығыстың бұрын соңды тарихын, өнер-ғылымын, әдебиетін, ақын-жазушыларын жақсы білген ғалым ақын Шәді Жәңгірұлы орыс халқының тарихын өз бетімен оқып үйренеді, соған байланысты қазақ халқының тарихын сан рет, ой-елегінен өткізіп, ол жөнінде ағартушылық пікірге келеді, оларды тарихи дәл түсініп ғылыми тұрғыдан бағалайды. Ақын ертедегі араб, парсы шағатай әдебиеттерінің Орта Азия, азербайжан, түрікмен халықтарының бұрынғы классик әдебиеттерінің ықпалында болған адам соларды дырланған тақырыптарды қайталап, солардың стиліне өзінше жырлаған өзінің шығармаларын соларға еліктей отырып жазған ақын. Оның шығармалары қисса, хикая, дастан, лиро-эпикалық жыр болып келеді. Шәдінің ертедегі араб, парсы шағатай әдебиеттерінде Орта Азия азербайжан, түрікмен халықтарының бұрынғы әдебиеттерінде жырлаған тақырыптарды өзінше қайта жырлаған шығармалары: «Қисса қырық уәзір» (1911), «Назым Шәріп» (1917), , «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Искендр Зұлқарнайын» т. б. Ал Шәдінің сол әдебиеттерге еліктей отырып, өзі жазған шығармалары: «Хайбар» (1910), «Романов тәсілінен хукмырналық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қазақ халқының ахуалы (1912), «Келіннің бетін ашатын терме» (1914), «Хикаят Орка - Күлше», «Ғашық уа мығашық» (1917), «Камаруз - заман», «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917) «Қисса Бәлзм Бағұр» (1917) т. б. Шәді күнделікті өмірді, қоғам жайын тіпті аз жырлаған шығармаларының тақырыптарын да ертедегі әдебиеттерден тарихи шежірелердің жазғандарынан, өткен өмірден алған, ер-казиралы, аудармашы ретінде тануға және шежірелер жазған материалдар мен ертегіні, аңыз дастан мен өлеңдерді қайталап жазған ақын деуге болады. Шәді - діни көзқарастағы, ескішіл бағыттағы ақын. Ол шығармаларында жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайды. Кейде оның шығармаларында ертедегі «Романов нәсілінен хукмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қазақ халқының ахуалы» деген кітабында шәді орыс патшаларын патша өкіметін, қазақ хандарын, қазақтың бұрынғы заманын дәріптейді.

Шәдінің бүкіл өмірі өлең шығару, кітап жазып, бастырумен, қазақ арасында қисса-дастандар оқып берумен өткен. Ол өзінен кейінгілерге мол, құнды әдеби мұра қалдырған, шығармалары кезінде халық арасында қолжазба күйінде де кітап болып те кең тараған талай-талай өнерпаз қауымға ақылшы яки бола білген үлкен ақын сонымен Шәдінің әдеби мұрасы - 100 мың жолдай өлең-жыр. Осының 75 мыңдай жолы ақынның көзі тірісінде түрлі қалалардабасылып шыққан. Шәді Жәңгірұлы қоғамдағы барлық кемшіліктің - экономикалық және мәдени шенеуліктің бірден-бір себебі қазақ халқының қараңғылығынан, надандығынан, яғни өнер-ғылымнан кейцін қалғандығынан деп білді.

Осындай мешеуліктен құтылудың, надандықтан арылу мен қараңғылықтан шығудың жалғыз жолы - халықты ояту, мәдениетке шақыру, оған білім беру деп түсінді. Сол себепті Шәді халықты- «заманға саз болып, өнер-білім үйренуге » үндейді.

Шәді осы мақсатпен Ресейдің өрлеу, өркендеу, ерлік тарихын зор шабытпен жырлайды, оны қазақ еліне үлгі етіп көрсетеді. Ақын өз шығармаларында сол кезең үшін қоғамдық, әлеуметтік мәні зор, соны тақырыптарды - гуманистік және ағартушылық идеяны жырлады. Халықты отырықшы ел болуға өнер-ғылымға, адалдыққа, жаман мінез-құлықтан аулақ болуға шақырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
Мақыш Қалтайұлы туралы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
Мақыш қалтайұлы жайлы
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Қазақ әдебиеті тарихындағы діни ағартушы ақындар шығармашылығының орны
Әдебиеттегі жаддизм бағыты
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz