Арбитраждық шешімнің жарамсыздығы


Арбитраждық шешімнің жарамсыздығы
Арбитраждық шешімнің жарамсыздығы “Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропа конвенциясының” “арбитраждық шешімді жарамсыз деп тану” деген ІХ бабында қарастырылған.
Сол баптың 1-пунктінде арбитраждық шешімнің күшін жою жағдайы мен негіздері көрініс табады. Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің бірінде осы Конвенцияның күшіне бағынатын арбитраждық шешімнің күшін жоюы бұл шешімді Конвенцияға қатысушы өзге мемлекеттерде тану мен орындаудан бас тартудың себебі болып табылады, және бұл келесідей жағдайда жүзеге асырыла алады: Мемлекетте арбитраждық шешімнің күші жойылуы мүмкін, егер бұл арбитраждық шешім сол мемлекетте немесе сол мемлекеттің заңдары негізінде шығарылса, оған қоса бұл бапта арбитраждық шешімнің күшін жою негіздері белгіленген:
а) келісімге қолданбалы құқық бойынша арбитраждық келісімдегі тараптар белгілі бір шамада әрекетқабілетсіз немесе келісім тараптар өзін бағындырған заңға сәйкес жарамсыз деп табылса, ал егер тиісті нұсқау көрсетілмесе, шешім шығарылған мемлекет заңы бойынша жарамсыз деп табылса;
b) арбитраждық шешімнің күшін жоюын талап ететін тарап арбитрдің тағайындалуы мен арбитраждық талқылау жөнінде тиісінше ескертілмеген болса немесе өзге себептер есебінен түсінік беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда;
c) егер аталған шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпе қарастырмайтын немесе олардың жағдайларына бағынбайтын дау бойынша шығарылған болса, немесе бұл шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауындағы мәселелерді қамтитын қаулыларды сондай келісім мен ескертпе қамтымайтын мәселерді бөлу мүмкін болса, онда арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауына жатпайтын мәселелер бойынша қаулыларды қамтитын арбитраждық шешімнің бөлігі күшін жоя алады;
d) егер арбитраждық коллегияның құрамы немесе арбитраждық іс жүргізу тараптардың келісіміне немесе Конвенцияның IV бабының шарттарына қайшы келсе;
2-пунктінде келесідей жағдай қарастырылған: “Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің қатынастарында егер олар сонымен қатар Шетел арбитраджық шешімді тану мен орындау туралы 10 маусым 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясының мүшелері болған жағдайда, осы баптың 1-пункті V, 1е бабының орындалуын осы Конвенцияның ІХ бабының 1 тармағы қарастыратын жағдайлармен шектейді”.
Аталған Конвенцияда Нью-Йорк конвенциясының V бабы туралы сөз етіледі, бұл бапты да қарастырып өтейік.
V бап
- Арбитраждық шешім қарсы бағытталған тараптың өтініші бойынша арбитраждық шешімді тану мен орындалудан бас тартыла алады, егер бұл тарап тану мен орындалу сұралатын жердің құзірлі органдарына келесі жайттар туралы дәлелдемелер келтірсе:ІІ бапта көрсетілген тараптар оларға қолданбалы құқық бойынша белгілі бір шамада әрекетқабілетсіз немесе келісім тараптар оны бағындырған заң бойынша жарамсыз деп табылса, ал егер бұндай нұсқау көрсетілмесе, шешім шығарылған мемлекет заңы бойынша жарамсыз деп табылса; немесеШешім қарсы шығарылған тарап арбитрдің тағайындалуы мен арбитраждық талқылау жөнінде тиісінше ескертілмесе немесе өзге себептер есебінен түсінік бере алмаса, немесеегер аталған шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпе қарастырмайтын немесе олардың жағдайларына бағынбайтын дау бойынша шығарылған болса, немесе бұл шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпе қарастырмайтын немесе олардың жағдайларына бағынбайтын дау бойынша шығарылған болса, немесе бұл шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауындағы мәселелерді қамтитын қаулыларды сондай келісім мен ескертпе қамтымайтын мәселерді бөлу мүмкін болса, онда арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауына жатпайтын мәселелер бойынша қаулыларды қамтитын арбитраждық шешімнің бөлігі күшін жоя алады; немесеегер арбитраждық органның құрамы немесе арбитраждық іс жүргізу тараптардың келісіміне немесе арбитраж орын алған мемлекет заңына қайшы келсе; немесеегер шешім тараптар үшін ақырғы болмаса, не шешім шығарылған мемлекеттің не заңы қолданылатын мемлекеттің құзірлі органдары оның күшін жойып немесе тану мен орындалуды тоқтата тұрса;
- Арбитраждық шешімнің танылуы мен орындалуында бас тартылуы мүмкін, егер танылу мен орындалу сұралатын мемлекеттің құзірлі органдары келесілерді тапса:сол мемлекеттің заңы бойынша дау объектісі арбитраждың қарау пәні бола алмайды; немесебұл шешімдер тану мен орындау мемлекеттің жария тәртібіне қайшы келеді.
Нью- Йорк конвенциясында дәлелдеу ауыртпалығы туралы сөз етіледі, дәлелдеу ауыртпалығы несие алушы мен несие беруші арасында бөлінеді, ал Еуропа конвенциясында дәлелдеу ауыртпалығы туралы мүлдем сөз жоқ. Нью- Йорк конвенциясы бас тартудың негіздерін екі топқа бөледі:
1-тармақта шешімнің танылуы мен орындалуына қарсылық білдірген тараптын өтінішінен туындайтын негіздер;
2-тармақта сотпен ex officio, яғни өз бастамасы бойынша қаралатын негіздер.
Арбитраждық шешімді тану мен орындаудан бас тарту негіздері нақты аталған, және одан басқа негіздер мен ниеттер қолданыла алмайды.
Осы Конвенцияның қабылдануына байланысты кейбір мәселелерді лебедев қарастырған болатын, оларға тоқталып кетсек.
1-тармақша бойынша кейбір делегациялар Конвенцияда коллизиялық байламды анықтауға қарсылығын білдіріп, оны тек “қолданбалы құқықпен” шектемекші болды. Бұндай жүзеге асырылған болса, өте маңзды жағдай анықталмай, көмескі қалпында қалар еді. Бұны ескерген кеңес делегациясы конференцияның 23- отырысында арбитраждық келісімнің жарамдылығы тараптар оны бағындырған заңға сәйкес, не бұндай нұсқау көрсетілмесе, шешім шығарылған мемлекет заңымен анықталуы тиіс деген ұсыныс енгізді және бұл ұсыныс қабылданды.
Әрі Нью- Йорк конвенциясының, әрі Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропа конвенциясының мүшесі болып табылатын мемлекеттердің арасындағы қатынастарда Нью- Йорк конвенциясының V бабының 1-тармағының “а” тармақшасының қолданылуы Еуропа конвенциясының V бабының жағдайларымен ұштасуы тиіс. Еуропа конвенциясының V бабы арбитраждық келісімге қарсылық білдірудің кейбір жағдайларын орнатады.
Еуропа конвенциясының V бабының 2-тармағына сәйкес арбитраждың құзіретсіздігі туралы қарсылық, егер бұл қарсылық арбитраждың келісімінің жарамсыздығы мен күшін жобына негізделсе, істің мәні бойынша өзге қарсылықтардан кеш білдірілмеуі тиіс. Даудың арбитраж құзіреті шегінен шығуы туралы қарсылық аталған мерзімдер ішінде білдірілмесе, бұл мәселелер кейін көтеріле алмайды . . . Бұл тек тараптардың өз еркі бойынша білдірілетін қарсылықтарға байланысты.
Сонымен, арбитраждық келісімнің жарамсыздығына негізделген арбитраждық шешімді орындауға байланысты қарсылықтар тиісті мерзім ішінде арбитраждық процесс кезінде аталған болса немесе lex fori бойынша сотпен ex officio, яғни өз бастамасы бойынша көтерілсе қабылданады.
Конвенциядағы “ақырғы шешім” түсінігі де нақты анықталмаған, Лебедевтің пікірнше, бұл мәселе әрбір жекелеген істе арбитраждық келісім бағынатын құқық немесе арбитраждық шешім шығарылған мемлекет заңына тәуелді.
Нью- Йорк конвенциясы құзырлі органдарға үлкен мүмкіндіктер береді, себебі арбитраждық шешімнің күшін жою мен тоқтата тұрудың нақты негіздерін атамайды. Соның нәтижесінде шешім шығарылған мемлекетте шешімнің күшін жою негіздерін нақты белгілейтін ережелер Еуропа конвенциясына енгізіледі. Яғни арбитраждық шешімді е) пункті бойынша жою тек келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады: арбитраждық келісімнің жарамсыздығы, қорғауға құқықтың бұзылуы, арбитраждың келісімнен тыс шығуы, арбитраждық процедураны сақтамауы.
Енді өзіміздің заңнамаға келіп тоқталайық. Қазақстан Республикасының 28 желтоқсан 2004 жылғы “Халықаралық коммерциялық төрелік туралы” Заңында төрелік соттың жарамсыздығы туралы мәселе “төрелік шешімге шағым жасау” деген 31-бапта және Төрелік шешімді танудан және орындаудан бас тартуүшін негіздемелер деген 33-бабында қарастырылған.
31-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтініш
- Төреліктің шешіміне құзыретті сотта шағым жасау осы баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес күшін жою туралы өтініш беру арқлы ғана жүргізілуі мүмкін.
- Құзыретті сот, егер:күшін жою туралы өтініш білдірген тарап:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz