Ішкі секреция бездері



Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық ( лат. секреция- сөл шығару ) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері , яғни секреттері (лат. секрет – без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады ( мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей) немесе дененің сыртына шығады ( мысалы, тер безінің өнімі –тер дененің сыртына шығады ). Сондықтан оларды
сыртқы секрециялық немесе экзогендік ( грек. Экзо – сыртқы, сыртқа + ген- тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей , қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік ( грек. Эндон –ішкі +крино- бөліп шығару.) бездердің өнімдері тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы
туралы жалпы түсініктеме.
Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық
бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық ( лат. секреция-
сөл шығару ) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері , яғни
секреттері (лат. секрет – без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (
мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей) немесе дененің
сыртына шығады ( мысалы, тер безінің өнімі –тер дененің сыртына
шығады ). Сондықтан оларды
сыртқы секрециялық немесе экзогендік ( грек. Экзо – сыртқы, сыртқа +
ген- тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей , қарын, май, тер,
ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ішкі секрециялық
немесе эндокриндік ( грек. Эндон –ішкі +крино- бөліп шығару.) бездердің
өнімдері тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз
өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан
тамырлары арқылы қанға сінеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің
қызыметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне
қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон ( грек. Гормо- іске
қосамын, қозғаймын ) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге
организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін
үлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге
қатысады. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді.
Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі секрециялық
бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек
үсті, ұйқы(қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс
бездері жатады.
Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер
етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай
қызымет жоқ . дегенмен ішкі секрециялық бездер өзінің қызметін жүйке
жүйесі арқылы реттейді. Сонғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке
жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларынның қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім
болды. Мысалы бүйрек үсті бездерінің гормондары қозу мен тежелудің күшін
өзгертеді. Егер жануарлардың бүйрек үсті бездерін, тәжірибе жасау үшін,
сылып алып тастаса, ішкі тежелумен қозу нашарлайды да жоғары жүйке
әрекетінің терең өзгерістері пайда болады.
Гипофиз безінің гормондары аз мөлшердің өзінде жоғары жүйке әрекеттерін
күшейтіп, ал көп мөлшерде оны тежейді. Ал қалқанша безінің гормондары аз
мөлшерде жүйке жүйесінің қозуы мен тежелуін күшейтіп,көпмөлшерде оны
нашарлатады.Сонымен бірге, қалқанша безінің гипо және гиперсекрециялары
адамның жоғары жүйке әрекетін талқан қып бұзады. Жыныс бездерінің
гормондары қозу мен тежелуге және жүйке клеткаларының қызметіне айтарлықтай
әсер етеді.
Ішкі секрециялық бездердің дамуында гетерохрондылық заңы айқын
сезіледі ең ерте дифференциацияланып, қызмет атқара бастайтын бездер –
эпифиз, Лангерганс аралшалары және бүйрек үсті бездерінің кейбір жері.
Нейрогормональдық реттеу алдымен өсуді, бала денесінің дамуын және
сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді де, кейінрек ұрпақ жалғастыру
қызметін дамытады.
Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.
Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон- өте белсенді химиялық зат.
Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен
мүшелер жүйесіне, тіпті күллі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеудегі секреция бездерінің маңызы
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Эндокриндік жүйе туралы
Гипоталамус-гипофиз- бүйрек үсті бездер жүйесі
Эндокриндік жүйе
Зат алмасуының гормонды реттелуі. Гипоталамус және гипофиз гормондары
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Эндокриндік жүйенің қызметі
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Пәндер