Алматының экологиялық жағдайы және оны шешу жолдары


АЛМАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев өзiнiң жыл сайынғы халыққа жолдауында қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауiпсiздiк мәселесiн әлеуметтiк дамудың басты бағыттарға жатқызды. Президеттiң тапсырмасымен 2006 жылдың басында Экологиялық Кодекс қабылданды. Оның мақсаты мемлекеттiк бақылауды дамыту мен экологиялық заңнаманы үйлестiру. Бұл кодекс халықаралық стандартқа сай. Сонымен қатар, бiздiң алдымызда 2010 жылы қоғамның тиянақты дамуымен сәйкес экологиялық стандарттар қабылдау мақсаты тұр.

ҚР Президеттiң «Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы» атты жолдауын жүзеге асыру мақсатында, қоршаған ортаны қорғау министрлiгi аймақтың басқарма төрағаларын қазақстандықтардың алдында есеп беру жиынын өткiзудi тәжiрибеге енгiздi. Себебi, Экологиялық мәселелер бүкiл әлем болып жұмылғанда ғана шешiледi.

Бiздiң атқарып отырған жұмысымызды халыққа ашық түрде таныстыру және қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер жөнiнде пiкiр алмасу.

Бiздiң басқарманың қызметiне қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк тұрғыдан жүргiзу, мониторингтердi ұйымдастыру және қоршаған ортаның жағдайына баға беру, Табиғатты аялаудағы заңдық нормалардың сақталуы, экологиялық сауаттандыру мақсатындағы бағдарламаларды iске асыру кiредi. Бiздiң жұмысымыздың негiзгi бағыттары:

1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама.

2. Мемлекеттiк экологиялық бақылау.

3. Мониторлық және экологиялық мәдениет пен бiлiмдi қалыптастыру.

Статистикалық талдау нәтижелерiне қарағанда қаладағы ең басты және салмақты мәселе - ауаның ластануы екендiгiн көрсеттi.

2006 жылдың бiрiншi тоқсанында ауаның ластануы -12, 29 көрсеткiшiн көрсеттi бұл былтырғы жылға қарағанда 3 есе аз.

2005 жылдың I және IY тоқсандарымен салыстырғанда Алматының ауасындағы көмiртегi аксидiнiң, азот диоксидiнiң, фенол мен формальдегидiнiң азайғаны байқалады.

Авто машиналарды қолдану барысында ауаға жылына 180 мың тонна зиянды заттар бөлiнедi екен. Ол ауаға тарайтын зиянды заттардың 80 пайызын құрайды. Қаладағы автокөлiктердiң саны 350 мыңға жеткен және бұл көрсеткiш жылдан жылға өсуде. Сонымен қатар қалаға күнiне 50 мыңға жуық сырттан келетiн автокөлiк қатынайды.

Қоршаған орта жағдайын жақсарту мақсатында бiрқатар бағдарламалар жүзеге асуда. Солардың iшiнде «Таза ауа - Жанға дауа», «2020 жыл қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын жүзеге асыру», «Алматы қаласының 2003-2008 жылғы дамуы туралы мемлекеттiк бағдарламасы», «Көлiктiк жүктеменi азайту», «Саябақтар мен гүлзарларды көгалдандыру мен дамыту», «Арық жүйелерi мен фонтандарды жөндеуден өткiзу» атты бағдарламалар топтамасын айтуға болады. Соның iшiнде, «Таза ауа - Жанға дауа» бағдарламасына кеңiрек тоқтала кетсек. Бұл бағдарламаның мәртебесi - ұзақ уақытты, аймақты және экологиялық деп белгiленген. Бұл бағдарламаны жасауға барлық қалалық құрлымдар ат салысуда. Атап айтқанда, «Алматыэкологострой», «Қазэкология» ЖШС, Денсаулық сақтау, энергетика, экономика департаменттерi т. б. Осыған орай бұл бағдарлама «Топтама» деген атты иеленген.

ТАЖД-ның (таза ауа - жанға дауаның) негiзгi мақсаты - Алматының экологиялық жағдайын және қоршаған ортаның сапасын арттыру, табиғи комплекстердi қалпына келтiру, халықтың денсаулағын жақсарту, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктердiң теңдiгiн қамтамасыз ету.

Бағдарлама мiндеттерi:

қаланың ауа бассейiнiне зиянды заттарды тастауды қысқарту;

су ресурстарын, су қоймаларын ластанудан сақтау және iшуге жарамды су сапасын көтеру;

Алматының инфроструктурасын дамыту;

Табиғаттың көк желегiн сақтау;

Халықтың денсаулығын қорғау және өмiрiне қолайлы жағдай туғызу;

Бағдарламаның нәтижесi:

1. Алматы қаласының тұрғындарының денсаулығы мен оларды қоршаған ортаның тазалығын сақтау т. б.

2. Автокөлiктерден шығатын зиянды заттардың көлемiн азайту арқылы ауаны тазарту және энергокөздерiнiң басым бөлiгiн табиғи газға ауыстыру.

3. Ауыз су сапасын арттыру (қалдық-қоқыстардан утилизация әдiсi арқылы көму жұмыстары жақсарту.

4. Қаланың көгалды жерлерiн сақтау, қайта жөндеу және үлкейту.

5. Ерекше қараудағы табиғи аймақтарды құру, сақтау және оларға демеушi болу.

6. Ақпараттық өлшейтiн жүйенi жақсарту.

Қоршаған ортаның жалпы жағдайын және тұрғындардын денсаулығын бақылау.

«Таза ауа - Жанға дауа» бағдарламасы 1999-2015 жылдарда 145, 4 млрд теңге көлемiнде қаржыландырылды. «Ауа атмосферасын қорғау» бөлiмi бойынша 133, 597 млрд теңге;

«Қалдықтарды утилизациялау» бөлiмi бойынша 3, 4 млрд теңге.

«Су ресурстары мен суқоймаларын сақтау» бөлiмi бойынша 5, 5 млрд теңге.

«Қалатұрғызу» бөлiмi бойынша 3, 5 млрд теңге.

Қала бюджетiнен 24, 3 млрд. теңге бөлiнедi, бағдарламаның түгел қаржысының 17 пайызын құрайды. Өткен жылдармен салыстырғанда 2003-2005 жылдарында бөлiнген қаржы түгелдей ТАЖД бағдарламасының орындалуына жұмсалды.

Электроқуатты баламалы көздерден алуға баса назар аударылған. «Шымбұлақ» шатқалында желдi электростанция салу жұмыстары қаржыландырады. Бюджеттi мекемелер мен балабақшаларды ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында гелиоқондырмалар iске қосылды. Кiшi Алматы өзенiнiң оң жағалауында кiшi СЭС-3 құрылысы басталады және Беделбай өзенiнiң жоғарғы жағындағы автокөлiк жолының орнында СЭС-2 құрылысы басталады. Әрқайсысының күшi 300кВт.

Талғар асуындағы әрқайсысының 20кВт болатын 2 үлкен желдi энергиялық агрегат жөндеуден өттi. Осыған байланысты ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемi жылу станцияларымен салыстырғанда бiршама азайып, отынға да үнемдi болады. Ауаға таралатын зиянды заттар көбiне қаланың автокөлiктерi көп орналасқан жерiнде болады. Автокөлiктерден шығатын зиянды заттардың көлемiн азайту мақсатында 2001, 2002, 2003 жылдарда орта есеппен 40млн, теңге қаржы бөлiнсе, соңғы жылдары бұл көрсеткiш он есе өстi. (2001 жылы - 47, 7 млн теңге, 2002 жылы - 34, 4 млн теңге, 2003 жылы - 31, 4 млн теңге бөлiндi, ал 2004 жылы - 231, 9 теңге, 2005 жылы - 343, 8 млн теңге, 2006 жылы - 457, 8 млн теңге)

Қазiргi кезде ТАЖД-ң барлық бөлiмдерi бойынша, 1999-2005 жылдар аралығында табиғатты қорғау шараларына қалалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлiнсе, бұл ТАЖД бағдарламасының қалалық бюджетке қарайтын құрамының 56, 7 пайызын құрайды. Осыған орай, ТАЖД бағдарламасын дамытуда бөлiнген қаржы жетпейдi, сондықтан қала бюджетiнен ғана емес, жеке кәсiпорындардың есебiнен, халықаралық ұйымдарды тартып, әсiресе республика бюджетiнен қаржы бөлiнуi керек. Сондықтан республикалық бюджет комиссиясының қарауына 2007-2009 жылдардағы республикалық бюджет қаржысынан Алматы қаласына төмендегi жобаларға қаржы сұралды.

1. Өнеркәсiп қалдықтарын көму үшiн полигон құрылысына

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік астананың экологиясы
Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Тұрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Қала саябақтары
АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz