Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау



Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко¬номикасының негізі. Соның ішінде, дамыған ел¬дердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо¬миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт¬қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле¬кеттік саясаттың басым бағытта¬рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көр¬сетудің жүйелі іс-қимылдары баян¬дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау

Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел экономикасының негізі. Соның
ішінде, дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта
бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы
алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм
жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары
ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам
тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде
шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие
болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта
бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді.
Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта
кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік
субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол
жеткізілді. Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы
ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және
саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан
Республикасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан
халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске
қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны
одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
қажеттілігінің маңызы мынаған сайып келеді: Еуропаның дамыған елдерінде
шағын және орта кәсіпкерліктің өнімі ішкі жалпы өнімнің 40-60 пайызын
құрайды, ал бізде бұл көрсеткіш 15,7 пайызға тең. Қазір Қазақстанда 455 мың
жеке кәсіпкер, 169 мың фермерлік шаруашылық, 189 671 шағын кәсіпорын
тіркелген. Тіркеуден өткен 189 671 шағын кәсіпорынның жұмыс істеп тұрғаны
- 120 356. Қазіргі таңда шын мәнісінде белсенділік танытып отырған
кәсіпорын саны - 55 865. Осыған қарап-ақ елімізде кәсіпкерлік
субъектілерінің олардың Қазақстан экономикасына қосар үлесі әлі де
мардымсыздау екенін мойындауға тура келеді.
Кәсіпкерлікті қолдаудың мәні Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік
туралы Заңында айқындалған. Аталмыш Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру, Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлік бастаманың жүзеге асуы үшін қолайлы құқықтық,
экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру бойынша мемлекеттік
шаралар кешені.
Жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет
етуіне жалпы жағдай жасау үшін құрылатын немесе әрекет ететін ұйымдар
кешені.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:
▪ жеке кәсіпкерлікті реттеу бойынша заңнаманы жетілдіру;
▪ жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды,
технологиялық парктерді, индустриалды аймақтарды, т.б. жеке
кәсіпкерлік инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;
▪ жеке кәсіпкерлік субъектілерін бюджет қаражаты есебінен оқыту-
әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамсыздандыру;
▪ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттің қаржылық,
статистикалық, материалды-техникалық және ақпараттық ресурстарына,
сонымен қатар ғылыми-техникалық әзірлемелері мен технологияларына
қолжетімділігін қамтамасыз ету;
▪ шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық) және
аймақтық бағдарламаларын әзірлеу;
▪ шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың
оңайлатылған тәртібін орнату;
▪ салық салудың оптималды режимін орнату;
▪ шағын кәсіпкерлікті несиелеу бағдарламаларын қабылдау;
▪ шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қажет инвестицияларды (соның
ішінде шетелдік) тарту мен тиімді пайдаланудың жүйесін құру;
▪ мемлекет қажеттіліктерін өтеу үшін тауарларды (жұмыс, қызметті)
сатып алудың кепілдендірілген мөлшерін қамтамасыз ету;
▪ кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және квалификациясын
жоғарылатуды ұйымдастыру.
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 18-бабы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асырылатындығы айтылған:
▪ мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
мен оларды шешуге байланысты ұсыныстар әзірлеу бойынша ғылыми зерттеу
институттарын құру;
▪ орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының жанынан
экспертті кеңестер жұмысын ұйымдастыру;
▪ жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың қаржылық институттарын құру;
▪ бизнес-инкубаторлар мен индустриалды аймақтардың жұмысын
ұйымдастыру;
▪ ҚР заңдарына сәйкес жер телімдерін, ғимараттарды, кеңселерді сату.
Осы Заңның 19-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
негізгі қағидаттары:
▪ ҚР-да шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
▪ шағын кәсіпкерлікті қолдау кешенділігі;
▪ шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы мен жүзеге асырылатын
шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне қолжетімділігі;
▪ шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту аясындағы халықаралық
ынтымақтастық.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту механизмдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлер одағы қызметiнiң негiзгi бағыттары және проблемалары
Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы
Пәндер