Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің аудиті


Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 681 « Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу » шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар ) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін Қазақстан Республикасы « Еңбек туралы » заңы, қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және тағы басқа басшылыққа алынады.
Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күндегі 681 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 681 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасымен (берілетін) кәсіпорын балансындағысымен салыстыру қажет.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




2. Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің аудиті.

2.1.Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу және еңбекақыдан ұсталымдардың
дұрыстығының аудиті.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің
негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің
сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде
бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 681
Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты бойынша
аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және
еңбекке ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы,
жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар ) уақытша еңбекке
жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті
құжаттар, бұл операцияны реттейтін Қазақстан Республикасы Еңбек
туралы заңы, қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік
ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі
нұсқаулық және тағы басқа басшылыққа алынады.
Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды
тексеруді әр айдың бірінші күндегі 681 шоты бойынша аналитикалық
есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас
кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 681
тізімдемесінің ведомостінің жиынтық сомасымен (берілетін) кәсіпорын
балансындағысымен салыстыру қажет.
Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай-ақ
мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен
салыстыру керек.Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтыру
дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін
есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарына сәйкестігі
тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле
шарттарын қолданудың дұрыстығын, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және
сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың
дұрыстығы тексеріледі.
Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды
тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың
қойылған қолдары бар – жоқтығын,барлық деректердің толтырылу
дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің
бар жоғын тағы басқа анықтайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табельін, сондай еңбекті төлеуді
есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан
шығарылған (жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар-жоқтығын
анықтау қажет.Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап
шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі
жұмысшылардың аты-жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар
туралы мәліметтерімен салыстыру керек.
Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу
жағдайлары бар - жоқтығын, бір адамның аты жөндері бірнеше есептеу -
төлемдік тізімдемелерде (ведомостерде ) қайталануын тексеруде маңызды.
Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген
адамдарға жазылған нарядтарға, сондай – ақ төмен сапамен орындалған
жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар
аударған жөн.
Бастапқы құжаттар мен есептік тізімдемелерде тексергенде
арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:
• төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
• жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша
ақыны рәсімдеу тәртібі;
• құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;
• өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;
• түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;
• жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;
• мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;
• іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған ( еңбек демалысына, жұмыстан
шығу жәрдемақысын төлеу және т.с.с.) жұмыспен өтелмеген уақытқа
төлем есептеу;
• уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;
• жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.
Заңнамаларға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталады : жеке табыс
салығы,зейнетақы қорына аударымдар,бұрын берілген аванс бойынша
берешекті, сондай – ақ арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген
соманы өткізуге,есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге;
пәтерақы,баланың мектепке дейінгі балаларға мекемеде тәрбиеленгені
үшін,еңбеккерлердің кәсіпорынға келтірілген материалдық зиянның орнын
толтыруға; ақшалай начеттар ( заңсыз жұмсаған қаржыны біреудің мойнына
жазу ); кредитке сатып алынған тауарға; газет пен журналдарға
жазылғаны үшін; орындалатын (үкім) құжаттар бойынша, өнім ақауы
үшін.Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбеккерлердің келісімімен ғана
ұсталынады.
Қызметкердің жылдық жиынтық табысының қ±рамына: еңбек ақы табысы жєне
кєсіпкерлік қызметтен тапқан жеке т±лғаның м‰ліктік табысы кіреді. Бірақ та
жиынтық табысқа белгіленген тєуліктік нормамен шектелетін ж±мыскердің іс
сапарына тµленетін тµлем сомасы қосылмайды.
Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының Салықтар және
бюджетке міндетті басқа да төлемдер туралы кодексімен белгіленген
тәртіп пен мөлшерде ұсталынады.

Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.
Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдарды ғана ұстап
қалуға болады.Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның
бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдарға мыналар жатады:
▪ жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома.
▪ Табыс салығы.
▪ Заң, сот оргондарыүкімі қағазы бойынша ұсталынатын ұсталымдар.
▪ Несиеге сатып алған тауарлар, заттар үшін жұмысшылар мен
қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген сомалар.
▪ әр түрлі жарналар төленетін төлемдер.
▪ Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің
жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы
басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аудару.
▪ Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен аванс ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу
Қызметкерлермен есеп айырысу аудитінің теориялық негіздері
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.
Бюджетпен есеп айырысу есебі мен аудиті
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
Дебиторлық борыштар есебінің аудиті
Тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиті
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь