Экология ғылымы, оның міндеттері



Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе табиғи тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс ғалымы Эрнест Геккель (1834—1919).
«Экология» сөзі гректің «ойкос» сөзінен алынып, «қоныс, мекен ететін жер», «тұратын үй» деген мағыналарды білдіреді. Геккельдің пікірі бойынша, экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейді.
Тірі ағзалар белгілі бір табиғи орта жағдайларында ғана тіршілік етуге бейімделген және олардың арасында тығыз үйлесімділік, бір-біріне тәуелділік қалыптасқан. Сондықтан да тірі ағзаларды өздері тіршілік ететін орта жағдайларынан бөліп қарауға мүлде болмайды.

Экология ғылымы, оның міндеттері. Экологиялық факторлар және олардың өзара
ықпалы

Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ
уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және
олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар
өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі
өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде
экологиялық немесе табиғи тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
Экология деген сөзді ғылымға алғаш рет енгізген көрнекті неміс
ғалымы Эрнест Геккель (1834—1919).
Экология сөзі гректің ойкос сөзінен алынып, қоныс, мекен
ететін жер, тұратын үй деген мағыналарды білдіреді. Геккельдің пікірі
бойынша, экология ғылымы тірі ағзалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын
және олардың айналадағы табиғи орта жағдайларымен байланысын зерттейді.
Тірі ағзалар белгілі бір табиғи орта жағдайларында ғана тіршілік
етуге бейімделген және олардың арасында тығыз үйлесімділік, бір-біріне
тәуелділік қалыптасқан. Сондықтан да тірі ағзаларды өздері тіршілік ететін
орта жағдайларынан бөліп қарауға мүлде болмайды.
Экология ғылымының негізгі міндеттеріне ағзалар мен
айналадағы орта арасында болатын өзара қарым-қатынастарды, тығыз
байланыстарды зерттеу жатады. Сонымен қатар, оған тірі
ағзалардың өз ішінде болатын байланыстарды да және айналадағы орта
жағдайларының сол ағзалардың құрылысына, тіршілік әрекетіне, таралуына
және мінез-қылығына тигізетін әсерін анықтау да қамтылады.
Мысалы, Қазақстан жерінің 70%-ке жуығын шөлді және шөлейтті
аймақтар алып жатыр, Ондағы өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін
жануарлар арасында және оларды айналадағы жағдайларының арасында да
өзара тығыз байланыстылықты көруге болады. Бұл аймақта өсетін
сексеуіл, жүзгін, қоянсүйек, қияқ, құмаршық, изен, бүрген, т. б. өсімдіктер
шөлді жердің табиғатына мейлінше бейімделген. Олардың
жапырақтарының пішіні тікенекті — ине тәрізді немесе жапырағы
ұсақ, ал тамырлары өте тереңге таралған. Ал бұл аймақтарда
кездесетін көптеген жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер шөлді жерге
бейімделгені өздеріңе жануартану пәнінен белгілі. Әрбір бірлестіктегі
жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер
популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта
жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де — экологиялық міндеттердің бірі.

Әрбір бірлестік үнемі өзгеріп отыратын және өзін-өзі реттейтін жүйе
болғандықтан, ондағы тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу бағыттары да
үнемі өзгеріп отырады, мұны анықтау да экология міндеттеріне кіреді. Тірі
ағзалардың өздері тіршілік ететін орта жағдайларына геологиялық дәуірлерде
бірте-бірте бейімделгендігін эволюциялық тұрғыдан анықтау да — экологиялық
міндеттерге тиесі мәселе.
Қазіргі таңда халық шаруашылығының кез келген салаларын дамыту үшін
экологиялық білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе ауыл шаруашылығын
дамытуда, өнеркәсіпті өркендетуде және табиғат байлықтарын пайдалану мен
табиғатты көркейту шараларының бәрінде де экология ғылымының көрсетер
көмегі орасан зор. Сондықтан да экология халық шаруашылығының барлық
салаларын дамытуда әрі ғылыми, әрі іс жүзінде негіз болып
саналады.
Экологиялық факторлар. Тірі ағзалардың таралуы негізінен
экологиялық жағдайларға тікелей тәуелді болады. Әрбір орта жағдайы түрлі
ағзаларға түрліше әсер етеді. Сонымен қатар, тірі ағзалардың бір-біріне
әсері және орта жағдайлары мен ағзаларға адамның іс-әрекетінің әсері де
экологиялық жағдайларға жатады. Сондықтан да ағзаларға, популяцияларға,
бірлестіктерге, экологиялық жүйелерге және биосфераға ықпалын тигізетін,
табиғи ортаның әрбір жеке құрамды бөліктерінің жиынтығы экологиялық
факторлар деп аталады.
Экологиялық факторлардың жеке дара ерекшеліктеріне байланысты
олардың үш тобын ажыратады.
Бейбиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты
құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Оған біріншіден, белгілі
бір аймақта тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін
климаттық факторларды (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашынның мөлшері,
ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің
әсері, ауа қысымы, ауаның құрамы) жатқызуға болады,
екіншіден — құрлықта тіршілік ететін ағзаларға топырақтың әсері
(химиялық құрамы, физикалық және механикалық ерекшелігі) жатады;
үшіншіден суда тіршілік ететін ағзалар үшін гидрологиялық
факторлар (судың тұнықтығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы,
қысымның түсуінің өзгеруі, ластануы, т. б.) жатады; төртіншіден
— жер бедерінің әсері (күн сәулесінің түсу ерекшелігі,
беткейдің кеңістігі, т. б.) да жатады.
Биотикалық факторларға ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты
бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады. Оған ағзалардың
өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тіршілікке
көшуі, жыртқыш пен жемтігі, т. б. жағдайлар жатады.
Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі даралар арасында және жеке
популяциялар арасында байқалады. Мысалы, бөкендердің жайылымдардағы
өсімдіктерге әсері, бөкендердің тіршілік үшін бір-біріне өзара
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымының зерттеу объектісі мен міндеттері
Экология ғылым ретінде
Экология ғылымы туралы
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экология даму тарихы
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы экология ғылымының даму тарихы
Экология ғылымы
Экология түрлері
Пәндер