Қазақтың ұлттық спорт түрі. Қазақша күрес



Жоспары:

1. Кіріспе. Қазақша күрес.

2. Негізгі бөлім. Күрес терминалогиясы.

3. Қорытынды. Қазақша күрестің техникасы.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық . Қазақша күрес , көкпар , қыз қуу, бәйге, тағы басқаспорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді .Күні бүгін де олар өздерінің мән - мазмұның жойған жоқ . Қайта партия мен үкіметтің қам қорлығының арқасында жаңарып ,түнрленіп келеді.Оған партия мен үкіметіміздің ұлттық спорт түрлеріндамыту жөніндегі алған дакументері мен саветтік физкультура жүйесіндегі қазақтын спорт түрлерінің алатын орны әбден дәлел бола алады.Өздерінің спорт жолдарын қазақша күрестенбастаған, републикамыздың мақтанышы, СССР-дің, СССР халықтары спратакиясынның,әлем және олимпияда чемпионы Ж .Үшкемпіріп ,сондай-аққазақша күрестен Қазақ ССР-нің чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасындағы Европо чемпионы Қ.Байшолақов, самбодан әлем және Европа чемпионы А.Мұсабековтардың еңбектері куә. Ал А. Ғабсаттаров, К.Байдосов, А.Қазымбетов, Ә .Айханов, С.Өтенов сияқты спортшылар да қазақша күресті дамытуға атсалысқан абзал жандар.
Қазақтың ұлтық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы 1 спортакиядағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс қосты.Әрбір калхоз – савхозда, мектептер мен училищелерде үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, олардың қортындылары шопан тойларында, егін орағының соңында шығарылып отырады.
Партия мен үкіметтің ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қорлығы ұшан–теңіз. Мәселен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министірлер Советінің 1966 жылғы қаулысында ұлттық спорт түрлерін кеңінен өрістету жайы көрсетіледі. Ал 1965 жылы қазақ ССР Министрлер советінің жанындағы физкультура және спорт жөніндегі комитеті қазақша күрес үшін разряд нормалары мен талаптарын жасап,бекіткенді. 1971 жылы осы комитеттің коллегиясы «Қазақ ССР –нің спорт шебері» атағын белгіеді . Ал бәйге, көкбар, қыз қуу, күміс алу сияқты ұлттық спорт түрлері жыл сайын СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізетін ат спорттын Бүкіл одақтық жарысың программасына енгізілген .
Бірақ қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа ұлттық спорт түрлерінде разряд беру талаптарын әлі белгіленген жоқ. Келешекте қазақтың қыз қуу, бәйге, көкбар секілді ат спортына да көңіл аударылғаны жөн сияқты. Сондай-ақ қазақ халқында түйе жарыс та болған.Ол кейбір жерлерде қазіргі кезде де өткізіледі. Болашақта бұған да көңіл бөлінеді деп сенеміз.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде әзірге Одақ көлеміне белгілісі - қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына қарағанда әбден қалыптасқан.
Қазақша күресті жетілдіріп, одақ көлеміне әйгі етуге атсалысқан М. Рақымқұлов Ж.Төлегенов , Ә.Бүркітбаев, Т.Асқаров, Д.Биткөзов, Ж.Сабыржанов, Н.Омаров,Р.Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа болмайды.
Қазақша күрес – көптеген тәсілдер, жасап орындалатын күрес. Оның ережесі бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын қолдануға рұқсат етіледі.Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен ұстап немесе кеудеден қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
1928 жылға дейін күрестің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күші ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Жарыс жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән бүкіл әдіс, тәсілдерді түгелдей қамтыған бірыңғай ереже жарияланды.Ал 1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады. Республика астанасы Алматы қаласында өткізілгене калхозшылардың І республикалық спартакиясында қазақша күрестен алғаш рет салмақ категориясы бойынша (жеңілсалмақ – 65 килограмм,орта салмақ – 76 килограмнан жоғары) жарыс өтті. «Республика чемпионы» деген құрметті атақты салмақ категориялары бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түйменов жеңіп алды.
1939 жылы республика біріншілігінен бұрын облыстарда біріншілік өткізілді. Онда жеңіп шыққандар «Қазақстан чемпионы» атағы үшін күресу правосына ие болды. Содан соң Семей қаласында Қазақстан біріншілігі өткізіліп и, бұл жарысқа Алматы, Павладар, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай обылыстарының палуандары қатысты. 1938 жылы Семей обылысының өкілдері үш салмақ категориясы бойынша да бірінші орын алған болса, бұл жолы «республика чемпионы» деген атақты Құрманбаев (Алматы облысы), Досқалиев (Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар облысы) жеңіп алады. Табанды күрес үстінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев барлық қарсыласын жеңіп, «республиканың абсолюттік чемпионы» деген атаққа ие болады. 1940 жылы бес салмақ категориясы бойынша Республика біріншілігі өтті. Ол салмақ категориялары: аса жеңіл, орта, жеңіл, жартылай ауыр және ауыр салмақ. Республиканың чемпионы атағын осы салмақ категориялары бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мохманов, Жұмабаев жеңіп алады.
Ұлы Отан соғысына байланысты дене шынықтыру жолындағы қозғалыс тежеліп, Қазақстанда бұқаралық спорт жұмысы уақытша тоқтап қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ дене шынықтыру ұйымдарының қызметі түгелдей Отан қорғау ісіне бағытталды. Олар жаппай оқу орындарына халықты әскери дене шынықтыру дайындығынан өткізуге, Қызыл армияның жауынгерлік резервін даярлауға көмектесуге тиісті болды, дене шынықтыру ұйымдарының мүшелері мен спортшылар әскери оқу пунктерінде жауынгерлерді қолма-қол ұрысқа үйретіп, граната лақтырушыларды, шаңғышыларды т.б. даярлады.
Қазақстанның мыңдаған спортшысы дене шынықтыру саласының қызметкері тылдағы жанқиярлық еңбегімен ұрыстарға тікелей қатысуы арқылы жаумен күресуге елеулі үлес қосты.
1944 жылы қазақ халқы азамат соғысының батыры Амангелді Имановтың юбелейін өткізді.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі.

Реферат

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық спорт түрі. Қазақша күрес.

Орындаған:

Қабылдаған:

Жоспары:

1. Кіріспе. Қазақша күрес.

2. Негізгі бөлім. Күрес терминалогиясы.

3. Қорытынды. Қазақша күрестің техникасы.

Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық .
Қазақша күрес , көкпар , қыз қуу, бәйге, тағы басқаспорт түрлері
бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасап келеді .Күні бүгін де
олар өздерінің мән - мазмұның жойған жоқ . Қайта партия мен
үкіметтің қам қорлығының арқасында жаңарып ,түнрленіп келеді.Оған
партия мен үкіметіміздің ұлттық спорт түрлеріндамыту жөніндегі алған
дакументері мен саветтік физкультура жүйесіндегі қазақтын спорт
түрлерінің алатын орны әбден дәлел бола алады.Өздерінің спорт
жолдарын қазақша күрестенбастаған, републикамыздың мақтанышы, СССР-дің,
СССР халықтары спратакиясынның,әлем және
олимпияда чемпионы Ж .Үшкемпіріп ,сондай-аққазақша күрестен Қазақ ССР-
нің чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер
арасындағы Европо чемпионы Қ.Байшолақов, самбодан әлем және Европа
чемпионы А.Мұсабековтардың еңбектері куә. Ал А. Ғабсаттаров,
К.Байдосов, А.Қазымбетов, Ә .Айханов, С.Өтенов сияқты спортшылар да
қазақша күресті дамытуға атсалысқан абзал жандар.
Қазақтың ұлтық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы 1
спортакиядағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс қосты.Әрбір калхоз –
савхозда, мектептер мен училищелерде үйірмелер мен секциялар
ұйымдастырылып, олардың қортындылары шопан тойларында, егін
орағының соңында шығарылып отырады.
Партия мен үкіметтің ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қорлығы
ұшан–теңіз. Мәселен КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министірлер
Советінің 1966 жылғы қаулысында ұлттық спорт түрлерін кеңінен
өрістету жайы көрсетіледі. Ал 1965 жылы қазақ ССР Министрлер советінің
жанындағы физкультура және спорт жөніндегі комитеті қазақша күрес үшін
разряд нормалары мен талаптарын жасап,бекіткенді. 1971 жылы осы комитеттің
коллегиясы Қазақ ССР –нің спорт шебері атағын белгіеді . Ал бәйге,
көкбар, қыз қуу, күміс алу сияқты ұлттық спорт түрлері жыл сайын
СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізетін ат спорттын Бүкіл
одақтық жарысың программасына енгізілген .
Бірақ қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа ұлттық спорт
түрлерінде разряд беру талаптарын әлі белгіленген жоқ. Келешекте
қазақтың қыз қуу, бәйге, көкбар секілді ат спортына да көңіл
аударылғаны жөн сияқты. Сондай-ақ қазақ халқында түйе жарыс та
болған.Ол кейбір жерлерде қазіргі кезде де өткізіледі. Болашақта бұған да
көңіл бөлінеді деп сенеміз.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде әзірге Одақ көлеміне
белгілісі - қазақша күрес. Соған орай спорттың бұл түрі басқаларына
қарағанда әбден қалыптасқан.
Қазақша күресті жетілдіріп, одақ көлеміне әйгі етуге
атсалысқан М. Рақымқұлов
Ж.Төлегенов , Ә.Бүркітбаев, Т.Асқаров, Д.Биткөзов, Ж.Сабыржанов,
Н.Омаров,Р.Сапарғалиев сынды спортшылар есімдерін мақтанышпен атамасқа
болмайды.
Қазақша күрес – көптеген тәсілдер, жасап орындалатын күрес. Оның ережесі
бойынша самбоның, еркін және классикалық күрестің кейбір амалдарын
қолдануға рұқсат етіледі.Мұнда белбеуден қос қолдап, бір қолмен
ұстап немесе кеудеден қолдан, киімнен ұстап лақтыруға болады.
1928 жылға дейін күрестің бірыңғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін
палуандардың салмағы ескерілмеді. Сондықтан көбінесе қарсыласынан күші
ғана емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Жарыс
жергілікті жерде ежелден қабылданған немесе алдын ала келісілген
шартқа сәйкес ереже бойынша өткізілді. 1928 жылы қазақша күреске тән
бүкіл әдіс, тәсілдерді түгелдей қамтыған бірыңғай ереже жарияланды.Ал
1938 жылы Қазақстанда спорттық ірі жарыстар өткізіле бастады.
Республика астанасы Алматы қаласында өткізілгене калхозшылардың І
республикалық спартакиясында қазақша күрестен алғаш рет салмақ
категориясы бойынша (жеңілсалмақ – 65 килограмм,орта салмақ – 76
килограмнан жоғары) жарыс өтті. Республика чемпионы деген құрметті
атақты салмақ категориялары бойынша Семей облысының өкілдері С.
Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түйменов жеңіп алды.
1939 жылы республика біріншілігінен бұрын облыстарда біріншілік
өткізілді. Онда жеңіп шыққандар Қазақстан чемпионы атағы үшін күресу
правосына ие болды. Содан соң Семей қаласында Қазақстан біріншілігі
өткізіліп и, бұл жарысқа Алматы, Павладар, Семей, Оңтүстік Қазақстан,
Батыс Қазақстан және Қостанай обылыстарының палуандары қатысты. 1938
жылы Семей обылысының өкілдері үш салмақ категориясы бойынша да
бірінші орын алған болса, бұл жолы республика чемпионы деген атақты
Құрманбаев (Алматы облысы), Досқалиев (Батыс Қазақстан), Мусин (Павлодар
облысы) жеңіп алады. Табанды күрес үстінде Батыс Қазақстан облысының өкілі
Досқалиев барлық қарсыласын жеңіп, республиканың абсолюттік чемпионы
деген атаққа ие болады. 1940 жылы бес салмақ категориясы бойынша Республика
біріншілігі өтті. Ол салмақ категориялары: аса жеңіл, орта, жеңіл, жартылай
ауыр және ауыр салмақ. Республиканың чемпионы атағын осы салмақ
категориялары бойынша Байдәулетов, Құрманбаев, Төлегенов, Мохманов,
Жұмабаев жеңіп алады.
Ұлы Отан соғысына байланысты дене шынықтыру жолындағы қозғалыс тежеліп,
Қазақстанда бұқаралық спорт жұмысы уақытша тоқтап қалды. Соғыстың алғашқы
күндерінен бастап-ақ дене шынықтыру ұйымдарының қызметі түгелдей Отан
қорғау ісіне бағытталды. Олар жаппай оқу орындарына халықты әскери дене
шынықтыру дайындығынан өткізуге, Қызыл армияның жауынгерлік резервін
даярлауға көмектесуге тиісті болды, дене шынықтыру ұйымдарының мүшелері мен
спортшылар әскери оқу пунктерінде жауынгерлерді қолма-қол ұрысқа үйретіп,
граната лақтырушыларды, шаңғышыларды т.б. даярлады.
Қазақстанның мыңдаған спортшысы дене шынықтыру саласының қызметкері тылдағы
жанқиярлық еңбегімен ұрыстарға тікелей қатысуы арқылы жаумен күресуге
елеулі үлес қосты.
1944 жылы қазақ халқы азамат соғысының батыры Амангелді Имановтың юбелейін
өткізді.
Батырды еске алу ретінде спорттың ұлттық түрлерінен, соның ішінде қазақша
күрестен де жаппай жарыс өткізілді.
Фашистік Германия тізе бүкеннен кейін еліміз қирағңан шаруашылықты қалпына
келтіруге кірісті. Бұған бүкіл халық болып жұмсалды. Сонымен қатар партия
мен үкімет елімізде спортты дамытуға үлкен көңіл бөлді. Әрбір мерекені,
әрбір тойды қазақ халқы да ұлттық ойндар өткізе отырып қарсы алды. Фашистік
Германияны жеңу бүкіл халықтық мереке еді. Соған орай соғыстың аяқталған
құрметіне 1945 жылы майда Қазақстанның колхоздары мен совхоздарында қазақша
күрестен жаппай жарыстар өткізілді.
1945 жылы Республиканың спорттық өмірінде спорттың ұлттық түрлерімен
айналысу жөніндегі жұмыстардың кеңінен өріс алған жылы болды. Спартакияда
программасына ұлттық қазақша күрес те енгізілді. Мысалы 1946 жылғы Жамбыл
Жабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған спартакиядаға ұлттық күрес
кірді. Ұлы ақын атындағы арнайы жүлделерді Медібаев, Күнібаев, Аманов жеңіп
алды.
1948 жылы ВКП(б) орталық комитетінің партия мен үкіметтің елімізде дене
шынықтыру қызметін жаппай дамыту және совет спортшыларының шеберлігін
арттыру жөніндегі комитеттің орындау барысы туралы тарихи қаулысы
жарияланады. Ол қаулыда ВКП(б) Орталық комитеті елімізде дене шынықтыру мен
спортты дамытудағы негізгі кемшіліктердің бетін ашып, одақтас
республикаларды дене шынықтыру жолындағы қозғалыстың өрлей түсуіне ықпал
етті.
1952 жылы Түркіменстан астанасы Ашхабатта Орта Азия Республикалар мен
Қазақстанның кезекті спартакиядасы өткізілді. Оның программасында ұлттық
күресте жарыс өткізуде көзделеді. Бес республиканың ұлттық күрес жөніндегі
жарысы ережелерінің негізіне күрестрің классикалық түрлерінің ережелеріне
жақын тұрғандықтан, қазақша күрес ережелері алынды.
Жарыс сегіз салмақ категориясы бойыынша алынды.Семей обылысынан
Байбатыров (жеңіл салмақ ) , Қарағандылық Сәлімбаев спартакияда
чемпионы атанды.
ВКП(б) Орталық Комитетінің жоғарыда аталған тарихи қаулысының негізінде
республикалық және облыстық спорт комитеттері спорттың ұлттық түрлерін
дамытуға үлкен көңіл бөлді.Мысалы,1953-1954 жылдары қазақша күрестен
өткізілген жарыстарды талдау бұқаралығы жағынан да, техникалық
жарақтандырылуы мен тактикасы жағынан да оның күрестің классикалық
түрлеріне жақындағанын көрсетеді. 1955 жылы қазақша күреске сегіз салмақ
категориясы енгізіліп ,алғаш рет одан өткізілетін жарыстың ережелері
жарияланды.Алғашқы ресми ережелердің авторы қазақша күресті дамытудың
жанашары Мұзафар Рахымқұлов болды.
1959 жылы СССР халықтары екінші спартакиядасы өтті. Сол кезде
Москвада ұлттық күрес түрлері жаттықтырушылары мен спортшыларының
Бүкілодақтық семинары болды.
Оған одақтық және автономиялық республикалардың күрес жөніндегі жиырмадан
астам өкілі қатысты. Онда басқа ұлттық күрес пен қатар қазақша күрес
ережелері де талқылананады.
1964 жылы Қайрат ерікті спорт қоғамы орталық советінің қазақ палуаны
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жеке командалық котегориясы бойынша чемпион
атағы сарапқа салынды. 52 килограмға дейінгі салмақта еркін күрес шеберіне
кандидат Орынбеков Шымкент чемпион болды. Ол төрт кездесу өткізіп
бәрінде жеңіске жетті. Семейлік Р. Берікболовтың да жұлдызы жанып 57
килограмға дейінгі салмақта Бөкенаев Қарағанды жеңіске жетті, бұрын аты
шықпаған Семейлік Сақаев 67 килограмға дейінгі салмақта еңбек тұғырға
көтерілді. Ол еркін күрестің шебері А.Қазымбетов және самбодан СССР спорт
шебері Д.Биткөзов сияқты белгілі палуандарды ұтты.73 кг ға дейінгі салмақта
Оралдық Бейсенов, 79кг ға денйінгі салмақта Семеилік Арғынов жеңіске
жетті. Шымкент қаласының намысын қорғаған Қонақбаев 87 кг ға дейінгі
салмақта чемпион атанды.Қажымұқан атындағы бас жүлдені қазақтың белгілі
палуаны, халықаралық жарыстардың жеңімпазы, еркін күрестен СССР чепмпионы
Әбілсейт Айханов жеңіп алды.Командалық есепте бірінші орына Семей (16
ұпай) екінші орынға Шымкент (22 ұпай), үшінші орынға Қарағанды (29 ұпай)
облыстары шықты.
1965 жылы Қайрат ерікті спорт қоғамының орталық советі Шымкент облысының
Темірлан селосында таыда біріншілік өткізді. Бұл жолы бірінші орынды
Алматылықтар жеңіп алды.Табан тірескен бәсекеде екінші орынға өткен жылғы
чемпионд үшінші орынға тағы да Қарағандылықтар шықты салмақ категориялары
бойынша Керімбаев,Ұртбаев
(Семей),Айберов,Непинов(Шымкент),Ра хинов,Алдырбаев,Еркінов және Райымбеков
(бәрі де Алматы) чемпион атанды. 1968 жылдың жеке командалық біріншілігі
Қайрат ерікті спорт қоғамы Орталы бірінші спартакиядасы программасы
бойынша өтті. Жарысқа 14 облыстан жүзден астам спортшы қатысты. Салмақ
категориялары бойынша Керімбаев(Семей),Смағұлов(Алматы),И зотов,Семей
Сейсенбаев(Семей), Қалдарбеков (Шымкент), Еркінов (Алматы), Зиновьев(Шығыс
Қазақстан),чемпион атанды. Сол 1968 жылы қазақша күрес Көкшетау облысының
Қызылту поселкесінде өткізілген колхоздар мен совхоздардың бүкіл
қазақстандық ойынының программасына енгізілді.Жарысқа облыстардың 15
командасы қатысты.Сонымен қатар Қазақ ССР-туғанына 100 жыл толуы құрметіне
барлық облыстар мен аудандарда спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар
өткізілді.

Қайрат ерікті спорт қоғмының Орталық Советі 1970 жылдың
сәуірде қазақша күрестің жаттықтырушылары мен мамандарының семинарын
өткізді.Оның програмасына жаттықтырумен үйрету методикасын,оқу-
жаттығу процесін жоспарлу мәселелері енгізілді, сондай – ақ жаңа
ережелер талқыланды.
Қазақтың әйгілі палуандары Сәлімбаев, Бақижанов, Татиев
(Қарағанды), Сәдуақасов (Семей), Бәшіров (Алматы), Досқалиев (Шығыс
Қазақстан) Құлжанов(Талдықорған), қазқша күресті жетік білетін
жатықтырушылар М.Рахыиқұлов, Ж.Әкенов, В.Корпец, Р.Ильмат күрестің
техникасына, қазақтың ұлттық күресін кеңінен тартатуға үлкен қосты.
Әсіресе, СССР – дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы П.Ф.Матущек қазақша
күрестің қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді.
1970 жылы Қазақстанының 50 жылдығына арналған мерекелік
спартакияда программасына қазақша күресте кірді.Жарыс Семей қаласында
өткізілді, оған республиканың 15 обылысының және Алматы қаласының
ккамандалары қатысты. Жарыс екі кіші топ бойынша өтті.Әр кіші топқа 8
команда кірді.Салмақ категориялары бойынша Сарбаев, Омарбаев, Ысқақов
(үшеу іде Алматы), Мүсіров(Семей),Шалқыбеков (Қарағанды),

Шираманов (Алматы) чемпионы атанды.
Қазақ ССР Минестерлер Советі жанындағы физкультура және спорт
комитеті коллегиясының 1971 жылғы 27 қаңтарда қаулысы бойынша курестен
Қазақ ССР спорт шебері деген атақ енгізіліп, куәлік және Қазақ ССР спорт
шебері деген значок берілетін болды. Мұның да спорттың көпшілік ұнататын
түрінің дамуына елеулі ықпалы тиді.
Қазақша күресті одан ары дамытып, кеңінен тарату ісінде Қазақ ССР
Минестерлер Советі жанындағы физкультура және спорт комитеті коллегиясының
1972 жылы 3 желтоқсандағы қауылысының алатын орны ерекше. Ол каулыда
коллегия халық деппутаттарының облыстық,калалық және аудандық Советтерінң
жаннындағы дене шынықтыру және спорт комитеттерінің, ерікті спорт
қоғамдарының аудандық Советтерінің назарын спорттың ұлттық түрлерін дамыту
жөніндегі жұмыстарының қанағаттанғысыз жүргізіп келе жатқандығыны аударды.
Ол Республикада бұл жұмысты жақсартудың нақты шараларын жасып, жүзеге
асыроуды ұсынады. Коллегия республикалық ерікті спорт қомандарының Орталық
Советтерін және ведомстволарды, облыстық спорт комитеттерін жыл сайын
жергілікті жерлерде спорттың ұлттық түрлерінен жарыстар өткізіп отыруды
және республикалық жарыстармен спортокиялардарға қатынасып отыруды
мінеттеді.
Қазақ ССР Минестерлер Советінің жанындағы физкультура және спорт
комитетінің спорттың қолданбалы түрлері жөніндегі бөліміне Қазақ СССР Ауыл
шаруашылығы министрлігі және Қайрат ерікті спорт қоғамының орталық
Советімен бірлесе отырып, спорттың қлттық түрлерін жергілікті жерлерде
насихаттап тарату жөніндегі ұйымдастыру және жүргізу мәселелері жайлы
жиындар, семинарлар өткізіліп отыру ұсынылды. Денешынықтыру және спорт
жөніндегі облыстық комитеттерге де облыстық ерікті спорт қоғамдары мен
бірлесе отырып осындай жиындар мен семинарларды дайындап өткізу тапсырылды.
Мұнымен қоса Қазақ СССР Министрлер Советінің жанындағы физкультура тжәне
спорт комитеті ерікті спорт қоғамдарының республикалық советтерін,
Қайрат ерікті спорт қоғамының Орталық Советін, облыстық және аудандық
советтеріне тиісті жарыстарды жүйелі түрде өткізіп отыруға спорт
секцияларын ашып, жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлауға, республика
біріншілігінде жеңіске жеткендерге спорт шебері деген құрметті атақты
міндеттеді.
1973 жылы Қазақстанның құрамы командасы Орта Азия республикалары
мен Қазақстанның Ташкент қаласы өткен дәстүрлі біріншілігіне қатысты. Тек
өзбек СССР – нің құрама командасынан 6:4 есебімен ұтылып, біздің команда
екінші орын алды. Спортшеберлері М. Аманбаев (48 кг) Алматы, Р. Сапарғалиев
62 кг Семей чемпионы болды. Қазақ СССР министрлер советі жанындағы
физкультура және спорт жөніндегі комитет 1974 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм
ауданы Фурмановка селосының саласында екі мәрте социалистік Еңбек Ері
Жазылбек Қуанышбаев атындағы жүлде үшін қазақша күрестен республикалық
жұмыс өткізуі керек деп бекітті. Сөйтіп, мұнда жыл сайын күш сынасу үшін
Орта Азия республикаларынан Қазақстанның облыстарынан палуандар жиналды.
Бұл жарыс қазақша күрестің Жамбыл облысында дамуына үлкен ықпал етті. Осы
облыстың палуандары командалық есепте республикада ұдайы жүлде алып келеді,
ал Н. Жармұхамбетов, А. Мұсабеков – қазақша күрестен Қазақ ССР-нің спорт
шебері және самбодан СССР спорт шебері, СССР біріншілігінің жүлдегерлері.
Қазақ физкультура институтында 1970 жылы алғаш рет спорттың осы
түрінен мамандар даярлау мақсатында қазақша күреске мамандандыру енгізілген
болатын. 1983 жылға дейін институт жалпы саны 90 адамды даярлап шығарды.
Олардың жартысынан астамының қазақша күрестен Қазақ СССР-нің спорт шебері
деген атағы бар.
Институт қабырғасында көптеген спортшылар өте жоғарғы нәтижелерге
жетті. Мысалы, М. Амнбаев (48 кг)оқыған кезде Орта Азия республикалары мен
Қазақстанның екі дүркін чемпионы, А. Рақымжанов (70 кг) Қазақ СССР-нің 1976
жылғы, Б. Жүнісов (70 кг) 1975 жылы екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж.
Қуанышбаев атындағы жүлде үшін Республикалық жарыстың чемпионы болды.
Сол жылдары Орал облысының Каменка селосында қазақша күрестен Совет
Одағының Батыры Жақсығұлов атындағы жүлде үшін Республикалық жарыс
өткізілетін болып есептелді. Бұл жарыс бірнеше жыл бойы дәстүрлі түрде
Қазақстанның облыстары мен одақтас республикалардың қоғамдық командалары
қатысуымен өтіп келеді.
1970 жылы Ұлы Октябрь социалистік революцияның 60 жылдығы құрметіне
Москва қаласындағы спорт сарайында көрсету мақсатында көркем - спорт
мерекесі өткізілді. Бұл көрсету жарыстарында Қазақ СССР-нің ұлттық күрес
өкілдерінен Қазақ СССР-нің спорт шеберлері, Қазақ физкультура институтының
студенттері Д. Байжігітов пен Б. Абдуллаев өнер көрсетті.
Ол қазақша күреске маманданып жүрген болатын. Осы көрсетуде қазақ
және молдаван палуандары жоғары баға алды.
1973 жылы қазақша күрестің жарыс ережелері жарыққа шықты. Авторлар М.
Тәнекеев, П. Матучак, С. Сатыбалдаев қазақша күреске маманданып жүрген
физкультура студенттері үшін программа жазып жариялады. 1973 жылы Ү.
Жолымбетовтың редакциялауымен қазақ тілінде қазақша күрес атты
кітап шығарылды. Қазақ физкультура институтының тақырыптық жоспарларында
қазақша күрестің оқу және жаттығу процестерін жетілдіру туралы мақалалары
жарияланды. 1978 жылы қазақ физкультура институтында қазақша күрестен
жарыс өткізу деген оқулық жарыққа шықты. 1980 жылы қазақтың ұлттық спорт
түрлерінен өткізілетін жарыстың ережелері жарияланды, онда спорттың
түрлерімен қоса қазақша күрестің ережелері де берілген. Ол ережелерді қазақ
СССР министрлер советінің жанындағы физкультура және спорт комитеті
бекіткен.
Күрес тәсілдерін квалификациялау барлық белгілі әдістерді ортақ белгілеріне
қарай топқа бөлуге болады.
Жүйелеу – тәсілдердің әр түрлі топтарының арасындағы байланыстар мен
өз - ара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежесіне, құрылымының
күрделілігіне, белгілеріне қарай бірінен соң бірін орналастыру.
Терминалогия – педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайдаланатын
қазақша күреске тән атаулар (терминдер).
Классификациялау , жүйелеу және терминалогия оқытушыларға
педагогикалық процесті тәртіпке келтіруге көмектеседі.
Жүйелеу – классификациялау негізінде жүргізіледі. Ол жаттықтырушының
күрес техникасы, топтармен амалдар арасындағы өз- ара байланыс жөнінде
жаттықтырушыларға түсінік беруге көмектеседі. Бұл балаларды дәйекті
түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді.
Қазақша күресті классификациялау негізінде қарсыласпен күрескен
кезде қолданылатын және жарыс ережелеріне рұхсат етілген амалдар
алынған.
Қазақша күрес техникасындағы кейбір түсініктерді анықтау.
Күрес техникасы дегеніміз палуанның жеңіске жетуі үшін
қолданылатын және әрекет ету ережелерінде рұқсат етілген амалдар
жиынтығы.
Түрегеліп күресу техникасы – тұрып күрескенде қолданылатын
амалдар.
Ұстасу – қолмен орындалатын әрекеттер , палуан шабуылдау,
қорғану несе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір
жерінен ұстай алады.
Бір жақты ұстасу – оң қолымен қарсыласының оң қолынан (сол
қолымен сол қолынан) ұстау.
Әр жақты ұстау – оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол
қолымен оң қолын) ұстау.
Ырғақ – білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап
ілмектеп, құлыптап, бір – бірімен ұстастырады.
Шалу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының
денесінің қандайда да болмасын бір бөлігін ұстап,

Ілу – аяқпен жасалатын қимыл. Бұл кезде палуан қарсыласының денесінің
қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай
тартады.
Орау- аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап,
оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен
және табанымен аяғынан іледі.
Қағу – аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы
қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.
Көтере қағу – аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын
аяғынан бірдей артқа көтнре қағады.
Тізеден қағу – аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге
тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.
Көтере итеру – аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе
жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.
Адымын айқастыру – қарласының жанынан немесе артына шығу мақсатымен
палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.
Еңкею – денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.
Тікею – денені горизонталь күйден тік күйге келтіріп қозғалу.
Шалқаю – денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.
Айналу – артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: палуан
шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетін болып айналады.
Жұлқу – палуан қарсыласын қатты тартып қалады (жұлқиды).
Итеру – палуан өзінен қарсыласын ары қарай немесе қапталға қарай
итереді.
Әдіс – палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу
немесе оны жеңу амалы.
Қорғану – қарсыласының шабуылын палуанның тойтаруына мүмкіндік
беретін әрекеттері.
Қарсы әдіс [амал] – қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын амал.
Лақтыру – қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе
кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.
Жығу – түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай – ақ
кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.
Арқадан асыра лақтыру – қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң
еңкею немесе алға қарай құлау арқылы орындалады.Айнала берген кезде еңкейе
қалу бұл әдістің негізгі элементі болып табылады.
Шалқайыр лақтыру – шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі
элементі – денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.
Еңкейіп лақтыру – кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты
кілемнен көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге итеріп түсіру жлымен
орындалады.
Ілу – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан
бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады.
Сүріндіру – лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан
қпрсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.
Иықтан асырып лақтыру – палуан арқасын беріп денесін айналдырып барып,
қарсыласын иығынан асырып лақтырады.
Орау – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан
өз аяғымен орап алып жығады.
Тактикалық даярлық амалдары – палуанның шабуылдау немесе қарсы
шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері.
Барлау – палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін
тактикалық әрекеттері.
Бүркемелеу – палуанның қарсыласын шын олйын жасыру үшін жасайтын
әрекет.
Қауіп төндіру – палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін
тактикалық әрекет.
Жалған әрекеттер – ақырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті
қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар, ұстау, жұлқу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресі
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Қазақша күрес туралы
Қазақтың ұлттық спорт түрі. Қазақша күрес туралы
Қазақша күрестің жаттығу методикасы
Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі
Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
Пәндер