Мұхтар Әуезов өмірбаяны



Мұхтар осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде 1897 жылғы 28 қыркүйекте туған. Оның арғы атасы Бердіқожа Орта Азиядан XIX ғасырда тобықты еліне көшіп келіп, осы жерге сіңіп кеткен. Ол кісі мұнда кожалығын жасап, елдің қадірлі адамына айналыпты.
Бердіқожа Құнанбайдың замандасы болған адам. Әрі үлкен қожа-молла, әрі өзінің тұстасы болғандықтан Құныкең бұл кісіні қатты қадірлеп сыйлап, оны өзінің ақылдас адамы деп білген. Бұған үлкен бір дәлел — Мұхтардың "Абай жолының" бірінші кітабындағы оқиға. Онда Құнанбай Бөжеймен араздасып, Бөжей арызбен Қарқаралыға барғанда, артынан көп адамды ертіп Құнанбай да сол жаққа жүреді. Сонда ол Бердіқожаны да ақылшы ретіңде Қарқаралыға ертіп барады.
Бердіқожадан бес ұл туады. Ең үлкен баласы — Үсен. Одан кейінгілері Бурахан, Әуезхан (Әуез), Кеңесхан, Самархан. Үлкен бала Үсеннен Құлжан, Әлихан, Исахан ту¬ады. Үсекеңнің өзі атақты палуан болған деседі. Менің білуімше, сол Үсеннен қазір ешбір тұқым қалмаған сияқты. Ал Бураханнан Қожабырхан дүниеғе келеді. Ол денелі, ұзын бойлы, аса палуан адам екен. Соңдықтан да оны Құнанбай өз жанына серік етіп ұстаған. Құныкең 60-қа келгенде Бердіқожаның кенже қызы Нұрғанымды алуына осы Қожабырхан себеп болады. Осы оқиға жөнінде Мұхтардың "Абай жолының" екінші кітабында толық жазылған.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мұхтар Әуезов

Мұхтар осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының
ішінде 1897 жылғы 28 қыркүйекте туған. Оның арғы атасы Бердіқожа Орта
Азиядан XIX ғасырда тобықты еліне көшіп келіп, осы жерге сіңіп кеткен. Ол
кісі мұнда кожалығын жасап, елдің қадірлі адамына айналыпты.
Бердіқожа Құнанбайдың замандасы болған адам. Әрі үлкен қожа-молла, әрі
өзінің тұстасы болғандықтан Құныкең бұл кісіні қатты қадірлеп сыйлап, оны
өзінің ақылдас адамы деп білген. Бұған үлкен бір дәлел — Мұхтардың "Абай
жолының" бірінші кітабындағы оқиға. Онда Құнанбай Бөжеймен араздасып, Бөжей
арызбен Қарқаралыға барғанда, артынан көп адамды ертіп Құнанбай да сол
жаққа жүреді. Сонда ол Бердіқожаны да ақылшы ретіңде Қарқаралыға ертіп
барады.
Бердіқожадан бес ұл туады. Ең үлкен баласы — Үсен. Одан кейінгілері
Бурахан, Әуезхан (Әуез), Кеңесхан, Самархан. Үлкен бала Үсеннен Құлжан,
Әлихан, Исахан туады. Үсекеңнің өзі атақты палуан болған деседі. Менің
білуімше, сол Үсеннен қазір ешбір тұқым қалмаған сияқты. Ал Бураханнан
Қожабырхан дүниеғе келеді. Ол денелі, ұзын бойлы, аса палуан адам екен.
Соңдықтан да оны Құнанбай өз жанына серік етіп ұстаған. Құныкең 60-қа
келгенде Бердіқожаның кенже қызы Нұрғанымды алуына осы Қожабырхан себеп
болады. Осы оқиға жөнінде Мұхтардың "Абай жолының" екінші кітабында толық
жазылған.
Енді Әуезханға (Әуез) келелік. Ол кісі Бердіқожаның басқа балаларынан
да абыройлы, оқымысты болады әрі өзі Абайдың замандасы, көзі ашық, көңілі
ояу жан еді. Соңдықтан әкесі Бердіқожа қайтыс болғаннан кейін Әуез қожа
деген атақ алып, жас қезінде Абай ауылының балаларын оқытқан. Содан бертін
келе өз үйінде отырып өз немере, шөберелері мен қыздарына дәріс берген. Бұл
кісіні білетін көнекөз қариялар ол аса тоқтамды мінезді, ақыл ойлы, сонымен
бірге қатал мінезі де бар адам еді деседі. Әуез шежіре жазып, кейбір
кездерде Абайдың акылдасатьш және оның ақылын тыңдайтын дос-жар қісісі
болған. Аталарымыз Әуездің бірінші әйелі Дінасыл найман руынан дегенді
айтушы еді. Өз елінде абыройы бар Оспан деген адамның қызы Дінасалдан
Омархан туады. Омархан Әуездің осы бәйбішесінің ең үлкен және жалғыз
баласы. Ал екінші әйелі Сақышты ол Дінасыл өлгеннен кейін Абайдың
айтуымен алған. Бұл кісінің әке-шешесі Құнанбайдың үлкен үйінің қара
шаруасын істеп күн көрген адамдар екен. Сол Сақыштан бес еркек бала,
бір қыз туады. Оның ең үлкені — Арымбек. Одан кейінгілері:
Қасымбек, Ағзам, Ахмет, Ғазиз. Қыздан — Райхан. Солардың ішінде тоқалдан
туған балалардан бір жылы дүниеге , келген Қасымбек Семейдегі медіресені
Мұхтардан ертерек оқиды да, оны бітіргеннен кейін орыс мектебі мұғалімдер
семинариясында білім алып жүргенде Мұхтарды ең алдымен медіреседе оқытып,
содан кейін бес кластық училищеге түсіруге себепкер болады. Қасымбек 1915
жылы ауырып қайтыс болған. Хо-о-ш, жоғарыдағы әңгімемізге қайтып
оралайық. Омархан қиылған қара қөзді, томпақ бетті, дөңгелек
мұрынды, аса сымбатты сұлу кісі екен. Ат жалын тартып мінген соң Әуез бұл
баласын өзімен бірге ертіп жүріп ел танытқан. Омархан сондай зейінді,
сөз тауып айтқыш, пысық болған.
Кенже інісі Самарханды Әуез әкесі Бердіқожаның басқа балаларынан гөрі
өзіне ерекше бауыр тартады. Сөйтіп, қыста қыстауын, жазда жайлауын бөлмей,
Омархан екеуін аға-іні сияқты етіп тәрбиелейді. Сондықтан да Самархан Семей
қаласында сауда істеп жүргенде інісі Омарханды өзімен ертіп жүріп, қаладағы
ел-жұртқа үйір қылған.
Самархан Семейде ірі сауда істейтін Сәбікей деген өзбекпен таныс болған
адам. Ол оның Мұқаш, Рахымжан атты балаларымен дос жар болып жүріп сол
Сәбікейдің Мәдине деген қызын айттырып алады. Осы кезде Омархан Сәбікеймен
бірігіп Алматы қаласына кіре тартуды ойла-стырады. Сөйтіп, 20—30 ат арбамен
шілде айында Жетісуға келіп жатып, күзде Семейге алма әкеліп сататын
болады. Осы сауданы істеп жүріп ол Алматыдағы ірі шаруашылығы бар Әбсемет
деген қазақпен танысып, сол арқылы көп пайдаға батады. Екі-үш жылдан кейін
Әбсеметтің Нұржамал деген қызын айттырып, елге алып қайтады. Нұржамал қара
торы, келбетті келген сұлу әйел еді. Бұл кісі үш қыз туған. Орталарындағы
ұлдан жалғыз Мұхтар болатын. Жазушының "Абай жолындағы" Әбдірахман
Алматыдағы әскери қызметте жүріп ауырғанда Әбсеметтің үйінде жататыны бар
ғой. Міне, Мұхтар ол эпизодты жоғарыдағыдай құдандалық себепке негіз
етіп алған.
Омарханды баулып өсірген ағасы Самарханның әйелі Мәдинеден Разақ пен
Зура туады. Омархан ағасы қайтыс болғаннан кейін жеңгесі Мәдинені алып,
әкеден жастай қалған екі баланы ешкімнен кем қылмай тәрбиелеп
өсіреді. Әкесінің інісі қайтыс болғаннан кейін Разак Әуез қожаның үлкен
үйіне ие болып қалады да Омарханнан қалған Мұхтар, Біләл, Үмияны тәрбиелеу
міндетін өз мойнына алады. Омархан көзі тірісінде өзінің пысық, еті тірі
болғандығының арқасынада ортадан жоғары шаруаға келіп жеткен еді. Бірақ
1912-ші ақ тышқан жылы Әуездің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
М.Әуезовтің Абайтану саласындағы ғылыми еңбегі
Абайтану ғылымы
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Абай мұрасын зерттеу
М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі
Пәндер