Объектілі бағдарланған программалау



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. TURBO PASCAL ПРОГРАММАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1.Turbo Pascal программасына қысқаша түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Программа туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Программаның сипаттаулар бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ. ОБЪЕКТІЛІ БАҒДАРЛАНҒАН ПРОГРАММАЛАУ
2.1 Объектілер және оларды программада пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Графикалық объектілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ІІІ. ЕСЕПТЕР БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Паскаль тілін 1968 -1971 жылдары Швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең тарлған. Фортран тілдеріне қарағанда, жетілідірілген, жұмыс істеуг ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьтерлер осы тлде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьтерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Бұл тілде жазылған прогрмма компьтерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орынджалады. Осы сәтте компьтерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі - алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған прогрмма арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделді. Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған. Енді осы тілдің мүмкіндіктеріне тоқталып өтейік. Паскаль тілінің негізгі элементтері: Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тіліндегі программа жеке – жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады. Бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталытын оның тақырыбына тұрады. Одан кейін программаныі ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы – айналымдар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке – жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шарқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанатын цикл немесе қосымша программа (подпрограмма, процедура) түрінде орындалады. Деректер -сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар тағы басқа осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері . Дерек енгізу –бастапқы деркетерді пернақтадан , дискіден немесе енгізу –шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады . Операциялар немесе амалдар –берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өндеу салысьтыру оперияларын орындайды Нәтиже алу (шығару) –аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге енгізу немесе шығару порттарына жазу.
1. Бөрібаев Б. Р.М.Дүзбаева , А.М.Махметова. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Есептер мен жаттығулар жинағы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу құралы. Алматы «Мектеп» 2005:-104 бет. 2. Дәулетқұлов А.Б., С.С.Алғазы. Паскаль тілінде программалау негіздері:Алгоритмдеу және программалау. Методикалық құрал.-Алматы: ЖТИ, 2005-154 бет. 3. Есипов Е. Информатика. СПб., 2001. 4. Информатика 7. Ермеков Н. Стифутина Н. 5. Информатика. М.Қ. Байжұманов., Л.Қ. Жоспарбаев 6. Интернет сайт WWW.RAMBLER.RU 7. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2006. 8. Камардинов О. Есептеуіш техника және программалау. Алматы: РБК,1997. 9. Камардинов О. Информатика. Бірінші бөлім. Шымкент, 2000. 10. Камардинов О. Информатика. Екінші бөлім. Шымкент, 2000. 11. Камардинов О. Сараптаушы жүйелер, Пролог. Шымкент, 2003. 12. Кирнос.В.Н. Язык Паскаль и численные методы. Учебное пособие для студентов технических специальностей ВУЗов. Кокшетау 2004. Изд. Келешек. 254 стр. 13. Макарова и др. Информатика: Учебник. М., 2001. 14. Науысбеков Б.Қ, Е.Қ .Балапанов, К.З.Халықова, А.Б.Дәулетқұлов. Паскаль тілінің негіздері. Әдістемелік құрал. Алматы: Рауан, 1998-128 бет. 15. Попов.В.Б Турбо Паскаль. Для школников. М:. «Финансы и статистика» 2001. 528 стр. 16. Рашбаев Ж.М. Функция,процедура және рекурсия.Әдістемелік нұсқау-Атырау:АМУ ЖАТО.2002.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. TURBO PASCAL ПРОГРАММАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1.Turbo Pascal программасына қысқаша
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2. Программа туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.3. Программаның сипаттаулар
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...12

І. ОБЪЕКТІЛІ БАҒДАРЛАНҒАН ПРОГРАММАЛАУ
2.1 Объектілер және оларды программада
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..17
2.2 Графикалық
объектілер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24
ІІІ. ЕСЕПТЕР
БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 33

КІРІСПЕ

Паскаль тілін 1968 -1971 жылдары Швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып
үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің
стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең тарлған. Фортран
тілдеріне қарағанда, жетілідірілген, жұмыс істеуг ыңғайлы тіл болды.
Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние
жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьтерлер осы тлде жұмыс
істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьтерде
тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған прогрмма компьтерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға
түрлендіріледі де, содан кейін ғана орынджалады. Осы сәтте компьтерде
программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі - алгоритмдік тілдегі
алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп
нәтижесін машиналық кодта жазылған прогрмма арқылы аламыз, ал программаны
түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы
өңделді.
Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара
алатын кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім
беретін мектептерде программалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып
алынған. Енді осы тілдің мүмкіндіктеріне тоқталып өтейік.
Паскаль тілінің негізгі элементтері:
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.
Паскаль тіліндегі программа жеке – жеке жолдардан тұрады. Оларды
теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа
алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға
бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір бірімен нүктелі
үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады. Бірақ бір жолда бір ғана оператор
тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау
бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталытын
оның тақырыбына тұрады. Одан кейін программаныі ішкі объектілерінің
сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы – айналымдар, тұрақтылар
тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға
көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып
табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол
begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар)
тізбегі жеке – жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен
аяқталады.
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі
шарқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанатын цикл немесе қосымша
программа (подпрограмма, процедура) түрінде орындалады.
Деректер -сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән
ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар тағы
басқа осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері .
Дерек енгізу –бастапқы деркетерді пернақтадан , дискіден немесе енгізу
–шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады .
Операциялар немесе амалдар –берілген және есептелген мәндерді
меншіктеу, соларды өндеу салысьтыру оперияларын орындайды
Нәтиже алу (шығару) –аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,
дискіге енгізу немесе шығару порттарына жазу.

І. TURBO PASCAL ПРОГРАММАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ

1. Программа туралы жалпы түсінік

Паскаль тілімен алғашқы танысуды

функциясының мәнін есептейтін жай программадан бастайық:

Program Fun; {программа тақырыбы}
const
a=5; {тұрақтыларды сипаттау}
var
x,y: integer; {айнымалыларды сипаттау}
begin
write('x='); {программа басы}
readln(x); {экранға мәтін шығару}
y:= a*sqr(x); {x айнымалысына мән енгізу}
writeln('y=',y); {y айнымалысына өрнек мәнін меншіктеу}
end. {экранға мәтін және айнымалы мәнін шығару}
{программа соңы}

Бұл программада кездесетін ағылшын сөздерінің аудармасы:

Program программа
const (constants) тұрақтылар
var (variables) айнымалылар
integer бүтін
begin басы
readln оқу
writeln жазу
end соңы

Программа мәтіні компьютер жадында мәтіндік файл (кеңеюі .pas) түрінде
сақталады. Компиляциядан кейін мәтін машиналық командалар тіліне аударылып,
орындалатын файл (кеңеюі .exe) жасақталады. Мәтіндік файлды кезкелген
мәтіндік редактормен өзгертуге болады, содан соң ол тағы да компиляциядан
өтуі керек. Тәжрибеде, программа мәтінін де, орындалатын файлды да
программа деп түсінеді. Сондықтан, ілгеріде программа мәтіні деудің орнына
программа деп жазамыз. Программа тақырыбы Program қызметші сөзінен және
программа атауынан тұрады. Атау – латын әріптерінен, цифрлардан, астын сызу
белгілерінен ғана тұратын, саны 63-тен аспайтын символдар жолы. Сонымен,
программа тақырыбының жазылуы:
Program программа атауы;
Ескерту. Турбо Паскалда программа тақырыбын жазбай кетуге де
болады. Тақырыптан кейін, программада пайдаланылатын белгілерді,
тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, ішкі программаларды және т.б.
сипаттаулар бөлімі орналасуы тиіс. Содан кейін, міндетті түрде, операторлар
бөлімі болуы тиіс. Операторлар бөлімінің басына begin, ал аяғына end
сөздері жазылып, соңына нүкте қойылуы шарт. Программа құрылымы 1.1 суретте
бейнеленген.
Program at_1;
Сипаттаулар бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end.

1. сурет. Pascal тіліндегі программа құрылымы

Программада операторлар бір, не бірнеше жолдарға жазылып, нүктелі
үтірлермен айырлады. Қатар тұрған екі айыру таңбасының арасында бос
оператор бар деп есептелінеді. Программа мәтінін құрғанда, оның бөлім-дері
мен күрделі элементтерінің құрылымы айқын көрінетіндей етіп жазу,
сауаттылықты көрсетіп қана қоймайды, оны оқуды да, жаңартуды да бір-шама
жеңілдетеді. Ол үшін үзіктерді, жол шегіністерін, бос жолдарды және
түсініктемелерді керегінше, ретімен пайдаланып отырған жөн. Күрделі
программаны баптау кезінде бір, не бірнеше операторларды фигуралық
жақшалармен қоршау арқылы, олардың орындалуын уақытша тоқтату тәсілі жиі
қолдданылады.

1.2 Pascal программалау тілі. Программалау негіздері

Алгоритмнің машиналық тілдегі бейнесі программа деп аталады. Ал
программа жазуға арналған тілдерді программалау тілдері дейді. Сондықтан
машиналық тілдер ең алғашқы программалау тілдері болып есептеледі.
Машиналық тілдердегі барлық бұйрықтар компьютердің құрамы кіретін бөлектер
орындалады, яғни машиналық тілдер компьютерлердің алғашқы қабілетін (
интеллектуалдық деңгейін) анықтайды, кейін неше түрлі программаларды
компьютердің жадына сақтай отырып, оның қабілетін өсіруге интелектуалдық
деңгейін көтеруге болады.
Машиналық тілде программаларды жазу адам үшін өте қиын. Себебі, бір
жағынан барлық адамдар мен нұсқаулардың екілік бейнелерін, кодтарын есте
сақтау керек, екіншіден кез келген алгоритмді осы машиналық амалдар мен
нұсқаулар арқылы өрнектен білу қажет.
Берілгендер, нәтиже және олардың адрестері екілік сандар арқылы
беріледі. Тармақтау нұсқауын жазу үшін басқару беретін адресті қолмен
есептеу қажет. Сол сияқты бұрын істелген көптеген жұмыстарды басынан бастап
қайтадан жасау керек. Мұның бәрі бірден көзге көрінбейтін көптеген қателер
жіберуге соқтырады. Жазылған программалар оқуға және түсінуге қолайсыз
болғандықтан, олардың ішіндегі жіберілген қателерді тауып түзету өте көп
уақытты және шыдамдылықты қажет етеді. Сондықтан адамдар өздерінің
жұмыстарын женілдету үшін программа жазуға ыңғайлы басқа жасанды тілдер
ойластыра бастады.
Жасанды тілді компьютер өзінің машиналық тіліне адамның қатысуынсыз
автоматты түрде аударатындай етіп жасайды. Аударуды программа орындайды.
Ондай программаны ағылшын тілінде транслятор (аударуды) деп атайды, ал
аудару процесін трансляция дейді. Сондықтан программаны жасанды тілді
пайдаланып жазған кезде компьютердің жұмысы екі кезеғнен тұрады:
1. Жасанды тілден машиналық тілде трансляциялау;
2. Машиналық тілдегі программаны орындау;
Осы кезеңдегі көрсетілген жұмысты орындаудың екі түрлі әдісі бар:
1. Компиляция әдісі – алдымен жасанды программа түгелдей машиналық тілге
аударылады, сонан кейін бұл программа басынан орындалады.
2. Интерпретация әдісі – жасанды тілдегі программаның әрбір әрекеті (нұсқау
немесе амалы) жеке алдын-ала аударылмастан бірден машиналық тілде орындала
бастайды. Яғни, компиляция әдісінде жасанды тілдегі программа тек қана рет
қарастырылады және аударылған программаны бірнеше рет орындауға болады, ал
интерпретация әдісінде әр орындар алдында жасанды тілдегі программаны
қайтадан қарастыру қажет.
Сонымен осындай жасанды тілдер де компьютерге түсінікті болады, сондықтан
оларды да біз программалау тілдері дейміз.
Бұл тарауда программалау тілдерінің жіктелуі, қасиеттері қарастырылады.
Қарастырылған материалға қатысты мынадай кілт сқздер бар: программа,
машиналық тіл, программалау тілі, транслятор, мнемокод, операциялық жүйе,
басқарушы программа, қызметше программа, жұмысшы программа, тапсырмаларды
басқару тілі, берілгендер базасы сұрау тілі, машинаға байланыссыз тіл,
проблемаға бағытталған тіл, әмбебап тіл, процедуралық тіл, функционалдық
тіл, алмастырмалық тіл, логикалық тіл.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен әр түрлі есептерді шығаруға мүмкіндік
беретін сан алуан программалау тілдері бар. Әр тілдің кемшілігі де,
жетістігі де бар. Мысалы, кейбір тілде программаны жазу оңай болғанымен оны
орындау өте көп уақытты талап етеді немесе жадының көп орын алады.
Жалпы, программалау тілдерін мынадай белгілері, қасиеттері бойынша жіктеуге
болады:
1. Тілдің деңгейіне байланысты;
2. Тілдің деңгейіне байланысты, яғни қандай есептерді шешуге мүмкіндік
беретініне байланысты;
3. Тілдің моделіне байланысты, яғни құрылу принципіне байланысты.
Ең төменгі деңгей машиналық тілдерде болады деп қабылданады. Сондықтан
басқа тілдердің деңгейі деп олардың машиналық тілдерге жақындық өлшемін
айтады: тіл неғұрлым машиналық тілге жақын болса, соғұрлым оның деңгейі
төмен болады және керісінше.Ең жоғарғы деңгей табиғи тілдерде болады.
Сонымен, бірінші кластағы тілдер екі топтан тұрады:
- деңгейі төмен машинаға байланысты тілдер;
- деңгейі жоғары машинаға байланысты тілдер.
Программа құру тілі. Программа құрылымы. Енгізу және шығару
командалары.
Қазіргі кезде программалау тілінің түрлері көп. Солардың ішіндегі ең
танымалысы Паскаль программалау тілі. Өйткені компьютерлік сауаттылық пен
программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі
алгоритмдік тіл ішіндегі кеңінен тараған тілдердің бірі болып табылады.
Қарастырылатын Паскаль прораммалау тілі
Есептің қойылымы. Математикалық моделін тұрғызу. Алгоритмін құру.
Есепті компьютерде шешу. Проектіні тексеру.
ЭЕМ-ң көмегімен есептерді шешуге дайындау процесінде бірнеше кезеңді
ерекшелеуге болады:
1. Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы (есептің
математикалық қойылуы).
2. Есепті шешудің алгоритмін жазу.
3. Прорамманы құрастыру.
4. Программаны жөндеу.
5. ЭЕМ-де есепті шешу және нәтижелерді талдау.
Есептің қойылуы
Алғашқы деректердің, есеп шарттарының және оны шешу мақсаттарының дәл
сипатталуы есептің математикалық қойылуы деп аталады.
Есеп қойылғанда алғашқы және қажетті деректерді анықтап, атап өту керек,
қандай нәтижелер және қандай жағдайда алу қажет екенін айқын түсіну керек.
Зерттеу объектісі математикалық терминдерде сипатталады, алғащқы деректер
мен қажетті нәтижелер арасындағы байланыс белгіленеді (көбіне формулалардың
көмегімен), бұл нақты объектіні зерттеу математикалық зерттеуде
түйістіреді.
Егер есеп математикалық болса, формулалары, шешу әдісі, математикалық
қойылуы айқын болса, бұл кезеңнің орындалуы қажет болмауы да мүмкін. Іс
жүзінде ЭЕМ айтарлықтай айтарлықтай күрделі есептерді шешу үшін жиі
қолданылады, сондықтан есептердің қойылу кезеңі едәуір күш салуды, уақытты
талап етуі мүмкін. Мұндай есептердің мысалы оқу кестесін құрастыру,
өнеркәсіп өндірісінің дамуы нәтижесінде ауа райы өзгеруін болжау, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану, экология мәселелері бола алады. Бұл жерде
математиаклық символиканы барлық уақытта пайдалану шарт емес, бірақ ойды
математикаға тән қатаңдықпен жеткізу қажет. Есептің дәл және нақты қойылуы
– есепті жартылай шешу деген сөз.
Есеп шығару алгоритмі
Есепті шешу әдісі шын мәнісінде есептің қойылуында көрсетілген. Бірақ
егер тәсілдер сипаттамасында формулалар кез келген тәртіпте жазылуы мүмкін
болса, алгоритмдерде айнымалылардың әрқайсысы өз мәнін оны басқа
операцияларда қолданғанша иемденуі керек.
алг есептеу (арг зат R1, R2, нәт зат S)
басы зат S1, S2
енгізу R1, R2
егер R1R2 немесе R10 немесе R20
онда шығару “шешімі жоқ”
әйтпесе S1:=р*R12; S2=p*R22; S:=S1-S2; шығару S
бітті
соңы
Алгоритм алгоритмдік тілде жүзеге асуы мүмкін. Ол сөздік түрінде немесе
графикалық көрсетілімде болады.
Программаны құрастыру
Әрбір ЭЕМ-ң машиналық командаларының өз тілі болады және тек сонымен
жазылған программаларды орындай алады. Сандар тілі бола тұра, машиналық тіл
программалауға жарай бермейді, өйткені программистен программаны жазу және
жөндеу үшін көп уақыт талап етеді. Осы себептен Паскаль және т.б.
программалау тілдері кеңінен тараған. Алгоритмді программалау тілінде жазу
операциясы кодтау деп аталады. Деректерді ЭЕМ-ге енгізу ережелерін, жұртқа
ақпаратты көсету пішінін ғана ойластыру қажет. Программаны безендіру үшін
машиналық графиканың, дыбыстық сүйемелдеудің құралдарын қосу керек.
Программаны жөндеу
Жөндеу кезеңінің негізгі мақсаты-программадағы қателерді табу және
түзету.
Қазіргі салыстырулар бойынша программаны жөндеу программист оны
өңдеуге арналған уақыттың 20-дан 40%-дейін жұмсайды. Сондықтан программа
жөндеудің тәсілдері мен құралдарын меңгеру өте маңызды. Программаны іске
асыру барысында пайда болатын қателер синтаксистік және логикалық
(алгоритмдік) болады. Алгоритмдердіт программалау тіліне аударғанда
жіберілген синтаксистік қателердің көпшілігі ЭЕМ-мен автоматты түрде
айқындалады. Қазіргі заманғы ЭЕМ-дері қателер жөніндегі ақпаратты программа
мәтінімен қоса шығарады, олардың орындарын және мінездемесін көрсетеді.
Есептерді шешудің логикасы бұзылғанда пайда болатын алгоритмдік қателер
қате нәтиже алуға, программаның аяқталмай қалуына, оның авариялық
аяқталуына әкеледі. Алгоритмдік қателерді тауып, түзету анағұрлым күрделі.
Тест немесе бақылау мысал бүкіл ауқымда мүмкін алғашқы деректердің жұмыс
істеуінің дұрыстығын тексереді. Әр тест нәтижелері белгілі алғашқы деректер
жиынтығы болуы мүмкін. Тестті қате жіберу фактісін анықтауға ғана емес, оны
ушықтырмай, программаның қатесі бар бөлігін табуға көмектесетіндей етіп
таңдап алу керек.
Есептерді ЭЕМ-де шығару және нәтижелерді талдау
Тест есебімен айқындалған қателерді жойғаннан кейін, берілген есептің
алғашқы деректері дайындалып, ЭЕМ-ге енгізіледі. Шешу нәтижесінде алынған
шығыстық деректер (нәтижелер) есепті қобшымен талданады, өңделеді
(графиктер, кестелер сызады). Талдау негізінде тиісті шешімдер,
кепілдемелер жасалады.

1.3. Turbo Pascal программасына қысқаша түсінік

Кез-келген табиғи тіл сияқты, программалау тілінің де өз алфавиті бар.
Бұл алфавитті программалауда қолдануға болатын барлық символдар жиынтығы
деуге болады. Программалауда мағынасы мен қызметі алдын-ала анықталған және
өзгермейтін қызметші сөздер жиі пайдаланылады. Паскалда оларды операторлар,
амалдар (операциялар) атаулары ретінде және т.б. мақсаттарға пайдаланады.
Кез-келген программаның басты элементтері – айнымалылар, тұрақтылар
және операторлар болып табылады. Айнымалы деп, компьютер жедел жадының ат
берілген бөлігін (бір, не бірнеше ұя) айтады. Онда сақталатын ақпарат
айнымалының мәні болып есептеледі. Айнымалының мәні программа орындалу
барысында өзгеруі мүмкін. Ақпараттың түрі, мүмкін мәндерінің жиыны мен оған
қолдануға болатын түрлендірулер жиынтығы айнымалылардың типін (тегін)
анықтайды. Тұрақтының айнымалыдан айырмашылығы – оның мәнін программа
орындалу барысында өзгертуге болмайтындығында. Операторлар, программа
орындауға тиіс болатын небір амал–әрекеттерді көрсетеді.
Turbo Pascal тілінде 80-ге жуық қызметші сөздер мен арнайы символдар
қолданылады. Тіл алфавиті латын әріптерінен, цифрлардан және арнайы
символдардан тұрады. Кейбір символдың қосағы да символ болып есептеледі.
1.1 кестеде қызметші сөздердің реттелген тізімі берілген. Оларды программа
мәтінінің қажетті жерінде қатесіз жазып пайдалану керек. Қызметші сөздерді
жазуға бас, не кіші әріптерді қатар қолдана беруге болады. Оларды атау
ретінде пайдаланбаған дұрыс.

1. кесте. Pascal тіліндегі қызметші сөздер

absolute and array assembler
begin break case const
constructor continue destructor div
do downto else end
external far file for
function goto if inplementation
in inline interface interrupt
label mod near nil
not object of or
packed private procedure program
public record repeat set
shl shr string then
to type unit until
uses var virtual while
with xor

Қызметші сөздердің ішінен программалауда жиі пайдаланыла-тындарының
мағынасын түсіндіре кетейік. Program, unit – программа мен модуль тақырыбын
жазу үшін керек. Var, const, procedure, function – айнымалыларды,
тұрақтыларды, ішкі програмаларды (процедуралар мен функцияларды), ал type,
array, string, record...end, file of... айнымалылар типтерін сипаттау үшін
қолданылады. Begin, end –бірнеше операторлар-ды біріктіріп, бір құрамды
оператор жасау үшін керек. If...then...else, for...to...do, for...downto...do,
repeat...until, case...of...end, while...do –басқару операторлары. Inplementation,
interface қызметші сөздері модулдерде ғана пайдаланылады. Div, mod, shl,
shr, and, or, not – арифметикалық және логикалық амал атаулары.
Constructor, destructor, object, public, virtual – объекті–бағдарлы
программалауда қолданылады.
1.2 кестеде арнайы символдар тізімі келтірілген. Программа мәтінінде
қос сиволдардың арасына үзік қоймай жазу керек.

1.2 кесте. Pascal тіліндегі арнайы символдар
( Қосу, біріктіру, жалғау амалдарының таңбасы
( Азайту, алу амалдарының таңбасы
( Көбейту, қиылысу амалдарының таңбасы
Бөлу амалының таңбасы
= Логикалық теңдік, тұрақтылар мен типтерді сипаттау элементі
Логикалық теңсіздік
"Кіші" және "үлкен" логикалық қатынастар
= "Кіші немесе тең" логикалық қатынасы
= "Үлкен немесе тең" логикалық қатынасы
. Программа не модуль соңы, ондық бөлшектегі айыру таңбасы
, Тізім элементтерін айыру таңбасы
' Жол тұрақтысын шектеу таңбасы
: Айнымалыларды сипаттау, экранға шығару пішімінің элементі
; Сипаттауда және экранға шығаруда айнымалыларды айыру
.. Мәндердің өзгеру аралығын көрсету белгісі
:= Айнымалыға өрнек мәнін меншіктеу
( Арифметикалық және логикалық өрнек жақшалары
)
[ Массив элеметттерінің индексін бөлу, аралғын көрсету
]
{ }Түсініктемелер жазу үшін пайдаланылатын жақшалар
(( ()Түсініктемелерді шектеу белігілері

Қызметші сөздер мен арнайы символдар программа құру үшін жеткіліксіз
болып табылады. Сондықтан да, Паскаль тілінде арнайы операторлар,
стандартты модулдерде топтастырылған стандартты процедуралар мен функциялар
кеңінен пайдаланылады. Олар туралы кейінірек әңгіме етпекпіз.

1.4 Программаның сипаттаулар бөлімі

□ Айнымалыларды сипаттау мына түрде жазылады:

var a_1 , a_2 , ... , a_m : type_a;
b_1 , b_2 , ... , b_n : type_b;
. . .
c_1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі
Delphi бағдарламалау жүйесі
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі
ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕРДІ ПРОГРАММАЛАУДЫ ОҚЫТУ
Delphi-дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып қозғалатын бағдарлама құру
Информатиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда информатика сабағын өткізу әдістемесі
Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері
Delphi дің мультимедиялық мүмкіндіктері
C программалау тілі туралы
Delphi - жаңа программаны өңдеуге арналған инструменттер жиынтығының интегралданған ортасы
Пәндер