Асқабақ тұқымдасы



Асқабақ тұқымдасы (Cueurbitacece) - қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақ тұқымдастардың Қазақстанда тоғыз туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ (люффа) бар. Қабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, тижүзім, қоңыраусары ( тладианта) жабайы түрде өседі. Асқабақ тұқымдастарының узын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Асқабақ тұқымдастары - дара жемісті, бір және қос үгілі, айқас тозаңданушы өсімдіктер. Жемісі -жалған жидек немесе қауашақ, олардың салмағы кейде 100 кг-ға дейін жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ тұқымжарнақтарынан тұрады. Асқабақ тұқымда-старынының бағалы бау-бақшалық тағамдық сондай-ақ мол азықтық, дәрілік, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Асқабақ тұқымдасы (Cueurbitacece) - қос жарнақты бір және көп жылдық
шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақ
тұқымдастардың Қазақстанда тоғыз туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ,
қияр, сәнқабақ (люффа) бар. Қабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, тижүзім,
қоңыраусары ( тладианта) жабайы түрде өседі. Асқабақ тұқымдастарының узын
шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не
салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Асқабақ
тұқымдастары - дара жемісті, бір және қос үгілі, айқас тозаңданушы
өсімдіктер. Жемісі -жалған жидек немесе қауашақ, олардың салмағы кейде 100
кг-ға дейін жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ тұқымжарнақтарынан тұрады.
Асқабақ тұқымда-старынының бағалы бау-бақшалық тағамдық сондай-ақ мол
азықтық, дәрілік, сәндік өсімдіктер болып бөлінеді. Кейбір түрлерінің
тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен
арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.
Асқабақ (Cucurbita)- асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық
шөптесін өсімдік. Асқабақ б.з.б. III ғасырда Мексикада, Перуде белгілі
болған. XV ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазақстанда асқабақтың ірі
жемісті қатты қабықты және мускатты түрлері оның ішінде Волгалық сур-92,
Мозолеевтік-10, Қашғарлық-1644 сорттары өсіріледі. Ірі жемісті
асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен
табақша асқабақ (патиссон) жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа
пайдаланылады. Мускаттың асқабақ сабағының ұзындығы 2-10 м, жұмыр, түкті,
утақты, жайыла өседі. Жапырағы ірі ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі
қос жынысты, ірі, сапарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы
өсімдіктерге шырмалып өседі. Жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр
түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі жемісті асқабақтың салмағы 40-50кг-
ға дейін тартады. Асқабақтың жемісінің құрамына 1518 % құрғақ заттар 8-10%
сахароза аскорбин қышқылы, қаратин, тиамин, рибофлавин т.б. болады. Дәнінде
20-40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде
тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.

Асқабақтар тұқымдасы (тыквенные) - Cucurbitaceae
Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде
тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер,
қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы
болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтустік-Шығысы және Оңтүстік
Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын
сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда
пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады.
Бұл тұқымдастың өкілдеріне биколлатеральды өткізгіш шоқтары тән.
Жапырақтары үлкен, қосалқы жапырақшалары болмайды, жапырақ тақталары жүрек
тәрізді, саусаққалақшалы (пальчатолопастной) немесе саусақсалалы
(пальчаторас-сеченный) тілімделген болып келеді де, сабаққа кезектесіп
орналасады. Қарапайым немесе бұтақталған (тармақталған) мұртшалары түрі
өзгерген жапырақтың қолтығынан кететін бұтақ болып табылады. Гүлдері
актиноморфты, аталықтары біріккен жағдайда зигоморфты болып келеді. Гүлдің
бөліктері 4-шеңбер түзіп орналасады, 5 мүшелі (гинецейден басқасы) әдетте
дара жынысты. Жалғыздан немесе жапырақтың қолтығында аз гүлден тұратын
гүлшоғырын түзіп орналасады. Бір үйлі немесе екі үйлі өсімдіктер. Гүл
серігі қосарланған, түп жағынан-трубкаға біріккен болып келеді.
Тостағаншасы 5 тісті. Күлтежапырақшасы 5-жақтаулы, қоңырау немесе доңғалақ
(колесовидный) терізді, сиректеу күлтежапырақ-шалары бос орналасады,
олардың түсі сары немесе ақ болып келеді. Аталық гүлдің 5 аталығы болады,
олар көптеген түрлерінде үш ағайынды андроцей түзеді (4-аталығы екеу-
екеуден қосарланып бірігеді де, біреуі бос қалады). Кейде андроцейі бір
ағайынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Қолданбалы биология және топырақтану негіздері пәні бойынша электрондық оқулық құрастыру
Аскабақ
Асқабақ тұқымдасы. Іс-тәжірибе бойынша есеп
Қияр дақылының өсіру технологиясы
Морфологиялық, экологиялық және биоэкологиялық классификация
Бақша дақылдарын зиянкестерінен қорғау жүйесі
Жемістер және көкөністер
Көкөніс дақылдары
Пәндер