Еңбектенудің физиологиялық негізі



Еңбек адам организмін қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.Ф.Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сөйлеу мүшелерінің әрекеті мүлдем жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және психика қалыптасты.Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейді, еңбек қимылдары еріксіз атқарылатын болды.
Еңбек- адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс-әрекеті.Ол қоғаммен тығыз байланысты әлеуметтік санат. Өйткені еңбек адам тіршілігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады.
Еңбектену іс-әрекеттің организмге ететін әсерін еңбек физиологиясы зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғарғы жұмыскерлігін сақтау үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимімен жүктемелердің организге қолайлы түрлері мен әдістірін ғылыми тұрғыдан қарастырады. Адамның қимыл- әрекеті өте күрделі.
1. Х.Қ. Сәтпаева, А.А. Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева, «Адам физиологиясы»
Алматы 2005

2. А.Рақышев, «Адам анатомиясы»
Алматы 2004

3. К.Дүйсембин, З.Алиакбарова, «Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы»
Алматы 2003

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Еңбектенудің физиологиялық негізі.
Еңбек адам организмін қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.Ф.Энгельстің
айтуынша, еңбектің арқасында қол және сөйлеу мүшелерінің әрекеті мүлдем
жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және психика
қалыптасты.Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейді, еңбек қимылдары
еріксіз атқарылатын болды.
Еңбек- адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс-
әрекеті.Ол қоғаммен тығыз байланысты әлеуметтік санат. Өйткені еңбек адам
тіршілігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады.
Еңбектену іс-әрекеттің организмге ететін әсерін еңбек физиологиясы
зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін
тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғарғы жұмыскерлігін сақтау
үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимімен жүктемелердің организге қолайлы
түрлері мен әдістірін ғылыми тұрғыдан қарастырады. Адамның қимыл- әрекеті
өте күрделі. Ол іс жүзінде организнің қозғалыс жүйесі-бұлшықеттердің
қызметі арқылы атқарылады. Сондықтан бұлшықеттердің іс-әрекетін және оның
реттелу тетіктерін зерттеу еңбек физиологиясының маңызды саласы .
Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек іс-әрекетімен физиологиялық
көрсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып отыр. Мұны жүзеге
асыратын ғылым саласының эргономика деп атайды. Эргономика еңбектену
үрдісінің жұмыс құралдарымен жағдайларының тиімді жолдарын іздейді.
Еңбектенудің қолайлы жағдайларын таңдап алу және жақсарту, өндірістің
қосымша түрткілерінің (шу, вибрация, қысым, ылғалдық, химиялық заттар)
зиянды әсерлерінен сақтандыру мен кәсіби ауруларды болдырмау істерін еңбек
гигиенасы жүзеге асырады. Бұл мақсаттарды орындау үшін олеңбек
физиологиясының зерттеу әдістері мен нәтижелерін пайдаланады. Адамдардың
еңбектену кезіндегі қарым-қатынасын еңбек психологиясы ғылыми тексереді.
Еңбекті жағдайға байланысты дене және ой еңбегі деп екі топқа бөледі.
Қазіргі кезде еңбектің бірнеше түрі кездеседі:көбінесе бұлшықет
белсенділігін тілейтін еңбек механизацияланған, автоматизацияланған және
қашықтан меңгеретін еңбектер, парасатты еңбек.

ДЕНЕ ЕҢБЕГІ

Еңбектің барлық түрі адамның қозғалыс іс-әрәкеті арқылы атқарылады.
Сондықтан адам организмі қоршаған ортаға бейімделеді және оны жете
меңгереді.
Дене еңбектерінде ең әуелі бұлшықет жүйесі белсендіріледі, оны
вегетатаивтік жабдықтау (зат алмасу, қан айналымы, тыныс алу) қамтамасыз
етіледі. Негізінен жұмыс әрекетіне тікелей 3 әрекеттік жүйе: қозғалыс,
талдағыш және ақыл-ой қатысады. Өйткені сыртқы мәліметтер сезім жүйесі
арқылы қабылданады да, мида өңделеді, сөйтіп жауапты қимыл әсерленісі
ұйымдастырылады.
Жұмыстың барлық түрі қозғалыс аппаратымен атқарылады. Физиологияда
қозғалыс аппараты деп кеңістікте тұлға орнын ауыстыруды және сыртқы
нәрселерге белсенді қимыл жасауды қамтамасыз ететін мүшелермен тіндер
жиынтығын айтады. Қозғалыс аппаратына бұлшықеттер, оларды жиырылтатын
мотонейрондар мен қаңқа кіреді.
Бұлшықеттің ұзақ уақыт жиырылу күшін жүзеге асыратын және сақтайтын
қабілетін оның шыдамдылығы деп атайды. Оны статикалық жұмысты орындағанда,
жүкті мығым жағдайда ұстап тұратын немесе тұрақты қысым күшін сақтайтын
мерзімі арқылы арқылы анықтайды. Ол үшін уақытты күш көрсеткішіне
көбейтеді. Егер жұмсалған күш максималды күштің 20%-не тең болса, тұрақты
қалыпты жұмыс ұзақ уақытқа созылады.
Жылжымалы шыдамдылық орындалған қимылдың ең жоғары мөлшерімен
сипатталады. Жылжымалы жұмысты орындау кезіндегі шыдамдылық велоэргометрдің
көмегімен өлшенеді.
Еңбек физиологиясында жұмысқа қабілеттілік өте маңызды орын алады.
Жұмыскерлік деп адамның нақтылы жұмысты белгіленген мерзімде жеткілікті
нәтижемен орындай алатын пәрменді мүмкіндіктерін айтады. Жұмыскерлікті
бірнеше кезеңге бөледі:
Бірінші кезең - іске қосылу. Бұл кезңде шартты тітіркендірудің әсерінен
ОЖЖ-нің белсенділігі артады, зат алмасу, қан айналысы күшейеді. Сөйтіп
жұмыскерлік көтеріледі.
Екінші кезең - тиянақты жұмыскерлікті көрсетеді. Бұл кезеңде ОЖЖ қолайлы
қызмет атқарады. Ал еңбек нәтижесі өте жоғары болады.
Үшінші кезең – қажу кезеңі. Мұнда жұмыскерлік төмендейді.
Төртінші кезеңде жұмыскерлік қайта көтеріледі. Оның негізін жұмыс
аяқталуымен кезекті демалысқа байланысты шартты рефлекстер жасайды.
Бұлшықеттер жұмысы энергия шығынын көбейтеді. Мәселен бұлшықеттердің 70-
90%-і қатысатын ауыр жұмыстарда энергия шығыны12-20кДж. Дененің энергия
шығыны тек еттер қызметінен ғана тумайды,оған адамның эмоциялық күйі әсер
етеді. Ол организмнің негізгі зат алмасу деңгейін қалыптағыдан 10%
көтереді.
Жұмыс істеуші бұлшықеттерге оттегі, глюкоза және т.б. заттар дер кезінде
жетіп, организмнен ыдырау өнімдері жедел шығарылады. Сондықтан тыныс алу
және жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді.
Қызу жұмыс кезінде сүт қышқылы толық тотығып үлгермейді. Сондықтан ол
жұмыс аяқталғанда да оттегін пайдаланып тотыға береді. Мұны оттегілік
қарыз деп атайды. Ол ауыр жұмыс істегенде 15-20 литрге жетеді.
Дене еңбегі қан айналысын қатты өзгертеді. Ет жиырылуы әуелі қан ағысының
жылдамдылығы арқылы қамтамасыз етіледі. Жұмыс кезінде жүректің минуттық
көлемі 4-8 есе артады, сөйтіп газ алмасуы 5-10 есе жеделдейді.
Жұмыс кезінде жүректің соғу жиілігіне қоршаған ортаның температурасы да
әсерін тигізеді. Температура 25-30 С, не одан жоғары болса, ол минутына 10-
15-ке өседі.
Еңбектену кезінде организмнің газ алмасуын қамтамасыз ететін тыныс алу
жүйесі де өзгереді. Қалыпты жағдай өкпенің 5-8 минут желдетілу көлемінен 3-
4% оттегі пайдаланылады. Ал жұмыс істеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене еңбегінің физиологиялық ерекшеліктері
Еңбек физиологиясының негізі, дене еңбегімен ой еңбегінің ерекшеліктері
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы
Мемлекет және құқық жайлы
Ауарайы мен климаттық гигиенаның манызы
Ми бөлімдері. Мишық
Құқықтың пайда болу теориялары
Мемлекет және азаматтық қоғам идеясын және оны қалыптастыруды зерттеу
Мал тұқымын жерсіндіру
ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер