Қазіргі кездегі ақшаның номиналистік теориясы, оның мәні


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І. Қазіргі кездегі ақшаның номиналистік теориясы, оның мәні

ІІ. Номиналистік теория ерекшеліктері

ІІІ. Перманентті табыс

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған соңғы кезең болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, метал бұйымдар және т. б. Мұның бәрі тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Ақша жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді. Және оның делдалдық қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жалғаса береді.

Сонымен қатар ақша өндіру мен бөлу арасындағы белгілі бір экономикалық қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.

Қағаз ақша мемлекеттің өз шығындары табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды. Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олардың сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалынған айналыста олар бар болғаны бір жапырақ жай қағаздарға айналады.

  1. Ақшаның номиналистік теориясы, оның мәні.

Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің металлизмге қарсы іс әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдарды арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі.

Номинализмнің ережесі төмендегідей:

- ақша идеалды есеп бірлігі болып табылады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады;

- бұл бірлік ешқандай ішкі құнға ие емес.

Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толығымен жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады. Адам Смиттің айтуынша ақша айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:

Басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі;

ХІХ ғ. аяғында және ХХ ғғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдік ете бастады. Бірақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның Оның негізгі ережелері мынада:

  • Ақша - құқықтық тәртіптің өнімі, мемлекеттік биліктің туындысы;
  • Ақша - мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;
  • Ақшаның негізгі қызметі - төлем құралы.

Кнапп ақшаның мәні материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.

1929-1933 жж. Экономикалық дағдарыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп, Дж. М. Кейнс алтын ақшаларды «жабайылық сарқыншағы», «арбаның бесінші дөңгелегі» деп хабарлады. Ол идеалды ақшаларға қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды. Кейнс барлық өркениетті ақшалар қарапайым түрде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

Ақшаның номиналистік теориясы жағында белгісіз американ экономисі П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланысты болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгіге айналуда деп сендірді. «Тауар ақшалар дәуірін қағаз ақшалар дәуірі алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнін, олардың ішкі табиғатын ашады. Ақша дегеніміз ол жасанды әлеуметтік шарттылық». С. М. Борисовтың монографиясында қызықты пікірлер бар. Автор барлық тауарларға қарсы тұратын жалпыға бірдей эквивалент ретінде, алтын туралы ережені қайта қарау керектігін айтады. Сондай ақ мұнда алтынның қағаз ақшалар ықпалымен мүлде ішкі айналыстан кетіп қалғандығына сілтеме жасайды. С. М. Борисовтың айтуынша «ұлттық ақша жүйелерінде қағаз аңшалардың мәні артып отыр, себебі ол барлық тауарлар қозғалысына қызмет етуде, осы ақшалар ғана тауар әлеміне қарсы тұра алады және тауар бағаларын меншікті қағаз масштабында бейнелей алады» делінеді.

Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының обьективті заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндіріс дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген қосымша қажеттіліктермен байланысты.

Бірақ қағаз ақшаның оларды пайда болу тарихы б. ғ. д І ғасырға тән, яғни сол кездегі теріден жасалған ақшалар пайда болды. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған. ХІІІ ғасырда әйгілі саяхатшы Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған қағаз ақшаларға көргендігін жазып кеткен. Бұл ақшалардың төрт бұрышты пластин формасы және олардың ерекше белгілері және мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі болған.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.

  1. Номиналистік теорияның ерекшеліктері.

Бірінші дүние жүзілік соғыс алдында қағаз ақшалар әлемнің барлық елдерінде дерлік болды. Сырттай қарағанда, қағаз белгілері мемлекет тарапынан жасалынған толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрізді әсер береді деп деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан артуының көбеюі есебінен пайда болды.

Металл ақшадан қағаз ақшаға өту себептері:

- металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттілігінен әлдеқайда төмен.

- монеталардың тозуы және бүлінуі

- мемлекеттік билік пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталардың сапасын нашарлатуы.

- мемлекет шығындарының қағаз ақшаларды жабу үшін шығарды.

Осыған байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: «өзінің айналыстағы делдалы ретінде алтын әр түрлі өзгерістерге ұшырады, тіпті жай ғана бір жапырақ қағазға дейін жұқарды».

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп бөлінуі нәтижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.

Қағаз ақша мемлекеттің өз шығындары табу үшін шығарылатын, әдетте металға айырбасталмайтын, еріксіз номиналға ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын және күмістің белгілері ретінде пайда болды. Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келеді, себебі өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олардың сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалынған айналыста олар бар болғаны бір жапырақ жай қағаздарға айналады.

Егер нағыз ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюрді шығаруы мүмкін. Қағаз ақшалардың өзінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар қорлану қызметін де атқара бастады.

Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы әр түрлі себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес шығыстарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзілік ақша ретінде сұраныстың көбеюі; еңбек өнімділігінің төмендеуі және тауар массасының қысқару және т. б.

  1. Перманенттік табыс.

Ұзақ мерзімдік кезеңдегі тұтынудың орташа мөлшерінің салыстырмалы тұрақтылығын түсіндіретін Фридменнің перманентті табыс теориясында беріледі. Ол перманентті табыс ұғымы арқылы беріледі, ол субьектімен болашақ кезеңде күтілетін табыстардың орташа көлемі болып табылады. Оңайландыру мақсатында табыстардың екі кезеңін ғана аламыз. Оны у 1 мен у 2 деп белгілейік. Олай болса уР=у1+q(y2-y1) =qy2+(1-q) y1 0<q<1, мұндағы q болашақтағы табыстың көбеюі деп түсініледі.

Бұдан түсінікті болады: неліктен қысқа мерзімге қарағанда ұзақ мерзімде тұтыну шекті бейімділік артық болатыны. Айта кетерлігі перманентті табыс концепцияда мүлік пен табыс өздігінен өмір сүрмейді.

Салыстырмалы және перманентті табыс гипотезасы тұтыну функциясының қысқа мерзімді кезеңдегі тұрақтылығына қарамастан ұзақ мерзімді кезеңдегі тұрақтылығы түсіндіріледі. Бірақ абсолютті табыстылық теориясы жақтаушылары перманентті табыс концепциясының кейбір тұжырымдарына шек келтіреді. Мысалға, адамдардың тұтынуды өмірінің барлық жылдары бойынша алдын ала жоспарлап қояды деу мүмкін емес. Сондай ақ бұл концепция несиелеудің ең маңызды шарты болып табылатын дебитор мүлігінің табыстылығын ескермейді. Мысалға студенттер өздерінің болашақта болжанған алатын жалақысы болатынын ескере отырып, перманетті табыс концепциясына орай өздерінің ағымдағы тұтынуды несие алу есебінен ұлғайтуы керек. Ал шын мәнінде несие нарығында студенттер ең бәсекеге қабілетсіз тұтынушылар қатарына енеді. Нәтижесінде олардың тұтыну мөлшері перманентті табысқа емес, ағымдағы табысқа негізделеді.

Осы айтылғандарға қарамастан қазіргі таңда абсолютті табыс гипотезасына негізделген тұтыну функциясы өте қарапайымданған деп есептеледі.

Перманетті табыс моделі ең алғаш рет 1957 жылы Фридменнің «Тұтыну функциясы теориясы» деген еңбегінде жарық көрген.

Фридмен моделінің бастауы ретінде үй шаруашылықтары өз түтынуларын уақыт бойынша тең бөлуге ұмтылуы алынды. Табыс жылдан жылға өзгеріп отыруы мүмкін, сол себепті үй шаруашылдықтары капитал нарығын әр жылдағы тұтыну молшерін тең етуге қолданады. Перманентті табыс пайыз молшерлемесі нолге тең болғандағы ағымдағы және болашақтағы табыстардың орта мәні ретінде анықталады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Қағаз ақша
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАНЫҢ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Ақша жүйесі туралы
Ақша айналыс және төлем құралдары
Ақшаның металдық теориясы
Ақша – жалпыға бiрдей эквивалент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz