Мұхтар Әуезов шығармаларындағы ұлттық тәрбие мәселесі



Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді.
«Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді.
Мұхтар Әуезов өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1927, 1991) атты еңбегінде ұлттық педагогика мен ұлттық психологияның жекелеген мәселелерін қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қарастырып ғылыми тұрғыда сөз етеді.
1.Мұхтар мұрасы ( ғылыми мақалалар мен зерттеулер ) Алматы, «Қазақстан» 1997 жыл, /3, 44, 100-б/
2.Мұхтар Әуезов туралы естеліктер Алматы, «Білім» 2004 жыл, /267-б/
3.Мұхтар Әуезов: ұлттық болмыстың ұлы жыршысы Париж — Алматы, 1998 жыл, /6-б/
4.Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері Алматы,«Қазақ университеті»1993 жыл,/22-б/
5.М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы Алматы, «Жазушы»1989 жыл ,/ I-Ivтом/

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX
ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған
ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр
ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел
жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың
көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX
ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен
нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры
арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-
талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы
ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы
біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де
жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы
қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан
шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ
әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді.
Абай, Таң, Шолпан журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері
мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін
қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен
пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді.
Мұхтар Әуезов өзінің Қазақ әдебиетінің тарихы (1927, 1991) атты
еңбегінде ұлттық педагогика мен ұлттық психологияның жекелеген мәселелерін
қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қарастырып
ғылыми тұрғыда сөз етеді.
Мысал ретінде Абай жолы романына сәл көңіл аударалық. Романда талай
тақырыптағы тартыстар бар: ру басыларының тартысы, жастардың бас еркіндігі,
ел билеу, ана мен бала, жатақтар өмірі, халықтық дәстүр, салт-сана, т.б.
тақырыптар. Осы аталған тақырыптарға ортақ бірнеше проблемалар болуы
мүмкін. Мәселен, адамгершілік, ізгілік, имандылық проблемасы бірнеше
тақырыптарды қамтиды.
Дүиежүзілік классика қорына еніп, ұлы ақын, ойшыл Абайдың өлмес
бейнесін талант қуатымен ашып берген бұл Абай жолы роман-эпопеясы жазушы
шығармашылығының ел таныған асқар шыңы болып табылады. Қазақ халқының
қоғамдық-саяси, адамгершілік және эстетикалық өмірінің энциклопедиясы деп
әділетті түрде бағаланған бұл роман–эпопеяда өзінің кемеңгерлік тұлғасына
халқының дана қасиеттерін, данышпандық ойларын сіңіріп қана қоймай, алдыңғы
қатарлы Батыс Европа елдері ықпалымен ұлттық мінезде қалыптасқан үздік
атаулының бәрін жинақтаған ұлы ойшыл ақынның заңғар келбеті бар құдіретімен
асқақтай түсті. Халық өміріне терең бойлаған ұлы эпопея халқымыздың тұрмыс-
салтын, тіршілігін, әр түрлі әдет-ғұрыптарын суреттеу ерекшеліктерімен
қазір де таң қалдырады.
Үлкен суреткер Мұхтар Әуезовтің данышпандық туындысы — Абай жолы
эпопеясынан осындай жалпылық пен жалқылық белгілердің, ұлттық өрістер жалпы
адамдық мол айдынға ұласып жататын кең тыныстылықтың айқын мысалдарын
көреміз. Сонымен бірге олардың ешқайсысы да кейіпкер мінезіне сырттан
тағылған моншақ немесе сәндік әшекей секілді көрінбей, оның ішкі
табиғатымен табысқан тұтастық танытады. Мұны да біз ең алдымен эпопеяның
басты тұлғасы Абай бейнесінен, оның өрісті өмірінің әрбір кезеңінен
сезінеміз.
Екінші кітаптың басында Құнанбай Мекеге жүрмек болып жатқанда,оның
алдынан Дәркембай шығып, Дәрменнің жоғын жоқтап, мойныңдағы қарызыңды өтеп
кет деп келеді. Құнанбай Дәркембайға қаһар төге, ақырып сөйлейді. Абай
әділдік іздеген жоқшы қартқа бұрылып:
— Дәркембай! Айтпасыңа болмаған шығар. Орайлы арызың болған соң,
қысылшаң жерде айтсаң да, айыптай алмаймын. Мен қарыздармын әкем үшін...—
дейді. Сосын арызшы ақсақалды сүйемелдеп тұрғызып, қасындағы балаға
қалтасынан ақша суырып береді. Абай бұл жерде, ең алдымен әкесінің абыройын
ойлап, жұрт алдында беделінің төгілмеуін ойлап тұр. Сырт қарағанда бұл
тұста өзгеше ештеңе танылмайтын сияқты. Ал бірақ қыр елінде әке намысын
ойлаған ақылды балаларда кездесе беретін осы мінезде қаншама қазақтық,
қаншама ұлттық бояу жатыр.
Абай ел ардақтысы атанса, бұл оның әкесі Құнанбайдың ірі феодал, азулы
шонжар болғандығынан емес. Бұл — оның балдырған дәуірінен бастап Зере
әжесінен, сахараның шаң жұқпас ақын-импровизаторларынан алуан түрлі аңыз-
ертегі, өлең-жыр естіп, бойына сіңіріп, ойына тоқып, солардың аясында
тербеліп өскендігінен.
Роман-эпопеядағы әйелдер бейнесінде ерекшеленіп, шоқ жұлдызындай
дараланып тұратын бейне — Зере әже бейнесіне тоқталсам деймін. Шығарма
бойында Зере бейнесімен санасатын, салыстыратын бейне жоқ. Тек асыл әже
орнын басар өкшелеп келе жатқан ардақты ана Ұлжан ғанадай.
Халық жадындағы түрлі ертегілермен, өлеңдермен немересін сусындатып
өсірген әжесі Абайдың ұлы ақын болып өсуіне мол үлес қосқан. Шығармада Зере
бейнесі ара-тұра кездескенмен, шырмаулы дүниенің шешімінде кездесіп жатады.
Абайдың әкесімен Қарқаралыға аттанар тұсында тысқа шығып шығарып
салған әже өз баласына:
— Әруақ қолдасын, жолың болсын, Абайжаным! — деп маңдайынан иіскеп
тілек айтады. Бұл жерде ананың балаға деген сүйіспеншілігі мен
мейірімділігі көрінеді.
Осы тұста Ұлжан жайлы да айта кетуді жөн көрдім.Ұлжан Абайды шақырып
алып, аттандырады да кеңесін айтады:
— Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. Күндестің
күлі— күндес дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлемеңді
түзу бер... Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды
дейсің, жан ашырдан айрылма — деп, ақылын береді. Міне, бұл адамгершілік
пен ақылдылықтың белгісі.
Ұлжандай анасын сүйіп өскен Абай айналасындағы қыздар да сүйкімді.
Мәселен, Тоғжанның жүріс-тұрысының өзінен тәрбиеліліктің нышаны танылады:
Тоғжан есікке қарай қозғалғанда, Абай қадалып, телміре қарап қалып,
бешпентін шеше беріп еді... Дәл шығар жерде ғана, есік ашқан келіншекті
ілгері шығарып жіберіп еді, өзі бір түрлі сұлу қозғалыспен сырт айнала
беріп, төрге таман ақырғы рет бетін беріп, үй ішінен сыртымен шықты. Қыз
қозғалысында әсемдікпен қатар тәрбиелілік, көрегендік байқалады. Мұхтар
Әуезов әйел бейнесін суреттеуде тек оның сұлулығын ғана емес, өзге халық
әйелдерінен табыла бермейтін мінезді, тартымдылықты айғақтай түседі.
Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазылған әңгімелерінде жазушы қазақ
даласына өзгеше көзқараспен қарайды. Дәріптемейді, мадақтамайды. Ғасырлар
бойы көшпенді халық осы даланың мейірімсіз мінезінен жапа шекті. Әлі
келгенше төтеп берді. Өзгерістері жоққа жақын ескі ауылдық әдет-ғұрпы
оқыған жасқа ұнамады.
Қорғансыздың күні (1922), Кім кінәлі? (1923), Ескілік
көлеңкесінде (1925) т.б. әңгімелерінде ол Абай жолы роман-эпопеясына
апаратын жолды барлағандай көрінеді. Әсіресе, Қорғансыздың күні тынысы
кең әңгіме. Онда адам бақытына, еркіне тұсау болатын ескі ауылдың сіреспе,
артта қалған әдет-ғұрыптары әшкереленеді. Әңгімеде бес кейіпкер бар — ол
болыс Ақан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
М. Әуезовтің ой-пікірлері қалыптасуының даму жолдары
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
Мұхтар әуезов шығармаларындағы қорғансыздар бейнесі
Пәндер