Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары



Кәсіпорын қаржысы – бұл қаржылық ресурстарды қалыптастыру, орналастыру және пайдалану процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар жүйесі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды: өткізілген өнім (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) бойынша түсетін ақшалай құралдарды, банк несиелері мен қарыздарды, арнайы қорлардан уақытша тартылған бос құралдарды қалыптастыру, орналастыру мен пайдаланумен бейнеленеді. Нарықтық жағдайға көшумен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын іздеу туралы мәселелер пайда болды. Бұл сұрақтардың актуальділігі бөлек кәсіпорындардың және жалпы өндірістің жұмысына жақсы жағдайлар жасау қажеттілігімен анықталады.
«Қаржылық талдау» мен «қаржылық жағдайды талдау» түсініктерін шатастырмау керек. Қаржылық талдау - әлдеқайда кең түсінік, өйткені ол қаржылық жағдайды талдаумен қатар табысты, өнімнің өзіндік құнын, өткізуді қалыптастыру мен бөлуді талдауды және басқа да сұрақтарды кіріктіреді. Қаржылық жағдайды талдау – бұл қаржылық талдаудың бір бөлігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның коммерциялық, өндірістік және басқа іс-әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, оларды орналастыру мен пайдаланудың мақсатты бағытталуы мен тиімділігімен, шаруашылық жүргізудің басқа субъектілерімен қаржылық қатынастарымен, төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытында қаржылық төлемдерді жүргізуі оның жағымды қаржылық жағдайы туралы айтады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
.

Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары

Кәсіпорын қаржысы – бұл қаржылық ресурстарды қалыптастыру, орналастыру
және пайдалану процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар жүйесі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды: өткізілген өнім
(тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) бойынша түсетін ақшалай құралдарды, банк
несиелері мен қарыздарды, арнайы қорлардан уақытша тартылған бос құралдарды
қалыптастыру, орналастыру мен пайдаланумен бейнеленеді. Нарықтық жағдайға
көшумен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны жақсарту жолдарын іздеу
туралы мәселелер пайда болды. Бұл сұрақтардың актуальділігі бөлек
кәсіпорындардың және жалпы өндірістің жұмысына жақсы жағдайлар жасау
қажеттілігімен анықталады.
Қаржылық талдау мен қаржылық жағдайды талдау түсініктерін
шатастырмау керек. Қаржылық талдау - әлдеқайда кең түсінік, өйткені ол
қаржылық жағдайды талдаумен қатар табысты, өнімнің өзіндік құнын, өткізуді
қалыптастыру мен бөлуді талдауды және басқа да сұрақтарды кіріктіреді.
Қаржылық жағдайды талдау – бұл қаржылық талдаудың бір бөлігі. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы кәсіпорынның коммерциялық, өндірістік және басқа іс-
әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, оларды
орналастыру мен пайдаланудың мақсатты бағытталуы мен тиімділігімен,
шаруашылық жүргізудің басқа субъектілерімен қаржылық қатынастарымен,
төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның
уақытында қаржылық төлемдерді жүргізуі оның жағымды қаржылық жағдайы туралы
айтады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және
қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді болады. Жоғары сапалы өнімді
тоқтамай шығару мен өткізу кәсіпорыннның қаржылық жағдайына оң әсер етеді.
Өндірістік процестегі тоқтаулар, өнім сапасының төмендеуі, оны өткізудегі
қиындықтар кәсіпорын шотына түсетін қаржылардың кемуіне әкеледі, соның
нәтижесінде оның төлемқабілеттілігі төмендейді. Кері байланысты да байқауға
болады, өйткені ақшалай құралдардың жоқ болуы материалдық ресурстармен
қамтылуын тежеуі мүмкін, сондай-ақ өндірістік процесте де.
Кәсіпорындар қызметінің практикасында жақсы жұмыс істеп тұрған
кәсіпорын өзінің ресурстарын тиімсіз орналастыру мен пайдалануға байланысты
қаржылық қиындықтарға кезігетін жағдайлар көп. Сондықтан қаржылық іс-әрекет
қаржылық ресурстардың жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдалануын қамтамасыз
етілуіне, есеп және несиелік тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз
құралдары арасында рациональды қатынасқа қол жеткізуге, кәсіпорынның тиімді
қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа бағытталуы тиіс. Яғни,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы өндірістік-экономикалық факторлардың
сәйкестігі ғана емес, қаржылық қатынастардың басқа да элементтері әсерінің
нәтижесі болып табылады.
Қаржылық жағдай ағымдық және перспективті төлемқабілеттілік,
айналымдылық, меншікті және қарыз құралдарының болуы, оларды пайдаланудағы
тиімділік сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Тұрақты қаржылық жағадйға
жетудегі елеулі рольді талдау атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының
ішкі және сыртқы талдау түрлерін бөлуге болады.
Ішкі талдау кәсіпорынды басқарудың қажеттіліктері үшін жүргізіледі.
Оның нәтижелері қаржылық жағдайды жоспарлау, бақылау және болжау үшін де
қолданылады. Сыртқы талдау жариялы ақпаратты қолданатын барлық талдау
субъектілерімен жүргізіледі. Бұл талдаудың мазмұны қаржылық ресурстардың
иелері мен бақылау органдарының мүдделерімен анықталады.
Ішкі және сыртқы талдаудың негізгі міндеттемелері:
1. қаржылық жағдайды және оның өзгеруін жалпы бағалау;
2. қаржылар мен олардың көздері, оларды орналастыру рационалдығы мен
пайдалану тиімділігі арасында сәкестікті зерттеу;
3. қаржылық, есеп және несиелік тәртіпті сақтау;
4. кәсіпорынның ликвидтілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау;
5. қаржылық жағадйды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжау.
Бұл міндеттерді шешу үшін зерттеледі:
1. кәсіпорын құралдарының бар болуы, құрамы мен құрылымы,; олардың
өзгеру себептері мен салдары; кәсіпорын құралдарының көздерінің бар
болуы; құрамы мен құрылымы; олардың өзгеру себептері мен салдары.
2. ұзақ мерзімді активтердің жағдайы, құрылымы мен өзгеруі;
3. өндіріс пен айналым сферасындағы ағымдық активтердің бар болуы мен
құрылымы, оалрдың өзгеру себептері мен салдары;
4. ликвидтілік пен дебиторлық берешектің сапасы;
5. құралдар көздерінің бар болуы, құрамы мен құрылымы; олардың өзгеру
себептері мен салдары;
6. төлемқабілеттілік пен қаржылық икемділік;
7. активтерді пайдалану тиімділігі және инвестициялардың өзін-өзі
өтеушілігі.
Сонымен қатар, басқа да міндеттер шешіледі. Мысалы, ішкі талдаудың
маңызды міндеті болып сыртқы қаржыландыру мүмкіндігін анықтайтын жағдайды
бағалау табылады. Ол үшін кәсіпорынның қаржылық ресурстарға, соның ішінде
қарыз ресурстарына деген жалпы қажеттілігі, іскерлік тәуекелдің дәрежесі,
капитал иелері арасындағы келісімдердің нәтижелері зерттеледі.
Сыртқы талдау кезінде кәсіпорын менщігінің нақты құны зерттеледі,
болашақ қаржылық түсімдердің, капитал құрылымының, дивидендтер өзгерісінің
дәрежесі мен тенденцияларының болжамы жасалады.
Жұмыс шегінде талдаудың әдістемесін талдамалы ақпараттың барлық
тұтынушылары мақсаттарына сәйкес қарастыру оңай емес. Сондықтан қаржылық
жағадайды талдаудың сыртқы және ішкі талдау субъектілерімен зерттелетін ең
негізгі сұрақтары баяндалған.
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, қаржылық жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру
көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады деп жазған.
Профессор Н.А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы
ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі деп
жазады.
М.Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын
былайша түсіндіреді: Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда
барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығы.
Профессор И.Т. Балабанов Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы –
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу - деп жазады.
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: Кәсіпорынның қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Инвестициялық жобалар туралы
Жобаны талдаудың экономикалық тиімділігі
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігі
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
Пәндер