Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары

Негізгі бөлім
1.1Президенттік басқарудың классикалық түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2.Президент институты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
1.3 Президент институттың модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.4 Президент сайлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Казіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Көппартиялық - азаматтық қоғамның аса маңызды нышаны. Бірақ қоғамдық және саяси күштерді бөлшектеу, оларға іріткі салу, азаматтық қоғамның әлсіздігі, экономикалық дағдарыс және экономиканың қожырауы, халықтың едәуір бөлігі арасындағы саяси енжарлық және демократиядан түңілушілік бүл институттың көпшіліктің өкілі болатын институт ретінде дамуына мүмкіндік бермей отыр. Егер көппаритялық түрін анықтау үшін Д. Сарторидің партиялық жүйелерді топтауына жүгінетін болсақ, әрқайсысына сапалық ерекше айырмашылықтары тән партиялар жүйесінің 7 үлгісінің ішінен Қазақстандағы жағдайға тұйықталған көппартиялық жүйе үлгісі сәйкес келер еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде идеологиялық және саяси әралуандыққа жол ашылған,алайда қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді. Қоғамдық бірлестіктер де заң алдында бірдей. Олардың ісіне мемлекеттің немесе мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына жол берілмейді. Сондай-ақ біздегі саяси партиялар мен кәсіподақтарды шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына тыйым салынғаын.[2]
Үстіміздегі кезеңнің бір ерекшілігі қоғамның саяси ахуалындағы тоқтаусыз жүріп жатқан сапалық өзгерістерде жатыр. Егемендіктен кейінгі президенттік институттың өмірге келуін, кәсіби парламенттің, алғашында сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан, кейін оңды тәжірмбе жинақтауын және көппартиялық қалыптаса бастауын сол сан алуан үрдістердің басты-басты нышандары деп тануға болады.
Қазіргі дүние жүзіндегі, әсіресе Азиядағы бірқатар елдердің демократияға көшу тәжірибесін жинақтайтын теориялық тұжырымдардың негізінде Қазақстандағы демократия процесіне және оны қолдануға ықпал ететін басты факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл орайда республика тәуелсіздік алған соң дүниеге келген жаңа демократиялық саяси институттар: парламентке, 1993 және 1995 жылдардағы конституцияларға, тәуелсіз сот билігінің қалыптасуына, көппартиялықтың басталуына ерекше назар аударылады. Осылардың ішінен бұрынғы дара партиялық қоғамның орнына көппартиялықтың қалыптаса бастауының өзі біз үшін принциптік жаңа құбылыс. Жалпы, ХІХ ғасырға дейін партия (партия - латын сөзінен алынған, "бөлек", "бөлісемін" деген мағына береді) деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуын үш кезеңге бөледі: аристократиялық, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш кезеңнен өткен ағылшынның екі партиясы ғана болды: лейбористер (вига) және консерваторлар (тори). АҚШ-тағы азаттық күресі мен ұлы француз революциясы қоғамдық өмірді жандандырып, саяси күштерді тарихи аренаға шығарды, ішкі ұйымдық заңдары, айқын бағдарламалары бар саяси парти-ялар пайда болды. Жұмысшы табы мен еңбекші бұқараның саяси күреске араласуы таптардың күресінің авангарды - саяси партиялар жүйесін туғызды.
Қазіргі уақытта партия атаулылардың екі жүзден аса анықтамасы бар. Дегенмен, партия деп белгілі бір топтың немесе әлеуметтік топтың, үкіметті басқаратын төбе топтың (элита) мүддесі үшін күресетін белгілі бір идеологиялық негізде ұйымдасқан, бағдарламасы бар, айқын мақсатты алға қойған адамдардың тобын атайды.
Кейінгі мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде әр түрлі саяси бағыт ұстаған 600-дей партия бар, 19 елде партия құруға тыйым салынған, 29-ында жалғыз ғана басқарушы, үкіметтік партия, ал 129 елде бірнеше саяси партиялар жұмыс істейді).
Өзінің саяси бағдарына қарай партияларды солшыл, оңшыл және центристік; іс-қимылының сипатына қарай реформистік, радикалды және экстремистік; ұйымдық принциптеріне қарай қадрлық және бұқаралық; ұйымдасуы мен жұмыс әдістері бойынша демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік деп жіктеуге болады.
Бұрынғы Кеңес елінде бірпартиялық монополияның жойылуы, бірорталық бюрократиялық Одақтың ыдырауы, ұлттар мен ұлыстардың егемендік алуы, саяси, экономикалық және идеялық пікірлер саналуандығының жариялануы саяси партиялар мен ұйымдардың, бұқаралық қозғалыстардың жаңа толқындарын туғызды.
Соның бірі -Қазақстан Республикасы. Мұнда бүгінгі таңда саяси партиялардың саны оннан асады, 300-ден астам қоғамдық ұйымдар тіркелген. Олардың ішінде социалистік партия, "Азат" республикалық партиясы, Қазақстан халық бірлігі партиясы, Қазақстан халықтық конгресс партиясы, т.б. бар. Бұлардың барлығында ортақ мақсат-мұрат: парламенттік партияға айналу, Қазақстанның егемендігін нығайту, еліміздің әлем таныған экономикасы қуатты, мәдениетті, қоғамдық ахуалы гүлденген, терезесі тең елге айналдыру, мемлекеттіктіл,- қазақ тілінің мәртебесін нығайту, шовинизмге де, жершілдік-ұлтшылдық сепаратизмге де жол бермеу, еліміздің территориясы-ның біртұтастығын қорғау, т.б. бар. Сонымен бірге, әрқайсыеының өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес.
Парламенттік партия екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден - сайлауға дайындық, екіншіден - парламент жұмысына бақылау жасау.Әрине, мұндай жіктеуді біз шартты түрде қабылдауымыз керек.
Әдебиеттер.
1.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы. Алматы, 1995.
2.Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, "Қазақстан", 1996.
3.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.
4.Назарбаев Н.Ә. Казақстан халқына Жолдауы, 1997.
5.Қазақстан Республикасы Президенті туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. "Егемен Кдзақстан", 28 желтоқсан, 1995.
6.Ортақ үйімізде татулықпен келісім болсын. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықга-ры Ассамблеясының бірінші сессиясындағы баяндамасы. "Егемен Кдзақстан", 30 наурыз, 1995.
7.Қазақстан халықтарының Ассамблеясында. "Ақиқат", N6, 1997.
8.Саяси партиялардың бағдарламалары. "Ақикат", N4, 1994.
9.Саяси партиялардың конституциялық құқы. "Ақиқат", N12, 1994.
10.Қазақстанның саяси партиялары. "Егемен Қазақстан", 20, 23 қаңтар, 1996.
11.Президент және демократия. "Егемен Қазақстан", 17 мамыр, 1996.
12.Гаджиев К.С. Политические науки. М.: "Международное отношение", 1995.
13.Основы политологии. Курс лекций. Алматы, "Жеті Жарғы", 1995.
14.Тәнітаева.Р.С. Саясаттану.-Шымкент,2004.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Негізгі бөлім
1.1Президенттік басқарудың классикалық
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2.Президент
институты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..15
1.3 Президент институттың
модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 20
1.4 Президент
сайлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30

Кіріспе
Казіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Көппартиялық - азаматтық қоғамның аса маңызды нышаны. Бірақ қоғамдық және
саяси күштерді бөлшектеу, оларға іріткі салу, азаматтық қоғамның әлсіздігі,
экономикалық дағдарыс және экономиканың қожырауы, халықтың едәуір бөлігі
арасындағы саяси енжарлық және демократиядан түңілушілік бүл институттың
көпшіліктің өкілі болатын институт ретінде дамуына мүмкіндік бермей отыр.
Егер көппаритялық түрін анықтау үшін Д. Сарторидің партиялық жүйелерді
топтауына жүгінетін болсақ, әрқайсысына сапалық ерекше айырмашылықтары тән
партиялар жүйесінің 7 үлгісінің ішінен Қазақстандағы жағдайға тұйықталған
көппартиялық жүйе үлгісі сәйкес келер еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде идеологиялық және
саяси әралуандыққа жол ашылған,алайда қоғамдық және мемлекеттік
институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын
құруға жол берілмейді. Қоғамдық бірлестіктер де заң алдында бірдей. Олардың
ісіне мемлекеттің немесе мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз
араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін
жүктеуге, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына жол
берілмейді. Сондай-ақ біздегі саяси партиялар мен кәсіподақтарды шет
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына тыйым салынғаын.[2]
Үстіміздегі кезеңнің бір ерекшілігі қоғамның саяси ахуалындағы
тоқтаусыз жүріп жатқан сапалық өзгерістерде жатыр. Егемендіктен кейінгі
президенттік институттың өмірге келуін, кәсіби парламенттің, алғашында
сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан, кейін оңды тәжірмбе жинақтауын және
көппартиялық қалыптаса бастауын сол сан алуан үрдістердің басты-басты
нышандары деп тануға болады.
Қазіргі дүние жүзіндегі, әсіресе Азиядағы бірқатар елдердің
демократияға көшу тәжірибесін жинақтайтын теориялық тұжырымдардың негізінде
Қазақстандағы демократия процесіне және оны қолдануға ықпал ететін басты
факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл орайда республика
тәуелсіздік алған соң дүниеге келген жаңа демократиялық саяси институттар:
парламентке, 1993 және 1995 жылдардағы конституцияларға, тәуелсіз сот
билігінің қалыптасуына, көппартиялықтың басталуына ерекше назар аударылады.
Осылардың ішінен бұрынғы дара партиялық қоғамның орнына көппартиялықтың
қалыптаса бастауының өзі біз үшін принциптік жаңа құбылыс. Жалпы, ХІХ
ғасырға дейін партия (партия - латын сөзінен алынған, "бөлек", "бөлісемін"
деген мағына береді) деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес
топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуын үш кезеңге
бөледі: аристократиялық, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш
кезеңнен өткен ағылшынның екі партиясы ғана болды: лейбористер (вига) және
консерваторлар (тори). АҚШ-тағы азаттық күресі мен ұлы француз революциясы
қоғамдық өмірді жандандырып, саяси күштерді тарихи аренаға шығарды, ішкі
ұйымдық заңдары, айқын бағдарламалары бар саяси парти-ялар пайда болды.
Жұмысшы табы мен еңбекші бұқараның саяси күреске араласуы таптардың
күресінің авангарды - саяси партиялар жүйесін туғызды.
Қазіргі уақытта партия атаулылардың екі жүзден аса анықтамасы бар.
Дегенмен, партия деп белгілі бір топтың немесе әлеуметтік топтың, үкіметті
басқаратын төбе топтың (элита) мүддесі үшін күресетін белгілі бір
идеологиялық негізде ұйымдасқан, бағдарламасы бар, айқын мақсатты алға
қойған адамдардың тобын атайды.
Кейінгі мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде әр түрлі саяси бағыт ұстаған
600-дей партия бар, 19 елде партия құруға тыйым салынған, 29-ында жалғыз
ғана басқарушы, үкіметтік партия, ал 129 елде бірнеше саяси партиялар жұмыс
істейді).
Өзінің саяси бағдарына қарай партияларды солшыл, оңшыл және центристік;
іс-қимылының сипатына қарай реформистік, радикалды және экстремистік;
ұйымдық принциптеріне қарай қадрлық және бұқаралық; ұйымдасуы мен жұмыс
әдістері бойынша демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық және фашистік
деп жіктеуге болады.
Бұрынғы Кеңес елінде бірпартиялық монополияның жойылуы, бірорталық
бюрократиялық Одақтың ыдырауы, ұлттар мен ұлыстардың егемендік алуы, саяси,
экономикалық және идеялық пікірлер саналуандығының жариялануы саяси
партиялар мен ұйымдардың, бұқаралық қозғалыстардың жаңа толқындарын
туғызды.
Соның бірі -Қазақстан Республикасы. Мұнда бүгінгі таңда саяси
партиялардың саны оннан асады, 300-ден астам қоғамдық ұйымдар тіркелген.
Олардың ішінде социалистік партия, "Азат" республикалық партиясы, Қазақстан
халық бірлігі партиясы, Қазақстан халықтық конгресс партиясы, т.б. бар.
Бұлардың барлығында ортақ мақсат-мұрат: парламенттік партияға айналу,
Қазақстанның егемендігін нығайту, еліміздің әлем таныған экономикасы
қуатты, мәдениетті, қоғамдық ахуалы гүлденген, терезесі тең елге айналдыру,
мемлекеттіктіл,- қазақ тілінің мәртебесін нығайту, шовинизмге де, жершілдік-
ұлтшылдық сепаратизмге де жол бермеу, еліміздің территориясы-ның
біртұтастығын қорғау, т.б. бар. Сонымен бірге, әрқайсыеының өзіндік
ерекшеліктері де жоқ емес.
Парламенттік партия екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден - сайлауға
дайындық, екіншіден - парламент жұмысына бақылау жасау.Әрине, мұндай
жіктеуді біз шартты түрде қабылдауымыз керек.

1.1 Президенттік басқарудың классикалық түрі
Қазақстанның тарихи тәжірибесінде бұрын-соңды парламенттік партия
болып көрген емес.Алайда қоғамымыздың саяси жүйесінің демократиялануы,
құқықтық мемлекеттің құрылуы, халықтың саяси санасының оянап,
белсенділігінің артуы саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстардың бұрын болмаған жаңа толқындарын туғыздыруының ішінде
Қазақстан халық бірлігі партиясы, "Азат" республикалық партиясы, Қазақстан
халықтық конгресс партиясы, Қазақстан социалистік партиясының саяси
бағдарламаларында республика азаматтарын ерікті түрде біріктіретін
парламенттік үлгідегі партия болады делінген.
Партиялық күрес - саяси билік үшін күрес десекте, Қазақстан
Республикасының саяси партиялары саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлық-
зомбылықтың кез келген нысанасын теріске шығарып, оппозициялық,
парламенттік күрес жолын қалайтындығын ашық айтады. Өркениетті елдердің
барлығында да парламенттік партиялар мол тарихи тәжірибе жинақтады және бұл
жолдың дұрыстығына көз жеткізді. Осыған орай парламенттік жүйе туралы сөз
ету де артық емес. Парламенттік-жүйенің отаны,Ұлыбритания болып табылады.
Онда парламенттік жүйе XVII—XVIIIғасырлардың шегінде қалыптасты. Оданкейін
оның отарлары: Канадаға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Ирландияға,Ямайкаға,
Кариб бассейіндегі елдердің көпшілігіне енгізілді. Парламенттік жүйе
Еуропаның мемлекеттерінде де өтекеңінен тарады. Мәселен, бұл жүйені
қабылдаған елдер қатарында Швеция,Норвегия, Дания, ГФР, Австрия, Швейцария,
Италия, Испания, Португалия, Бельгия, Венгрия бар. Ал Азияда
Жапонияда,Израильде, Сингапурда өкімет билігіпарламенттік жүйенің
принциптерінде қалыптасқан. Парламенттік монархияларда бар.
Ұлыбритания - парламенттік монархия елі. Елді ресми түрде король немесе
королева басқарады, парламент екі палатадан: жоғарғы - лордтар, төменгі
-қауымдар палатасынан тұрады. Қауымдар палатасы 5 жылға сайланып, кәсіби
тұрғыда заң шығару ісімен айналысады.
Ұлыбританияның тағы бірғажабы, мұнда Конституция деген жоқ. Оның орнына
заң ғылымы тілінде статутарлық заң деп аталған бірнеше парламенттік заңдар
қабыл-данған. Оның алғашқысы Шыңғысханның жорығынан бұрын, 1215 жылы
қабылданса, екіншісі Абылай хан дүниеге келмей тұрып, 1628жылы, ал одан
кейінгілері араға бірқатар жылдар салып қабылданыпты. Таза ағылшындық
демократия мен консерватизмнің айқын белгісі осындай.
Францияда да Парламент 5 жылға сайланады және еш уақытта мемлекеттік
басқару ісіне араласпайды. Тек заң шығарумен, Конституция талаптарын
орындауды қадағалаумен шұғылданады конституциясы бүкілхалықтық референдум
арқылы 1958 жылы қабылданған Франция демократия жолына бәрінен ерте түскен
ел.[3]
Саяси биліктің заң шығаратын тармағына Парламент жатады десек, АҚШ
Конгресі мен Сенатынан басқа кәсіби парламентгердің көпшілігі заң жобаларын
өзі әзірлемейді. Басқаны былай қойғанда, Франция мен Германия
парламенттерінің өзінде де қабылданатын заң жобаларының 90 процентін үкімет
әзірлейді.
Президенттік басқарудың классикалық түрі АҚШ-та басталған және әлі
жалғасып, жетіліп келеді. Президент - әрі мемлекет басшысы, әрі үкіметті
басқарады, яғни бүкіл атқару билігі түгелімен Президенттің қолында.
Мемлекет басшысы Парламенттен тысқары сайлаушылар өкілдерінің арнаулы
алқасында сай-ланады, ал Мексика, Бразилия, Боливия, Колумбия, Венесуэла,
т.б. кейбір елдерде Президент төте сайлау жолымен сайланады. Бұл АҚШ
Президентінің бүкіл сайлаушылар атынан сөйлеуге, Конгрес кетікелей
бағынышты болмауына құқық береді. Кабинетті өзі құрады, ал 394 қызметті
Сенаттың келісімімен бекітеді, мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы
саясатын Сенат арқылы іске асырады. Президентті мерзімінен бұрын орнынан
апу мынандай екі жағдайға байланысты болады: біріншіден, сот шешімі оны
кінәлі деп тапса (импечмент), екіншіден, өз еркімен осы қызметтен кеткісі
келсе гана. Америка Президентіне сайланатын тұлғаға қойылатын талаптар: 36
жастан асқан кісі, ақ нәсілді, протестант, отбасы бар, университеттік
білімді, спортпен шұғылданатын, коррупциямен және қыл-мыскерлермен аяусыз
күресетін, губернаторлық қызмет тәжірибесі бар немесе Конгресс мүшесі
болған, шешендік қабілеті бар адам. Әрине, бұл талаптар-дың бәрі сай келе
бермегенімен, негізінен, осындай сипатта болуға тиіс. Сонымен бірге,
президенттік басқарудың аралас және суперпрезиденттік республикалар да
кездеседі.Президенттік және парламенттік басқарудың аралас түрі Францияда,
Финляндияда, Португалияда, Түркияда, т.б. елдерде кездеседі. Ал Италия,
Германия, Индия, Пәкістан, Германия, т.б. елдерде Президент мемлекет
басшысы, мемлекет органдары арасында арбитраждық миссиясын атқарады.[4]
Еуропаның қуатты елдерінің ішінде тек Францияда ғана жартылай президенттік
жүйе қалыптасқан. Ал Азия мен Африканың кейбір елдеріндегі президенттік ин-
ститутқа келер болсақ, оларда жеке адамдардың тоталитарлық және
авторитарлық билік режимдерін көп жағдайда конституциялық жолмен бүркемелеу
болып келеді. Үстіміздегі кезеңде Ресей Федерациясының және ТМД-ның басқа
мемлекеттерінде биліктің президенттік жүйесі қалыптасуда. Бұл ретге
көптеген күрделі мәселелер де тумай қоймайды. Сондықтан олардың шетелдік
тәжірибелерге назары ауып отырғандығы белгілі.
Қазақстан Республикасында 1990 жылдың сәуір айында президенттік қызметтің
енгізілгендігі баршаға аян. Қазақ халқының тарихында бұрын да мемлекеттер
болғанымен, оныңтұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. 1990
жылдың 20 қарашасында Қазақстанда мемлекеттік билік құрылымы мен басқаруды
жетілдіру және Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу жайлы қаулыда
Президент Қазақ мемлекетінің басшысы, оның ең жоғарғы атқару билігін
жүргізуші деп жазылды. Президентке Министрлер Кабинетіне жетекшілік ету
міндеті нығайтылды.
Қазіргі саясаттану ғылымы, Швейцарияны шығарып тастағанда, демократиялық
басқару жүйесінің үш түрін ғана біледі. Өркениетті қоғам әзірге бұларда
нартық ешнәрсе жасай алған жоқ. Оның алғашқысы - президенттік, екіншісі
-парламенттік және соңғысы – жартылай президенттік республикалар.
Алғашқының айқын үлгісі АҚШ болса, екіншісін Батыс Еуропа елдерінің
көпшілігі қабылдады. Ал осы екеуінің қоспасы тәрізді соңғы, жартылай
президенттік билік Франция мен Португалияда орын алып отырғаны және
белгілі.Қазақстанға келер- болсақ, ол алғашқы топтағы президенттік
мемлекеттер қатарына жатады. Бұл туралы Конституцияның екінші бабының
бірінші тармағында: "Қазақстан Республикасы - президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет",- деп атап көрсетілген.
1991 жылдың желтоқсанының бірінде Қазақстанда тұңғыш рет Президентті
бүкіл халық болып сайлады, ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жайлы Конституциялық Заң
қабылданып, республиканың президенттік басқаруға өтетіндігі белгіленді.
Саяси биліктің үш тармағының атқару билігін Президент басқарады. Оны іске
асырудың жаңа жүйесі құрылды. Кабинеттің басқару функциясы кеңейтілді,
хапық депутаттары атқару комитеттері таратылып, оның орнына тікелей басқару
билігінің жүйесі: аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер құрылды.
Бұл егемендіктің нәтижесінде болған өзгерістер. Сонда егемендіктің басты
ерекшеліктері болып табылатын белгілер - өз аумағымыз бен азаматтығымыз,
дербестігіміз бен ел ішіндегі мемлекеттік биліктің өз қолымызда екені,
Конституция мен заңдардың үстемдегі, өз бюджетіміз бен қаржы-несие жүйесі,
пәрменді құры-лымдарымыз, халықаралық қатынастардағы еріктілігіміз көрініс
тауып, баршамыз үшін ең қымбаттысы - мемлекеттік егемендігіміздің
классикалық нысандары -Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз бекітілді.
Енді, міне, жеке мемлекет болдық. Өз тізгініміз өз қолымызғатиді.
Елдіктің басы ел тарихын білуден басталса керек. Сол ақиқатты сезінбей, сол
шындыққа жүгінбей, тәуелсіз мемлекет бола алмаймыз. Ал тәуелсіздік
дегеніміз - еліміз та-ныған заңдар шеңберінде тіршілік ету, демократия
дегеніміз - нормалар негізінде өзің қандай құқыққа ие болсаң, өзіңнен
басқаның да сондай құқы бар екенін мойындау ғой.[5]
Француз ойшылы Вольтер XVIII ғасырда: "Демократия деген - халық бекіткен
заңдардың бұлжымастан орындалуы",-десе, ал тоталитарлық, авторитарлық
үкіметтің басшыларына салсақ, олар: Демократи деген - біз бекіткен заңдарды
халықтың бұлжытпай орындауы,- деп есептейді. Осындай озбырлықтың,
әділетсіздіктің салдарынан талай елдерде халық төңкеріс жасап, талай
зорлықшыл монарх, диктаторды тақтан тайдырып, жазалағанын білеміз.
Сондықтан: "Демократия дегеніміз - демократиялық заңдардың бұлжымай
орындалуы", - деп айтқан жөн болар.Осыны түйсініп, түсінсек қана алдымыз
жарық, келешегіміз нұрлы.
Өз кезегінде саяси егемендіктің экономикалық егемендікпен біте қайнасып
жатқандығын да айтпасқа болмайды. Ең басты білетініміз - бұрынғы одақтас
рес-публикалардың әлеуметтік-экономикалық өзара кіріптарлығының түпкі
себебі өзара сенімсіздіктерінде жатқандағы. Бұл сенімсіздіктің қайнар көзі
патшалық Ресейдің отаршыл саясатынан басталады. Отаршылдықтың өзекті
концепциялары социализм кезінде одан әрі берік орнықты. Бұл тұжырымдама
бойынша орыстан басқа ұлттардың жерінде толық өнім циклына жол бермеу
тенденциясы ұдайы басшылыққа алынып отырды. Айталық, қарапайым шылымның
қағазы Сібірде, фильтрі Кавказда, темекісі Карпат маңында дайындапуға тиіс
болды. Орыстардың шовинистік психологиясы бойынша, өзге ұлттарды тек
осылайша жіпсіз байлап, кіріптар етіп ұстауға болады деп ойлайды.
Нәтижесінде шын мәнінде өзара өмірдің өзіндей мыңсан кіріптарлықтан тұратын
тоталитарлық-экономикалық жүйе пайда болды. Мұның өзі Маркстің түсіне
кірмеген, жаппай еңбекті жатсыну психологиясын тудырды. Адамдарды еңбектен
безіндірген қоғамның болашағы бедеулікке ұрынатыны қазірдің өзінде айқын
аңғарылып отыр.
Енді әр республиканың өз жерінде дайын өнімді әлемдік стандарт деңгейінде
шығаруға ұмтылуы және шикізат байлығына толық иелік етуі таяу уақыттағы ең
өзекті мақсаты болмақ. Мемлекет егемендігін орнықтыруда Ел басының атқарар
қызметі ұшан-теңіз екендігі айтпаса да түсінікті.995 жылдың 30 тамызында
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында "Президент" деген
үшінші бөлім енгізіліп, мемлекет басшысының міндеттері мен құқықтары
белгіленді. Өйткен өтпелі кезең жағдайындағы күрделі әлеуметтік құбылыстар
мемлекетгің басшысы Президент билігін күшейтуге объективті негіз болады.
Президент ұлттық символға, саяси жүйенің ең маңызды нышанына, орталық
тірегіне айналады. Президент қоғамның басқа билік институттарынан жоғары
тұрып, олардың жұмысын үйлестіруші және бағыттаушы орталыққа,
Конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты
көрінісіне айналады. Осының өзі Қазақстанның өтпелі кезеңінде соны жол
салушы Президентке халық артқан жүктің қаншалықты салмақты
екендігініңайғағы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біліктілігі, жігерлілігі, жоғары
ұйымдастырғыш қабілеттілігі, халықтың жүрегіне жол тауып, сеніміне енуі
нәтижесінде өзі де кемелденді. Күрделі де қайшылығы мол, шым-шытырық қиын
заманда Президентгің ауқымды дипломатиялық қабілеті елдің ішінде
жарасымдылық қарым-қатынас орнатса, халықаралық саясат кеңістігінде Қазақ
мемлекетін бүкіл әлемге паш етті. Оған кезінде берілген "Жыл адамы" жоғары
атағын бүкіл Қазақстан халқы зор қуанышпен қарсы алған болатын.(6)
Рас, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -ұлттық бітімі бүтін, өзінің таза ұлттық
то-пырағына терең тамыр тартқан тұрлаулы тұлға. Оның күллі адамдық,
азаматтық, қайраткерлік қасиеттерінің бәрі осы табиғатына тәуелді: көреген
көсемдік, екі тілге бірдей шешендік, алыс-жақын шетел Президенттерінің
ортасында өзіне өзгеше шырай бітіретін айдын мен айбын, өзін қалың бүқараға
сіңіріп жіберетін кішіпейіл кісілік, туған халқының тұнық салты мен
дәстүріне суарылған байсалды, баурағыш мінез, білім мен мәдениет, іскерлік
пен іскерлік.
Бізде жеке адамның диктатурасына жол берілмейтініне, президенттік
басқару, биліктің өзі нағыз демократиялық заңдар шеңберінде жүзеге
асатынына ешқандай күмән жоқ. Әрине,бізге күшті билік қажет. Бұл уақыт
талабы. Мемлекетгің күшті бо-лғандығы жеке адам үшін ғана емес, бәріміз
үшін қажет. Мемлекет - біздің тағ-дырымыз. Бүгінгі Қазақстан елді саяси
басқарудың жаңа нұсқасын жасау айры-ғында тұрғандай, соған батыл бет
бұрғандай.
Сөз жоқ, соңғы кездері қоғамдық-саяси кеңістікте өмірге келіп, ел назарын
аударған іргелі саяси институттардың бірі - Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы. Бұл Республика Президенті жанындағы қоғамдық консультациялық-
кеңесші орган:. Ассамблеяның кіші түрлері жергілікті әкімшіліктердің де
жанынан құрылған республика халықтарының Ассамблеясының алғашқы құрылтайына
260 делегат қатысты. Оның құрамына 40 адамды Президент ұсынды. Ассамблеяның
құрылтайы жылына бір рет шақырылады. Оның құрамында 305 адам жұмыс істейді,
30-дан астам ұлттың өкілі бар. Олардың 148-і қазақ, 42-і орыс, қалғандары
басқа ұлт өкілдері. Қазіргі күрделі кезеңде Президенттің практикалық
қызметіне Ассамблеяның да тигізер көмегі аз болмаса керек қазақстан сияқты
жас егеменді мемлекет үшін басқарудың президенттік тәсілінің жалпы
классикалық белгілерінете білудің маңызы өте зор. Ол белгілері:Президентті
халықтың өзі сайлауы,Президенттің мемлекет басшысы мен үкімет басшысы
міндеттерін өз қолына қоса алуы, Президенттің Үкіметті құруы және Үкіметтің
Президент алдында жауапты болуы. Қазіргі дүниеде басқарудың президенттік
тәсілінің ондаған үлгісі бар.Ол АҚШ-та бір түрлі, Францияда басқаша. Әр ел
өз ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік басқару тәсіліне өзгерістер
енгізеді. Оны өз жағдайына қарай бейімдеп отырады. Бұл түрғыданалғанда
Қазақстанның да өз үлгісі болуы керек. Жаңа Конституцияда президенттік
билікті одан әрі күшейтуге баса назар аударылған.
Ал күшті президенттік билік дегеніміз басқарудың президенттік мазмұнын ай-
қындайды. Ондағы негізгі тұлға Президент болып табылады. Елдің ішіндегі
оның ұйымдастыру және жасампаздық жұмысы ең алдымен өкімет билігінің
жоғарғы құрылымымен байланысты.
Басқарудың президенттік тәсілі кезінде Президенттің Үкіметке қатысы
негізінен екі түрлі: ол не мемлекет басшысы және жоғаргы әкімшілік басшысы
(Премьер-министрдің бар не жоқ екеніне қарамай) , тек мемлекет басшысы
бола алады. Басқарудың президенттік тәсілі үшін де, күшті президенттік
билік үшін де бірінші үлгі тиімді. Екінші үлгі кезінде Президенттің
бақылауында болатын Үкімет елеулі дербестікке және жан-жақты кең
өкілеттікке ие болуы тиіс.Әрине, басқарудың президенттік тәсілі кезінде
Парламенттің ішкі және сыртқы саясат саласындағы атқаратын- рөлі едәуір
кемиді. Бірақ мұның өзі оны мемлекеттік өкімет билігі жүйесінде екінші
орынға қарай ығыстыру үшін емес, қайта, Президент пен жоғарғы әкімшіліктің
іс-қимылына кең өріс ашу және олардың жауапкершілігін күшейту үшін
жасалады. Мемлекеттің жалпы міндеттерін шешуде Парламенттің қуаты
сарқылмаған мүмкіндіктерін жеткілікті пайдаланбайынша, президенттік билік
күшті бола алмайды.(7)
Осы әңгіменің мазмұнына енген түйткілді сұрақтардың түйінін қорыта
келгенде, ақылға сияр парасатты тұжырымдар мен елдігімізді сақтауға,
тарихта тұңғыш рет шын мәнінде бой түзеген Қазақтың мемлекетін дұрыс жолға
-әлемдік кеңістікке шығаруға күш салған ондаған қайраткерлер мен жүздеген
саясаткерлерімізді уақыт өзі сүзіп, екшейді, қатыгез тарихтың талқысына
салады. Үш жүздің басын қүрап, қазақты ел етуге ұмтылған Абылай ата тарихқа
қалай кірсе, арғыбергі ұлы елдермен тұғыры мен топшысы берік саясат жүргізу
арқылы Қазақ елінің аумақтық тұтастығын бекемдеуге, Қазақстанды әлем толық
танитындай мәртебеге жеткізуге күш-жігерін аямай келе жатқан еліміздің
алғашқы Президенті Н.Ә.На-зарбаевтың да солай кірері хақ. Заманында көшпелі
елдің өз ыңғайына қарай жазылып, әлденеше ғасыр Ұлы Даланың өмірі мен
тәртібін, жалпы тіршілігін, ішкі-сыртқы қарым-қатынасын реттеп отырған
"Жеті Жарғы" ұрпақ жадында қалай жатталса, авторы Егеменді Қазақстанның
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып есептелетін Ата Заңымыз да
тарих төрінен өзіне тиесілі орнын солай алуға тиіс.

1.2 Президент институты.

Саяси ілімдер тарихында президен идеясының қалыптасуы мен
дамуы.Мұнда ең алдымен мемлекет басшысы мен атқарушы билік басшысын неге
"Президент" ұғымымен атағанын анықтап алайық. Саяси ілімдер тарихында бұл
жөнінде бірнеше пікірлер бар:
Біріншіден, "Президент" ұғымы латынның сөзінен шығады елді атқарушы деген
мағанада білдір еді.Президент деп әртүрлі жиындарда төрағалық етілетін
атникалық дәуірде атаған. Сонымен бірге антикалық дәуірде Сенат Прездент
деген кызмет ие болған.[8]
Екіншіден, Конституиялық конвентке дейінгі американ мемлекетінін
номиналды басшысы- американ штаттары конференциясы конгресінің төрағасы
"Конгресс Президенті" деп аталған.
Үшіншіден, Филадельфия Конституциялық конвентінде төрағалық етуші
Дж.Вашингтон да "Прездент" деп аталған.
Төртіншіден, Президент деп кейбір отарлардың губернаторлары (атқарушы
билік басшысы) аталған.
Президент институты феномен Т.Лейн, Т.Джефферсон, А.Гамильтон, Дж.Адамс,
Дж.Мэдисон еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Американдық саяси ілімдер тарихының көрнекті өкілі Т.Пейн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңнің саяси институттары
Азаматтық әңгіме мен үкіметті, саяси партияларды біріктіретін қажетті байланыс
Демократиялық Партияның күш-қуатын, қалыптасуы мен маңыздылығы
Қр-ның 1993-1995 ж. конституциясы
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
ҚАЗАҚСТАН РЕСУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы саяси қатыныстар жүйесіндегі саяси мәдениетке тән сипаттар
Қазақстанда Президенттік институттың пайда болуы
Азаматтық қоғамның қалыптасуының теориялық кезеңдері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет қалыптасуының теориялық негіздері
Пәндер