Қазақстанның жедетілген экономикалық және әлеуметтік процесі


ҚазАқстанның жедетілген экономикалық және әлеуметтік процесі
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып әлемді тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымызбен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.
3, 1 Иновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту
Біз экономиканы диверсификациялайға бағытталған индустриялық-инвациялық страгенияны іске асыра бастадық бұл болашақтың бағадрламасы.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесіне дамуына жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркісібі, көлік логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек деп санаймын. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне солар айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әліміне енгізетін экономикалық басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі - Ұлттық инвациялық жүйе жасауды қолға алыдық.
Индустиялық инавациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвистициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.
2004 жылы 204 инвистициялық жоба іске асырылса соның тең жартысы даму институттарының қолдауымен дүзеге асты.
Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатырнан лайықты орын алу. Сондықтанда мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.
3, 2 Шағын және орта бизнес туралы
Жапония, Германия, Белгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындарының санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.
Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идиалогиясын түзіуіміз қажет. Біздің кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инавациялық экономикадығы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі.
Мен өңірдерді экономикада өршіл болуға шақырамын.
Ендігі жерде жаңа идиалогияға сәйкес заңнаманы сапалық жағынан жақсарту міндет. Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялармен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тын тыныс ашамыз.
Бұл ретте бір қатар тратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласуда, сөз бұйдаға салуда болмай қоймайды. Бірақ үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап кірісетін кезі келді.
Келесі бір мәселе туралы. Даму банкті мен Инвистицялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорлары» өзіндік бір «үлкен қаржылық меркетке» айналуға тиіс. Біз Қорға биылғы жылы республиклықбюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асырыды қолға лау керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.
3, 3 Аграрлық мәселелер
Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру аяқталады. Біз еліміздегі агарлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57, 9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді. Бұл рекордтық сан.
«Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет.
Алдағы уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқыланған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылғы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қойылатын болады. Ендігі жерде ауылшаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудыру қажет деп санаймын. Жеке меншік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де, атап айтқанда, агроиндустриялдық саясат арнасын да осында тарту керек.
3, 4 Қаржылық сектор мәселелері
Қаржы секторын одан ары дамыту үшін қазір құнды қағаздар нарығын дамыту мен 2005-2007 жылдарын жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламалары қабылданды. Енді тек жұмыс істеу керек.
Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәлеметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылы түсулері керек. Банктердің инвистициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет.
3, 5 ХХІ ғасыр деңгейінде білімберу мен кәсіптік даярлау
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елідң тығырыққа тірелері анық. Біздің болашықтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алыста барлап, кең ауқымда ойлай білітін осы заманғы басқрушыларсыз біз инвациялық экономика құра алмаймыз.
Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдауымыз шарт.
Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттан деңгейінде білім беру. Ал жетекші оргындарының дипломдары күллі әлемде танылуға тиіс. Олар міндетке тиісге міндетті.
Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз керек.
Студенттердің оқуын бюджеттен қаржыландырудың біріңғай жүйесін құру мақсатында Үкіметке білім беру кредиттерінің есебінен білім беруге арналған кредиттердің мөлшерін 50 пайызға арттыруды тапсырамын.
Сонымен бір мезгілде осы аталған кредиттердің қайтарылуына мемлекеттің кепілдігін беруді қамтамасыз ете отырып, екінші деңгейдегі банктер арқылы студенттерге кредит бөлудің осы заманға жүйесін жасау керек.
Үкіметтің каникул кездерінде студенттерге тұрғұн үйлер тұрғызатын құрылыс отрядтарында жұмыс беру, еліміздің көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарласмасын өрістетіп, бұл игілікті іске студенттерді қатыстыру мәселесін нақтылы қарауы міндет.
Енді оқытушылар жайында. Олардың проблемалары да бізге жақсы мәлім, бұл проблемалар шешіліпте жатыр, алайда бәрін бір сәтте шешіп тастау да мүмкін емес. Білім және Ғылым министірлігі Жоғары оқу орындарының ассоциациясымен бірлесіп, профессор-оқытушылар құрамына қолдау көрсету жүйесін ойластырған жөн. Айталық, қазірдің өзінде кез келген шетелге тәжірибеден өтуге баруды қарастыратын әрі бір жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізуге берілетін гранттың мәртебесіне ие «Үздік оқытушы» мемлекеттік степендиясын тағайындауға болар еді.
Менің таптсырмам бойынша биылғы жылы Қазақстан Ұлттық университеті мен Еуразия ұлттық университетіне 20 шетелдік оқытушы кеңесшілер тарту үшін 2 млн. Доллар бөлінеді. Ендеше батысқа танымал өзіміздің үзідк мамандарымызды дәл осылайша неге марапаттамасқа!
Өзіміз зәру болып жүрген әрі кадрларды сырттан шақыруға мәжбір етіп отырған техникалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек деп санаймын.
Бәріде мектептен басталады. Сондвқтан біздің 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беркге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарларымының сапасын арттыруымыз керек. Бұл мұғалым мамандығының беделі мен абройын қайтаруға міндеттіміз.
3, 6 Ана, бала, аға ұрпақ
Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің-балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады. Біз балалар мен жүкті әйелдерді шешу үшін қаражат аямайты болады. Біз балабар мен жүкті әйелдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы шаралар қабылдадық, енді оларды іске асыратын боламыз.
2003 жылдан бастап, перзенттің дүниеге келуіне байланысты біржолғы жәрдемақы төленіп еледі.
Биылғы жолдан бастап, біз әлеуметтік қамсыздандырудың идиалогиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағадрламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекетте кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру. Ақыр аяғында, бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осыдан үш бастау азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады.
3, 7 Тұрғын үй мәселелері
Ендігі бір өзекті міндет - тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын.
Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдарынан не келетінін қазақстандықтарға көрсетсін. Тұрғын үй құрылысы біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш.
Рухани даму мен конфессиялар аралық келісім
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды жағастыра беру, сөйтіп өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жанжақты дамыту қажет.
Біз осы саланы мемлекеттік қолдаудың толымды бағдарламысын қалыптастыруымыз керек.
Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі - еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жүгерімізді жұмсауымыз керек.
Қазақ топрағы арқылы барылық әлмдік діндер өткен, сондықтан да жатырқаушылық немесе діни фанатизм сезімі бірге жат. Осынау рухани дәстүр, жаратушының қандай жолиен болса да түскен сөзіне жүрегіміздің ашықтығы - Қазақстандағы конфесиялар аралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі. Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностар арадық, конфиссиялар аралық татулығымызбен және өзара үндеусізбен күллі әлемге танымалмыз. Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді.
3, 9 Жоғарыда айтылған сөздердің бүгінгі күні әрбір отбасы үшін, әрбір қазақстандық үшін мәнісі неде?
- Биылғы жылдан бастап, біз іс жүзінде әірбір отбасының мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі терңдету бағадрламасын іске асыра бастадық.
- Үстіміздегі жылдан бастап, біз жекелеген сырқаттар бойынша бес жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен, ал жүкті әйелдерді - құрамында темір мен йоды бар препараттармен амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ететін боламыз.
- 2006 жылдан бастап, диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық деңгейде жеңілдетіп жеңілдік шарттары қолданылатын балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшуіміз керек.
- 2006 жылдан бастап, аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төленуге, 4 және дан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 4000 теңгеге дейін көбейтілуге тиіс.
- Нәрестенің тууына байланысты бір жолғы жәрдемақыларды қазір де төлеп келеміз. Енді соларға қосымша бұрын жоспарланғандай 2007 жылдан емес, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап, бір жасқа дейінгі сәбиді күту жөнінде мемлекеттік жәрдем ақылар енгізу қажет деп санаймын.
- Биылғы 1 шілдеден бастап, біз барлық зейнеткерлерге, еңбек өтіліне, жалақысымен тағайындалған зейнетақысының мөлшеріне қарамастан, 3000 теңге мөлшерінде қосымша негізгі зейнетақылық төлем жасайтын боламыз. Осылайша е төменгі зейнетақының мөлшері негізгі зейнетақылық төлеммен бірге 9200 теңгені құрайтын, ал зейнетақының мөлшері 12 мың теңгеден асатын болады.
- Биылғы І шілдеден бастап, біз жоғары оқу орындары студенттері, сондай-ақ орта кәсіптік білім беру ұйымдары оқушылары степендияларының мөлшерін 2 еседен астам өсіретін боламыз.
- Біз ең лайықты деген жастардың шетелдерде білім алуларына жәрдем жасаймыз. Жыл сайын 3 үздік мың студентке «Болашақ» болашақ бағдарламасының шеңберінде әлемнің ілгері жоғары оқу орындарында білім алулары үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болады.
- Бізде инжинерлер мен технологтар бола алатын және болуды қалайтын жастар көп. Білім беру гранттары мен кредиттері - мемлекеттің оларға көрсететін нақты көмегі осындай. Жеке меншік секторын мен іске белсене қатысуға шақырамын.
- Комерциялық банктердің студенттердің таяудағы 5 жылда бөлетін кредиттеріне мемлекеттік кепілдік беру жүйесін іске асыру үшін Қосыаша 2 млрд. теңге, оның ңшңнде биылдың өзінде санмен 600 млн. бөлу қажет.
- 2006 жылдан бастап мүгедектердің барлық топтарынна және жасына байланысты жәржеа ақы алушыларына сондай-ақ мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды қосымша 1000 теңгеге арттыру қажет деп санаймын. Биылдан бастап бұл жәрдем ақылардың едәіур арттырылғаны мәлім.
- 2006 жылдан бастап асыраушысынан айрылған 2 млн. 247 мың от басына 300-ден 1000-ге дейінгі соммада қосымша қолдау қажет.
- Биылғы 1-ші шілдеден бастап бюддет мұғалімдердің, дәрігердің мәниетпен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлердің жалақысын орта есеппен 32 пайыз көтеру қажет деп санаймын. Ал 2007 жылдан бастап орта есеппен 30 пайыз көтеру қажет.
- Негізінен алғанда жалақы мемлекеттік қана емес жеке меншік секторда да өсуі тиіс. Осыған орай биылғы 1-ші шілдеден бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге дейін өсіру қажет.
- Мемлекеттік қызметшілірдің сондай-ақ бюджет саласының басақа да қызметкерлерінің жалақысын биылғы 1-ші шілдеден орта есеппен 32 пайызға ал 2007 жылдан бастап тағы 30 пайызға көтеру сөйтіп біртіндеп оның мөлшерін жеке меншік секторына жақындата беру керек деп санаймын.
- Ағымдағы жылы тұрғын үй құрлысы бағдарламасының шеңберінде бюджеттен бөлінген қаражаттың есебінен ғана халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары үшін 1600 пәтер салу және ипатекеалық бағдарлама бойынша халықтың қолы жететін арзан 11700 пәтер салынуы қажет.
- Тұтас алғанда қарджыландырудың барлық көзедері арқылы үш жыл ішінде біздің 12 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 195000 пәтер салуымыз керек. Бұл тұрғн үй құрлысы екі есе өседі деген сөз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz