Шет елдердегі бағаны реттеу мен баға белгілеу тәжірибесін зерттеу туралы



1. АҚШ
2. Франция
3. Швеция
4. Дания
5. Греция
6. Жапония
Пайдаланған әдебиеттер
АҚШ. АҚШ-та 70-жылдары көтерме және бөлшек сауда бағалары қарқынды түрде өсті, бірқалыпты инфляцияның шапқынға өсуі, елдің экономикалық стратегиясына модификациялау қажеттігін тудырады. Мемлекеттің алғашқы жасаған қадамы бағаны тура реттеу арқылы инфляцияны реттеуге тырысты. 1971 жылы тамыз айында АҚШ президенті Р. Никсонның ұсынысымен баға орталықтандырылған бақылау орнатылды. Елдің күрделі экономикалық жағдайы, қоғамдық пікірлердің қысымы президентті шұғыл шара қолдануға итерді. Инфляцияның күрт түсуі ауыр жағдайға, ең алдымен жұмыссыздыққа апаруы мүмкін болды. Қысқа мерзімді жоспарда АҚШ-тағы бағаны тікелей реттеу экономикасының тұрақтануына көмектесті. 1972 жылдың күзінде көтерме және бөлшек сауда бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамасыз ету біраз өсіп, ЖІӨ тез өсе бастады.
1. Баға белгілеу: қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы/А.И.Оңдасынова.- Алматы 2003ж.

2. Цены. Ценообразование. Ценовая политика./Э.А.Уткин.- Москва 2000г.

3. Ценообразование: учебно-практическое пособие. 3-е изд., перераб. и доп./П.Н.Шуляк.- Москва 2000г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. АҚШ

2. Франция

3. Швеция

4. Дания

5. Греция

6. Жапония

Шет елдердегі бағаны реттеу мен баға белгілеу тәжірибесін зерттеу,
оның заңдылығы мен тенденциясын түсінуге, Қазақстан экономикасының нарыққа
өту кезіндегі баға механизмін қалыптастыруда алған білімді пайдалануға
мүмкіндік береді.

АҚШ. АҚШ-та 70-жылдары көтерме және бөлшек сауда бағалары қарқынды
түрде өсті, бірқалыпты инфляцияның шапқынға өсуі, елдің экономикалық
стратегиясына модификациялау қажеттігін тудырады. Мемлекеттің алғашқы
жасаған қадамы бағаны тура реттеу арқылы инфляцияны реттеуге тырысты. 1971
жылы тамыз айында АҚШ президенті Р. Никсонның ұсынысымен баға
орталықтандырылған бақылау орнатылды. Елдің күрделі экономикалық жағдайы,
қоғамдық пікірлердің қысымы президентті шұғыл шара қолдануға итерді.
Инфляцияның күрт түсуі ауыр жағдайға, ең алдымен жұмыссыздыққа апаруы
мүмкін болды. Қысқа мерзімді жоспарда АҚШ-тағы бағаны тікелей реттеу
экономикасының тұрақтануына көмектесті. 1972 жылдың күзінде көтерме және
бөлшек сауда бағасы төмендеп, жұмыспен қамтамасыз ету біраз өсіп, ЖІӨ тез
өсе бастады.
Алайда орталықтандырылған реттеудің кейбір жағымсыз салдарлары да
көрініс берді. Баға мен жалақыны тоқтату капиталдың салааралық құйылуын
шектеді. Инвестициялық әрекетті тоқтатып, іскерлік белсенділік деңгейін
төмендетіп, табыс өсімін азайтты.
1974 жылы мамырда АҚШ бағаны тура бақылаудан бас тартты. Қазір Америка
әкімшілігі бағасын тура реттеудің кейбір түрлерін және мемлекет тұрғысынан
қаржыландыруды шектей отырып, жанама реттеу әдісі мен нарық тұтқасын
белсенді пайдаланды, себебі елдегі жалпы экономикалық жағдайды жақсарту
керек болды.
Бағаны жанама реттеудің негізгі бағыттары:
- рестрикциондық несие – ақша саясаты, федералды резервтік
жүйенің есептік мөлшерлемесін реттеу;
- тауарлар мен қызмет көрсетуді федералды сатып алуды кеңейту;
- мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту;
- рационалды салық саясаты.
Мұндай мемлекеттік макроэкономикалық саясатты жүргізу арқасында АҚШ
ішкі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасына белсенді түрде өзгерістер
енгізді. Және баға деңгейі мен базалық айырбастау пропорциясын анықтады.
Елде соңғы 8 жылда тұрақты және қарқынды өсу байқалды, елеулі профицитпен
сөзсіз қосылатын мемлекеттік бюджеттің тапшылық мәселелері жойылды.
Қазір бағаны тікелей мемлекеттің реттеу тек жоғары монополияланған
салаларда ғана қолданылады. АҚШ-та мемлекет тұрғысынан бағалық 5℅-дан 10℅-
ға дейіні ғана реттеледі.

Франция.Франция өнеркәсібі дамыған елдердің бірі болып саналады. Бұл
елде ұзақ уақыт бойы баға мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібі болды. 40 жыл
бойы (1947-1986) бағаны жартылай мемлекеттік реттеу, осы уақытқа дейін
сақталған дирижизм саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Бағаны либерализациялау 1973 жылдан 1980 жылдың екінші жартысына дейін
созылды. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан өнеркәсіп өнімі бағасының 90℅-ы
босатылды.
Қазір француз укіметі монополист – салалар кәсіпорындары өнімнің
бағасын реттейді: газ, электр энергиясын, көлдікті, ауыл шаруашылық
өнімдерін. Тауарлар мен қызмет көрсетудің және реттеу бағалары арасындағы
арақатынас мынадай: бағаның 20℅-ын мемлекет реттесе, ал қалған 80℅-ын еркін
баға белгілеу тәртібінде реттеледі.
Бағаны реттеу ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге мемлекеттік әсер
етудің, фермерлер мен өнеркәсіп, сауда қызмет көрсету жұмысшылары
табыстарындағы паритетті сақтаудың басты аспабы болып табылады.
Ауыл шаруашылық өнімдері бағасының 90℅-ы реттеледі. Сонымен мемлекет
азық-түлік өнімінің бөлшек бағасы динамикасына және деңгейіне жанама ықпал
етеді.
Бағаны реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік құрылым, экономика және
жоспарлау министрлігінің бәсеке бойынша департаменті болып табылады.

Швеция. Бұл бағаны бақылау мен тексеруді – Азаматтық әкімшілігі
министрлігіне бағынатын бәсеке мен бағаны мемлекеттік басқармасы сияқты
арнаулы орган іске асырады. Швецияда бағаны реттеу заңы мен бәсеке шартымен
баға туралы мәліметтерді ұсыну міндеттілігі туралы заң қабылданған және
әрекет етеді.
Қысқа мерзімді жоспарда бағаны тоқтату- бұл инфляцияның
көтерілінуіне жол бермеу және нарықтағы күрт дисбалансты қалпына келтіру
үшін қолданылады. Бағаны реттеу туралы заң мемлекетке соғыс, не оның шығу
қауіпі, не бағаның жалпы өсу қауіпі кезінде бағаға тікелей әсер ету
жөніндегі шараларды іске асыруқұқын береді. Жекелеген тауарлар үшін
максималды баға деңгейін қою, тәртіп орнату мүмкіндігіне ие. Бұл кезде
бағаны жоғарлатуға, осы жөнінде алдын ала ескерту берілгеннен кейін және
бағаны жоғарлату мөлшері мөлшері дәлелденгеннен соң ғана рұқсатберіледі.
Баға денгейіне ықпал ету, мемлекеттік монополия және
мемлекеттік кәсіпорындар (арақ-шарап бұйымдарына, пошта қызметіне, дәрі-
дәрмек саудасына, телекоммуникациялық қызмет көрсету түрлеріне монополия)
арқылы ғана іске асырылады.
Швецияның ауыл шаруашылығына бағалық субсидиялаудың маңызды
көзі – импорттық шикізаттарға қойылатын кедендік алымдар. Олар ішкі
нарықпен сыртқы нарықтың ең жоғарғы бағалары арасындағы айырмашылық
мөлшерінде орнатылады.
Баға белгілеуді мемлекеттің тұрғысына реттеудің маңызды сферасы-
тұрғын үй бағасы. Үйлердің өте қымбат екенін ескере отырып, мемлекет
тұрғын үй субсидиясы мен қарыздар береді.

Дания. Даниядағы баға белгілеу жүйесі нарық факторларының
ықпалымен құралады . Бағаны қалыптастыруға мемлекеттік әсері аса шектеулі.
Бұл облыстағы мемлекет функциясы сұраныс пен ұсыныс арақатынасының
өндірістік шығындары мөлшері сияқты критерийлерден шыға отырып, өз өнімі
бағасын дербес орнататын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған елдердегі баға белгілеу
Баға белгілеудің сатылары бойынша бағаларды топтастыру
Мемлекеттін қаржысын басқару
Нарықтық экономикадағы кәсіпорын баға белгілеуін басқарудың мәні және оның негізгі концепциялары. «Рахат» АҚ мысалында
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Əлемдік бағалар
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БАҒАНЫҢ ҚҰРАЛУ ФАКТОРЛАРЫН ТАЛДАУ
Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайында
Пәндер