Тіл дыбыстары жөніндегі орныққан көзқарас



Бүгіндегі адам баласының тілі – дыбыс тілі. Бүгінде «сөйлеген» деген – «дыбыстаған» дегенмен бір есеп. Бүгінде дыбыстағанның бәрі бірдей сөйлеген болмағанмен, сөйлегеннің бәрі дыбыстаған болып кеткен. Сөйлеген сөздеріміздің қай-қайсысы да түрлі дыбыстардың түрліше құралысуы, орналасуы сияқты көрінеді. Кірпіш үйдің қабырғасы қабырға болмастан бұрын бөлек-бөлек, ұсақ-ұсақ кірпіштер болып, сол кірпіштерден құралып, қаланып барып қабырға қалпына келген сияқты, тілде де дыбыстардан құралып барып буындар, буындардан жиналып келіп сөздер, сөздерден топталып алып сөйлемдер пайда болатын сөздер тәрізді. Тәрізді ғана емес, бүгіндегі қандай жақсы деген грамматика кітабын алып қарасаңыз да дыбыстарды тіл қабырғасын құрастырған кірпіштер қылып көрсетеді.
Осындай ұғыныстың нәтижесінде, үйдің қабырғасы болмас бұрын оны құрастырған кірпіштер, кірпіштер болмас бұрын оны құраған құм-топырақтар болғаны сияқты сөз-тіл болмас бұрын дыбыстар, дыбыс болғанда да осы күнгі біз білетін а.б,ш, дыбыстары болған сияқты көрінеді. Жеке ойырынды дыбыстар тілдің арғы атасы сияқтанады. Тілдердің ілгері басуы, дамуы, өсуі дегеніміз сол «әлмисақтан бері» келе жатқан өзгермес дыбыстардың құралысу жөніндегі өзгерістер ғана болып көрінеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тіл дыбыстарының табиғатын қалай танып келдік,
қалай тануға тиіспіз?

А. Тіл дыбыстары жөніндегі орныққан көзқарас
Бүгіндегі адам баласының тілі – дыбыс тілі. Бүгінде сөйлеген деген –
дыбыстаған дегенмен бір есеп. Бүгінде дыбыстағанның бәрі бірдей сөйлеген
болмағанмен, сөйлегеннің бәрі дыбыстаған болып кеткен. Сөйлеген
сөздеріміздің қай-қайсысы да түрлі дыбыстардың түрліше құралысуы,
орналасуы сияқты көрінеді. Кірпіш үйдің қабырғасы қабырға болмастан бұрын
бөлек-бөлек, ұсақ-ұсақ кірпіштер болып, сол кірпіштерден құралып, қаланып
барып қабырға қалпына келген сияқты, тілде де дыбыстардан құралып барып
буындар, буындардан жиналып келіп сөздер, сөздерден топталып алып сөйлемдер
пайда болатын сөздер тәрізді. Тәрізді ғана емес, бүгіндегі қандай жақсы
деген грамматика кітабын алып қарасаңыз да дыбыстарды тіл қабырғасын
құрастырған кірпіштер қылып көрсетеді.
Осындай ұғыныстың нәтижесінде, үйдің қабырғасы болмас бұрын оны
құрастырған кірпіштер, кірпіштер болмас бұрын оны құраған құм-топырақтар
болғаны сияқты сөз-тіл болмас бұрын дыбыстар, дыбыс болғанда да осы күнгі
біз білетін а.б,ш, дыбыстары болған сияқты көрінеді. Жеке ойырынды
дыбыстар тілдің арғы атасы сияқтанады. Тілдердің ілгері басуы, дамуы, өсуі
дегеніміз сол әлмисақтан бері келе жатқан өзгермес дыбыстардың құралысу
жөніндегі өзгерістер ғана болып көрінеді. Ертедегі грек оқымыстылары:
дүниедегі барлық нәрселер бөлшектене алады; бөліне-бөліне келіп, ақырында,
ең кішкене кесегі атомға келіп тіреледі; атом заттың онан әрі бөлінбейтін,
ең кішкене бөлшегі, дүниедегі барлық заттар да сол атомдардан құралған;
заттардың бір-бірінен түрі басқа болуышылығы тек атомдардың түрліше
құрылысынан келеді – деп алғаш атом қисынын шығарған еді. Сонан бері
бірнеше мың жылдар бойы оқымыстар осылай түсініп келген болатын . Беріде
ғана электрон теориясы шығып атомның да бөлшектенетініне, оның да
өзгеретініне сонда ғана ғылым дүниесінің көзі жетіп еді.
Күні бүгінге шейін тіл мамандары тіл дыбыстарын осы түрде, осы грек
дәуіріндегі атом түрінде, танып келді. Дыбыс – тілдің атомы болып
саналады. Онда да біздің заманымыздағы, біздің ұғуымыздағы атом емес, сол
мыңдаған жылдар ілгергі грек мәдениеті кезіндегі атом болып саналады.
Әрине, біздің заманымызда жаратылыс маманы болмай-ақ, жәй сауатты бір адам
атом-заттың бөлінбейтін, өзгермейтін ең кішкене бөлшегі дей қалса, ол
сөзсіз өзін өзі күлкі, мазақ қылған болар еді. Біраққ , - лаж нешік! –
жйә, сауатты адам ғана емес, атақты деген тіл мамандарының өзі-ақ ірі-ірі
профессорлар-ақ, университет кафедраларына шығып тұрып, ғылыми еңбектеріне
жазып тұрып, тіл дыбыстарын грек дәуірінің атомы қылып шығарса да ешкім
оған күлмеуіне, оны мазақ қылмауына таңданбай болмайды.
Әрине, бұл таңданарлық күй емес, сүйегі бос көңілшектер қамығып,
жігері жанған қайраттылардың жыны қозғандай хал. Бұл – тіл ғылымы сондай
артта қалған, ол әлі ескі грек мәдениеті кезіндегі дүние танудан асып,
мандып ұзап кете алмаған болады.
Міне, бүгіндегі тіл ғылымы осындай дәрежеде. Бұл кенжелеп қалға
ғылымның тіл дыбыстарының табиғатын тануы осы күйде. Осы кезде дейін тіл
дыбыстары жайын осылай танып келдік.

Б. Тіл дыбыстарын былайша танып келуіміздің себептері.
Бұл, әрине, жабайы, аңқау көзқарас. Үстірт қарағанда ғана, тереңдеп
байыбына басып, шындап тексермегенде ғана осылай көрінуі мүмкін.
Шындығында, дыбыс, буын, сөз сөйлем дегендердің тіл тарихында дүниеге
келіп шығуы ол жолмен болмаған. Солай бола тұрып, сөздерді дыбыстардың
құрандысы деп таныған болсақ, бұлай тануға бірнеше себептер болды:
1. Бұл кездегі тілдерді дыбысталу жағы барынша жетіскендіктен, әрбір
жеке дыбыс бастарын ашықтап, бір-бірінен соншама бөлшектенген – бұлардың
жігі ашылмаған да кезі болған шығар – ау деп ойға да алмаймыз.
Жәндік дүниесі бүгінде санап бітіргісіз көп, алуан-алуан түрлерге
толған. Бұлардың қайсыбірі, - мәселен ит пен қасқыр, бір – біреуіне ұқсаса
да, кейбіреулері, - мәселен құс пен балық, - оншама бір-біріне меңзей
қоймайды. Табиғаттағы ілгері басу, өрнектеудің нәтижесінде ғана, о
бастағы төлем дәрежесі, бір шақпақты түрлерден жәндік тұқымы өрбіп, тарап
өзгеріп, түрленіп, танымастық дәрежеде бір-бірінен бөлектеніп кеткенін
бүгін де жақсы білеміз. Сонда да кеп-кешегі Дарвинге шейін бұларды да
әрқайсы өз алдына басқа-басқа тұқымнан өрбеген шығар деп жоритын. Дін
кітаптары да (тәурат, ынжыл, құран) осылай етіп көрсететін. Мұның, бәрі де
жәндіктің бүгіндегі түрлері бір-бірінен көріне бөлекше болғандықтан олардың
айырмасын ғана көріп, ұқсастығын көре алмаған, бүгіндегі өзгешелікке қарап,
бұрынғы бірлігін алмаған аңқау, үстірт көзқарастың салдары болса, дыбыс
табиғатын тану жөнінде де осылай: бүгіндегі айырмашылықтарына қарап,
қашаннан да осындай бола келген екен деген жетпестік.
2. Бұл кезде адам баласының еңбек техникасы өте күшті
өрнектегендіктен әрбір зат пен құбылсқа да технология көзімен, үйреншікті,
дағдалы көзбен қарамаймыз. Кірпіштерден құрап үй саламыз, талдардан құрап
шетен тоқимыз... осыған қарай әр нәрсені де тек құрастырудан, ұластырудан
барып жарыққа шыққандай көреміз. Дыбыстар да қаланып барып сөз жарын
(қабырғасын) қаңқитқандай көрінеді.
3. Бүгіндегі біздің жазу техникамыз да осы технологияшыл дүние тану
жемісінің бірі. Жазу үйренгенде біз бірден сөздерді, сөйлемдерді жазып
үйренбейміз, әрбір дыбысқа өз алдына таңба ( әріп) белгілеп, сол
мәнділерін айыруға үйретіп аламыз да, сонан кейін барып қана сол жеке
дыбыс белгілерін қостырып, жалғатып, сөз, сөйлем құрастырамыз. Оқу – жазу
білерде жеке дыбыс сөз элементтері болып зейінге қонып қалғансын, одан
кейін де, дыбыстар сөздерді құраған тіл кірпіштері болып көрінеді де
тұрады.
Үшінші себебі осы.
4. Мұның бәрінің үстіне арамтамақ топтардың үстем болған қоғамның
салт-санасы да осындай көзқарасты күнбе-күн тудырып, миымызға нығарлап
тығып отырады. Бір-біріне жұлдызы қарсы топтар қашаннан да бар сияқты
көрінеді. Қоғам о бастан да таптарға бөліне келген сияқты, байлық-
кедейлік, құлдық-қожалық – бұлар бір қосағынан айрылмайтын, егізі
жазылмайтын мәңгілікті құбылыстар секілді болады. Осыған қарап, қай нәрседе
де мәңгілікті бөлшектер, қашаннан келе жатқан жіктер көреміз. Тілде де
әлмисақтан бері қарай жеке дыбыстар бөліне келген тәрізденеді. Өзі
солардан құрала келген тәрізденеді.
Осы жағдайлардың бәрңі қосылып, нәтижесінде дыбыстардың табиғатын
теріс түрде көруімізге себеп болады. Жабайы аңқау көзқарас құбылыстардың
көрініс қалпын, шет-пұшпақтарын ғана байқайды да, олардың пара-арасындағы
байламын, ішкі сырын, шын заңын аңғара алмайды. Сондықтан осылай таниды.
Ал, ғылым бұған қалай қарайды?
Ғылым да адам санасының жемісі, адам тәжірбиесінің қорытындысы. Адам
қоғамында тап жіктері, тапүстемшілігі тұрғанда ғылым да әммеге бірдей
әділ бола алмайды. О да бір таптың – үстем таптың сойылын соға келді.
Үстем тап, буржуа, өз қолына жаққан асығын ғана сақа қоймақ. Сондықтан бұл
дәуірде мырзасына жағына білген малайлар ғана беделді, абыройлы бола алатын
дәуірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу мәдениетінің басты мақсаты - орфоэпиялық норма
Тіл мәдениеті мен тілдік норма
Түркі тілдерінің жіктелу түрлері
Сөз позициясындағы дауыссыз дыбыстар және олардың морфонологиясы
Араб сөздері құрамындағы дауыстылар мен дауыссыздардың қазақ, өзбек және түрік тілдері заңдылықтарына бейімделіп игерілуі
Сөздің құрылысы мен құрылым жүйесі
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция.Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы. Пунктуация мәселелері
Қазіргі қазақ, өзбек және түрік тілдеріне ортақ араб сөздерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау, оған тілдік тұрғыдан жан-жақты сипаттама беріп, салыстыру арқылы аталған түркі тілдерінің даму, қалыптасу тарихындағы алатын орнын көрсету
Пәндер