Сәкен Сейфуллин өмірбаяны


Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894, қазіргі Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, « Ортау » совхозының « Қарашілік » қыстағы, - 25 . 2 . 1938) - қазақ кеңес жазушысы, қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазан революциясына қатысқан ардагер, мемлекет және қоғам қайраткері, 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, « Жас қазақ » ұйымын ашты, « Тіршілік » газетін шығарысты, үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды .
Сәкен 1917 жылы қарашада « Кел, жігіттер » өлеңін жазып, Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде « Жас қазақ марсельезасын » жазып, 1 мамырда « Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі ьолып, Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның « азап вагонында » 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты . Татарка - Славгород - Павлодар - Баянауыл - Сарыадыр арқылы еліне жетті . Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып, Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер - су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Қарашада Москвада болып, Советтердің 8-съезіне қатысты, В . И . Лениннің ГОЭЛРО жоспары туралы жасаған баяндамасые тыңдады . 1922 жылы « Еңбекші қазақ » газетінің редакторы, халық ағарту камиссарының орынбасары болды .
Сәкен бұл жылдары қоғамдық қызметпен бірге творчестволық жұмысқа белсене араласты . 1922 жылы « Асау тұлпар » атты өлеңдер жинағын, « Қызыл сұңқарлар » пбесасын жариялады . 1923 жылы 30 сәуірде ұлы көсемге арналған « Ленин » атты өлеңін жазды . 1924 жылы қаңтарда В . И . Ленин қазасына барған Қазақстан делигациясына басшылық етті . Осы жолы « Қайғылы хабар », « Қаралы күн » өлеңдерін жазды, « Известия » газетінде « В . И . Ленин және оянып келе жатқан Күншығыс » атты публицистикалық мақаласын жариялады . 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту камиссарияты жанындаға ғылым орталығының председателі, 12 шілдеде Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияцасының басшысы болып тағайындалды . Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі . 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді . 1927 жылы шыққан « Жыл құсы » альманахына басшылық етті . « Жаңа әдебиет » журналын ашуға ат аслысты . 1922 жылдан бастап « Қызыл Қазақстан » журналында жариялана бастаған « Тар жол, тайғақ кешу » атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп шығарды . « Жер қазғандар » повесін ( 1927 ) , « Тұрмыс толқынында » жинағын ( 1928 ) , « Көкшетау » поэмасын ( 1929 ) бастырды . 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жөнінде жазған « Ашық хатын » жариялады . Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының доценті болды . 1932 жылы « Қазақ әдебиеті » атты тұңғыш оқулық - хрестоматия шығарды . 1932 жылы « Әдебиет майданы » журналының редакторы, 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды . 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты . Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді .
Сәкен - қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын . Оның поэзиясы - Абай мен С . Торайғыров шығармашылығының заңды жалғасы бола тұрса да, идеялық-шығармашылық принціпі жағынан айрықша ерекшелігі бар соны дүние . Сәкен шығармаларының идеялық нысанасы жаңа дәуірдің, кеңестік заманнын көкейтесті мәселелерімен тығыз ұштасып жатады . Мұның өзі - социалистік реализм әдебиетінің негізі, ең басты бағыты, айрықша қадір-қасиеті . Қазақ даласында осы әдебиеттің туын бірінші көтерген Сәкен туындылары - бүгінгі жаңа өмірдің жалынды жаршысы болған тарихи мәңгі құбылыс . Ленин партиясының ұлы идеяларынан таусылмас нәр алған Сәкен өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды . Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек . Қазақ өленінің өрнегіне өзгеріс енгізу, өлеңнің ішкі ырғағын күшейту, ұйқасты дауыс екпініне бейімдеу, буын жүйесін айтар ойға бағындыру - Сәкен поэзиясының жаңашылдық сипатын танытатын белгілер
Поэзия саласындағы алғашқы қадамын 1914 жылы шыққан « Өткен күндер » атты өлеңдер жинағынан бастаған Сәкен Қазан революциясының дауылды күндерінде жаңа идеялық негізде түр мен мазмұнның ажырамас бірлігін сақтай білді . « Кел, жігіттер », « Жас қазақ марсельезасы », « Жұмыскерлерге », « Жолдастар », тағы басқа саяси лирикаларын « Асау тұлпар » мен « Экспресс » жинақтарына ұластырып, атақты « Советстан » поэмасымен өз поэзиясының жаңашыл сырын әбден айқындады . Қазақ кеңес әдебиетінің идеялық шығармашылығының қалыптасуының жарқын бір белгісі - « Көкщетау » поэмасы . Бұл поэма Сәкеннің әдебиетке қосқан зор үлесін еселей түсті . Данышпан В . И . Лениннің ұлы бейнесін жасауды көздеген « Альбатрос » ( 1932 жылы ) пен жаңа заманды бейнелеген « Социалистан » ( 1935 жылы ) поэмалары, азамат ақынның әлеуметтік күрделі мәселелерді жасқанбай жырлап, кезеңнің қайшылық-қиындықтарын батыл айтып берген « Қызыл ат » ( 1934 жылы ) поэмасы қазақ поэзиясының 30 жылдардағы үлкен табысы болды .
Сәкен поэзиясын сөз еткенде, ерекше назар аударатын мәселе - оның замана бейнесін жасауы . Бұл ұлы образдың алғашқы нақыштары Сәкеннің 1917 жылғы өлеңдерінен басталған . Қазан револьюциясын зор қуанышпен қарсы алған ақын : « Кел жігіттер, болыңдар ер, жүйткіт, орғыт тұлпарды » деп асау тұлпардың жанды бейнесін жаңа заман образына балайды . Сәкен тұлпар образынан кейін отарба мен экспресті шабытпен жырлауға көшеді . Мұны « Советстан » атты поэма тарауларының тақырыптары « Отарбада », « Біздің тұрмыс - отарбада », « Советстан - отарба », « Экспресс » деп аталуынан да, соны леп, тың образ жасау жолындағы ізденістерінен де, жаңа мазмұнға сәйкес жаңа өлеңдік түр, нақыштарынан да байқауға болады . Сәкеннің « Көкшетау » поэмасы халық өмірін философиялық терең толғауымен, қазіргідей құдыретті Отаны бар бүгінгі ұрпақтың алдағы ұлы мұратын айқын бейнелеуімен заман бейнесін жетілдіре суреттеген . Кеңес елінде социализмнің негізі берік қаланған шақта ұлылықтың, өрен ерліктің символы - альбатрос арқылы кемеңгер В . И . Ленин образын Отан бейнесіне айналдыра жырлауы Сәкеннің жаңашылдығын, замана бейнесін жасау жолындағы ақындық алғырлығын танытады . Оның кеңестік заманмен үндес жаңалығы мол тамаша поэзиясы - қазақ кеңес әдебиетінің үлкен олжасы .
Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен, оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы « Жұбату » атты тұңғыш көркем әңгімесін жазды, « Тар жол, тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922 жылы « Қызыл Қазақстан » журналында жарияланды . Бұл - Сәкеннің прозамен ерте шұғылданғанын көрсетеді . Кейіннен повеске айналған « Айша » әңгімесі де ( 1922 ) осы журналда басылды . Екі тарауы жарияланып, аяқталмай қалған « Қыр балалары» атты көлемді повесі де сол кезде туды . Сәкен әңгіме, очерктерді былай қойғанда, бес повесть ( « Жер қазғандар», 1927 ; « Айша », 1922-35 ; « Біздің тұрмыс » 1932-34 ; « Сол жылдарда », « Жемістер », 1935 ) , бір мемуарлық роман ( « Тар жол, тайғақ кешу ») жазды . Осы шығармалардың ішінде « Тар жол, тайғақ кешу » мен « Жер қазғандардың » орны ерекше . Өйткені, бұл туындылар - өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен ғана емес, қазақ кеңес әдебиетінің өмірімен өзектес туғандығын, бүгінгі шындықтың ұрпақ үшін мәнді екендігін дәлелдеген шығармалар . Қазақ кеңес әдебиеті тарихында « Тар жол, тайғақ кешу » романының атқарған ролі зор . Бұл тарихи - мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны, оның жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені, бақытты өмір орнатудың қандай қиын өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған . Сондықтан да бұл роман - революциялық күрестің көркем шежіресі . Ал осы халықтық шығарма, екінші жағынан, саяси сауат ашу құралы болды . Мұнда екі таптық идеологияның күресі айқын бейнеленді . Сәкен шығармасында нақты деректерге сүйнен отырып, бай мен феодалдардың, қазақ буржуазиясының сойылын соққан ұлтшыл - алашордашылардың теріс пиғылы мен қастандығын әшкереледі, маркстік - лениндік идеологияның негізгі қағидаларының терең сырларын халықтың ерлік істері арқылы танытып, жеңімпаз идеяның өміршең екендігін дәлелдеді .
Сәкен драматургия саласында да бір қыдыру еңбек етті . « Бақыт жолына » атты пьесасында ( 1917 ) жарқын болашақты аңсаған қазақ жастарының ой-арманын, тілек-мақсатын бейнкеледі . Бұл пьесаның 1918 жылы мамырда Ақмола қаласында үш рет қойылуы - қазақ драматургиясының туу дәуіріндегі атап айтарлық елеулі әдеби құбылыс . Қазақ кеңес драматургиясының алғашқы туындыларының бірі - Сәкеннің 1920 жылы жазған « Қызыл сұңқарлар » атты революцияшыл драмасы . Мұнда Еркебұлан сияқты революционердің жарқын да жағымды образы жасалып, ол жұрт үлгі алатын өнегелі бейнеге айналды . Ұлы өзгеріс дәуірінің өзінде сол кезеңнің қаһармандарын шығарма кейіпкерлеріне айналдыру, шынай шындықты даму барысында көрсету, жаңа кеңес адамның қалыптасып келе жатқан бейнесін жасау қазақ кеңес драматургиясындағы алғашқы соны сүрлеу болды . Сәкен дарамалары қазақ кеңес әдебиеті тарихында өзінің осы ерекшеліктерімен бағалы .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz