Пурин туындыларының алкалоидтары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Алкалоидтар.

Алкалоидтар өсімдік (жануар) ағзаларында кездесетін, құрамында азоты бар, қатты фармакологиялық әсер көрестетін күрделі органикалық топқа жатады. Бағалы дәрілік заттардың сапасында үлкен орын алады. Кейбір алкалоидтар инсектофунгицид ретінде қолданылады. Алкалоидтардың зерттеуі олардың өмірдегі маңызы, фармацевтикалық препараттардың синтезі үшін қажет. Алкалоидтар дәрілік препараттар сияқты аз мөлшерде физиологиялық әсері бар, сондықтан белгілі мөлшерде улы және қатты әсер ететін зат болуы мүмкін және үлкен токсикологиялық қызығушылық тудырады. Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді балалар немесе үй жануарлары жеген кезде, уланудың себебі немесе өлімге алып келу мүмкін.

Жеке алкалоидтармен уланған кезде, өзіне тән белгілер көрінуі мүмкін. Мысалы, стрихнинмен уланған кезде тетаникалық ұсталымдар; тропан алкалоидарымен уланған кезде көз қарашықтарының үлкеюі байқалады. Бірақ паталогоанатомиялық зерттеу кезінде қатты байқалмайды. Сондықтан адам немесе жануар уланған кезде, сот-медициналық сараптаманың нәтижелерін дәл анықтауға мүмкін емес. Химико-токсикологиялық зерттеу осы жағдайда өте маңызды болып табылады.

Егер уланудың себебі өсімдік бөлшектері болса, сот-фармакогностикалық зерттеу жүргізу керек. Бағалы ақпараттарды чилибуха тұқымын, беладонна тұқымын, аконит тұқымдасын зерттеу береді.

Алкалоидтардың химико-токсикологиялық зерттеуі өте қиын және өте көп еңбек қажет етеді. Мынандай операцияларды қажет етді:

  1. Алкалоидтарды зерттеу объектісінен толық бөліп алу. Ең қиын объект болып өліктің ішкі органы болып табылады (жануар организмінің биологиялық материалы) . Алкалоидтарды зерттеу объектісінен бөліп алу үшін екі операция: биологиялық материалдан бөліп алу мен сулы сорындыдан органикалық еріткішпен экстрагирлеп алу;
  2. Сілтілі ерітіндіден хлороформ бөліндісінің қалдығын тазалау;
  3. Объектті «жалпы алкалоидтық тұнбаға түсіру реактивтермен» зерттеу, алкалоидтардың бар жоғын тексеру.
  4. Алкалоидтарды химиялық реакциялармен зерттеу;
  5. Фармакологиялық тәжірибелермен химиялық реакциялардың сай келуін тексеру; ол алкалоидтардың бар екендігін дәлелдеу үшін қажет;
  6. Алкалоидтарды сандық анықтау;

Алкалоидтардың көпшілігі негіз ретінде қалыпты температурда ақ кристалды, кейде аморфты қатты зат ретінде болады. Кониин, ареколин, никотин, анабазин, пахикарпин негіздері сұйық зат болып табылады.

Алкалоидтар негізінің көбісі суда қиын ериді немесе мүлдем ерімейді; органикалық еріткіштерде: этил спирті, эфир, хлороформ, амил спиртінде және т. б. ериді. Бірақ кейбір сұйық алкалоид негіздері суда ериді.

Сулы алкалоидтардың негіздері, кейбір топтарынан басқалары, сулы ерітіндіде лакмус және басқа индикаторлар бойынша сілтілі реакция береді, өзгеру интервалы рН-7, 0 аралығында болады. Атропин мен кодеин фенолфталеин бойынша сілтілі реакция береді.

Пурин туындысының алкалоидтары.

Пурин конденсирленген гетероциклдық жүйе, екі циклден тұрады: пиримидин және имидазол. Химиялық формуласы екі изомер ретінде көрсетіледі:

1898жылы Э. Фишер ұсынған формула да кездеседі.

Пурин алкалоидтары ксантин туындысы болып табылады, ол еноль және кетон түрінде кездесуі мүмкін.

Медициналық практикада жиі қолданылатын алкалоидтарға: кофеин, теобромин, теофиллин кіреді.

Пурин алкалоидтарының жалпы формуласы:

Кофеинді алғаш рет Рунге 1819 жылы ашқан болатын. Ол кофе, шай және басқа да өсімдіктрде кездеседі. Шай құрамында аз көлемде теофиллин кездеседі, оны Коссель 1889 жылы ашқан болатын. Теоброминді алғаш рет анықтап, зерттеген орыс ғалымы Воскресенский А. А. 1842 жылы ашқан.

Пурин алкалоидтарының табиғи көзі болып шай өндірісінің қалдықтары (шай шаңы, жапырақ бөлшектері және т. б. ) .

Кофеинді алудың бірнеше әдістері белгілі. Олардың біреу қарсытокты экстракцияға негізделген. Сулы экстрактты қоспалардан бөліп, балласты заттардан қорғасын, кальций, магний металдары арқылы бөліп алады. Кейін фильтратты құрғатады. Кофеиннің қайта кристалдануын суық судан жасайды. Осындай әдіспен теоброминді какао бобтарынан негіз ретінде немесе кальций тұзы ретінде бөліп алады (суда еритін) . Кофеиинің үлкен шығымын Н. А. Измаилов, Ю. В. Шостенко, В. Д Безуглов ғалымдарының 1952 жылы ашқан әдісі береді. Ол кофеиннің сулы ерітінділерден адсорбциясына және одан кейін хлороформ немесе дихлорэтанмен десорбциясына негізделген.

Химико токсикологиялық анализде ксантин немесе пурин туындыларының алкалоидтары үлкен қызығушылық тудырады.

Кофеин, теобромин, теофиллин алкалоидтарын анықтау үшін мурексид сынамасы, алкалоидтарды тұнбаға түсіру реакциялары, кейбір физико-химиялық реакциялар қолданылады.

Мурексид сынамасы арқылы анықтау.

Ксантин туындыларына тотықтырғыштар арқылы (хлорлы су, бром суы, сутегінің асқын тотығы, калий хлораты және т. б. ), тұз қышқылымен әсер еткенде аллоксан және диалур қышқылының қоспалары пайда болады. Осы қоспаға аммиак қосқан кезде, мурексидтің метил туындылары пайда болады, күлгін түсті.

Кофеин.

Кофеин (1, 3, 7-үшметилксантин ) кофе, шай және т. б. өсімдіктердің құрамында кездесетін алкалоидтар тобына жатады. Кофеинді тек өсімдіктерден ғана емес, синтетикалық жолмен де алады. Кофеин негізі хлороформда (1:7), суда (1:60), этил спиртінде (1:130) ериді, диэтил эфирінде қиын ериді.

Кофеин қышқыл және сілтілі ерітінділерден органикалық еріткіштермен экстрагирленеді. Кофеиннің максимальды экстрагирлеуі хлороформмен рН 4, 0…5, 5 (А. И. Шкадова бойынша) .

Қолданылуы. Организмге әсер етуі. Кофеин орталық жүйке жүйесіне ынталандырғыш әсер, ұйықтатқыш және наркотикалық заттардың әсерін төиендетеді; тыныс алу орталықтарын ынталандырады. Кофеин әсерінен жүрек жұмысы жоғарылайды. Медицинада кофеин негізін, оның еритін тұздарын (натрийдің кофеин-бензоаты, натрийдің кофеин-салицилаты) . Кофеин көптеген дәрілік заттардың құрамына кіреді (аскофен, пирамеин, цитрамон және т. б. ) .

Метаболизмі. Кофеин асқазан ішек жолынан тез сіңіп кетеді. Токсикалық әсері теофиллинге қарағанда төмен, теоброминге қарағанда қатты әсер етеді. Кофеин ағзада тез ыдырайды, N-диметилденуінен және тотығуынан. Ыдырау нәтижесінде көптеген метаболиттер пайда болады (1-метилксантин; 1, 7- диметилксантин; 1- метилзәр қышқылы; 1, 3- метилзәр қышқылы), олар зәр арқылы ағзадан шығады. Организмге түскен кофеиннің аздаған мөлшері ғана ағзадан өзгермеген түрде зәрмен шығады.

Кофеиннің анықталуы.

Қышқыл сулы ерітінділерден бөлініп алынған хлороформ сорындылары қолданылады.

  1. Кофеинмурексид сынамасынаоң реакция береді.
  2. Драгендорф, Зонненштейн, Шейблерреактивтерімен тұнба береді.
  3. Қыздырғанда (су моншасында) кофеинНесслер реактивімен1-2мин аралығында қызыл қоңыр тұнба береді. Теобромин осы жағдайда әлсіз қоңыр тұнба береді.
  4. Кофеинді УК және ИҚ спектрлері арқылы анықтау. Кофеиннің этил спиртіндегі ерітіндісі жұтылу коэфициентінің толқын ұзындығы 273нм. 0, 1н тұз қышқылының ерітіндісінде толқын ұзындығы 272нм. ( Теофиллин- 270 нм) . ИҚ облысында кофеин шыңдары 1695, 1658, 745см-1.
  5. Кофеиндіхроматография әдісіарқылы анықтау. Хроматографиялық пластинкаға жұқа қабатпен жағылған силикагель үстіне зерттелетін ерітіндінің тамшысын, ал қасына «куәгер» ерітіндіснің тамшысын тамызады. Эфир-ацетон-25% аммиак ерітіндісінің системасында хромтаография жүргізеді.

0, 1н йод ерітіндісін қосады, кейін пластинканы 96% спирт пен 25% тұз қышқылының бірдей көлемімен шашыратады. Бұл кезде кофеин дақтары хроматограммада күлгін түске ие болады.

  1. Мурексид сынамасы. Реакцияны орындау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттар
Алкалоидтардың классификациясы
Кофеин көздері
Пурин нуклеотидтердің биосинтезі
Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы
Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы өңдеу
Нуклеин қышқылдары құрамы
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Нуклеин қышқылдарының маңызы
Нуклеин қышқылдары. Химиялық құрамы. ДНК, РНК молекулаларының құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz