Қазақстан жастар арасындағы девианттық мінез-құлық


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми жетекші: «Қоғамдық пәндер»

кафедрасының аға оқытушысы

Бұйраева Ж. Ө.

Ветеринариялық санитария және зоотехния факультетінің

1 курс студенті Юнусова О.

Қазақстан жастар арасындағы девианттық мінез-құлық.

Нашақорлық яки есірткі құмарлық . . . Осы бір ауыз сөздің талайды тіксіндіріп екіұдай сезім тудыратыны анық. Халқымыздың бүгінгі күндегі әлеуметтік ажарына көлеңкесін түсіріп отырған келеңсіздіктердің бірі - осы нашақорлық. Мұның елді жайлаған, залалы мол, қайтуы қиын дерт екенін әркім-ақ түсінеді.

Ел Президенті Қазақстандықтарға жолдауында: “Қазақстан есірткі тоқтаусыз тасымалданатын белдеуде жатыр. Орналасқан жеріне байланысты Қазақстан есірткі бизнесінің халықаралық құрылымдарының мүддесі үйлескен аймаққа айналған. Бұл мәселенің географиялы, экономикалық тұрғыдан қарағандағы өлшемдерінің маңыздылығын ескерумен қатар есірткіге салынушылық пен есірткі бизнесімен күресті қазақстандықтардың өздерінің қолдауынсыз жүргізуге болмайтынын да ескеруге тиіспіз. ” - деп жазды. Мемлекеттің өзге алпауыт елдер күресіп жеңе алмай отырған проблемамен бұлайша бетпе-бет қалып отыруы өкінішті.

Қытайда өткен “Шанхай” бестігінің саммитінде Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Ауғаныстанда өндірілген есірткіге қару-жарақ сатып алынып, террористер қаржыландырылатынын баса айтқан болатын. Ал, “Еврапаға ашылған терезе - Қазақстанға” есірткі ең алдымен ауған-тәжік бағытымен ағылады. Егер наркотикалық өнімдердің 70 пайызын Ауғанстан өндіретінін есекрсек, елімізге әкелінетін және одан әрі асатын есірткі көлемінің тіпті де аз емес екенін болжаймыз. Есірткі лаңы тек осы тасымалдаумен бітпейді, мұндағы халықтың есірткіге салына бастауы соның айғағы.

Жасыратыны жоқ, ел ішінде есірткіге үйірсектеушілер жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Бұлардың көбінше жастар екендігі өзекті өртейді. Мұның себебі әдетте жастардың жұмыссыздығы мен халықтың әл - ауқатының төмендігі секілді әлеуметті-экономикалық факторларға қоса отбасындағы берекетсіздік пен жастардың бақылаусыз, бейәдеп өсуінен іздеп жатады.

Қазақстанның есірткі тасымалында транзиттік белдеу болғаны аздай, Шу алқабындағы “қарасораның” кесірі де өршіп тұр. Бір қызығы біреулер “қарасора” енді біреулер “кендір” дейтін бұл жарықтықтың Қазақстан аумағында жерсіңбейтін, өспейтін жері жоқ екен. Қайда апарып ексең сонда шығатын көрінеді. Қарасорадан уыты апииыннан аздап қана кем түсетін “марихуана”, “гашиш”, “анаша” сықылды наркотиктер жасалады. Жылдар бойы осынау кендірден дайындалатын “дәрілік шөп” жастардың елтіп есінен тана шегетін шылымына, жанқалтасына басатын “теңгесіне” айналған.

“Іштен шыққан жау жаман” демекші өркениет көшіне ілестік деген бүгінгі заманда мұндай дертпен бүкіл ел болып жұмыла күреспесек, рухани құлдыраудың, тұрмыстық азып- тозудың алдын алуға тым кеш болып қалуы ғажап емес. Өйткені нашақорлық құр өзі келмейді, өзімен бірге туберкулез, СПИД сынды аурудың нешеме атасын ерте келеді. Ал, СПИД ауруы ХХ ғасырдың дерті болса, есірткі ғасырлардың дерті болып тұр. Есірткі түрлерін білугк ынтызарлар оның опиаттар, кендірден (коношія) жасалатын препараттар, жүйкені ынталандырушылар (психостимуляторлар), галлициногендер, тұрмыстық химия өнімдері секілді санаттарға ажыратылатынын білеміз:

* Опиаттар: Героин, метадон, ацетидценген опий (апиын) ;

* Кендір өнімдері: Гашиш, план, марихуана;

* Психостимуляторлар: Кокаин, эфедрон, первитин, экстаз, феномин;

* Галлициногендер : Псилоцибин - саңырауқұлақ тұқымдастар, кетамин;

Морфин 1803 жылы табылып ХІХ ғасырда ауырсындырмайтын препарат ретінде кеңінен қолданыста болған. АҚШ-тың азаматтық жылдарында алдымен дәрігерлер сонсоң әскерилер жаралы солдаттардың емделу барысында морфинге тез тәуелді болатынын байқаған. 1874 жылы британдық химык Олдер Райт ауырсынбау үшін морфинді үнемі қолдануға мәжбүр ауру санаттарына көмектесу мақсатында морфиннің өндірістік қалдықтарынан жаңа химиялық зат - диацетилморфинді (героин) жасап шығарды. Алайда Райттың жаңалығы ғылыми ортада ескерусіз қалып тек аспиринді синтездеуші тамаша неміс фармакологі Генрих Дрейздердің 1898 жылы көңіл аударуы нәтижесінде жарыққа шыққан.

Біздің Шу алқабында өсетін қарасорадан жоғарыда баяндалған наркотиктің әрбірі жасалатынын түсінген шығарсыз. Егер халықтың денсаулығы, қоғамдық тәртіп қалыпты болсын десек, еліміздің ертеңі - балғын жастар азып-тозбасын десек нашақорлықтың алдын алу жолында пәрменді күрес жүргізуіміз қажет.

Итальян биологы Паоло Мантегатцидің кока жапырағы жайлы суреттемелері Европада оған терең қызығушылық тудырды да, ХІХ ғасырдың 40-жылдарында ғалымдар химиялық зертханаларда кока жапырағынан психоактивті зат - кокаинді жасап шығарды. Бірақ көп ұзамай кокаиннің өмірге қауіпті екені анықталды.

ХХ ғасырдың 80- жылдары кокаинның крэк деп аталатын жаңа бір түрі пайда болды. ( Крэк сөзі ағылшын тілінде шатыр-шұтыр ұғымын білдіреді. ) . Бұл өңделу барысында морт сынатын пластинкаға айналған кокаин әдеттегіден шапшаң әсер етеді. Крэктің беретін әсері 15 20 минут көлемінде тарап кететіндіктен оны жиі-жиі шегіп тұру керек болады. Крэк шамамен бір айдың көлемінде адамды не жүйке аурулары ауруханасына жатқызып, не болмаса өлтіріп үлгереді.

Сөз соңында ел ішінде есірткіге бейім болудың үдеп бара жатқанын, мұның алдын алмасақ, нашақорлыққа қарсы күресті жұртшылықпен тізе қоса отырып, пәрменді жүргізбесек кейін тосқауыл бермей кететіндігін ескертеміз. Елінің қамын жейтін әркім қоғамда әсіресе жастар арасында өршіп отырған бұл дерттің көзін жоюға, сақтануға бар күшін жұмылдырады деп сенеміз.

Жастар арасындағы нашақорлық мәселесі

Бүгінде жер шарында есірткі бизнесі әлемдік экономиканың күре тамыры мұнайды да артта қалдырды. Есірткі бизнесі супер табыс әкелетін сала ға айналып бара жатқанды ғы шошындырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының келтірген деректері бойынша, есірткі саудасы айналымына 1 доллар салсаң, 12400 доллар болып қайтады екен. Мұндай ақшаны күреп табатын сала бұрын тарихта бол ған емес. Сонымен әлемде белең алып бара жатқан есірткінің саудасы айналамыз ға қауіп төндіріп тұр ғанымен, оны құртудың амалын әлі ешкім таба ал ған жоқ.

Қазір Қазақстан ға есірткінің төрт түрі - төрт тарапынан а ғылып жатыр. Олар Шу аң ғарының марихуанасы, Ау ған - тәжік ба ғытынан келетін апий, химфармзауыттарынан заңсыз шы ғарыл ған өнімдер және Батыс пен Ресейден келетін синтетикалық есірткілер.

Мамандардың айтуынша, қазір нашақорлардың 52 пайызы героинді қолданатындары белгілі. Я ғни, бір киллограмм героин Ау ғанстанда 700 доллар, Тәжікстанның шекаралық аумақтарында 900, Душанбеде 1500, Қыр ғызстанда 7000, ал Ресейде 7 доллар ға ба ғаланады. Бүгінде Қазақстанда әр жыл сайын есірткіге байланысты 20 000 қылмыс тіркелуде.

Есірткі саудасымен бірге “ жұт жеті а ғайынды ”, терроризм т. б. атышулы қылмыстар қоса жүретіні белгілі. Сондай - ақ есірткінің, әсіресе оның күшті түрлері адамды магнитше тартатын қасиеті бар. Мысалы, медицинада мынадай тәжірибе жасал ған. Егеуқұйрықтың алдына өзі сүйетін тамақ пен күшті есірткі қатар қойыл ған. Егеуқұйрық сол бойда есірткіні қарпып жей баста ған. Әрине, адам егеуқұйрық емес, алайда жыл өткен сайын бойда ғы нәрді сорып алып, өлімге жетелейтін ажал көзі- ақ ұнтаққа ынтық жандардың артып бара жатқаны ойландырмай қоймайды. Бұл тажалдың әсіресе, жасөспірімдердің арасында ғы кең етек алып бара жатқанды ғы шошындырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деструктивті мінез құлық
Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Жастардың әлеуметтенуiндегi ауытқу мен қазiргi кездегi социология
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Девианнттық мінез-құлық әлеуметтануының өзектілігі
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Девианттық мінез-құлық даму тенденциялары мен түсініктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz