Қазақстан полигондары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
1. Қазақстан полигондары
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т. б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 - 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 - і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы саналған елдермен салыстырсақ 225, АҚШ - та 1032, Қазақстанда 500 - ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстінемдүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей ме Лонбор Қытай, Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.
Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихындағы бұл қасіреттің ізі бүгінгі дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500 - ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті.
Қазақстанда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686, 1 мың га жерді қамтыған.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарды соғыс ракеталарын, т. б. техникаларды да сынақтан қатар өикізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966 - 1979 жылдар аралығында 24 рет ядралық қару сыналған. Соным ішінде Азғыр полигоны ғана 6, 1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (камдий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстірте де 1968 - 1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тойсойған, Балқаш көлі маңында Сарышыған, Ташкент - 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.
Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен эколдогиялық апатты аймаққа айналды.
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33, 6 млн. Гектарға жетті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2, 6 млн. Адам мутагенез аурымен есепте тұр. Оның ьасым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта ресмуплика бойынша жоғары.
Полигондар аймағындағы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған.
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бұл шешім “Семей - Невада” қоғамдық қозғалысының жемісі болды.
Полигондар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда “Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру” (1992, 1995) туралы маңызды құжатар қаблыданды.
2. Арал теңізінің экологиялық ахуалы.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу - маржаны, шөл белдеміндегі бірден - бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейін көлемі - 1066 км2, терңдңгі - 30 - 60 метр, ұзындығы - 10 - 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едеуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдары бастап Аоал өңірінің игеру қолға алыныды. Оыс аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 2, 4 Қазақстанда 1, 7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1970 - 1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізге себептері антропагендік фокторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960 - 1965 жылдары 13, мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтежесінде, Арал теңізінің деңгейге 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30 - 200 км - ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіні екі өзен бойындағы щаруашылықтарды тыңайтқыштар мен химиялық препараттды қолдану бұрын - сонды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 - 15 есеге өскен. Осындай антропегендік фактролар Арал өңірінің экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен қатар Арал апатына себеп болған факторларға:
жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңіріндегі туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз сусын тырылтуда. Оның фауынасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1 - 2 жылда ғана қайта алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен шаңдар әсері сонау Орта Азия республткалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда-60%
Қазақстанда 60-70% - ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ланшафтың бірте - бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт - дәстүріне, экономикалық-әлеуметік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе - тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанда ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс - тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқуышылықтар, антропогендік экожүелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ эколог ғалымдар арасында жиі - жиі пікірталас туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржыла йкөмек көрсетуде. Олар Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т. б. мемлекеттер.
Арал теңізінің құтқару жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жоболар бар. Олар:
- Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
- Әмудария мен Сырдария өзендерінің сусын реттеу арқылы суды молайту.
- Арал теңізінің жартылай сақтап қалу.
- Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
- Жер асты суларын пайдалану.
- Арал теңізінің өздіген табиғи реттеуінің немесе толысуының күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүнкін.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. “Арал тағдыры - адам тағдыры” болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
3. Балқаштың экологиялық ахуалы
Балқаш көлі - Қазақстандағы нң ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501 мың км2, ұзындығы - 605 км, ені 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқыаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрыңғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай су қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай су қоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965 - 1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25% - ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкеніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе - теңдік заңын бұзды.
4. Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары . Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайлымдар мен оның сағасындағы қамыс қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкеніс алқаптарына пайданылған пестицидтер, гербецидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле - Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1, 5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. “Қызыл кітапқа” енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т. б. құстар өте сирек кездеседі.
Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи -табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғаныс - мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы “Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы” атты халықарлық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz