Зат алмасудың негізгі заңдылықтары және күйіс қайырмайтын малдардағы углеводтардың қорытылуы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Негізгі бөлім

Зат алмасудың жалпы заңдылығы

Углеводтардың қорытылуы.

Күйіс қайырмайтын мал асқазанында углеводтардың қорытылуы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Зат алмасудың жалпы заңдылығы

Tіpi организм дегеніміз - белгілі құрылымы бар биологиялық, система. Tipi организмде үзіліссіз зат алмасу жүріп жатады. Зат алмасу дeгeнiмiздiң, өзi организмде жүріп жататын барлық, химиялық процестердің жиынтығы. Организмдегі зат алмасу тіршіліктің негізгі белгісі болып табылады. Tipi организм зат алмасудың нәтижесінде пайда болып жарыққа шығады, тipшiлiк етеді, өcin жетіледі және өледі.

Соңғы кездерде әдебиеттерде «зат алмасу» дегеннің орнына «метаболизм» деген термин жиі қолданылатын болды. Бұл екеуі де 6ip ғана мағына береді, сондықтан өзара 6ipiн-6ipi ауыстырады. Осы екі синонимнін екеуі де пайдаланылады. Организмдегі зат алмасу (метаболизм) өзара тығыз байланысты екі процестен - катаболизм мен анаболизмнен құралады.

Катаболизм (гректің kata - төмен, ballen - тастау деген сөздерінен шыққан) дегеніміз күрделі органикалық, қосылыстардың ыдырап, қарапайым молекулаларға айналуы. Азық-түлік, жем-шеп арқылы организмге енген және тканьдер мен органдарға барған белоктар, липидтер, углеводтар бірқатар катаболиздік реакциялар нәтижесінде ыдырап, ақырғы өнімдерге (СО 2 , Н 2 О, NH 3 ) айналады да, сыртқа бөлініп шығады. Катаболиздік реакциялар кезінде органикалық молекулалардан бос энергия бөлініп шығады және олар АТФ макроэргиялық, байланысында, басқа да нуклеотидтерде жиналады. Жиналған осы энергия тipi организмнің тіршілік әрекетін іске асыру үшін жұмсалады.

Анаболизм (гректің ana - жоғары деген сөзінен шыққан) - бұл белоктар, липидтер, нуклеин қышқылдарының және клетка мен тканьдегі басқа да биомолекулалардың синтезі. Мұндай синтез катаболизм кезінде пайда болған заттардың есебінен іске асады. Анаболизм реакциялары кезінде АТФ макроэргиялык байланыстарынан босап шыққан энергия жұмсалады. Анаболизм пpoцeci кезінде организмнің құрам бөліктері қалыптасады және жаңа бөліктер түзіліп жаңарады. Ал организмді тұтастай алып қарастыратын болсақ, ересек организмнің дене құрамы бірқатар уақыт бойы оншама өзгере қоймайтыны белгілі.

Клеткадағы катаболиздік және анаболиздік реакциялар 6ipiнен-6ipi тәуелсіз болады және 6ip мезгілде жүреді. Бұл екеуі зат алмасудың біртұтастығын және оның мазмұнын көрсетеді. Бұл реакцияларды ферменттер катализдейді және оны эндокриндік жүйе мен орталық нерв жүйесі басқарып, реттейді. Катаболизм және анаболизм нәтижесінде түзілетін қосылыстар метаболиттер немесе аралық өнімдер деп аталады. Катаболизм диссимиляция деп, ал анаболизм ассимиляция деп те аталады.

Heгiзгi қоректік заттар (белоктар, углеводтар, липидтер) - күрделі де жоғары молекулалы қосылыстар. Сондықтан олар ас қорыту жолында ішек-қарын қабырғасы арқылы сорылып, организмге ене алмайды. Ол заттар организмге сіңіп, оның құрам бөлігіне айналу үшін, оларды ыдырату және қарапайым молекулалалы заттарға айналдыру қажет. Қоректік заттардың ыдырап айырылуы әр түрлі ферменттердің әсері арқылы іске асады және ол ас қорытылу процесі деп аталады. Ас қорытылу процесіне қатысатын ферменттер гидролазалар класына жатады. Осыған байланысты ас қорыту жолында ол ферменттер қатысатын катаболизм реакцияларындағы екінші субстрат су болады. Су, минералдық тұздар және витаминдер де қоректік заттарға жатады.

Углеводтардың қорытылуы.

Углеводтар жануарлар үшін негізгі қорек. Ол азық рационының 70% шамасындай. Ал адам қорегінің 50% углеводтардың үлесіне тиеді. Қорытылу ерекшелігіне қарай углеводтарды мынадай екі топқа бөледі 1) крахмал, гликоген, сахароза, лактоза, 2) целлюлоза, маннандар, лигнин, пектиндер, пентозандар жэне басқалары. Екінші топқа жататын углеводтарды омыртқалылардың бәрі бірдей қорыта алмайды. Оларды күйіс қайыратын және кейбір жануарлар ғана микробтық ферменттің көмегімен қорыта алады (бұл мәселе жеке қарастырылады) .

Крахмалдың, гликогеннің қорытылуы ауыз қуысынан басталады, ол екеу корытылуына аздап болса да сілемей ферменттері әсер етеді. Сілемейдің негізгі қызметі - қоректі ылғалдандыру, сөйтіп оның шайналуына және ас қорыту жолымен жүруіне жағдай жасау. Сілемейдің құрамында, шырышты гликопротеидтер (муциндер) бар, олар қорекке жағылып, оны жұмсартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Углеводтардың құрылымы, қорытылуы және метаболизмі
Адам организміндегі зат алмасуы: белок, көмірсу, май, тұз және судың қорытылуы мен жас ерекшеліктері
Зат алмасудың гормондық реттелуі және негізгі гормондардың физиологиялық рөлі
Дисахаридтер мен полисахаридтердің құрылымы, қасиеттері және углеводтардың метаболизмі мен сіңуі
Малдардағы белоктық зат алмасуының бұзылыстары және диагностикасы
Зат алмасудың типтік бұзылыстары және орнын толтыру бейімделу процестерінің морфологиясы
Зат алмасудың типтік бұзылыстары және регенерация мен бейімделудің морфологиялық көріністері
Ағзадағы энергия, жылу және зат алмасудың термодинамикалық негіздері
Антропогенді зат алмасудың биосфераға экологиялық әсерлері
Қазақстан жағдайында малдардағы минералдық алмасудың бұзылыстары: микро- және макроэлементтердің жетіспеушілігі, токсикоздары, клиникасы және алдын алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz