Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмүны, міндеттері, даму тарихы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ГИГИЕНАСЫНЫҢ МАЗМҮНЫ, МІНДЕТТЕРІ, ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Пәннің мазмүны, мақсаты мен міндеттері

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пән және денсаулық сақ-тау жүйесінің іс-тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақ-тардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилакти-калық шараларды өндеп, негіздеуге арналган ғылым.

Бұл пән өсіп келе жатқан организмге қоршаған ортаның әр түрлі факторларының есер етуін зерттеумен жөне болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Соны-мен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық-гигиеналық және санитарлық індетке қарсы ережелер мен норма-ларды өндеп, аурушандықты азайтуға, организмнің қызмет қабілетін жоғарылатуға, балалар мен жасөспірімдердің қалыпты дамуына ба-ғытталған емдеу-профилактикалық және салауаттандыру шарала-рын қарастырады.

Балалар мен жасөспірімдер гигаенасы санитарлық-эпвдемиология-лық кызметтің қүрамына ене отырып, гигиена ғылымының жеке бөлімі болып табылады.

Балалар организмінің морфофункционалдық жетілу дәрежесіне байланысты олардың есіп, дамуының өр кезеңіне қоршаған орта факторларының всеріне жауап ретіндегі физиологиялық реакция-ларының өзіндік ерекше деңгейі сәйкес келеді, сондықтан гигие-налық нормалар олардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ез алдына жеке ғылым ретінде денсаулықты сақтап, нығайтуға, сонымен қатар организмнің үйлесімді дамуын қалыптастыруға бағытталғандықтан, бұл сала-дағы гигиеналық нормалар организм мен қоршаған ортаның тек сол мезеттегі қолайлы өсерлесуін ғана емес, организмнің дүрыс өсіп, дамуына қажечті жағдайларын да қарастыруы тиіс.

Қоршаған орта факторларын нормалау кезінде балалардың іс-әрекетінің түрлсрі, сцбсгінің сипатымен қатар мерзімдік, климат-тық жағдайлар да ссксрілуі керек.

Организмге өсер ететін факторлар мен өсіп келе жатқан организмнің дайындық дәрежесін бір-біріне сөйкестендіру екі ба-ғытта жүзеге асырылады: біріншісі - сыртқы орта факторларын гигиеналық нормаландыру; екіншісі - мақсатқа сәйкес тәрбиелеп, жаттықтыру арқылы организмді дүрыс қалыптастыру.

"Ересектердің" гигиенасы негізінен бірінші бағыт арқылы іске асырылады. Оның дұрыстығы күдік туғызғанымен, ересектер организмінің жетілу процесінің аяқталуы оны белгілі дәрежеде мақ-сатқа сәйкес тәрбиелеу мүмкіндігін шектейтіндігі анық. Ал, даму процесіндегі балалар мен жасөспірімдер организмі үшін бүл басқа-ша жағдай. Олардың өсіп, даму үстінде болатындығы тәрбиелеудің түрлерін, соның ішінде мықтылықты, дағдылылықты жөне әр түрлі сыртқы орта факторларына түрақтылықты анықтайтын дене тәрбиесін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Бүл ретте организмнің оның табиғатына қайшы келетін зиянды әсерлерге (улы заттар, вибрация) төзімділігі ғана емес, дағдылану механизмі яғни организмнің әзіндегі жетілдіруге болатын "жаттығулары" туралы айтылып отыр. Ал бүндай факторларға жаттыққандық пен дағды-лану деп сезімталдықтың төмендеуін (қозу табалдырығының жоға-рылауы) емес, организмнің жедел және үнемді, яғни бүрынғыдан гөрі жетілген реакциясын айтамыз. Мұндай реакцияны дене еңбегіне қабілеттіліктің жетілгендігінің бір баспалдағы деп қарауға болады. Сондықтан балалар мен жасөспірімдер гигиенасы организмді сыр-тқы ортамен бірлестіретін жоғарьща айтылған екі бағытты да кеңінен пайдаланады. Бірақ жас кезевдеріне қарай түрлі факторларға қаты-сты бүл екі бағыттың маңызы әр түрлі болып келеді.

С. М. Громбах балалар мен жасөспірімдер гигиенасының норма-ландыру принципін төмендегідей етіп көрсетіп берді:

І. Қоршаған орта факторларының әсер етуінің дүрыс мөлшерін (нормасын) қалыптастыруға міндетті түрдегі қажетті жағдай, өсіп келе жатқан организмнің осы факторлардың әсеріне функционал-дық дайындығы (жетілгендігі) болып табьшады.

2. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдер гигиенасы-ның нормалары түрақты болмайды және жас кезендеріне сәйкес езгеріп отырады. Нормалық көлемді өзгерту әр түрлі факторлар үшін бір мезгілде жасалмауы керек.

З. Гигиеналық нормаландырудың міндеті тек денсаулықты сақ-тап, нығайту ғана емес, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің дүрыс есіп, дамуына да жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі кезде медицинаның бұл саласы неден түрады? Осы салада еңбек етіп жүрген екі маманның анықтамасын келтірейік. 1. "Ба-лалар мен жасөспірімдер гигиенасы ғылыми пән және денсаулық сақтау жүйесінің іс-тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактика-лық шараларды негіздеп, оны жүзеге асыруға арналған" (А. Г. Су-харев, 1986 ж. ) 2. "Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы үйымдас-тырылған балалар ұжымдарына қажетті салауаттандыру шаралары мен гигиеналық үсыныстарды ғыльши өндеу жүмыстарымен айна-лысады" (В. Н. Кардашенко, 1988 ж. ) .

Біздің пайымдауымызша бірінші анықтама дұрысырақ, ейткені онда пән ғылыми түрғьщан ғана емес, іс-тәжірибелік жағынан да сипатталады. Сонымен қатар ұсыныстар мен шаралар үйымдасқан үжымдардан басқа, ата-аналардың бақылауындағы балалар мен жасеспірімдерге де арналған.

Балалар мен жасеспірімдер гигиенасы пөнінің негізгі ерекшелігі сонда, ол ересек адамдардың организмінен сандык, жағынан ғана емес, сапалык, жағынан да айырмашылығы бар, өсіп-даму кезендеріне байланысты толық қалыптасып бітпеген организмді зерттеп, оқытады. Басқа сөзбен айтқанда, гигиенаның бүл сала-сын есіп келе жатқан жас ұрпақтардың жас мөлшерлерінің гигие-насы деп қарауға да болады.

Сондықтан балалар мен жасөспірімдер гигиенасының қүрамына өсіп келе жатқан организмнің ерекшеліктерін ескере отырып көпте-ген зерттеулер жүргізетін қосалқы пәндердің бөлімдері енеді: (тағам тану, еңбек, коммунаддық, әлеуметтік гигиена, эпидемиологая) .

Бүл пән өзінің мақсаты мен міндетіне сәйкес төмендегідей бөлімдерден түрады:

1. Өсіп келе жатқан урпақтардың денсаулыгы. Бүл бөлім пөннің негізгі белімі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер гигие-насында денсаулық жағдайын зерттеудің маңызы өте зор. Өсіп келе жатқан үрпақтардың денсаулық жағдайы туралы мағлұматтарды толық анықтап білу гигиеналық және салауаттандыру шаралары-ның тиімділігін бақылауға, сонымен қатар балалар денсаулығын-дағы өзгерістерді анықтай отырып болашақта жүргізуге қажетті зерт-теу жұмыстарыньщ бағытын жасауға мүмкіндік береді. Мүнда өсу жөне даму заңдылықтары; ор түрлі факторлардың (биологиялық-әлеуметтік, қоршаған орта) организмге тигізетін әсері: аурушыл-дықтың себебін анықтап денсаулықты сақтау, алдын алу шарала-рын дайындау т. с. с. моселелер анықталады.

  1. Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы. Бұл бөлімде балалардың әр түрлі іс-әрекеттерінің (күн тәртібі, оқу, еңбек, денешынықтыру т. б. ) гигиеналық негіздерін өндеу шаралары қарастырылады. Мысалы, а) күн тәртібінің гигиеналық негіздері: өсіп келе жатқан организмнің жүйке жүйесінің ерекшеліктері; балалардағы қажудың физиологиясы және оның даму ерекшеліктері; күн тәртібін қүрастыру жөніндегі сүрақтарды қамтиды. б) оқу гигиенасы: баланың мектепте оқуға функционалдық дайындығы; оқу басталар алдындағы дағдылану; сабақты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар; оқу сабақтарының тәртібі; дұрыс демалуды үйымдастыру; емдеу-салауаттандыру мекемелеріндегі оқу жағдайы туралы сүрақтарға анықтама береді. в) еңбек пен өндіріс орында-рының гигиенасы: еңбек іс-әрекетінің негізін жасау; еңбектің денсаулыққа өсері; еңбек іс-әрекеттерінің регламентациясы; еңбек базаларына қойылатын гигиеналық талаптар; техника қауіпсіздігі, медициналық бақылау; оқушыларды мамандыққа бейімдеу. г) денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негіздері: денешынықтыру тәрбиесін үйымдастыру, оның денсаулыққа өсері; қимыл-қозғалыс белсенділігін нормалау; балалардың денешынықтыру тәрбиесімен айналсу мүмкіндігіне қарай бөлінетін медициналық топтар туралы түсініктер беріледі.
  2. Балалармен жасөспірімдердің пгагам гигиенасы. Бүл бөлімде тағам балалар организмінің дүрыс өсуіне, денсаулығының жақсы болуына қажетті қоректік зат ретінде зерттеледі, сонымен қатар өр түрлі типтегі балалар мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің тамақтану жағдайы, тағам рационының нормалары туралы түсініктер, яғни балалардың тағам рациондарының нормасы; балалар мен жасеспірімдердің тамақтану тәртібі; өр түрлі типтердегі балалар мекемелеріндегі балалардың тамақтануын ұйым-дастыру туралы зерттеулер негізінде алынған қажетті мәліметтерберіледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні, міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері
Гигиеналық факторлар
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Еңбек гигиенасының түрлері
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары
Өсу мен даму антропометриясы
Тәрбиеші міндеттері мен ұйымдастырушылық қызметі
Педагогика мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz